Әннің тақырыбы: «Біздің балабақшамыз»
Мақсаты: Балабақшаны жақсы көруге тәрбиелеу
Әнді көңілді, ынталы жеткізе білуге дағдыландыру.
Жаттығулар арқылы ән айту қабілетін дамыту.
Әуенді ырғақты қимыл: «Қосарланып билеу» литва халық әні.
Ән тыңдау:«Балабақшам» С.Шынымов
Ән айту: «Біздің балабақшамыз» сөзі:Т.Молдағалиев
Ойын ойнау: «Өз орныңды тап!» Қимылды ойын
2-апта
Әннің тақырыбы: «Тату доспыз бәріміз»
Мақсаты: Достыққа, бірлікке, татулыққа тәрбиелеу.
Әуенге ілесе би қимылдарын жасау дағдыларын үйрету.
Көңілді әуен арқылы көңіл күйлерін дамыту
Әуенді ырғақты қимыл:«Серуендейміз, билейміз» А.Тоқсанбаев
Музыка тыңдау: «Настоящий друг» В.Шаинский
Ән айту: «Тату доспыз бәріміз» Е.Меңдешов
Ойын ойнау: «Ән салған кім?» А. Райымқұлова
3-апта
Әннің тақырыбы: «Біз бақытты балдырған»
Мақсаты: Балалардың әнге сүйіспеншілігін арттыру, адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу.
Жоғарғы, төмен дыбыстарды ажырату. Би элементтерін музыканың бояуымен сезініп жасау.
Жаттығу жасату арқылы дене сымбатын дамыту