Шын мәнінде, әдістің міндеті — жаңадан бастаған кәсіпкерге қажетсіз өнімді құру үшін үлкен қаражат пен күш жұмсаудың тәуекелін болдырмауға көмектесу.
Стартап пен әрекеттегі бизнес айырмашылығы:
Жұмыс істеп тұрған бизнес
Стартап
Іс-әрекет
Компания операциялық қызметпен айналысады (яғни өнімі бар, өндірісі қалыпқа келтірілген, тұтынушылары бар компания жұмысын жалғастыруда өз өнімдерінен немесе қызметтерінен пайда табады). Компания жұмыскерлері жұмысқа келісімен жұмыс орындарына келіп, кеше немен айналысты, сонымен айналысады – станокты бақылайды, тігеді, жеткізушілермен телефонмен сөйлеседі және т.б.
Стартаперлер үнемі ізденісте болады: олар гипотезаны ұсынып, оны клиенттерде тексеруге барады: егер біз осыны жасасақ, клиенттерге ұнай ма? Егер біз мынадай опцияны іске қосатын болсақ, олар қалай қабылдар екен және т.б.
Стратегия
Компанияның стратегиясы бизнесті дамыту үшін бизнес-жоспар мен қаржылық модельді жасауды білдіреді. Компания нені жақсарту керектігін және қанша ақша төлейтінін біледі.
Стартапта бизнес-модель (бизнес-жоспарға қарағанда әрекетке дайын басшылық емес, тек тұрақты түзетілетін қозғалыстың үлгі картасы) және стартап үнемі тексеретін гипотезалары бар.
Үдеріс
Компания өнімді ілгерілетумен айналысады. Ол бар, қазір оны жақсы көретін тұтынушылары бар, бірақ жаңаларын тарту қажет. Сондықтан компания өнімді өндіру үдерісін жақсартып, қаптаманы өзгертеді, жаңа пайдаланушы сегменттерін іздейді, қажетті маркетингілік стратегияны таңдайды. Қалай болғанда да, осы қызметтің негізгі мақсаты өнім болып табылады.
Стартап клиенттің дамуымен айналысады. Яғни стартап клиент іздейді (ұқсас мәселесі бар адамдар- ды), оны тексереді (бизнес құра алатындай нарық қаншалықты үлкен және сәтті), бизнесті кеңейтуге бола ма (мысалы, Астана пайдаланушыларын тексеру арқылы, Қазақстанның басқа қалаларының, содан кейін әлем нарықтарына шығу).