9. Пән бойынша тапсырмаларды орындау мен тапсырудың графигі
|
Орта –арифметикалық сома
|
1 тапсырмаға бал.
| Семестр аптасы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
Практикалық сабаққа қатысу
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
СӨЖ
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
Аралық бақылау
|
100
|
100
|
|
|
|
|
|
|
|
100
|
|
|
|
|
|
|
100
|
Жіберу рейтингі
|
100
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Емтихан
|
100
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қорытынды баға
|
100
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Үлгерімді ағымдағы бақылау пән бойынша білімді қорытынды бағалаудың 60% құрайды және емтиханның бағасы пән бойынша қорытынды бағалаудың 40% құрайды. Қорытынды бағаны есептегенде тіркеу бөлімі 0,6;0,4 коэффиценттерін қолданады.
-
ҚБғ =
|
РБ1 (100) + РБ2 (100)
|
х 0,6 + ҚБ (100) х 0,4
|
2
|
мұнда:
РБ 1 – 1-ші рейтингілік бақылау;
РБ 2 – 2- ші рейтингілік бақылау;
ҚБ– қорытынды бақылау;
ҚБғ– қорытынды бақылау;
Студент рұқсат алу рейтингілік бағаның және/немесе қорытынды бақылаудың нәтижесімен келіспеген жағдайда рейтингті қою және емтиханның өту күнінен бір күн ішінде шағымдана алады. Шағымдану комиссиясы отырысының нәтижелері хаттамамен безендіріледі.
Қорытынды бақылаудың қанағаттанарлықсыз бағасы мен оң бағасын (жоғарлату мақсатында) қайта тапсыруларға рұқсат етілмейді.
10. Студенттердің өзіндік жұмысының тапсырмаларын орындау жоспары
Тақырып 1. Криминалистикалық тактиканың және тергеу әрекеттерінің тактика-сының жалпы негіздері.
Мақсаты: Криминалистикалық тактиканың түсінігі және жалпы негіздерін сипаттау
Криминалистік тактиканың түсінігі, оның құрылымы және мазмұны – баяндама
Тактиканың криминалистік техника және қылмыстың жекелеген түрлерін тергеу әдістерімен өзара байланысы – баяндама
Криминалистік тактиканың негізгі категориялары – баяндама
Тергеу әрекеттерінің тактикасы (жалпы ережелері) – баяндама
Тақырып 2. Тергеу әрекеттерінің түрі ретінде жауап алу және беттестірудің әдістемесі және тактикасы.
Мақсаты: Жауап алуды жүргiзудiң жалпы қағидаларын негізгі міндеттерін түсіндіру
1.Төменде көрсетілген есептерді шығару:
1. 2010 жылы 25 шілдеде Хасановтар пәтерінде болған ұрлық уақытында, үй иелері үйде болмай аулада балалар ойнап журген: Кабилова Роза 8 жас және Сангинов Кәрім 7 жас.
Іс материалдарымен анықталғандай, олар қылмыскерлер Хасановтар пәтеріне кіргенін және одан чемодан және түйінмен шыққанын, оларды көшеде үйдің жанында тұрған жеңіл машинаға салғанын көрген. Осыған байланысты Роза және Кәрімнен куә ретінде жауап алу қажеттілігі туындады.
Бұл жауап алу қандай жағдайда жүргізілуі керек және оған кім қатысу керек?
Жауап алу жоспарын жасаңыз және Роза мен Кәрімге қойылу керек сұрақтарды құрастырыңыз.
2. Тергеуші тауарларды ұрлау жүзеге асырылған дүкеннің терезесінің ішкі жағының әйнегінде сезікті Васильевтың саусақ және алақан бөлігінің іздері бар дактилоскопиялық сараптаманың қорытындысын жауап алу кезінде оған жария етті. Сезікті былайша жауап берді: «Сонымен не бопты? Ол іздер ол жерде ұрлық жасалғанға дейін екі-үш күн бұрын мен дүкенге кірген кезде қалған. Сол кезде мен терезеге жақындап, далаға қарадым, себебі маған терезенің жанынан менің танысым Петр Коршиков өтіп бара жатқандай болып көрінді. Осы уақытта мүмкін мен терезе әйнегін ұстаған шығармын».
Бұл жауап алу барысында тергеушімен жіберілген тактикалық қателікті анықтаңдар. Осы жағдайда дактилоскопиялық сараптаманың қорытындысын қалай қолдану керек еді? Жауап алуда дәлелдемелерді қолданудың негізгі ережелері қандай? Жіберілген қатені түзетуге болады ма және жауап алудың келесі бөлімін тактикалық жағынан қалай дұрыс құрастырған жөн?
3. Айыпталушы Крючков. П.И өзінің көршісі Ларинды пайдакүнемдік мақсатпен өлтірген кінәсін мойындамай, бұл қылмыс орын алған кезде ол өзінің досы Сергеевпен Немчинова Ольга деген танысының үйінде сағат 20.00 ден 24.00. сағатқа дейін қонақта болғанын, содан кейін мейрамханаға барғанын көрсетті. Бұл мәліметті куә ретінде Сергеев пен Немчинова куәләндырды.
Айыпталушы мен куәлардың берген жауаптарын тексеру мақсатымен жауап алу барысында қандай тактикалық әдіс-тәсілдер қолданасыз? Сұрақтар шеңберін көрсетіңіз.
4. Кірпіш заводының клубында жастар кешінде азамат М. Судариков мас күйінде тігін фабрикасының жұмысшысы азаматша А. Зиминаны билеуге шақырады. Ол өз кезегінде мас адамдармен билемейтінін айтты. Азамат М. Судариков болса оған қол жұмсады. Тәртіп сақшылары Р. Раджупов пен А. Гусеев М. Судариковқа өзімен бірге штабқа баруын ұсынды. М. Судариков пышақты алып Р. Раджуповтың мойнына жарақат келтірді. М. Судариков көшеге шығып қашуға тырысты, өтіп бара жатқан А. Александров пен В. Рыбников қашпақшы болған қылмыскерді ұстап полиция басқармасына жеткізді. М. Судариковқа тағылған айып бойынша істі тергеушіге жеткізді. Осы іске қатысты куә ретінде жауап алу үшін кім шақырылуы қажет? Олардың әр қайсысына қандай сұрақтар қойылуы тиіс.
5. Азамат К. Жапаков тонау мақсатында М. Құрбановты өлтіру ісі бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылды. Айыпталушы өз қылмысын мойындаған жоқ және қылмыс жасаған күні ол інісінің үйінде болғанын айтты.
К. Жапаковты ұстағаннан кейін үйіне тінту тергеу әрекеті жүргізілді. Тінту кезінде ер адамның қанға боялған жейдесі табылды.
Жауап алудың жоспарын құрастырыңыз. Сұрақтарды қарастырыңыз.
6. Тергеуші куә ретінде жауап алу үшін азаматша С.Сагибованы шақырды. Жауап алу 25 наурыз 2016 жылы ізсіз жоғалған көршісі С.Самойловқа қатысты еді. Жоғалған С. Самойловтың өліміне қатысы бар негіз бойынша сезікті ретінде М. Омаров ұсталды. Тергеуші куә С. Сагибоваға келесі сұрақты қойды:
1. Айтынызшы, шындығында да С.Самойлов М.Омаровқа таңертен 25 наурыз күні 2016 ж. келіп, содан соң онымен кеткен, одан кейін С. Самойловты ешкім көрмеді ме?
2. Сіздің есіңізде емес пе, С.Самойловтың үстінде көк түсті плащ және оның қолында үлкен емес чемодан болмады ма?
3. М. Омаров сізге айтпады ма С.Самойлов екеуінің арасында келіспеушілікке қатысты өлтіремін деп қорқытқаны туралы?
Сұрақтар дұрыс қойылған ба? Сұрақтардың дұрыс тұжырымдамасын көрсетіңіз.
2.Төменде көрсетілген бір тақырыпты таңдап рефеат жазу:
Жауап алудың түсінігі, мәні және түрлері – реферат
Сезікті, айыпталушыдан жауап алудың процессуалдық тәртіптері – реферат
Куә мен жәбірленушіден жауап алудың процессуалдық тәртіптері – реферат
Қайшылықты жағдайда пайдаланылатын тактикалық әдістер – реферат
Қайлышылықсыз жағдайда пайдаланылатын тактикалық әдістер – реферат.
Кәмелетке толмаған куә, жәбірленуші, сезікті мен айыпкерден жауап алудың тактикасы – реферат.
Беттестіру тактикасы – реферат.
Достарыңызбен бөлісу: |