Дістемесі кафедрасы


Тәрбие жұмысы жоспарының мазмұны



бет17/38
Дата03.01.2022
өлшемі0,77 Mb.
#108254
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   38
Байланысты:
УМКД Тарбие жумы 2020-2021

Тәрбие жұмысы жоспарының мазмұны.Жоспарлау - тәрбиеші педагогтың негізгі іс-әрекетінің бір бөлігі. Тәрбие жұмысының моделі, бағыты, білім мекемелерінің негізгі жоспарына сай құрылады. Педагог тәрбие жұмысын жоспарлауда ең алдымен толық бағыттағы «Денсаулық», «қарым-қатынас», «салаутты өмір», «оқу», «бос уақыт» бағдарламаларымен танысып алуы керек.

Н.Е.Щуркованың тәрбие жұмысын жоспарлау тұжырымдамасы мәдениеттану, ұйымдастырушылық іс-әрекет құндылықтарына негізделеді. Тәрбиелеу мақсаты – салауатты өмір құра алатын жеке тұлғаны қалыптастырып тәрбиелеу. тәрбиенің міндеттері педагогтың оқушылармен біріккен қарым-қатынасы, іс-әрекеті арқылы жүзеге асырылады. Н.Е.Щуркова оқушылар іс-әрекетінің әр түрлі түрлері мен формасын ұсынады: танымдық, шығармашылық, еңбек, бағалық құндылықтар, көркемөнер, спорттық сауықтыру, қарым-қатынас, т.б. бұл теориялық алғышарттар мектептегі, сыныптағы тәрбие жұмысын жоспарлаудың негізіне алынған. Тәрбие жұмысын жоспарлау тек қана жоспар құрумен шектелмеуі қажет. Жоспарлау оқушылармен жүргізілетін барлық жұмыстың өн бойында жүретін шығармашылық процесс. жоспарлау мектеп әкімшілігінің, мұғалімдерінің кәсіби іс-әрекетінің негізгі құрамды бөлігі және мектеп өмірін қызықты, маңызды шығармашылық бағытта жүргізуге арналған мақсат-міндеттерді ата-аналар мен оқушылар, мұғалімдердің бірлесіп шешуі.

Сынып жетекшісі тәрбие жұмысын жоспарлауда төмендегі принциптер жиынтығын ескеруі керек:


  1. Мақсат.

  2. Оқушылардың жас ерекшеліктері.

  3. Сынып ұжымының қызығушылығы.

  4. Жоспарланатын істің жүйелілігі.

  5. Әртүрлі әдістер мен формаларды қолдану.

  6. Жоспарлаудың шығармашылық сипаты.

Сыныптағы тәрбие жұмысын жоспарлауда оқушылар қатыстырылып және әр түрлі формада іске асырылуы қажет. Мысалы: «Пайдалы істер барлауы!», «Ақыл-ойға шабуыл», « Пайдалы істер аукционы» т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет