Джакупова Жанар Ерекеевна Неизвестно 4 Шапекова Нэля Лукпановна Декан факультета Əзірлеуші: Колпек Айнагүл, -неизвестно hoa 3213 Химияны оқыту əдістемесі пəні бойынша оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы


Дәріс №5 Эксперимент есептерін шығару әдістері Жоспар



Pdf көрінісі
бет25/90
Дата31.01.2023
өлшемі2,22 Mb.
#166960
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   90
Байланысты:
umkd 3

Дәріс №5 Эксперимент есептерін шығару әдістері Жоспар: 
1.
 
Эксперимент есептерінің оқу-тәрбиелік маңызы және типтері 
2.
 
Эксперимент есептерінің орны және шығарту әдістемесі 
3.
 
Заттармен байланысты эксперимент есептерін шығару мысалдары 
4.
 
Заттың сапалық құрамын анықтау 
5.
 
Химиялық құбылысты бақылау және түсіндіру 
 
Эксперимент есептерінің оқу-тәрбиелік маңызы және типтері. Химиялық есептер шығару 
оқытудың жалпы жүйесінде сарамандық әдістердің тобына жатады. Есеп- шығару оқушыларда 
теориялық білім мен тәжірибе арасындағы байланысты жүзеге асырады. 
Оқушылар есеп барысында химиялық ұғымдарды, заңдарды, теорияларды 
қалыптастыруға, олардың химиялық тілмен сөйлеу мәдениетін байытуға, іскерлікке,
ізденгіштікке тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Химиялық есептер: жаңе сарамандық 
іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру химиялық ұғымддар мен мағлұматтарды 
үйрету; білімнің тереңдігі мен баяндыллығын тексеру; проблема қою және проблемалық ахуал 
туғызу; материалды пысықтау, жалпылау және қайталау; оқушылардың әр түрлі деңгейдегі 
шығармашылық қабілетін тәрбиелеу мақсатында беріледі. 
Химиялық есептері сан және сапа есептері болып екіге жіктеледі. Сапа есептерін 
эксперимент есептері деп те атайды, өйткені оларда сандық мәліметтер болмайды, химиялық 
тәжірибелер жасау арқылы шығарылады. Химиядан білім мен білік қалыптастыруда
оқушылардың алған білімін бақылап, бағалауда эксперимент есептерінің маңызы өте зор. 
Эксперимент есептерін шығару арқылы оқушылар теориялық білімін баянды етеді, іс жүзінде 
қолдана білуге үйренеді. Олар химиялық құрал-жабдықтарынмен және реактивтерімен жұмыс 
істеудағдыларын нығайтып, жетілдіре түседі. Эксперимент есептерін үзбей шешіп, 
машықтанғанда оқушылар өздігінен жұмыс істей білуге, ұқыптылыққа, өз ісіне сын көзімен 
қарауға үйренеді. Оқушылардың химиядан білім сапасын мен сарамандық әзірлігі эксперимент 
есептерін шығару үстінде айқын білінеді. Сондықтан химиядан мектеп бітіру емтиханы 
билеттерінің бір сұрағы эксперимент есебі түрінде беріледі. 
Эксперимент есептері оқушылардың таным әрекетінің сипатына қарай бірнеше типтерге 
бөлінеді. Солардың мектепте іс жүзінде жиі қолданылатындары: заттың сапалық құрамын 
анықтау, затты тани білу, заттарды алу, заттың жіктелу белгілерін табу, қоспаның құрамын 
анықтау және бөлу, құралдар құрастару, заттардың өздеріне тән химиялық реакцияларын жасау 
арқылы олардың қасиеттері мен құрамын анықтау, заттар мен құбылыстарды типтерге және 
кластарға жатқызу білу, берілген мөллшердегі ерітінділерді даярлау, сынақ тәжірибелік сан 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет