Джальмишев Махамбет Сагатович «Құқық» кафедрасының аға оқытушысы Өтетін уақыты және орны: Өтетін уақыты: 022-2023 оқу жылының семестрі Өтетін орны: Орал қаласы, Победа көшесі 137/1 үй, кабинет, уақыты: сабақ


-тақырып. Кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың нақты түрлері



бет4/7
Дата01.10.2022
өлшемі207 Kb.
#151332
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
3 силлабус Жеке адамга карсы кылмыстар 2021

15-тақырып. Кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың нақты түрлері
Тақырып бойынша пікірталас әдісін қолдану:

  1. Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстың жалпы сипаттамасы

  2. Кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың түрлері

  3. Кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстарын алдын алу шаралары

9. Пән бойынша тапсырмаларды орындау мен тапсырудың графигі






Орта –арифметикалық сома

1 тапсырмаға бал.
Семестр аптасы




1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Практикалық сабаққа қатысу

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

СӨЖ

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

Аралық бақылау

100

100






















100



















100

Жіберу рейтингі

100

















































Емтихан

100

















































Қорытынды баға

100

















































Үлгерімді ағымдағы бақылау пән бойынша білімді қорытынды бағалаудың 60% құрайды және емтиханның бағасы пән бойынша қорытынды бағалаудың 40% құрайды. Қорытынды бағаны есептегенде тіркеу бөлімі 0,6;0,4 коэффиценттерін қолданады.



ҚБғ =

РБ1 (100) + РБ2 (100)

х 0,6 + ҚБ (100) х 0,4

2

мұнда:
РБ 1 – 1-ші рейтингілік бақылау;
РБ 2 – 2- ші рейтингілік бақылау;
ҚБ– қорытынды бақылау;
ҚБғ– қорытынды бақылау;
10. Студенттердің өзіндік жұмысының тақырыптары:


1-тақырып. Жеке адамға қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түсінігі
Есепті шығарып, толық ашып түсіндіріңіз:
Вагапов ауырлататын жағдайда адам өлтіргені үшін сотталып, жазасын өтеп жатты. ҚазССР ҚК-нің 46-1 бабының негізінде ол мерзімінен бұрын шартты түрде босатылмады. Жаңа ҚР ҚК күшіне енгеннен кейін, Вагапов жаңадан қабылданған ҚК оның мерзімінен бұрын шартты түрде босатылуы үшін кедергілердің жоқтығын алдыға тарта отырып, мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініш жасады.
Аталған жағдайда Вагаповты мерзімінен бұрын шартты түрде босатуда ҚР жаңа қылмыстық заңының кері күші бола ма?


2-тақырып. Өмірге қарсы қылмыстар
Есепті шығарып, толық ашып түсіндіріңіз:
Қазақстандық теплоходтың шет мемлекеттің портында аялдау кезінде жолаушылар Гаевпен Кимнің арасында кеменің бортында жанжал туды, жанжал кезінде Гаев Кимге пышақ сұғып алды.
Гаевтің жауапкершілігі мәселесін шешіңіз?


3-тақырып. Адам өлтіру қылмыс құрамы
Есепті шығарып, толық ашып түсіндіріңіз:
Адамдар көп жүретін көшемен 35-40 км/сағ жылдамдықпен. «Жигули» автомобилін айдап келе жатқан М жаяу жүргіншілер жүретін жол жақтан жүгіріп өтпек болған К-ны көре тұрып автомобилдің жылдамдығын төмендетуге немесе тоқтатуға әрекет етпеді. Нәтижесінде К-ны қағып кетті. Ол алынған жарақаттардан қайтыс болды.
Жүргізушінің іс-әрекетінде қылмыс құрамының белгілі бір белгілері бар ма?


4-тақырып. Жеңілдететін жағдайда адам өлтіру қылмыс құрамдары
Есепті шығарып, толық ашып түсіндіріңіз:
Савин өзінің әйелін Пуговкиннен қызғанды. Кезекті ұрыс-керіс кезінде Савин өзінің әйелін тұншықтырды. Сот-медициналық сараптамасымен анықталғанындай, Савин адам өлтіру кезінде ақыл-есі дұрыс болып танылған.
Савин қасақана адам өлтіргені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартыла ма?
Савиннің өзінің әйелін қызғануы жеңілдететін мән-жай болып таныла ма?


5-тақырып. Денсаулыққа қарсы қылмыстар
Есепті шығарып, толық ашып түсіндіріңіз:
Веллерт Варпеленің пәтерінде, әзілдей отырып, дәлізде тұрған шелектің ішіндегі сұйықтықты шашып жіберді. Сұйықтық бензин болғандықтан плиткаға тиіп, өрт шықты. Өрт нәтижесінде денсаулыққа ауыр зиян келген күйіктер алды. Беллерт денсаулыққа абайсызда зиян келтіргені үші жауапкершілікке тартылды.
Беллерттің іс-әрекетімен саралауға келісуге бола ма?


6-тақырып. Адамның өмірін және денсаулығын қауіпті жағдайда қалдыратын қылмыстар
Төмендегі сұрақтарды конспект арқылы ашыңыз:

  1. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің криминологиялық сипаттамасы

  2. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян қылмысын жасаушы субъектінің тұлғасы

  3. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру қылмысының себептері

  4. Денсаулыққа қарсы қылмыстардың алдын алу

  5. Денсаулыққа ауыр жарақат келтіруді кісі өлтіруден ажырату



7-тақырып. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы. Клиникалық зерттеулер жүргізудің және профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын қолданудың тәртібін бұзу
Төмендегі сұрақтарды презентация арқылы ашыңыз:

  1. Медицина қызметкерлерінің кәсіптік қызметін тиісінше орындамауына байланысты қылмыс құрамдарының субъективтік белгілері

  2. Медициналық қызмет саласындағы қылмыстық іс.әрекетті жоққа шығаратын мән.жайлар

  3. Медицина қызметкерлерінің кәсіптік қызметін тиісінше орындамауына байланысты қылмыс құрамдарының, басқа да медициналық қызмет көрсету саласындағы құрамдармен ұқсас белгілері және айырмашылықтары

  4. Медицина қызметкерлерінің кәсіптік қызметін тиісінше орындамауына байланысты қылмыстарына жаза тағайындау мәселелері



8-тақырып. Жеке адамның бас бостандығына қарсы қылмыстар
Төмендегі сұрақтарды конспект арқылы ашыңыз:

  1. Жеке адамдардың бостандығына қарсы қылмыстардың субъективтік жағы

  2. Адамдардың жеке бостандығына қарсы қылмыстардың субъектісі

  3. Адамның жеке бостандығына қарсы қылмыстардың криминологиялық аспектілері

  4. Адамның жеке бостандығына қарсы қылмыстардың жай.күйі, динамикасы

  5. Адамның жеке бостандығына қарсы қылмыстардың себептері мен алдын алу жолдары





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет