Бөлім бойынша балл
Этникалық және әлеуметтік процестер
|
10.2.1.1 Антропогенездің әртүрлі теорияларын жүйелеу және тұжырымдау
|
Қолдану
|
1
|
1
|
ҚЖ
|
6
|
5
|
30
|
10.2.2.2 Ұлтаралық қақтығыстардың пайда болуының себеп-салдарлық байланысын анықтау
|
Қолдану
|
1
|
2
|
ҚЖ
|
6
|
5
|
10.2.2.4 Ұлтаралық қатынастарды реттеудегі халықаралық ұйымдардың рөлін талдау
|
Жоғары деңгей дағдылары
|
1
|
3
|
ТЖ
|
6
|
5
|
10.2.2.6 Ұлтаралық келісімнің қазақстандық үлгісінің мысалында этностар арасындағы бейбіт әрекеттестіктің мүмкіндігін дәлелдеу
|
Жоғары деңгей дағдылары
|
1
|
4
|
ТЖ
|
7
|
5
|
10.2.3.3 Қоғамның әлеуметтік ұйымдасуының тарихи формаларын, оларға тән белгілерін анықтай отырып түсіндіру
|
Қолдану
|
1
|
5
|
ҚЖ
|
15
|
10
|
БАРЛЫҒЫ:
|
|
-
|
5
|
-
|
-
|
40
|
30
|
30
|
Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
|
ІI тоқсан бойынша жиынтық бағалау таырмаларының сипаттамасы
Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгілері
«Дүниежүзі тарихы» пәнінен II тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
№
|
Сұрақтар
|
Жауап
|
1
|
Адамның шығу тегін, дамуын, дене құрылысын, нәсілдік ерекшеліктерін зерттейтін жалпы биология ғылымының саласы қалай аталады?
|
|
2
|
Адам эволюциясындағы антропогенездің биологиялық теориясының негізін салушы кім?
|
|
3
|
«Еңбек — адамзат өмірінің бірінші негізгі шарты, адамды адам еткен еңбек» деп тұжырымдаған еңбек теориясының авторы кім?
|
|
4
|
Адамдардың пайда болған жерін, уақытын, нақтылы ата-тегін, адамдардың алғашқы қоғамының және сөйлеуінің дамуын т.б. зерттейтін ғылым саласы қалай аталады?
|
|
5
|
Адам дамуының соңғы сатысындағы қазіргі адамдар шамамен қашан пайда болды?
|
|
[5]
2. Кестені толтырыңыз.
Ұлтаралық жанжалдар
|
Ұзақ мерзімді себептері
|
Қысқа мерзімді себептері
|
Үнді-Пәкістан жанжалы
|
1.
|
1.
|
Палестина-Израйль қақтығысы
|
1.
|
1.
|
Ұлтаралық қақтығыстың салдары
|
[5]
3. Ұлтаралық қатынастарды реттеудегі БҰҰ қызметінің тиімділігін және тиімсіздігін мысалдар келтіре отыра көрсетіңіз.
ТИІМДІ+
|
ТИІМСІЗ-
|
1.
|
1.
|
2.
|
2.
|
Қорытынды
|
[5]
4. Мәтінмен танысып, сұрақтарға жауап беріңіз
Қазақстан халқы Ассамблеясы - ол әрі іргетас, әрі бейбітшілік, рухани келісім мәдениетінің негізгі қағидаты. Ассамблея - мемлекеттік органдардың халықпен жемісті үнқатысуын, барлық этностар өмірлерінің өзекті мәселелерінің шешілуін қамтамасыз етуші ұйым. «Дамудың сыры - бірлікте, Табыстың сыры - тірлікте». Қазақты қасиетті қара шаңыраққа баласақ, еліміздегі барша этностар - сол шаңыраққа шаншылған уықтар. Ортақ ордамыз – Қазақстанның босағасын берік, шаңырағын биік ұстап, түтінін түзу ұшыру – елдік мақсат. Сонда ғана «Қазақстан-2050» стратегиясында айтылған үздік 30 елдің қатарынан табылады.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы НАЗАРБАЕВ,
Қазақстан халқы Ассамблеясы – қоғамдық келісімнің маңызды тетігі» деген тұжырыммен қаншалықты келісесіз? Ойыңызды дәлелдеңіз.
