Сабақтың тақырыбы: Аяз бен Қыдыр (айтыс) Сабақтың мақсаты



Дата22.05.2017
өлшемі42,13 Kb.
#16553
түріСабақ
Күні: 25.02. 2016 ж

Сабақтың тақырыбы: Аяз бен Қыдыр (айтыс)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Аяз бен Қыдырдың айтысы туралы мағлұмат беру, айтыс туралы білімдерін кеңейту;

Дамытушылық: Оқушыларды айтыстағы негізгі ойды ажыратуға, еркін сөйлеуге, өз ойын еркін жеткізуге үйрету. Сөздік қорын молайтып, ойын еркін жеткізуге жетелеу.

Тәрбиелік: Оқушыларды қонақжайлылыққа, адамгершілікке баулу;

Күтілетін нәтиже: Мәтіннің негізгі идеясын ашып, мазмұнын меңгереді;

Қиялын ұштап, сөздік қорын молайтады, ойын еркін жеткізеді;

Оқушылар қонақжайлылыққа, адмагершілікке үйренеді.

Сабақ типі: жаңа білім беру

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қозғау, венн диаграмасы

Пәнаралық байланысы: дүниетану, бейнелеу, қазақ тілі

Көрнекі-құралдар: суреттер, cлайд, қима қағаз,

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау



ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту

IV. Жаңа сабақ

V. Бекіту кезеңі

VI. Үйге тапсырма беру

VII. Бағалау

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа даярлығын тексеру



  •  Оқушыларды түсті қағаздардағы қыс, көктем суреттері бойынша екі топқа бөлу.

  • Шаттық шеңбері


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Мағжан Жұмабаев «Жазғытұрым»


ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту

Кестемен жұмыс

Табиғат құбылыстары

Оның өзгерістерін білдіретін етістік

(сипаты)

Күн сәулесі

сипайды

Қар

















IV. Жаңа сабақ

Ақылбек Қожаұлы Шаяхмет 1951 жылы Жітіқара ауданына қарасты Желқуар ауылында туған. Тұңғыш жинағы 1977 жылы жарық көрген автордың республика баспаларынан 30 кітабы басылып шыққан. Солардың ішінде «Гүл мен бидай», «Шынар», «Күлімдейді күніміз», «Біздің бақшада», «Әдемі», «Аяз және Қыдыр», «Бағдаршам» атты кітаптары балаларға арналған. Автордың өлеңдері орыс және шет ел тілдеріне аударылған. «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл», «Еңбектегі ерлігі үшін» және Ахмет Байтұрсынов медальдарымен, «Тіл жанашыры» төсбелгісімен марапатталған.


А.Құнанбаевтың жылдың төрт мезгіліне арналған өлеңдері бар

- Қане кім айтады?

- Жаз, қыс, күз, көктем

Бір оқушыға «Қыс» өлеңін айтқызу. Автор қысты неге теңеп тұр?



  • Қысты кәрі шалға, адамға теңеп тұр.

  • Шалдың киімдері қандай?

  • Ақ киімді, үстін ақ қырау басқан

  • Киім деп отырған не?

  • Ол жауған қар, қатқан мұз

  • Өлеңдегі шалдың мінезі қандай?

  • Ол қатал, соқыр, мылқау адам сияқты

  • Соқыр, мылқау дейтін себебі не?

  • Ол ештенеңі көрмейді, аямайды, бәрін тондырады.

  • Түрі, түсі қандай?

  • Түсі ақ қырау сияқты, түсі суық болады.

  • Түсі суық дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Қатал, ашулы адамның түсі суық болады

Қыдыр ата бүкіл халықтың қамқоры. Оларға жақсылық жасаушы, ырыс, құт, несібе әкелуші. Бақыт береке, өмір сыйлаушы қасиет иесі кемеңгер, әулие, көріпкел жарылқаушы қарт. Ол Ұлыстың ұлы күнінде әр елге келіп, әр шаңыраққа соғып бата береді. Міне сондықтан әр үй Қыдыр атаның жолын күтіп, өздерінің жанында, тәнінде киер киім, ыдысы мен бұйымдарында таза ұстауға тырысады.

Бұл күні «Жыл басы мұнтаздай таза үйге енсе ол үй ауру — сырқаудан, пәле — жаладан амал болады» деген сенім бойынша, үй — жайдың іші — сырты әктеліп жиһаз — мүліктің шаңы қағылып тазартылады. Бау — бақшаларға, көшелердің бойына гүл егіліп, ағаштар отырғызылады. Мұсылман қауымы мүндай үйге Қадыр ата түнеп немесе бата беріп кетеді деп түсінген. «Қыдыр қонған», Қыдыр дарыған деген сөздер осындайдан шыққан.

Наурыз қайта оралды,


Көп жылдар болған елге аңыз.
Сұрамаймыз алғыс та, ақы да біз.
Үй сайын мол дастархан,
Кең даламыз сахнамыз,
Дастарханға шақырамыз!

Наурыз келді құт болып,


Мына бізге нұр болып.
Аққа аузымыз толады,
Бар жақсылық болады.


«Ой қозғау»

Тақырып бойынша Аяз бен Қыдырды сипаттайды


«Венн диаграмасы»

Өткен тақырыппен байланыстырып Венн диаграммасын құру


V. Бекіту кезеңі
Рефлексия:

  • Не білдім?

  • Не үйрендім?

  • Не меңгердім?

Оқушы бата береді:

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын,

Қайда барсаң жол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін,

Бәле-жала жерге енсін!

Ұлы халқым тоқ болсын,

Қайғы-уайым жоқ болсын
VI. Үйге тапсырма беру
VII. Бағалау
Куатова Рабига

№32 орта мектеп



Тараз қаласы
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет