Стартаперлердің басты қателерінің бірі — олар өзі үшін дамудың бір жоспарын жасап, оның соңынан бұлжытпай жүреді. Ал көрсеткіштердің бірінің өзгерісін стартаптың бастапқы идеясынан ауытқуы ретінде қабылдайды .
Мысалдан көріп отырғанымыздай, бизнестің бастапқы идеясын өзгерту шешімі, сайып келгенде, стартаптың табыс тылығына алып келді. Егер Burbn қорқып, сол қалпында өзгеріссіз барлығын қалдырса, жүздеген миллион пайдаланушы фото алмасу алаңынан айырылатын еді. Сондықтан бизнес -идеяны стартаптың барлық даму кезеңдерінде сынау керек. Егер бір нәрсе жұмыс істемесе, қорқынышты ештеңе жоқ, сіз мұны түсініп және оны өзгертуіңіз керек.Стартаптардағы мұндай өзгерістер пивот атауын алды (ағылшын сөзінен pivot — «бұрылу, бұрылыс»)
Пивот — бұлстартап моделіндегі бет бұрылыс, яғни нарық талаптарына сәйкес икемделуге көмектесетін өзгерістер. Пивот стартаптың сәтсіздігін білдірмейді, ол тек түзетеді және оны жақсартады.
Пивот — бұлстартап моделіндегі бет бұрылыс, яғни нарық талаптарына сәйкес икемделуге көмектесетін өзгерістер. Пивот стартаптың сәтсіздігін білдірмейді, ол тек түзетеді және оны жақсартады.
Егер стартап өзінің мақсатына жетпейтіндігін көрсе , онда пивот жасайтын уақыт. Мұндай бет бұрыс жасаған стартаптардың тізімінде Instagram, Groupon, Twitter және Paypal сияқты ірі интернет-алыптар да бар.
1 - тапсырма
Мына өнімдер тұтынушылардың қандай мәселелерін шешуі мүмкін , ойланып анықтаңыз:
• Такси сервисі;
• фотомектеп;
• фотосуреттер коллажын жасайтын мо-бильді қосымша;
• қаланың барлық мейрамханалары бір қосымшаға біріктірілген сервис;
• қала әкімдігі қызметкерлерімен байланысатын мобильді қосымша.
2 - тапсырма
2 - тапсырма
Стартапқа мысал келтіріңіз. Неліктен оны компания емес, стартап деп ойлайсыз?
3 - тапсырма
«Ұқыпты стартап» қағидаттарына негізделе отырып, бизнесті дамыту моделін ойлап табыңыз.
• балаларды бағдарламалауға үйрететін мектеп;
• бірге тауға шығатындарды іздейтін платформа;
• оқылған кітаптарды алмастыруға арналған сервис;
• хош иіссу сынамасын сататын қызмет ;
• шетелде демалудың құнын есептеуге мүмкіндік беретін қосымша.