Үй тапсырмасын тексеру “Конверттегі сұрақ” стратегиясы
Соңғы мыңжылдықта дүниежүзілік шаруашылықтың аумақтық құрылымында болған өзгерістер туралы айтып беріңдер.
Дүниежүзілік жалпы өнімнің құрылымына қандай елдер жетекші роль атқаратынын ашып көрсетіп, мысалдармен нақтылаңдар.
Шаруашылықтың салалық құрылымын сипаттаңдар.
Шаруашылығының индустриалды құрылымы айқын байқалатын елдерге мысал келтіріңдер.
Қандай елдерге қызмет көрсету саласының үлесі біршама артып, бастапқы және екінші секторлар кемиді? Оны немен түсіндіруге болады?
Шаруашылықтың аумақтық құрылымына не енеді?
Дүниежүзінің дамыған елдерінің аумақтық құрылымының негізгі ерекшеліктерін анықта.
Дүниежүзінің дамушы елдері шаруашылығының аумақтық құрылымына тән белгілерді ашып көрсетіңдер.
Аймақтық саясат дегеніміз не?Ол қандай мақсатепн жұргізіледі?
Экономика құрылымының, даму деңгейі мен елдер типтерінің арасалмағы қандай?
“Миға шабуыл”
“Өнеркәсіп” сөзіне толық мағлұмат беру
“Еркін талқылау” стратегиясы
1-топ
Пайда болу мерзіміне қарай өнеркәсіп салаларын үш топқа бөлеміз...
2-топ
Өндіруші өнеркәсіп...
3-топ
Өңдеуші өнеркәсіп...
“Уақыт шеңбері” стратегиясы арқылы алған білімдерін түйіндеу
Үйге тапсырма
1-тапсырма:
Экономикалық құрылым туралы деректер бойынша Намибия, Бельгия, Болгария елдерінің қайсысы кестеде берілген А – В жолдарына сәйкес келетінін анықтаңдар. Өз таңдауларыңды түсіндіріңдер
ЕлдерАуыл шаруашылығыӨнеркәсібіҚызмет көрсету саласыЭкономиканық құрылымы, % есебіменА263143Б472033В22573
2-тапсырма:
Бір мемлекеттің салалық және аумақтық құрылымына сипаттама беріңдер.
3-тапсырма:
«Бұл қай мемлекет болуы мүмкін?» тақырыбына арналған әңгіме-жұмбақ құрастырыңдар.
«Жоғары дамыған аудандар орналасқан, даму қарқыны өте жоғары. Әсіресеғылымға, қызмет көрсету инфрақұрылымына, жаңа өнеркәсіп салаларына бағытталған. Бұл елде ірі монополиялардың штаб-пәтері орналасқан. Мәселен, Шығыс және солтүстік аудандары жоғары дамыған аудандарға жатады. Елде Лион атты ескі өнеркәсіпті аудан бар, онда негізінен ауылшаруашылық салалары басым»