Дістемесі кафедрасы



бет1/38
Дата03.01.2022
өлшемі0,77 Mb.
#108254
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
УМКД Тарбие жумы 2020-2021


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІ

ГУМАНИТАРЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ КАФЕДРАСЫ

П Ә Н Н І Ң О Қ У- Ә Д І С Т Е М Е Л І К К Е Ш Е Н І

Пән атауы – Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі

Білім беру бағдарламасының тобы -6В01 – Педагогикалық ғылымдар

Оқу түрі: Күндізгі

ҚЫЗЫЛОРДА, 2020-2021 оқу жылы

Оқу-әдістемелік кешен

Пәннің аты: Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі

Пәннің коды: TMBR 2205

Кредит саны: 2

Курстың оқытушысы: Бекмурзаева Р.А

Кафедраның орналасқан жері: Төле би 36А,ғимарат 7, 410 кабинет

Кафедраның телефоны:

Кафедрада кеңес беру уақыты: сейсенбі,бейсенбі

Курстың пререквезиттері: «Мәңгілік ел», «Педагогика», «Бірінші курстағы үздіксіз педагогикалық практика», «Психология», «Оқушылардың«Мәңгілік ел», «Педагогика», «Бірінші курстағы үздіксіз педагогикалық практика», «Психология», «Оқушылардың физиологиялық дамуы», «Өзін-өзі тану».

Курстың постреквизиттері: пәнді оқыту студенттердің мамандық бойынша әдістемелік пәндерді жетік меңгеруіне және педагогикалық(өндірістік) практиканы табысты өтуіне негіз болып табылады

Курс мазмұнына қысқаша түсініктеме: болашақ мамандардың мектеп жағдайында оқыту, оқу процесін ұйымдастыру үшін қажетті білім, біліктілік, дағдыны қалыптастыру және педагогикалық шеберліктің негізін меңгерту, студенттердің ұйымдастырушылық сапаларын дамытып, олардың өз бетінше жұмыстарын басқаруға дайындау; тәрбие мен оқытудың ғылыми негіздерін, мектептегі оқу тәрбие үрдісін құрудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін, қазіргі кездегі педагогика ғылымының даму бағыттарын меңгеруге; өзіндік педагогикалық көзқарас қалыптастыруға негізделеді.

Студенттерді тәрбие мен оқытудың ғылыми негіздегі жүйелерімен таныстыру олардың білім беру үрдісінің мүмкіндіктері жөніндегі ой-өрісін кеңейтеді, оны тұтас үрдіс ретінде құрудың қажеттігін көре алуды қамтамасыз етеді, тұлғаны тәрбие мен оқытудың субьектісі ретінде түсінуге көмектеседі.

Курстың мақсаты:

Тәрбие үдерісінің негіздерін және тәрбиелік әс-әрекеттің әдістемесі мен технологиясын танып білуде болашақ мұғалімдердің кәсіби-педгогикалық құзіреттілігін қалыптастыру болып табылады.

Курстың міндеттері:



  • Болашақ мұғалімдердің оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының теориясы, әдістемесі мен технологиясы саласындағы білімдерін кеңейту және тереңдету;

  • Тәрбиенің дәстүрлі әдістемесі және қазіргі заманғы технологиясын пайдаланумен сынып жетекшісі әс-әрекетін әске асыру үшін болашақ мұғалімдерде жалпы педагогикалық, әлеуметтік-тұлғалық және пәндік құзіреттіліктерді қалыптастыру және дамыту;

  • Болашақ мұғалімдердің оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарында үздіксіз кәсіби жетілуіне және креативтілігін дамытуға ұстанымын қалыптастыру.









Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет