Әуенді ырғақты қимыл: «Ақшақарлар биі»
Музыка тыңдау: «Ақшақар әні» А.Досмағамбет
Ән айту: «Аяз ата»
Ойын ойнау: «Шана тебеміз» қимылды ойын
Мерзімі
Өтпелі тақырып
1-апта
Ақпан
Аңдардың қысқы тіршілігі
Әннің тақырыбы: «Қыс күні»
Мақсаты: Қоршаған әлемді түсінуге оң көзқарастарын ояту, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Балаларға табиғат туралы түсінік беру.
Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Әуенді ырғақты қимыл: «Қарлармен билейміз» «Холодное сердце» мультфильмінен әуен.
Музыка тыңдау: «Табиғат дыбыстары» Э.Григ
Ән айту: «Қыс күні» Ж.Мұхаметжанов
Ойын ойнау:«Аю мен қояндар» Б.Дәлденбай
2-апта
Әннің тақырыбы: «Қыс әні»
Мақсаты: Музыка арқылы табиғат құбылыстарын сезінуге тәрбиелеу.
Ырғақты ажырата білуге баулу.
Әнді орындаушылық қабілетін жетілдіру.
Әуенді ырғақты қимыл: «Ұшақ болып ұшамыз»
Музыка тыңдау: «Голубой вагон» В.Шаинский
Ән айту: «Қыс әні» Д.Қиқымов
Ойын ойнау: «Тымпи-тымпи» Қимылды ойын
3-апта
Әннің тақырыбы: «Ұзын құлақ сұр қоян»
Мақсаты: Балаларды бірлікке, татулыққа шақыру арқылы тәрбиелеу.
Көңілді әуен арқылы жақсы көңіл күйді қалыптастыру.
Әуенді ырғақты қимыл: «Көңілді балалар» литьва халқының әуені.
Музыка тыңдау: «Қыс қызығы»И.Нүсіпбаев.
Ән айту: «Ұзын құлақ сұр қоян»
Ойын ойнау: «Қасқырлар мен лақтар»
4-апта
Әннің тақырыбы: «Тұлпарым»
Мақсаты: Әнді дұрыс түсінуге, әуенге ілесе айта білуге үйрету.
Әуенге ілесіп, ырғақтық қимыл жасауларын дамыту.
Әуенді ырғақты қимыл:«Бала бала» тұлпармен бірге билейміз
Музыка тыңдау: «Туған жер» Б.Бисенова
Ән айту: «Тұлпарым» әні Б.Бисенова
Ойын ойнау: «Қамшы»
Мерзімі
Өтпелі тақырып
1-апта
Наурыз
Табиғаттың гүлденуі
Әннің тақырыбы: «Мамочка милая,мамочка моя»
Мақсаты: Отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілікке, үлкен кішіге деген сыйластыққа тәрбиелеу.
Музыкадағы дыбыс биіктігін, ырғақты мәнерлілігін түсініп, ажыратуға үйрету.
Әуенге әсерлену, ырғақтық динамикалық есту қабілетін жетілдіру.
Әуенді ырғақты қимыл:«Көбелектер биі»
Музыка тыңдау: «Қазақы дәстүрлер-ай» әні
Ән айту: « Мамочка милая,мамочка моя»
Ойын ойнау: «Сақина салмақ» Қимылды ойын
2-апта
Әннің тақырыбы: «Әз Наурыз» Ж.Молдажанова
Мақсаты: Ұлттық дәстүр туралы қарапайым түсінік қалыптастырып, сыйластық сезіміне тәрбиелеу.
Балаларға наурыз мерекесі туралы мәлімет беру.
Түрлі аспапта орындалған пьесаларды тыңдау, есте сақтау қабілетін дамыту.
Әуенді ырғақты қимыл: «Сәукеле» биі
Музыка тыңдау: «Құтты болсын, Наурыз» Б.Бейсенова
Ән айту: «Әз Наурыз» Ж.Молдажанова
Ойын ойнау: «Қамшы» Ұлттық ойын
3-апта
Әннің тақырыбы: «Наурыз көктем»
Мақсаты: Қазақ даламыздың байлығын, берекесін молшылығын таныстырып, қонақжайлыққа тәрбиелеу.
Ән мазмұнындағы көңіл күйді сезінуге үйрету.
Ән айту арқылы есту қабілеттерін дамыту.
Әуенді ырғақты қимыл: «Қара жорға» биі
Музыка тыңдау: «Бұлбұл» Д.Нұрпейісова
Ән айту: «Наурыз көктем» Б.Бисенова
Ойын ойнау: «Арқан тартыс» Ұлттық ойын
4-апта
Әннің тақырыбы: «Әжемнің шәйі»
Мақсаты: Ата әжесіне құрмет көрсетуге, сыйлауға тәрбиелеу
Әннің мәтініне сай би қимылдарын жасауға үйрету.
Музыкалық қабілеттерін дамыту.
Әуенді ырғақты қимыл: «Көңілді жаңбыр»
Музыка тыңдау: «Көктем вальсі» Е.Брусиловский (Б.Төлегенова репертуар-н)
Ән айту: «Әжемнің шәйі»
Ойын ойнау: «Мен күйшімін» ойыны