Тиреостатикалық әсердің механизмі қалқанша без тиреоидті гормондарының йодталуына қатысатын пероксидаза ферменті белсенділігін тежеуге негізделген, бұл олардың синтезі бәсеңдеуіне әкеледі. Бұрын синтезделген тиреоидты гормондар секрециясына әсер етпейді, сондықтан препарат әсерімен қанда тироксин мен трийодтиронин концентрациясының төмендеуі алдында латентті кезең болады.
Препарат қалқанша безде метаболикалық үдерістерді қалпына келтіреді, организмде негізгі метаболикалық алмасуды төмендетеді (қалқанша бездің гиперфункциясы кезінде жоғарылаған), қалқанша безден йодидтердің шығарылуын жылдамдатады, синтездің реципрокты белсенділігін және тиреотропты гормонның гипофизбен шығарылуын арттырады.