Джаншанло Р. Е


Инвестициялық талдаудың мақсаты, міндеті мен рөлі



бет32/73
Дата26.02.2023
өлшемі0,77 Mb.
#170245
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   73
Байланысты:
treatise101973

4.2. Инвестициялық талдаудың мақсаты, міндеті мен рөлі


Шаруашылықтың инвестициялық даму маңыздылығын ескере отырып, инвестициялық талдауды мақсатты түрде экономикалық талдаудың өз алдына бір бағыты етіп қарастырамыз. Одан бөлек оны жобаға бағытталған экономикалық талдау ретінде қарау қажет, оның жүзеге асырылуы нақты нұсқаларға сай капитал салымы бойынша басқару шешімдері негізіндегі тұтынушылыққа байланысты болып табылады.
Инвестициялық талдау резервтерді анықтау мақсаты және оның өсіміне сай, ұйымның инвестициялық қызметінің инвестициялық белсенділігі мен тиімділігін зерттеуді көрсетеді.
Инвестициялық талдау мақсаты нақты объектіге сай қаражаттарды инвестицияландырумен байланысты тәуекелдерді табу болып табылады, инвестор күтіміне сай инвестицияны нақты объект жағдайына сай анықтау қажет.
Инвестициялық талдау міндеттері болып: 
- тұтынушылықтың кешенді бағалау және инвестициялау үшін қажетті шарттар;
- қаржыландару көздерін таңдау негізі және оның бағасы;
- алдын-ала жоспарланған нақты инвестициялық нәтижелердің ауытқуына әсер ететін, факторларды анықтау (объективті және субъективті, ішкі және сыртқы);
- ұйымның бәсекелестік артықшылықтарын мықты ететін және оның тактикалық және стратегиялық мақсаттарымен келісілген, оптималды инвестициялық шешімдер;
- инвесторға ыңғайлы тәуекелдік пен табыстылық параметрлері;
- инвестициядан кейінгі мониторинг және сапалы және сандық инвестициялау нәтижелері ұсынымдарын жасап шығару.
Инвестициялық талдау объектісі болып жеке ұйымдар деңгейіндегі инвестициялар мен инвестициялық қызмет, сонымен қатар жеке салалар мен жалпы ел болып табылады.
Инвестициялық талдаудың негізгі үлгілері:
• ұйымның өткізуіне байланысты (ішкі және сыртқы инвестициялық талдау);
• аналитикалық зерттеу объектісіне байланысты (толық және тақырыптық инвестициялық талдау);
• аналитикалық зерттеу тереңдігі бойынша (экспресс және іргетасты талдау);
• инвестициялық талдау объектісіне байланысты (жалпы инвестициялық қызметті талдау; ұйымның жеке инвестициялық орталықтарына сай инвестициялық қызметін талдау;ұйымның арнайы инвестициялық операцияларын жеке талдау);
• инвестициялық талдау жүргізу мерзіміне байланысты (алдын-ала, ағымдағы және жедел; келесі және ретроспективті инвестициялық талдау).
Инвестициялық талдау экономикалық жүйенің әртүрлі деңгейлерінде жүзеге асырылады, үй шаруашылықтарынан бастап, әлемдік экономика деңгейімен аяқталады, нақты активтерге арналған инвестициялар секілді, қаржылық инвестицияларға да арналған инвестициялар. Жұмысын жаңадан бастап жатқан әрбір инвестор үшін инвестициялық талдау өте маңызды болып табылады. Өткен шешімдерді мұқият зерттеу және қателері мен сәттілігін талдау нақты инвестициялық стратегияны құрастыруға көмек береді.
Инвестициялық талдауды жүргізу барысында екі этапты атап өткен жөн:
1) ұйым қызметінің ішкі және сыртқы ақпараттарын жинау шарттары;
2) жинақталған ақпаратты талдау.
Инвестициялық талдау өткізу үшін ақпараттарды жинауда ұйым қызметі саласындағы, туындаған тәуекелдер мен жағдайларды дамыту динамикасының нарықтық жағдайда орын алған түсініктерді ескеру қажеттілігі туындайды.
Жинақталған ақпараттарды талдау мен өңдеу сатыларына мыналар кіреді:
- нарықтық шарттарға сай орын алған ұйым қызметін талдау;
- болашағы жоқ инвестициялық қызмет бағыттарын алып тастау;
- ұйым дамуынының мақсаты мен мүмкіндіктерін ескере отырып тиімді бағыттарын тану;
- баламалы инвестициялық жобалар тізімін құрастыру;
- ұйымдағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру кезіндегі ақша ағындары үлгілерін құру;
- көбірек тиімділікпен жүзеге асырылуы мүмкін инвестициялық жобалардың сезімталдығын талдау.
Инвестициялық жобаны талдау мақсаты – оның коммерциялық негізделуінде. Соңғысы екі негізгі талаптарды орындауды болжайды:
1)салынған қаражаттарды толық қайтару (сатып алушылық);
2) өзге ресурстарды (капитал) пайдалану тәсілдерінен бас тарту көлемі, табыс табу мен соңғы нәтижеде анықталмағандық күшінен туындайтын тәуекелдердің орын толықтырады.
Инвестициялық жоба жағдайының коммерциялық екі құрамдасын бөліп қарастыру қажет, сәйкес қажетті және қолжетімді шарттар болуы керек:
- инвестицияның экономикалық тиімділігі;
- жобаның қаржылық жағдайы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет