Курстың мақсаты:студенттерге жеке адамға, отбасына және кәмелетке толмағандардың мүдделеріне қарсы қылмыстар пәнінен тиянақты білім беру, аталған курстың жалпы ережелері мен қағидалары, оның негізгі ұғымдары мен институттары және т.б. толық түсінік береді.
Курстың міндеті:болашақ заңгерлер осы тұрғыдағы қылмыстарды дұрыс саралауды, жеке адамдардың әрекетінде немесе әрекетсіздігінде қылмыстың нақты құрамының барын анықтауды, кінәліге жаза тағайындауды қолданып жүрген қылмыстық заңға сәйкес қолдануды, сол сияқты осы тұрғыдағы қылмыстар құрамының заңда көрсетілген негіздері мен шарттарын нақты, терең біліп үйрену.
Оқу нәтижесі:
жеке адамға қарсы қылмыстардың қылмыстық-құқықтық сипаттамасын, жеке адамға қарсы қылмыстардың саралау белгілерін;
осы тұрғыдағы құрамдардың даму тарихын және қазіргі Қазақстанның жүйесін көрсететін қылмыстық құқықтың теориялық және тәжірибелік жақтарының басты және өзекті аясын;
осы тұрғыдағы қылмыстық әрекеттерді саралау ережелерін және жекелеген қылмыс құрамдарының ерекшеліктерін;
осы тұрғыдағы жеке адамға, отбасына және кәмелетке толмағандардың мүдделеріне қарсы қылмыстарды қолданудың негізгі мәселелерін білуі керек;
танымның ғылыми әдістерін пайдалана алу;
жеке адамға, отбасына және кәмелетке толмағандардың мүдделеріне қарсы қылмыстардың негізгі категорияларын және қылмыстық заңнаманы қолдану тәжірибесін зерттеу және бағалауда ғылыми және өзіндік көзқарастарды қалыптастыру;
жеке адамға, отбасына және кәмелетке толмағандардың мүдделеріне қарсы қылмыстардың өзекті мәселелерін көрсете білу;
талдау, дербес және сынап ойлау, тиімді құқықты қолдану қызметі үшін белгілі бір әдістемелік базаны меңгеру;
студенттерге академиялық адалдық мәдениеті мен принциптерінің негізі туралы түсінігінің болуы.
5. Білімді бағалау саясаты Студенттер үлгеріміне ағымдық бақылау оқу пәнінің әр тақырыбы бойынша өткізіліп, аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтардағы бақылауды қамтиды.Ағымдық бақылау бағасы (жіберілу рейтингінің бағасы) аудиториялық сабақтардағы ағымдық бақылау мен межелік бақылау (аудиториялардан тыс сабақтар) бағаларынан жинақталады.
Үлгеріміне ағымдық бақылау кезінде студенттердің оқу жетістіктері, әрбір орындаған тапсырмалары (күнделікті сабақтардағы жауап, үй тапсырмаларын тапсыру, студенттің дербес жұмысы( бұдан әрі –СДЖ), межелік бақылау) 100 балдық шкала бойынша бағаланып, үлгерімнің ағымдық бақылаудың соңғы қорытындысы академиялық кезеңде алынған барлық бағалардың орта арифметикалық қосындысы ескерілі отырып есептеледі.