Әннің тақырыбы: «Күзгі вальс»
Мақсаты: Астық дәнді дақылдар мен жеміс жидектердің адам денсаулығына пайдалылығын, қысқы азық дайндаудың қажеттілігін түсіндіру.
Ән айта отырып, мәтініне сай қимылдар жасауға үйрету.
Әуенді ырғақты қимыл: «Күзгі вальс» Қ.Шілдебаев
Ән тыңдау: «Күз тамаша» С.Шынымов
Ән айту: «Күзгі вальс» Б. Бисенова
Ойын ойнау: «Өз жұбыңды тап!» Қимылды ойын
2-апта
Әннің тақырыбы: «Күзге сәлем»
Міндеті: Ел ырзығының қуанышын әнмен, бимен көркемдей білуге тәрбиелеу.
Астық, дәнді дақылдар мен көкөністердің пайдалылығын, қысқа азық дайындаудың қажеттілігін түсіндіру.
Ән айту арқылы дауыс пен есту қабілетін дамыту.
Әуенді ырғақты қимыл: «Тәтті тосап» биі
Ән тыңдау: «Осенний вальс» Чайковский
Ән айту: «Күзге сәлем» А.Еспенбетова
Ойын ойнау: «Айгөлек» ойыны
3-апта
Әннің тақырыбы: «Осень наступила»
Мақсаты: Әннің сипатын түсіну, табиғат құбылысын музыкамен байланыстыра білуге үйрету.
Сөздік қорларын байытып, өз ойларын толық әрі мәнерлі етіп жеткізуін дамыту.
Әуенді ырғақты қимыл: «Себет толы жеміске» (Музыкалық сүйемелдеу -жетекшінің қалауымен)
Музыка тыңдау: «Алтын күз» Б.Бисенова
Ән айту: «Осень наступила»
Ойын ойнау:«Саусақ сезімін оят»