Ұлтаралық келісімнің қазақстандық үлгісі этностар арасындағы бейбіт әрекеттестіктің кепілі болды ма? Дәлел келтіріңіз.
«Ел бірлігі доктринасы» мемлекеттік құжатының бейбітшілік, келісім мен толеранттылықты қамтамасыз етудегі маңыздылығына баға беріңіз.
[5]
5. Үнді қоғамындағы әлеуметтік жіктелудің каста өкілдері үшін оң және теріс жақтарын кестеде көрсетіңіз.
[10]
Балл қою кестесі
Тапсырма №
|
Жауап
|
Балл
|
Қосымша мәлімет
|
1
|
1. Антропология
|
1
|
|
2. Ч. Дарвин
|
1
|
3. Ф.Энгельс
|
1
|
4. Антропогенез
|
1
|
5. 40-35 мың жыл бұрын
|
1
|
2
|
Үнді-Пәкістан жанжалының қысқа мерзімді себебі
2016 ж Үнді-Пәкістан шекарасында атыс орын алды. Екі ел арасындағы жағдай 29 қыркүйекке қараған түні үндістандық әскери базаға белгісіз біреулер жасаған шабуылдан кейін ушығып кетті. Сол кездегі қырғыннан 19 үнді жауынгері қаза тапқан болатын. Нью-Дели «бұл Пәкістан аумағында әрекет ететін содырлардың ісі» деп лаңкестікке қарсы операция өткізген еді. Индия үкіметі Пәкістан тарапын экстремизмді қаржыландырушы деп айыптады. Шекара маңындағы бұндай қақтығыстар жиі орын алып тұрады.
|
1
|
Мағынасы сәйкес жауаптар қабылданады
|
Үнді-Пәкістан жанжалының ұзақ мерзімді себебі 1947 жылға дейін Ұлыбританияның отары болып келген бұл өңір Үндістан және Пәкістан деген дара-дара мемлекетке бөлінді. Сол бөліністің нәтижесінде, негізінен, мұсылмандар тұратын Джамму мен Кашмир штатының үштен екі бөлігі Үндістанның, қалған бір бөлігі ғана Пәкістанның еншісіне тиді. Мұны Пәкістан жағы әділетсіздік деп қабылдады. Міне, содан бері осы территорияға байланысты екі мемлекет арасында жиі дау-жанжал туып, оның аяғы қарулы қақтығысқа ұласып тұрады.
|
1
|
Палестина-Израиль қақтығысының қысқа мерзімді себебі
Саяси себептердің қатарына діни алауыздық қосылды. Діни және ұлттар арасындағы түсініспеушіліктің ушығуы
|
1
|
Палестина-Израиль қақтығысының ұзақ мерзімді себебі
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін БҰҰ Палестина аумағында екі мемлекетті Палестинаны және Израилді құру туралы жоспарлады, 1948 жылы осы жоба негізінде Израиль мемлекеті құрылды. Арабтар Палестинаны арабтардың жері деп есептеп, еврей мемлекетінің құрылуына қарсы болды, бұл көп ұзамай осы күнге дейін шешімін таппай келе жатқан Палестинадағы арабтар мен еврейлер арасындағы қақтығыстарға әкелді.
|
1
|
|
Ұлтаралық қақтығыстардың салдары жанжалдар барсында әскери операциялар ұйымдастырып, зымырандармен атқылауы бейбіт тұрғындардың қырғынға ұшырауына себепкер болды.
|
1
|
|
3
|
Ұлтаралық қатынастарды реттеудегі БҰҰ қызметінің тиімділігі
50-жылдары Таяу Шығыста өрістеген араб елдері мен Израиль арасындағы қақтығыстарды тоқтатуға ұйымның сіңірген еңбегі үлкен болды, 1960 ж Конгода күшейген азаматтық соғысты тоқтатып, елде бейбітшіліктің орнығуына күш салды.
Оңтүстік Африкада орын алған нәсілшілдікке қарсы тиімді іс-шаралар жүргізді.
|
2
|
Мағынасы сәйкес жауаптар қабылданады
|
Ұлтаралық қатынастарды реттеудегі БҰҰ қызметінің тиімсіз тұстары
Әлемде орын алған жанжалдар басылмай уақыт өткен сайын күшейіп бара жатыр, БҰҰ әлемдегі қауіпсіздік пен бейбітшіліктің кепілі болудан қалып бара жатыр.
Империалистік мемлекеттер әлемнің әр түкпірінде соғыстар жүргізуде және өздеріне ұнамаған саяси режимдерді құлатып, тұрақтылықты бұзып жатыр, осы ретте БҰҰ дәрменсіздік танытып жатыр.
|
2
|
ББҰ сияқты ұйымның болуы өте маңызды деп санаймын. Халықаралық тәртіпті реттеуде оның үлесі зор.
|
1
|
4
|
Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен қолданылатын этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Қазақстанның көпэтностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады.
Дәлел
Бүгінде республикада Қазақстан этностарының мәдениеттері, тілдері, дәстүрлерінің дамуына қажетті барлық жағдай жасалған. Этномәдени бірлестіктердің өзінің саны тұрақты өсуде, қазір олар 800-ден асады, оның ішінде 28-і республикалық, 15 тілде газет-журнал, 8 тілде радиобағдарламалар 7 тілде телебағдарламалар шығады.
|
2
|
Мағынасы сәйкес жауаптар қабылданады
|
|
Халықтардың өзара қарым-қатынасы мəдениетінің қазақстандық үлгісі – бұл қоғамдағы шиеленістік, қақтығыстық жағдайды жеңу ғана емес, сонымен қатар, оның болашақта тұзаққа созылған қарсылық пен мəңгілік жек көрушілікке ұласып кетпеуінің алдын алу болып табылады.
Дәлел
Бүгінгі таңда Қазақстан ұлтаралық жəне дінаралық келісім негізге алған 140 астам ұлт өкілдері мен 40 астам дінді уағыздайтын үш мыңға жуық діни бірлестіктердің Отаны болып отыр.
|
2
|
|
2010 жылы сәуірде азаматтық қоғам мен мемлекеттік институттардың, азаматтардың сындарлы ұсыныстарын жинақтаған Қазақстанның «Ел Бірлігі Доктринасы» қабылданды. Қазақстанның «Ел Бірлігі Доктринасы» – халықтың, уақыт талабына сәйкес, бірігу қажеттігін түсінуіне негіз. Бұл – бізді қандай күш біріктіреді және біртұтас етеді – соны түсінудің тәсілі. Бұл – болашаққа бірігіп ұмтылудың серпіні.
|
1
|
5
|
оң әсері
Әр кастаның мүшесі қоғамда өз мойнына белгілі бір міндеттерді иеленіп, қызмет атқарады
Әр каста мүшесі өз ережелері мен тәртібіне мүлтіксіз бағынады, мемлекет заңдарына бағынады
Кшатрийлер кастасы ғасырлар бойы елді қорғау мен мемлекеттің қауіпсіздігі мәселесімен айналысып келеді
Брахмандар мемлекеттегі діни біртұтастықтың кепілі болып отырды
|
4
|
Мағынасы сәйкес жауаптар қабылданады
|
теріс әсері
Үнді қоғамында касталық бөліну әлеуметтік жіктелумен пара-пар, жоғарғы касталар ерекше құқықты иеленеді, саяи-қоғамдық өмірге белсене араласады.
Төменгі касталар елдегі қара жұмысты атқаруға мәжбүр, олардың әлеуметтік деңгейі өте төмен болды.
Касталар арасында қатаң иерархия сақталады, касталар арасында некелік қатынастарға жол берілмейді.
Аластатылғандар деген атқа ие болған үнді қоғамында кастаға кірмейтін топ кедейшіліктің ең төменгі деңгейінде өмір сүріп, ең лас жұмыстарды атқарып қайыршылық күн кешеді.
|
4
|
Қорытынды ой-түйін
Үнді касталары қазіргі қоғам үшін қажеті жоқ баяғы ортағасырлық ескіліктің жұрнағы болып отыр.
Касталар үнді қоғамының дамуына кедергі болып отырған басты фактор деген тұжырымды айтатын саясаткерлер де бар.
|
2
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |