Мәнмәтіндік тапсырмалар
Киімінің көп ғасырлық тарихы бар, еңбек қызметінің ұлттык тәжірибесін көрсететін киімде халықтың материалдық және әлеуметтік жақтары, шаруашылығы, табиғатқа бейімділігі, жас ерекшеліктері көрініс тапқан. Қазақтардың ұлттық киімі олардың негізгі кәсібі-мал шаруашылығына байланысты көшіп-қонып жүруіне ыңғайлы етіп тігілді. Оларға аяз бен боранға, ыстыққа төтеп беретін киім қажет болды. Сондықтан қазақтар киімді малдың иленген терісінен, жұқа киізден, қойдың, түйенің жүнінен тікті. Бертін келе басқа елдермен сауда-саттық жасаудың нәтижесінде жүн, жібек, мақта маталарын ала бастады.
Бағалы аң терісінен тігілген бас киім: Бөрік
Жағасы құлын терісінен тігіліп, ұзартылған тон: Жарғақ тон
Жұмсақ былғарыдан тігілетін, қонышына ою салып, табансыз, ұлтансыз, негізінен үйде киетін жеңіл аяқ киім кебіс: мәсі
Қамқамен тысталған үлбір тон: Барша тон
Маңдайы мен құлақтарының ішкі жағына түлкі терісі тігіледі де, сырты мақпалмен, пүлішпен немесе басқа асыл маталармен сырылып тысталған: тымақ
Достарыңызбен бөлісу: |