«Дүниежүзі тарихы» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 10-сынып



бет2/12
Дата18.10.2022
өлшемі135,69 Kb.
#153576
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
10 Д.Тарих. ТЖБ. Жаратылыс-Матема Бағыт. 1 нұсқа
Переходные металлы

Түсіну


    • мәдени-тарихи процесті оның бірлігі мен алуан түрлілігін;

    • мемлекеттің тарихи формалары мен түрлерін, өркениеттің өзіндік ерекшеліктерін;

    • мемлекеттік-құқықтық институттарының маңызын;

    • әлемдік өркениеттердің қалыптасуы мен дамуына табиғи-географиялық факторлардың ықпалын;

    • тарих барысына әскери-саяси оқиғалардың ықпалын;

    • әлемдік тарихи-мәдени прогресс үшін адамзаттың жетістіктері мен ұлы ашылулардың маңызын;

    • түрлі тарихи кезеңдерде әлемдегі саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени өзгерістерге ішкі және сыртқы факторлардың ықпалын;

    • әлемдік қоғамдық ойдың дамуындағы тарихи аспектілерді;

    • тарихтың дамуына тұлғалардың ықпалын;

    • жаһандық әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау үшін жалпы адамзаттық құндылықтардың маңызын түсінеді.



Қолдану


    • уақыт пен кеңістікте әлемнің мәдени-өркениеттік орталықтары мен мемлекеттері құрылуын анықтау кезінде;

    • мемлекеттердің түрлері мен тарихи формаларын, өркениеттердің өзіндік ерекшеліктерін анықтау барысында;

    • түрлі тарихи кезеңдердегі әлем халықтарының саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуындағы ерекшеліктерін анықтауда;

    • әлем тарихындағы тарихи тұлғалардың рөлін анықтау кезінде;

    • өткен және қазіргі кездегі оқиғалар мен құбылыстарға қатысты өз позициясын

анықтау кезінде тарихи ойлау дағдыларын қолданады.


Талдау


    • әлем халықтарының ортақ белгілері мен ерекшеліктерін анықтай отырып тарихи дамуын;

    • түрлі тарихи кезеңдерде қоғамның қалыптасуы мен дамуына түрлі факторлардың (географиялық, демографиялық, көші-қон, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және т.б.) ықпалын;

    • себеп-салдар байланыстарын анықтау мақсатында әлем тарихының оқиғаларын, құбылыстарын, процестерін;

    • тарихи тұлғалар қызметінің себептері мен нәтижелерін;

    • тарихи деректерді;

    • этногенез, саяси және мәдени процестерге қатысты негізгі ғылыми теорияларды;

    • жаһандану жағдайында бүгінгі қоғамның даму үрдістері мен перспективаларын талдайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет