Джаншанло Р. Е



бет63/73
Дата26.02.2023
өлшемі0,77 Mb.
#170245
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   73
Байланысты:
treatise101973

Бақылау сұрақтары

1. «Кіріс» және «Пайдалылық» ұғымдарына анықтама беріңіз.


2. Ұйымның негізгі кіріс түрлерін атаңыз.
3. Қаржылық нәтижелерді талдаудың мәнісі неден тұрады?
4. Қаржылық нәтижелерді талдау неден тұрады?
5. Қаржылық нәтижелерді талдауда қандай мәселелер шешіледі?
6. Қаржылық нәтижелерді талдау динамикасы қандай түрде іске асырылады?
7. Қаржылық нәтижелер құрылымының талдауы қалай жүргізіледі?
8. Кіріс талдауы қандай бағыттарда жүргізіледі?
9. Кіріс құрамы талдауы динамикасында қандай мәнге ие?
10. Кіріс талдауы жай қызмет түрлеріне қарағанда қандай тізбектілікпен жүргізіледі?
11. Кіріске өткізуден қандай маңызды факторлар әсер етеді?
12. Пайдалылық талдауы қандай бағыттармен жүргізіледі?
13. Кірістің факторлық талдауына не жатады?
14. Пайдалылық көрсеткіштерінің өсуіне қандай факторлар әсер етеді?
15. Өнімнің пайдалылығына факторлық талдау қандай түрмен жүргізіледі?


Тестер


1. Өткізуден жалпы кіріс бұл:
а) өткізілген өнімнің өндірістік шығындарын алып тастағандағы өткізуден түскен таза түсім;
б) қаржылық қызметтегі кіріс және шығыс сальдосы;
в) өткізу мен басқару шығындарын алып тастағандағы өткізуден түскен жалпы түсім;
2. Қаржылық қызметтің кірісібұл:
а) қаржылық қызметтегі кіріс және шығыс сальдосы;
б) өткізу мен басқару шығындарын алып тастағандағы өткізуден түскен жалпы түсім;
в) НДС, акцизді, қайтарылған тауарлар мен бағалық жеңілдігін алып тастағандағы өткізуден түскен жалпы түсім;
3. Өткізуден кірістің өзгеруіне басқару шығындары мөлшерінің әсері болады:
а) оң;
б) теріс;
в) бейтарап.
4. Өткізуден кірістің өзгеруіне құн өзгеруінің әсері болады
а) оң;
б) теріс;
в) бейтарап.
5. Ұйымның жай қыхзметтер түрі бойынша шығындарының (шығын элементтерінде) мәліметтері___ көрсетілген:
а) бухгалтерлік теңгерімде;
б) пайда және түсім есептерінде;
в) бухгалтерлік теңгерім қосымшаларында;
г) ақша қаражатының қозғалыс есебінде.
6. Ұйым кірісінің сапасын бағалау үшін коэффициенті қолданылады:
а) жалпы таза түсім қосындысындағы таза ақша ағынының үлесін көрсететін;
б) активтердің рентабельділігін;
в) активтердің айналымдылығы.
7. Меншік иесі жайғасымымен барынша маңызды көрсеткіш болып табылады:
а) жалпы пайда;
б) таза пайда;
в) сатудан түскен пайда;
г) салыққа дейінгі пайда.
8. Меншікті капитал табыстылығы мен инвестицияланған капитал табыстылығының арасындағы салық төлегеннен кейінгі айырмашылық бұл:
а) операциялық тұтқа әсері;
б) қаржылық тұтқа әсері;
в) таза келтірілген әсер.
9. Пайданы талдау көздері;
а) қаржылық есеп, бірлескен табыс салығы мағлұмдамасы;
б) тек қаржылық есеп беру;
в) пайданың жоспарлық және нақты көрсеткіштері;
г) бухгалтерлік теңгерім;
д) түсім және шығынға есеп беру.
10. Таза пайда бұл:
а) түсім мен шығын айырмасы;
б) басқа сатылулардан түскен пайда;
в) сатудан тыс операциялар табысы мен шығындар арасындағы айырма;
г) пайдадан төленетін теңгерімдік пайда мен салық арасындағы айырма;
д) пайдадан төленетін сатудан түскен пайда мен салық арасындағы айырма.
11. Ұйым пайдасы үлестіріледі:
а) жинақтау қоры мен тұтыну қорына;
б) тұтыну қоры мен сақтық қорға;
в) сақтық қор мен жарғылық капитал қорын толтыруға;
г) жинақтау қоры мен жарғылық капитал қорын толтыруға;
д) тұтыну қорынағ жинақтау қорына, сақтық қорға, жарғылық капитал қорын толтыруға.
12. Активтердің рентабельділігі:
а) ұйымға1 теңге пайда табу үшін қанша ақшалық бірлік керек болғанын көрсетеді;
б) сатылған өнімнің1 теңгесіқанша теңге таза пайда әкелгенін көрсетеді;
в) ұйымды меншіктенушімен салынған 1 теңге қанша теңге пайда тапқанын көрсетеді.
13. Өткізу рентабельділігі:
а) ұйымға 1 теңге пайда табу үшін қанша теңге қажет болғанын көрсетеді;
б) сатылған өнімнің 1 теңгесі қанша теңге таза пайда әкелгенін көрсетеді;
в) ұйымның меншіктенушісімен салынған 1 теңге қанша тенге таза пайда тапқанын көрсетеді;
14. Акцияның нарықтық бағасы мен бір акцияға түсімнің ара салмағы... көрсетеді:
а) қарапайым бір акцияға бухгалтерлік есеп пен есеп беру мәліметтері сәйкес болып келетін ұйымның таза активтерінің құнын;
б) айналымдағы қарапайым бір акцияға таза пайданың қандай үлесі келетінін көрсетеді;
в) акционерлер ұйымның 1 теңге таза пайдасы үшін қанша ақша бірлігін төлеуге келісетіндігін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет