Джаншанло Р. Е



бет29/73
Дата26.02.2023
өлшемі0,77 Mb.
#170245
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   73
Байланысты:
treatise101973

Бақылау сұрақтары

1. Ұйымның іскерлік белсенділігіне анықтама берініз.


2. Іскерлік белсенділік талдауының мақсаты мен мазмұны.
3. Іскерлік белсенділікті сапалы бағалау ерекшеліктері.
4. Іскерлік белсенділікті сипаттайтын көрсеткіштер.
5. Қор айналымдылығы калай анықталады?
6. Рентабельділік көрсеткіштері қалай және не үшін анықталады?
7. Капиталды пайдалану тиімділігі кандай көрсеткіштер арқылы сипатталады және қалай анықталады?
8. Шығындар рентабельділігі дәрежесіне қандай факторлар ықпал етеді?
9. Іске асыру рентабельділігі мағынасында нені түсінуге болады?
10. Құралдардың айналымда болу ұзақтығын анықтайтын сыртқы және ішкі факторлар?
11. Іскерлік белсенділікті талдау кезіндегі келесі есептеу жолдары қандай?
12. Қор қайтарымдылығы көрсеткіші нені көрсетеді?
13. Қай көрсеткіштің мәні жоғары болады: айналым капиталының коэффициенті немесе қор қайтарымдылығы?
14. Қор айналымының көрсеткіші қандай уақыт мерзімінде есептелуі мүмкін?
15. Іскерлік белсенділік көрсеткішінің факторлық талдауының мәні неде?


Тесттер:


1. Ұйымның активтер айналымдылығы коэффициенті мына формула арқылы анықталады:
а) Сатудан түскен түсім / Активтердің орташа көлемі;
б) Ұйымның өтелген міндеттемелер көлемі /Активтердің орташа көлемі;
в) Талданып отырған мерзімнің ұзақтығы *Қысқа мерзімді активтер айналымының коэффициенті.
2. Ұйымның активтер айналымдылығының ұзақтығы мына формула арқылы анықталады:
а) (Талданып отырған мерзімнің ұзақтығы * Активтердің орташа көлемі) / Сатудан түскен түсім;
б) (Талданып отырған мерзімнің ұзақтығы * Сатудан түскен түсім) / Активтердің орташа көлемі;
в) Талданып отырған мерзімнің ұзақтығы * Активтер айналымының саны
3. Ұйымның қор айналымы коэффициенті мына формула арқылы анықталады:
а)Өндірілген өнімнің өзіндік құны / Активтердің орташа көлемі;
б) Қысқа мерзімді активтер айналымының коэффициенті * Қысқа мерзімді активтердің құрамындағы қорлардың үлес салмағы;
в) Сатудан түскен түсім / Қорлар айналымы мерзімі.
4. Қорлар айналымы ұзақтығы мына формула арқылы анықталады:
а)Талданып отырған мерзімнің ұзақтығы / Қорлар айналымы саны;
б) Талданып отырған мерзімнің ұзақтығы / Қысқа мерзімді активтерді орташа көлемі;
в) Қорлар айналымының коэффициенті / Бір күндік қор айналымы.
5. Ұйымның дайын өнім қорларының айналым коэффициенті мына формула арқылы анықталады:
а)Талданып отырған мерзімдегі туындаған міндеттеме көлемі / Жылдық өнім қорларының орташа көлемі;
б) Қорлар айналымы коэффициенті * Қорлар құрамындағы дайын өнімнің үлес салмағы;
в) Өнімді өткізудің өзіндік құны / Дайын өнім қорларының орташа көлемі.
6. Дайын өнім қорлары айналымының ұзақтығы мына формула арқылы анықталады:
а) Қор айналымының мерзімі * Қорлар құрамындағы дайын өнімнің үлес салмағы;
б) Өнімді өткізудің өзіндік құны / Дайын өнімнің бір күндік айналымы;
в) Талданып отырған мерзімнің ұзақтығы / Дайын өнім қорларының айналым саны.
7. Ұйымның бір күндік құралдар айналымы мына формула арқылы анықталады:
а)Өткізуден түскен пайда / Қысқа мерзімді активтер;
б) Сатудан түскен түсім / Қысқа мерзімді активтер;
в) Сатудан түскен түсім / Талданып отырған мерзімнің ұзақтығы.
8. Ұйымның іскерлік белсенділік талдауының сапалық критерийлері мыналар болып табылады:
а) өнімді өткізу нарығының кеңдігі;
б) еңбекресурстарыменқамтамасызетілуі;
в) негізгі қорларды қолдану тиімділігінің көрсеткіштері.
9. Ұйымның іскерлік белсенділік көрсеткіштеріне жатады:
а) активтер айналымдылығының коэффициенттері;
б)салыстырмалы қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері;
в)өтімділіккоэффициенттері.
10. Дебиторлық берешектің мерзім ішіндегі айналым саны келесіні көрсетеді:
а) дебиторлықберешек инкассациясының мерзімі;
б) дебиторлық берешектің айналымдылық коэффициенті;
в) дебиторлық берешектің айналымдылық кезеңі.
11. Дебиторлық берешектің айналымдылық коэффициенті көрсетеді:
а) дебиторлық берешектің қай бөлігі есеп кезеңінде жаңартылатынын;
б) өзге де айнылым құралдарына қарағанда дебиторлық берешек айналымының қаншалықты жылдам екендігін;
в) ұйым ұсынатынкоммерциялық кредитті кеңейту немесе азайту.
12. Қысқа мерзімді активтер айналымының коэффициенті мына формула арқылы анықталады:
а) Жыл ішіндегі сатудан түскен түсім / Айналым қаражатыныңорташа жылдық құны;
б) Айналым қаражатыныңорташа жылдық құны / Жыл ішіндегі сатудан түскен түсім;
в) Жыл ішіндегі сатудан түскен пайда / Қысқа мерзімді активтердің орташа жылдық құны.
13. Жыл ішіндегі қысқа мерзімді активтер айналымының ұзақтығы мына формула арқылы анықталады:
а) Сатудан түскен түсім / Айналым құралдарының орташа жылдық қалдықтары;
б) Айналым құралдарының орташа жылдық қалдықтары / Сатудан түскен түсім;
в) 360 / қысқа мерзімді активтер айналымының коэффициенті.
14. Іскерлік белсенділік коэффициенті:
а) ұйымның есепті кезең ішінде өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілетін анықтауға мүмкіндік береді;
б) ұйымның қаншалықты өз құралдарын тиімді пайдаланатындығын талдауға мүмкіндік береді;
в) ұйым қызметінің қаншалықты табысты екендігін анықтауға мүмкіндік береді.
15. Активтер айналымы коэффициенті:
а) Сатылған өнімнің көлемі / Орташа жылдық негізгі құралдардың құны;
б) ұйымның барлық құралдарының, олардың тарту көздеріне қарамастан, тиімді қолданылуын сипаттайды;
в) салынған капиталдың және ақша қаражаттары белсенділігінің айналым жылдамдығын сипаттайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет