1. Дүниетаным дегеніміз не? Дүние және ондағы адамның ролі туралы әр түрлі көзқарастардың жиынтығы
2. Дүниеге көзқарастың неше типі бар? Үш
3. Рух, сана, идея алғашқы деп пайымдайтын философиялық ілім, бағыт: Идеализм
4 . Ғарыш пен адамды біртұтастық ретінде қарастыратын философиялық принцип: Космоцентризм
5 . Философияда дүниенің бастамасын екі субстанция деп танитын ілім: Дуализм
6. Алғашқы дүниетаным қалай аталады? Мифология
7. Дүние және дүниедегі адамның орны мен ролі туралы толыққанды түсінік беретін ғылым қалай аталады?.Философия
8. «Бір түскен өзенге екінші мәрте түсу мүмкін емес» деген грек ойшылы: Гераклит
9. Грек тіліндегі «Философия» сөзі қандай мағынаны білдіреді: Даналыққа құштарлық
10. Шығыс перипатетиктерін сынаған ойшыл:.Әл-Ғазали
11. Болмысты проблема ретінде алғаш көтерген ойшыл? Парменид
12. «Сананың материяға қатысы қандай?» мәселе ретінде қойған кім: Энгельс
13. Философияда дүниенің бір ғана субстанциясы бар деп ұғындыратын ілім: Монизм
14. Түйсіктерден өзге дүниенің бар екендігін жоққа шығаратын философиялық бағыт: Субъективті идеализм
15. Гилозоизм ұғымы нені білдіреді? Материяның жаны, санасы бар екендігін
16. Философияның негізгі мәселесінің екінші жағы: Дүниені тану мәселесі
17. Тұтыну қоғамын сипаттайтын термин қалай аталады: консюмеризм
18. Синергетика ұғымы нені білдіреді? Материяның өзіндік ұйымдасу қабілетін
19. Адамгершілік пен мораль туралы философиялық ілім: Этика
20. Материя, болмыс, табиғат «алғашқы» деп пайымдайтын философиялық бағыт: Материализм
21. Материя ұғымына анықтама берген ойшыл? Ленин
22. Философия сөзіндегі «софия» сөзі қандай мағына береді:даналық
23. Айнала қоршаған орта, әлем, тұтас дүние, ондағы адамның орны туралы түсініктердің жиынтығы: таным
24. «Өмір – азап» деген принциппен басталатын дін: Буддизм
25. Алғашқы қауымдарға немесе ежелгі қоғамдарға тән дүние тарулы қиял-ғажайып, танымдық қоғамдық сананың формасы: әфсана
26. Жаратылыстан, адам мен адамзаттан тыс трансцендентальдық, құдіретті күшке сенуге негізделген дәстүрлі қоғами сана формасы: дін
27. Дүниені түсіндіруде ғарыштың шексіз сыртқы күшінің қасиетіне сүйене отырып ой тұжырымдау: космоцентризм
28. Барлық тіршілік атаулыны жоғары жаратушы күш – Құдай арқылы түсіндіретін ой тұжырымдау түрі: теоцентризм
29. Орта ғасыр дәуірі философтары үшін алғашқы бастама: Құдай
30. Философияның негізгі сұрақтарының ішіндегі бастама мәселесі туралы күрес қай ілімдер арасында жүреді? материализм мен идеализм
31. Чарлз Дарвиннің адамның шығу тегі туралы теориясы қалай аталады? Эволюциялық
32. Кеңістік пен уақыттың өз алдына негіз бола алатынын түсіндіретін көзқарас? субстанционалдық
33. Болмыстың қандай формасы қоғамның дамуын көрсетеді? Әлеуметтік болмыс
34. Буддизм ілімдері қандай жинақта жазылған: Трипитака
35. Дүниені танып-білу мәселесі жөнінде таласқа түсетін екі қарама-қарсы ілім: гностицизм мен агностицизм
36. Адамзат тарихында географиялық детерминизм принципін бірінші болып ұсынған: Ш.Л. Монтескье
37. Материализмнің даму сатысының ең бірінші кезеңі қалай аталады? Стихиялық матерализм
38. «Антропогенез» ұғымы нені білдіреді? Адамның пайда болу және қалыптасу процесі
39. Диалектиканың категориясын көрсетіңіз: Форма және мазмұн
40. Дүниеде ең жоғары, біздің санамыздан тыс, бәрінен алғашқы идея бар деп есептейтін философиялық ілім: объективті идеализм
41. Сенсуализм бойынша біздің біліміміздің қайнар көзі: Түйсік
42. Диалектикаға қарама-қарсы әдісті көрсетіңіз: Метафизика
43. Дүниені эстетикалық тұрғыдан қабылдаудағы рухани сала түрі: Өнер
44. Диалектиканың негізгі өзегі болып қай заң есептеледі? Қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күрес заңы
45. Дүниені Құдай жаратты, алайда, ол адам өміріне және қоғам дамуына араласпайды, олар өз заңдылықтарымен дамиды деп санайтын философиялық бағыт:.деизм
46. Қайғы-қасіреттен құтылу буддизмде қалай аталады? Нирвана
47. ХХ ғасырда болмыстың қай формасы негізгі проблемаға айналды? Адам болмысы
48. Заттар мен құбылыстар бір-бірімен байланыссыз, қозғалмайтын, мәңгі-бақи бір қалыпты, ішкі қайшылықтары жоқ деп есептейтін философиялық ілім: метафизика
49. «Өзіңе тілемегенді басқаларға жасама!» деген сөздің авторы: Конфуций
50. Философияда мәтіннің мәнін, оның объективтік және субъективтік негіздерін түсіндірудің теориясы мен өнері ретінде ұсынылатын ілім: герменевтика
51. Ғылымдағы көбінесе тәжірибеге сүйенетін, сезімдік таным нәтижесін таным процесінің негізі деп санайтын әдіс және бағыт: эмпиризм
52. Уақытқа тән негізгі қасиеттер қандай? Қайта оралмайтындығы және жойылмайтындығы
53. Қазақтың құндылық иерархиясында негізгі орын алатын Отан түсінігімен байланысты ұғым қалай аталады: Атамекен
54. Қозғалыстың негізгі бес формасын бөліп көрсеткен неміс ойшылы: Энгельс
55. Қай кезде Қазақстанда кәсіптік философия қалыптаса бастайды? ХХ ғасырдың 60-жылдарында
56. Жаңа заман уақытында материализмнің қай түрі дамыды? Механикалық-метафизикалық материализм
57. Шынайы абсолютті білімге тәжірибе мен түйсіктің ықпалынсыз тек қана ақыл-ойдың көмегімен жетуге болады деп есептейтін философиялық бағыт және әдіс: рационализм
58. Даму процесі терістеуді терістеу заңы бойынша қалай жүзеге асады? Спираль бойынша
59. Философияның негізгі проблемасының екінші жағы қандай сұраққа жауап іздейді? Әлем таныла ма?
60. Гносеология нені оқытады? Таным теориясын
61. Философиялық танымның негізгі формалары қандай? Сезімдік және рационалдық таным
62 . Епті адамды сипаттайтын ұғым: Хомо Хабилис
63. Философияның дүниенің біртұтастық бейнесін жасау, оның құрылымы жөнінде, дүниедегі адам орны, оның қоршаған ортамен байланысы туралы көзқарасты қалыптастыру қызметі: дүниетанымдық
64. Философияның қоршаған дүниені, шындықты, дұрыс әрі айқын тану (таным тетігін) қызметі: гносеологиялық
65. Дүниенің танылатындығына күмән келтіретін таным формасы қандай? Скептицизм
66. Тәжірибе арқылы тексеруді қажет ететін ғылыми болжам қалай аталынады? Гипотеза
67. Мемлекетіміздің идеологиялық бағытындағы дамуды айқындайтын Президенттің бағдарламалық мақаласы қалай аталынады: Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру
68. Әлемді сақтап қалу, демография және экология проблемалары қандай проблемаларға жатады? Жаһандық
69. Мәдениет, өркениет және философия тек Еуропада дамиды дейтін ілім: европоцентризм
70. Таным теориясы бойынша ақиқаттың өлшемі, танымның қозғаушы күші: Практика
71. А. Печчеидің кітабы: Адам қассиеттері
72. Дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат қалай аталады? Абсолютті
73. Мифологияға тән сипат: Дүниені ұғынудың әпсаналығы
74. Үндістанда касталар жүйесіне жатпайтын топ:// Парийлер
75. Философияның заттар мен құбылыстарды бағалағанда оларды моральдік-әдептілік, этикалық, әлеуметтік, идеологиялық, мәдени, рухани және т.б. құндылықтар жағынан қарастыру қызметі: аксиологиялық
76 «Жаһандану» (глобализация) терминін алғаш рет қолданған батыс ғалымдары: Т. Левитт, Р. Робертсон
77. Философияның қоғамды зерттеу барысында, оның пайда болу себептерін, дамуын, құрылымын, қозғаушы күштерін, қоғамда болатын қайшылықтарды айқындап, оны шешу жолдарын, жетілдіру мәселелерін карастыратын қызметі:. әлеуметтік
78. Буддизмдегі екі бағытты көрсетіңіз:хинаяна және махаяна
79. Адамға ғана тән, дүниедегі объективті реалдылықты бейнелеудің ең жоғарғы формасы: сана
80. Сананың объектіге, бір нәрсеге бағытталғандық қасиеті қалай аталады? Зейін
81. Сананың шығармашылыққа қабілеттілік қасиегі қалай аталады?.идеаторлығы
82. Материяның үш өлшемді негізгі атрибуты:.Кеңістік
83. Сананың өз жады негізіндегі ішкі және өзге дүниемен сыртқы байланыстылық қасиеті қалай аталады?. детерминаттылығы
84. Тік жүретін адамды сипаттайтын ұғымды көрсетіңіз:Хомо Эректус
85. Руссо – француз, Гегель-неміс, Кьеркегор - ........? дат
86. Көрсетілген шығармалардың қайсысы грек ақыны Гомердің эпостары болып табылады:Иллиада және Одиссея
87 Антикалық диалектиканың негізін салушы, грек философы? Гераклит
88 Әлемнің ақыры жөніндегі діни ілім: Эсхатология
89. Бір нәрсенің құбылысына қарап басқа нәрсені болжау және даму жолын көрсету болашақты болжаудың қандай әдісіне жатады:Тарихи аналогия
90. Дүниедегі объективтік шындықты бейнелейтін жоғары ұйымдасқан материя – адам миының функциясы, қасиеті, объективтік дүниені психикалық бейнелеудің ең жоғарғы формасы қалай аталады? сана
91. Адам санасы тарапынан бақыланбайтын, онан тыс жататын, түсіндіруге келмейтін психикалық жағдайлар мен әрекеттер қалай аталады? бейсаналық
92. Әр адамның жеке танымдарының негізінде қалыптасатын, оның өз ойлары мен сезімдерін, ерекше қайталанбайтындылығын көрсететін сананың формасы: сана
93. Белгілі бір қоғам мүшелерінің басым бөлігінде қалыптасқан ортақ көзқарастар мен сана деңгейінің формасы: қоғамдық сана
94. Грек философы, «Адам, өзінді танып біл» сөзінің авторы: Сократ
95. Дамыған және дамушы елдердің арасындағы өмір сүру деңгейі мен тұтыну көлемінің дисбалансы қандай терминмен сипатталады: Алтын миллиард
96. Қоғамдық сана формаларының ішіне жатпайтынын көрсетіңіз: темпераменттік
97. Адам санасынан тыс өмір сүретін болмыс философияда қалай аталады: ноуменалды болмыс
98. Гедонизмге қарама-қарсы ұғым: Аскетизм
99. Субъект тарапынан бейнесі көрінетін, таныатын болмыс қалай аталады? феноменалды болмыс
100. Белгілі бір зерттелген, әбден анықталған құбылыстардың қасиетін, ұқсастығын негізге ала отырып, басқа зерттелмеген құбылыстарды болжау әдісі қалай аталады: Экстраполяция
101. Қазіргі білім жүйесі қандай ғылымның ықпалында қалыптасты? Педагогика
102. Білім жүйесінің қазіргі екі заманауи үрдісі: диверсификация, интернационализация
103. Әлемнің ақпараттық технологиялар негізіндегі әлемнің біртұтас саяси, экономикалық және мәдени кеңістікке айналу процессі қалай аталады: глобализация
104 Грек философы, «Адам – барлық заттардың өлшемі» сөзінің авторы: Протагор
105. Мұсылман схоластикасы - бұл: калам
106. Гуманистік философия үшін ең жоғарғы құндылық: Адам
107. Қандай тұжырымдама бойынша адам «Құдайдың бейнесі» деп қабылданады: креационизм
108. Ортағасыр философиясында негізгі философиялық бағыттарды көрсетініз: Реализм және номинализм
109. Әлемдік дінді көрсетіңіз: Ислам
110. Орта ғасырлық христиандық философияның басты ілімі: Схоластика
111. Ортағасыр философы Аврелий Августиннің негізгі еңбегі: Құдай қаласы
112. Қайта Өрлеу және Жаңа заман уақытында Шіркеудің ықпалынан құтылу процесі қалай аталынған: Секуляризация
113. Ортағасыр философиясындағы томизм ілімінің негізін қалаған кім? Ф. Аквинский
114. Философияда құдай мен табиғат бірлікте деп қарастыратын философиялық ілім: Пантеизм
115. Ортағасырлық философияда «апологетика» ұғымы нені білдіреді: Қорғау
116. Ғылымның құндылығын терістейтін ілім: Антисциентизм
117. Ғылымды абсолюттендіру нәтижесінде қалыптасқан философиялық бағдар: Сциентизм
118. Аңыздарды білдіретін философиялық термин: Миф
119. Қай ғасырларда ортағасырлық философия үстемдік етті? V – ХV ғ.ғ.
120. Ортағасыр философиясындағы номинализм ілімінің өкілдерін көрсетіңіз: Росцелин, Скотт
121. Орта ғасырлық европалық ғылым мен саяси ілімдер ненің шеңберінде дамыды? Христиан діні
122. Батысеуропалық ортағасыр философиясында «жалпы ұғымдарды» көрсететін термин: Универсалийлер
123. Орта ғасыр философиясында Ф.Аквинскийдің негізгі еңбегі: «Теолгиялық жинақ»
124 . Ортағасыр философиясында «схоластика» ұғымының мәні: Мектеп
125. ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушылығының өкілі: А. Құнанбайұлы
126. Философияда атеизмнің формасын көрсетіңіз: Ғылыми
127. Философияда бостандықты абсолюттік қажеттілікпен біріктіретін ілім?Волюнтаризм
128. «Футурология» терминін енгізген кім? О. Флехтгейм
129. Дұрыс ойлау заңдары мен формаларын зерделейтін философиялық ілім: Логика
130. Христиандық ілімде діни догматтардан бас тарту: Ересь
131. «Москва – Үшінші Рим» концепциясының авторы: Филофей
132. Европалық орта ғасырдағы басты философиялық дүниетаным: Теоцентризм
133. «Шіркеу аталары» дамытқан діни-философиялық көзқарас жүйесі: Патристика
134. Адам мәселесін зерттейтін философияның саласы? Антропология
135. Субстанцияның көптігін мойындайтын философиялық ілім: Плюрализм
136. Ортағасырлық философ, «Сенемін, өйткені абсурдты» сөзінің авторы: Тертуллиан
137. Орта ғасырдағы «патристика» сөзінің мәні: Шіркеу әкелерінің ілімі
138. Үндістандағы қасиетті жазбалар қай тілде жазылған: Санскрит
139. Н.Кузанский қай философиялық дәуірге жатады? Қайта өрлеу дәуірі
140. Түркі ойшылы, «Құтты білік» еңбегінің авторы: .Баласағұни
141. Қайта өрлеу дәуірінің басқаша атауы: Ренессанс
142. Әл-Газалидің еңбегі: >«Сенім туралы ғылымдардың қайта өрлеуі»
143. Ресейді «батыстың» жолымен дамытуды жақтаған орыс ойшылдарын қалай атаған? Батысшылдар
144. Әлеуметтік философиямен айналысқан араб философы: Ибн Халдун
145. Исламда неге тыйым салынады? Пұтқа табынушылыққа
146. Ислам дінінің басты заңдарының негізгі жинағы: Шариғат
147. «Ислам» сөзі қандай мағына білдіреді? Бағынушылық
148. Ислам дінінде аскеттік өмір сүру тәсілін ұстанған ағым: Сопылық
149. Мұсылман философиясында діни догмаларды мақұлдаған ағым өкілдері: Мутакаллимдер
150. Қайта өрлеу дәуірінде адамға берілген анықтама: Шығармашылықты тұлға
151. Араб-мұсылман философиясының «суфизм» бағытындағы «суф» сөзі қандай мағына білдіреді: Жүн
152 Фрэнсис Бэкон танымның қандай әдісін ұсынды? Индуктивтік
153 Ислам дінінде Мұхаммед Пайғамбардың нақыл сөздерінің жинағы: Хадистер
154. Ислам дінінің бағыттары: Суннизм, шиизм
155. Адам биологиялық жетілмеген, биологиялық кемшілігі бар жан деп кім айтты: Ницше
156. Араб философы, «Екі жақты ақиқат» теориясының авторы: Ибн Рушд
157. Аристотельдің саяси философиясында «демократия» сөзі қандай мағына береді? Халық билігі
158. Ибн Синаның шығармасы: «Дәрігерлік ғылым каноны»
159. Глобальдық мәселелермен тығыз байланысқан ғылыми білімдердің пәнаралық саласы? Глобалистика
160. Сұлулық әлемді құтқарады» деп пайымдаған орыс философы: Достоевский
161. Араб-мұсылман философиясының өкілі, «Қайырымды қала тұрғындары туралы» еңбегінің авторы: Әл - Фараби
162. Европалықтар Ибн Синаны қалай атады? Авиценна
163. Киниктер мектебіне жататын, бочкіде өмір сүрген грек философы: Диоген
164. Гипотеза дегеніміз – бұл: Ғылыми болжам
165. Араб философы, шығыс перипатетизмі бағытының алғашқы өкілі: Әл Кинди
166. Сопылық ілімнің өкілі А.Яссауидің еңбегі: Даналық кітабы
167. Суфизм бойынша кемелденудің қанша сатысы бар: Төрт
168. Қайта өрлеу философиясында натурфилософия нені білдіреді? Табиғат туралы ілім
169. Қайта өрлеу философиясындағы итальяндық ойшыл, «Дүниенің шексіздігі туралы» ілімнің авторы: Бруно
170. Коперниктің гелиоцентризмі қай ілімге қарсы болды? Геоцентризм
171. Жаңа туылған баланың санасы таза тақта tabula rasa тәрізді деп пайымдаған философ: Дж. Локк
172. Қайта өрлеу философиясында Платон ілімін жалғастырған бағыт: Неоплатонизм
173. Көне түркі дүниетанымында құт-береке, молшылық әкелуші: Қыдыр ата
174. ХІХ ғасырдың ортасындағы қазақ халқының дүниетанымының сипаты: Әдеби
175. Голландиялық философ, «Біртұтас субстанция» теориясының авторы: Спиноза
176. Қайта өрлеу философиясының өкілі, «Утопия» философиялық еңбегінің авторы:.Мор
177. Философия тарихында Қайта өрлеу дәуірінің отаны: Италия
178. Құдайдың ақиқаттығы жөнінде бес дәлел келтірген ойшыл: Фома Аквинский
179. ХХ ғасырдың соңында «адам өлімі» туралы тұжырымдаған ойшыл: Фуко
180. «Өмірден ләззат алу керек» деген ұстанымды құптайтын философиялық ілім гедонизм
181. Философиялық антропологияның пәні: Адам
182. Қайта өрлеу дәуірінде Реформацияның ірі идеологтарының бірі: Мюнцер
183. Қайта өрлеу философиясында «Құдай дүниені жаратады, бірақ қоғам өміріне араласпайды» деген принципті ұстанған ілім Деизм
184. Өзіне дейін қалыптасқан құндылықтарды, моральдық нормаларды, мәдени дәстүрлерді терістейтін философиялық ұғым: Нигилизм
185. Нәрселердің негізгі, қажетті қасиеттерінің жиынтығы қалай аталады? Сапа
186. Қайта өрлеу дәуірінің ойшылы, «Құдіретті комедия» шығармасының авторы: Данте
187. Гносеологиялық аспектіде рационализмге карама-қарсы бағыт калай аталынады: эмпиризм
188. Қайта өрлеу философиясының негізгі ағымдарының бірі: Гелиоцентризм
189. Қайта өрлеу дәуірінің саяси ойшылы, «Мақсат құралдарды ақтайды» принципінің авторы: Макиавелли
190. Христиан дінінің қасиетті жазбасы: Інжіл
191. Рим клубын құрудың мақсаты неде? Ғылыми техникалық прогресс дәуіріндегі адамзаттың дамуын зерттеу
192. Қайта өрлеу дәуіріндегі басты идеологиялық ағым: Реформация
193. «Тарих философиясы » терминін алғаш рет енгізген кім: Вольтер
194. К. Маркс бойынша қоғамды қайта құруға қабілетті тап: Пролетариат
195. Суфизмдегі құдайды мистикалық жолмен тану қалай аталынады: тарикат
196. Қайта өрлеу философиясында құдай мен табиғат үйлесімде, бірлікте деп көрсеткен философиялық ілім: Пантеизм
197. Философияда тарихты түсіндірудің мәдениеттанулық әдісті енгізген кім: О. Шпенглер
198. Философияда тарихты түсіндірудің өркениеттік әдісті енгізген кім: А. Тоинби
199. Өлі табиғаттың да түйсінетінін мойындайтын ілім: Гилозоизм
200. Жансыз заттардың қасиетіне табыну: Анимизм
201. Реформацияның теориялық негізі болған: Шіркеуді сынау
202. Материалды емес тіршілік иелерінің өмір сүретіндігіне және олармен адамдардың байланысына сенетін наным-сенім: Анимизм
203. Діни Реформация идеологтарының бірі: Лютер
204. Неоплатонизмнің негізін салған кім? Плотин
205. XVII ғ. рационализмнің ерекшелігі қандай ғылымда көрініс тапты: Математика
206. Мұсылмандар үшін бес мезгіл құлшылық ету рәсімі қалай аталады? Намаз
207. Мораль қоғамдық сананың формасы ретінде қандай басты қызмет атқарады: Реттеушілік
208. Жаһандану процесстеріне қарсы бағытталған әлеуметтік-саяси қозғалыс? Антиглобализм
209. Құдай дүниені жаратқан соң адамдардың өміріне тиіспейді дейтін ілім қалай
аталады? Деизм
210. Грек аңыздарында әлем қайдан пайда болды: Хаостан
211. Өлім проблемаларын зерттейтін сала қалай аталады: Танатология
212. Ағылшын философы, «Білім - күш» деген сөзінің авторы кім? Бэкон
213. Диалектика сөзінің алғашқы мағынасы: Сұхбат жүргізу өнері
214. Француз ағартушысы, «Адам-машина» еңбегінің авторы кім? Ламетри
215. «Өмірдің мәні өз нәпсінді тыйуда» деген ұстанымды құптайтын философиялық ілім: аскетизм
216. Аввероэс – араб мұсылман философясы тарихында қандай атпен белгілі: Ибн-Рушд
217. Ортағасыр философиясында адамның тарихын және тағдырын құдай анықтайды деп ұстанатын бағыт қалай аталынады: Провиденциализм
218. «Өмірдің мәні бақытқа талпыну» деген ұстанымды құптайтын философиялық ілім: эвдемонизм
219. «Өмірдің мәні пайда көруде» деген ұстанымды құптайтын философиялық ілім: утилитаризм
220. Тылсым күштермен дуалау, сиқырлау арқылы қоршаған ортаға ықпал ететін сенім: Магия
221. Атеистік көзқарасты жақтаған неміс классикалық философиясының өкілі: Фейербах
222. Діндегі дүниені жаратушы және оны басқарушы жоғарғы мән қалай аталады? Құдай
223. Гегель диалектикаға қандай әдісті қарсы қояды: Метафизика
224. «Өмірдің мәні мақсатқа жетуде» деген ұстанымды құптайтын философиялық ілім: прагматизм
225. Ежелгі Қытай философиясындағы өнеге мәселесіне басымдық берген мектеп: Конфуцийшілдер:
226. Ғылыми таным теориясы қалай аталынады: Эпистемиология
227. Қайта өрлеуде схоластика мен шіркеудің ықпалына қарсы бағытталған зайырлы дүниетанымдық ұстаным қалай аталынған: гуманизм
228. Философия тарихындағы ұлы диалектик: Гегель
229. Дін адамгершіліклік құндылықтар жүйесі ретінде қандай теориямен байланыстырылады: Этикалық
230. XIX ғ. философиялық бағыттардың қайсысы дінге сыни-атеистік көзқараспен қарады: Марксизм
231. Діни дүниетаным негізінде не жатыр? сенім
232. Католицизм дінінде күнәні кешіру қалай аталады? Индульгенция
233. Ұлттың рухани тарихы мен байлығы болып саналатын «Ұлы Француз Энциклопедиясының» авторы: Дени Дидро
234. А. Йегүнеки шығармашылығына тән сипат: Сопылық этика
235. Қай неміс философы адамды табиғи – биологиялық тіршілік ретінде қарастырды? Фейербах
236. Оян, қазақ!» шығармасының авторы: М. Дулатов
237. Мораль проблемаларына арналған Канттың басты еңбегі: Практикалық ойға сын
238. Биліктің үш тармаққа бөліну концепциясын ұсынған ағартушылық француз философы кім? Ш.Л. Монтескье
239. Өмір философиясы» бағыт ретінде қайда және қашан пайда болды? Германияда және Францияда, ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде
240. «Өмір философиясы» бағытының негізгі өкілдері: Ф.Ницше, В.Дильтей, А.Бергсон
241. Феноменологияны бағыт ретінде қалыптастырған неміс философы:Э.Гуссерль
242. Фрейдтің жыныстық әуестік туралы түсінігі қалай аталады: Либидо
243. Неопозитивизмнің басты өкілдері: М.Шлик, Р.Карнап
244. Философиялық дуализм деген: Екі бастапқы негізді мойындау
245. XX ғ.қандай философиялық бағыт жеке тұлғаны ең жоғары рухани құндылық деп қарастырды: Персонализм
246. А.Тоинби пікірінше өркениет дамуының козғаушы күші:.Шығармашыл азшылық
247. Неміс философы, «Барлық философтар тек қана дүниені әртүрлі түсіндірген, мәселе оны өзгертуде» қағидасының авторы: К.Маркс
248. К.Маркстің негізгі еңбегі: Капитал»
249. Неміс философы, «қоғамдық-экономикалық формациялар» ілімінің авторы: К.Маркс
250. Философия - құндылықтар туралы ілім деп қабылдаған кім: Г. Риккерт
251. Француз философы О.Конт негізін салған философиялық бағыт: Позитивизм
252. Қазіргі еуропалық иррационализмнің негізін қалаушы: А.Шопенгауэр
253. «Ойнаушы адам» анықтамасының авторы кім? Хейзинга
254. Неміс ойшылы А.Шопенгауэр философиясындағы әмбебап принцип: Волюнтаризм
255. Милль және Г.Спенсер қандай философиялық бағыттың өкілдері: Позитивизм
256. XV ғасырда Платонның академиясы қай қалада қайта ашылды: Флоренция
257. Неміс философы, «Табиғат диалектикасы» және «Анти-Дюринг» шығармаларының авторы: Ф.Энгельс
258. Н.А.Бердяев орыс философиясының қандай бағытына жатады: Экзистенциалистік
259. Советтік философтар қандай философиялық бағытты ұстанды? Марксистік
260. ХІХ ғасырда қай орыс философы болмыстың барлық жақтарының (материалдық, рухани т.б.) бірлесуі мен үйлесімдігі – «жаппай бірлік» идеясын қолдады: В.С.Соловьев
261. ХХ ғ. американ ойшылы, «Өркениеттер қақтығысы» концепциясының авторы? С. Хантингтон
262. Орыс философиясының славянофилдік бағытында негізгі ұғым: Соборлық
263. Орыс философиясында батысшылдықтың өкілдері: Герцен, Огарев, Белинский
264. Орыс философиясында славянофилдіктің өкілдері: Хомяков, Киреевский
265. Орыс философиясында революциялық – демократиялық бағыттың өкілі: Чернышевский
266. Түркі ойшылы Қорқыт ата кім: Қобызшы
267. Орыс философиясында анархистік бағыттың өкілін көрсетіңіз: Бакунин
268. ХХ ғ. орыс философиясының материалистік бағыттың өкілдерін көрсетіңіз: Сеченов, Менделеев
269. XIX ғ. қазақ ойшылы, орыс географиялық қоғамының толық мүшесі, саяхатшы, этнограф-ғалымды көрсетіңіз: Ш. Уәлиханов
270. Кеңістік пен уақыттың материяға тәуелді екенін, қозғалушы материямен және бір-бірімен байланысты екенін – олардың салыстырмалылығын көрсеткен кім? Эйнштейн
271. Қазақ Ағартушылығында «Адам бол!» идеясын ұсынған ойшыл: А. Кұнанбаев
272 Ұлы қазақ ойшылы, «Даналық қара сөздер» шығармасының авторы: А.Кұнанбаев
273. Оның басшылығымен теориялық тұрғыдан орта ғасырлық ұлы ойшыл әл-Фараби мұрасы зерттелген: А. Қасымжанов
274. Қазақ ағартушысы, «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» – еңбегінің авторы: Ш. Уәлиханов
275. «Адасқан өмір» атты шығармасының авторы, дүниенің шексіздігі туралы ой айтқан қазақ ойшылы кім?.С. Торайғыров
276. Қазақ ойшылы, «Үш анық» енбегінің авторы кім?.Ш. Құдайбердиев
277. ХХ ғ. Абай Құнанбаевтың тікелей ізбасары: Ш.Құдайбердиев
278. ХХ ғасырда қай философиялық бағыт «дағдарыс философиясы» деп көрсетілді? Экзистенциализм
279. Экзистенциализм философиялық бағыт ретінде қай уақытта пайда болды? ХХ ғасырдың 20-жылдарында
280. Экзистенциализмнің екі бағытын көрсетіңіз: Діни және атеистік
281. Ақыл-ой арқылы және логикалық тұрғыдан дүниені тану мүмкін емес дегендер: Иррационалистер
282. Орта ғасырдағы қай философтың ілімі неотомизмге негіз болған? Ф.Аквинскийдің
283. Қазіргі герменевтиканың негізін салушы:.Х.Г.Гадаммер
284. Герменевтиканың негізі зерттеу объектісі: Текст
285. К.Леви-Стросс қай бағыттың өкілі? Структурализмің
286. Философияда ақиқаттың өлшемі: Практика
287. Орыс философиясында этногенез теориясының авторы: Гумилев
288. М. Қашқаридің басты еңбегі қалай аталады? Диуани лұғат ат-түрік
289. Француз философы, А.Бергсон қандай философиялық бағыттың өкілі: Интуитивизмнің
290. Дат философы, «Шынайы өмір сүру дегеніміз - экзистенция» идеясының авторы:С.Кьеркегор
291. Қай философтың ілімінде «Шекаралық жағдай» ұғымы көрініс тапты? К.Ясперс
292. Экзистенциализмнің өкілі, «Осьтік уақыт» ұғымының авторы: К.Ясперс
293. Франзуз философы, «Болмыс және ештеңе» атты шығарманың авторы: Ж-П.Сартр
294. Онтология» терминін енгізген ойшыл: Р. Гоклениус
295. Неміс философы, «Болмыс және уақыт» атты шығарманың авторы: М.Хайдеггер
296. Орыс ғалымы В. Вернадский іліміндегі орталық ұғым: Ноосфера
297. «Өзіңе не қаламасан, соңы басқаларға тілеме» этикалық принциптің авторы: Конфуций
298. Қазақ дүниетанымындағы отбасы мен балаларды қорғаушы: Ұмай
299. Неофрейдизмнің өкілі, «Бостандықтан қашу», «Иемдену ме, әлде болу ма?» атты еңбектердің авторы: Э.Фромм
300. ХХ ғасырда коллективтік бейсаналықтың негізгі элементі ретінде «архетип» ұғымын ұсынған ойшыл? К.Юнг
301. Қазақ дүниетанымында ата-баба рухы қалай аталады? Аруақ
302. Ежелгі қазақтар үшін жаратушы құдірет не? >Тәңір
303. Сенсуализм қай бағытқа жақын болып келеді: эмпиризм
304. Құдайдың еркі ретінде көрінетін тарихи процесс туралы ілім: провиденциализм
305. Ұлы орыс жазушыларының қайсысы экзистенциализмнің қалыптасуына әсер етті? Ф.М.Достоевский
306. Сопылықтың көрнекті өкілі Ходжа Ахмета Яссауидің кесенесі қай қалада орналасқан: Түркістан
307. О.Шпенглердің басты еңбегі: «Европаның батуы»
308. Өркениетті «мәдениеттің ақыры» деп қарастырған ойшыл: О.Шпенглер
309. Қай философиялық мектеп «верификация принципін» ұсынды? Вена үйірмесі
310. ХХ ғасырда постпозитивизмнің басты өкілдері: К.Поппер, Т.Кун
311. Постпозитивизмде «фальсификация принципін» ұсынған философ: К.Поппер
312. Махизмнің идеялары В.И.Лениннің қандай еңбегінде толық сыналған? «Материализм және эмпириокритицизм»
313. Теңсіздіктің алғашқы себебің адамның ақыл-ой иесі ретінде жетілуге деген қабілетінен деп есептеген франуз философы: Жан Жак Руссо
314. С. Кьеркегордың философиясын анықтайтын негізгі психологиялық ұғым: Үрей
315. Экзистенциализм философияда қандай бағытқа жақын: Иррационализм
316. Психоанализде либидоны сексуалдықтан алыс, басқа мақсатқа бағыттау және моральдық, мәдени тұрғыдан қолдау табатын әрекетке айналдыру процесін білдіретін ұғым: Сублимация
317. Г.Маркузенің танымал шығармасы: «Бір өлшемді адам»
318. Глобальдық проблемалардың басты себептерін ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерімен байланыстыратын футурологияның тармағы: Технопессимзм
319. Ресей дамуының жолы ерекше деп, православие діні мен қауымдық құрылысты жоғары бағалаған ойшылдарды қалай атаған? Славянофильдер
320. Этиканың негізгі пәні: Мораль
321. Маркстің ілімі бойынша қоғамдық-экономикалық формацияның неше сатысы бар? 5
322. А.Адлер, В.Райх, К.Юнг, Э.Фромм қандай философиялық бағытқа жатады? Неофрейдизмнің
323. Танымның жалпыдан жекеге қарай өту процесі қалай аталады? Дедукция
324. Қоғамдағы ең жабық әлеуметтік топ: Каста
325. «Мораль» терминінің авторы: Цицерон
326. Материяның бір өлшемді негізгі атрибуты: Уақыт
327. Бір мезгілде қатар өмір сүретін объектілердің орналасу ретін көрсететін материяның негізгі өмір сүру формасы: Кеңістік
328. Әлеуметтік дарвинизмнің негізін қалаушылар: Т. Мальтус, Г. Спенсер
329. Қандай ұғым болмыстың бастамасын, түпнегізін білдіреді? Субстанция
330. Ж.Деррида қандай философиялық бағытқа жатады? Постструктурализмнің
331. Маркс барша ХХ ғ. саяси тәжірибесіне ықпал ететін теориясын қашан жасады? ХIХ ғ
332. ХІХ ғасырда «Өмір философиясы» Батыс философиясының қай бағытына қарсы шықты? Рационализмге
333. Қандай ілім кездейсоқтықтың объективті өмір сүруін теріске шағарады: Фатализм
334. Бірінен соң бірі болатын құбылыстардың өмір сүру ретін белгілейтін материяның негізгі өмір сүру формасы: Уақыт әлеуметтік
335. Философияда материяның өмір сүру тәсілдерін көрсетіңіз: Уақыт, кеңістік, қозғалыс
336. Философияда болмыс проблемасын зерттейтін сала: Онтология
337. Латын тілінен аударғанда «материя» сөзі қандай мағына береді? Зат
338. Философияда белгілі бір жағдайда болуы да, болмауы да мүмкін не? Кездейсоқтық
339. Аксиологияның негізгі сұрағы: Ізгілік дегеніміз не?
340. Фрейд іліміндегі өмір сүру инстинкті қалай аталады: эрос
341. Метафизикалық әдістің ең негізгі белгісі: Дамудың шексіздігін жоққа шығару
342. Дүниенің диалектикалық – материалистік тұжырымдамасын айқындайтын пікір: Дүниенің бірлігі – оның материалдығында
343. Ғылыми проблемаларды тек қана ғылыми-техникалық прогресс арқылы шешуге болады деп ұсынған кім? Г. Кан
344. Қарама-қарсылықтың бірлігі мен күресі заңын сипаттайтын категория: Қайшылық
345. Христиандықтың қанша моральдық өсиеті бар: 10
346. Философияда қозғалыстың ең жоғарғы формасы не болып табылады? Даму
347. Философияда диалектика заңдарының өзге ғылымдар заңдарынан сапалық айырмашылығы қандай? Жалпылықта
348. Қоғамның тарихы мен мәдениетіне нәсілдік айырмашылықтардың тигізетін ықпалының шешуші болатыны туралы ілім: Расизм
349. Философияда диалектикалық проблемалардың мәнін ашуда философия қандай жалпы түсініктерді қамтиды? Заңдар, категориялар, қағидалар
350 Философияда құбылыстар арасындағы тұрақты байланыс пен қатынастардың қайталануы қалай аталады? Заң
351. Диалектикалық материалистік көзқарас бойынша санаға берілген анықтама:Сана ең жоғарғы ерекше ұйымдастырылған материя – адам миының функциясы
352. Рационализм бойынша танымның көзі не болып табылады? Ақыл – ой
353. Философияда агностицизм келесі түсініктердің қайсысын дұрыс деп қабылдайды: Заттар мен құбылыстардың ішкі мәнін адам танып біле алмайды
354. Идеологияның анықтамасын көрсетіңіз: Қоғамға және адамға теориялық дәлелденген идеялар және көзқарастар жиынтығы
355. Философияда дүниенің бірлігі оның негізінде бір ғана субстанция болуын білдіретін ұғым қалай аталады: Монизм
356. Жер бетіндегі табиғат мәселесі пен табиғи ресурстардың сарқылуын қарастыратын глобальдық проблемалардың тобы: Экологиялық
357. Батыстық философияда моральді «құлдардың және мырзалардың» моралі деп бөлген ойшыл: Ф. Ницше
358. Дін мен философияны ұштастырған неміс классикалық философы: Гегель
359. Гносеологияда сезімдік түйсіктік таным формалары: Сезіну, елестету, қабылдау
360. Онтологияда өздігінен ұйымдасу неге тән? Тірі табиғатқа
361. «Болашақпен қақтығыс» еңбегінің авторы? Э. Тоффлер
362. Экзистенциализм философиясында бостандық қандай ұғыммен бірдей қарастырылады: Үрей
363. Қазақ философиясында «Зар-Заман» ақындары: Д. Бабатайұлы, Ш. Қанайұлы
364. Философияда объективті дүниені тану мен өзгерту, қайта жасау әдістері жөніндегі философиялық ілім: Гносеология
365. «Әлемнің дамуы ақылға негізделмеген» принципі қандай бағытқа тән: иррационализмге
366. Гносеологияда рациональды (логикалық) танымның негізгі формаларын көрсетіңіз? Ұғым, пікір, ой қорыту
367.Өмір бойы «Жерұйықты» іздеген қазақ ойшылы? Асан Қайғы
368. «Бостандық саналы түрдегі қажеттілік» принципінің жақтаушылары: Спиноза, Маркс
369. Философияда қоғамдық сананың формаларының бірін көрсетіңіз: Мораль
370. Философияда қоғамдық сана анықтамасы: Нақты қоғамның шынайы санасы
371. А. Игүнеки және А. Яссауи шығармашылығын не біріктіреді: Сопылық дәстүр
372. Философияда қоғамдық сана деңгейлері: Күнделікті және теориялық сана
373. «Бостандық құдай құдыретімен анықталған» принцип қандай философиялық кезеңге тән: Ортағасыр
374. Қай философиялық кезеңде бостандық адам баласының кедергісіз жан-жақты дамуы ретінде түсіндірілді: Қайта Өрлеу
375. Ерікті қоғам дамуы мен оны санаға, қоғам заңдылықтарына қарсы қою және оны қоғамдық дамудың шешуші факторы ретінде мойындаудан шығатын бағыт: волюнтаризм
376. Ф. Фукуяма өзінің философиясында не туралы пайымдады? Тарихтың ақыры
377. Ол тұңғыш рет халықтар санының өсуінің қауіптілігі туралы мәселе қойды: Т. Мальтус
378. Философияда адамгершілік нормалары қоғамдық сананың қандай формасында көрсетілген? Моральдық
379. Грек философиясында бостандық немен байланыстырылды: Тағдыр
380. Расизм идеологиясының негізін салушылардың бірі, француз ойшылы: Гобино
381. Ортағасыр философиясында бостандық қандай ұғыммен байланыстырылды: Күнә
382. Басты құндылығы – бостандық деп саналатын саяси идеология қалай аталады: либерализм
383. «Сциентизм» сөзі қандай мағына білдіреді? Ғылым
384. Энгельс бойынша қоғам дамуының негізі не болып табылады: Адамдардың еңбегі
385. Адам өмірінің қоршаған ортамен өзара әсері және адамның табиғатқа қатынасының заңдылықтарын зерттейтін кешенді ғылыми бағыты көрсетіңіз: Экология
386. Өнер арқылы рухани кемелдену және тазару қалай аталады: катарсис
387. Аристотель бойынша катарсистің екі түрі бар: музыка, театр
388. Шәкәрім философиясының орталық ұғымы:Ар-ұждан
389. ХIХ ғасырдың аяғында – XX ғасырдың басында Гегельдің философиясын талқылау жолында қалыптасқан бағыт: неогегельшілдік
390. О. Шпенглердің кітабы: Европаның батуы
391. 1920–1970 жылдары Батыста қалыптасып, дамыған «адам философиясы» қалай аталған: Философиялық антропология
392. Философияда адамның әлеуметтік-мәндік белгісін көрсететін ұғым Тұлға
393. XIX ғ. неміс философы, «Дін халық үшін апиын» сөзінің авторы: Маркс
394. Философиядағы құндылықтар туралы ілім қалай аталынады: Аксиология
395. Философияда қоғам дамуының жоғары дәрежеде ілгерілей дамуы қалай аталынады? Прогресс
396. Әлеуметтік философияда қоғамдық прогрестің өлшемін көрсетіңіз: Қоғам дамуының техникалық және ғылыми деңгейі
397. Философияда барлық елдерге ортақ және барлық халықтардың біріккен күшімен ғана шешілетін мәселелер: Ғаламдық
398. Философияда қоғам дамуының белгілі бір әлеуметтік-экономикалық саяси және рухани жетістіктердің шоғырлануын білдіретін ұғым: Өркениет
399. «Эстетика» (сезіммен қабылдау) терминін логиканың құрамдас бөлігі ретінде XVIII ғ. алғаш ғылымға енгізген: А. Баумгартен
400. Өнерде табиғатқа еліктеу, табиғи, шынайы сұлулық пен мінез-құлықты көрсететін термин: мимесис
401. Деизм ілімінің өкілдері: Д. Дидро, Вольтер
402. ХХ ғасырда ғылымда техниканы қоғам дамуындағы шешуші күш ретінде қарастыратын бағытты көрсетіңіз: Технологиялық детерминизм
403. Танымның иррационалды формасы: Интуиция
404. «Ашық қоғам және оның жаулары» еңбегінің авторы: К. Поппер
405. Грекше «сұлу әрі жақсы», «сұлу әрі мейірбан», яғни адамгершілікті сұлулық мағынасын беретін ұғым: каллогатия
406. «Утопия» термині тікелей аударғанда мынаны білдіреді: Өмірде жоқ мекен
407. Философия тарихында К. Ясперс – бұл: экзистенциализмнің өкілі
408. З. Фрейд психоанализіндегі адамды деструкцияға итермелейтін өлім инстинктісі қалай аталынады: Танатос
409. «Болмыс» ұғымына қарама-қарсы категория қалай аталады: бейболмыс
410. «Секіріс ұғымы» диалектиканың қандай заңына тән Сандық өзгерістердің сапалық өзгерістерге өту заңы
411. Қазақстанның XXI ғасырда экономикалық, саяси және мәдени дамуы қандай Стратегияда көрініс тапқан: Қазақстан – 2050
412. Детерминизмге карсы ілім қалай аталады? индетерменизм
413. Қазіргі Қазақстанның мемлекеттік идеологиясы қандай құндылықтар негізінде топтастырылған: Мәнгілік Ел
414. Материяның ажырамас мәндік қасиетін білдіретін философиялық ұғым: Атрибут
415. Ж-П.Сартр философиясында басты мәселе: Таңдау мәселесі
416. Египет мифологисындағы басты символ: сфинкс
417. Христиан апологеттерінің басты міндеті не болды: Христандықтың қағидаттарын қорғау
418. Ғылыми ұғымдар мен теориялар, сонымен қатар ақиқаттың өзі де – ғалымдардың еркін келісімінің нәтижесі дейтін ілім қалай аталады: Конвеционализм
419. Философияда адамның жоғарғы құндылығы ретінде қарастыратын дүниетанымды көрсетіңіз: Гуманизм
420. Философияда адамның әлеуметтік белгілерін айқындайтын ұғымды көрсетіңіз: Жеке тұлға
421. Адамдардың қайталанбас өзіндік қасиетін анықтайтын ұғымды көрсетіңіз: Индивидуалдық
422. Философияда адамның шығу тегі мен дамуы теориясы қалай аталынады: Антропогенез
423. Ғылымда «ноосфера» терминін алғаш қолданған ойшылды көрсетіңіз: Вернадский
424. «Ноосфера» ұғымы нені білдіреді? Адам қоғамын қамтитын, биосфераның дамуының жоғары сатысы
425. Философияда «Адам – саяси хайуан» сөзінің авторы: Аристотель
426. Құдайдың дүниені жоқтан жаратқанын мойындайтын дүниетанымдық принцип: Креационизм
427. Француз философы, «Адам – ойлаушы қамыс-құрақ» сөзінің авторы кім? Паскаль
428. Философияда адам мәселесі үстемдік ететін ағымды көрсетіңіз: Экзистенциализм
429. Француз философы, «Бүлікшіл адам» философиялық еңбегінің авторы кім? Камю
430. Философияда «асқан адам» концепциясының авторын көрсетіңіз: Ницше
431. Көне түркі дүниетанымындағы жаратушы: Тәңір
432. Ғылымда адам деструкциясы (құрылымның бұзылуы) теориясының авторын көрсетіңіз: Фромм
433. Жаһандану процессінің синонимі қандай терминмен көрсетіледі: вестернизация
434. Марксизмнің Отаны қай ел: Германия
435. «Ғылымның өзі философия» қағидасын ұстанатын XIX ғ. философиялық бағыты: позитивизм
436. Француз ағартушысы Вольтердің шын аты: Франсуа Аруэ.
437. З. Фрейдтің көзқарастарын жақтаған ғалым: К. Юнг
438. Ортағасырда Библияның дұрыс түсіндірілу өнері қалай аталынған: экзегетика
439. Ағартушы-педагог, ХІХ ғ. қазақ жерінде алғаш рет мектеп ашқан тұлға: Ы. Алтынсарин
440. Ағартушылық философиясына негіз болған Ұлы Француз революциясының ұраны:Бостандық, теңдік, бауырмашылдық
441. Әр түрлі құбылыстарды және процесстерді қарастыруда жүйелілік принципі философияның қандай әдісіне тән: диалектика
442, Идеология» терминін ғылымға алғаш рет кім енгізді? А. Дестют де Траси
443. Ренессанс дәуіріндегі рухани сипатта қай саланың ықпалы басым болды: өнер
444. Христиан дініндегі католиктердің ықпалына қарсы бағытталған тармақ қалай аталынады: протестантизм
445. Қатоликтік шіркеу Коперник пен Бруноны қалай деп айыптады: діннен бас тартушы
446. Философияда қоғамдық-экономикалық формацияның тәуелді бөлшегін көрсетіңіз: Қондырма
447. Ағылшын тарихшысы, «Тарихты зерделеу» енбегінің авторы: А. Тоинби
448. Неміс ойшылдары, тарихи материализмнің өкілдерін көрсетіңіз? Маркс, Энгельс
449. Философияда болашақты зерттейтін ғылым: Футурология
450. Алғашқы грек философтарын қалай атайды? Физиктер
451. Философияда өзімен өзі өмір сүретін және ештеңеден тәуелсіз алғашқы бастама: Субстанция
452. Ғылымда «Футурошок» ұғымын енгізген философ-футуролог? Тоффлер
453. Итальян ғалымы, Рим клубының негізін салушы: А. Печчеи
454. К. Маркс пен Ф. Энгельс материализмнің қандай тарихи формасының негізін салды? Диалектикалық
455. Марксизмнің тап туралы теориясына қарсы құрылған теория: Әлеуметтік стратификация теориясы
456. «Әлемдік ерік» ұғымы қай философтың басты қағидасы болып табылады? А. Шопенгауэрдің
457. Ф. Ницше ілімі бойынша – «асқан адам» деген не? Билікке еріктің жоғарғы көрінісі
458. Гитлер жоғары ерік-жігерлі адам («сверхчеловек») туралы айтқанда, кімнің еңбегіне сүйенген? Ф. Ницшенің
459. Иррационализм мен волюнтаризмді жақтаушы қандай философиялық мектеп? Өмір философиясы
460. Философиялық танымның мазмұнын жоққа шығарған XIX ғасырдағы философиялық ілім: Позитивизм
461. Ф.Ницше өзінің философиясының бастауында кімді ұстаз тұтты: А.Шопенгауэрді
462. «Ғылыми революцияның құрылымы» (1962) еңбегінің авторы, американдық физик теоретик: Т.Кун
463. Қазіргі шетелдік философиядағы діни бағыттар: Неотомизм және персонализм
464. Жалпығылыми принциптер верификация және фальсификация қандай философиялық бағыттың шеңберінде өңдеп шығарылды? Неопозитивизм, постпозитивизм
465. Философиядағы негізгі бағыт ретіндегі философиялық антропологияның лидері кім? М. Шеллер
466. К. Юнгтің неофрейдизміндегі адам туралы басты қағидат қандай? Ұжымдық санасыздық» принципі: адам – архетипті тіршілік
467. «Тарихтың ақыры» концепциясының авторы: Ф.Фукуяма
468. Ж. Деррида өзінің философиясында нені ұсынады? Европалық мәдениетті деконструкциялау
469. Ғылыми техникалық революция нәтижесінде қалыптасқан, ғылымның ролін абсолюттендіруші жаңа философиялық дүниетаным: Сциентизм
470. Антика уақытындағы демократияның Отаны қай ел? Ежелгі Грекия
471. Постиндустриалдық қоғамда интеллектуалдық және шығармашылықтық энергияға ие дарынды адамдардан құралған жоғарғы әлеуметтік жік қалай аталады? Меритократия
472. Жаңа заман уақытында философияның басты одақтасы кандай сала болды: ғылым
473. Жабайылық пен варварлықты алмастырған әлемдік тарихтың сатысын білдіретін ұғым: Өркениет
474. Қайта Өрлей философиясында антиклерикализм дегеніміз не? Шіркеуге бағытталған қарсы бағыт
475. «Тарих философиясы» ұғымын 1765 жылы енгізген француз философы: Ф. Вольтер
476. Постиндустриялдық қоғамның ерекше белгісі: Қызмет көрсету өндірісінің дамуы
477. «Өнер - адамды өмір азаптарынан басқа жаққа алаңдататын табиғаттың сыйы (жеңіл наркоз), либидоны басқа арнаға бұратын сублимацияның бір түрі» принципінің авторы: З. Фрейд
478. Формациялық теория бойынша тарихтың қозғаушы күші: Таптық күрес
479. Жаңа заман философиясында «Адамдар бір-біріне қасқыр» қағидасының авторы: Гоббс
480. Ағартушылар идеялогисында кай таптың мүддесі көрініс тапты: буржуазия
481. Протоқазақтардың жоғарғы тотемі және қасиетті жануары: Бөрі
482. Сан мен сапаның тығыз байланысын және өзара тәуелділігін, диалектикалық бірлігін қандай категория көрсетеді? Өлшем
483. Постиндустиралды қоғам идеясы қай ғылымның шығармасында көрініс тапқан? Д. Белл
484. Тарихты үздіксіз толқындық қозғалыс ретінде қарастырған кім? Тоффлер
485. Ғылыми білімнің екі деңгейі: Эмпирикалық және теоретикалық
486. Постиндустриалды қоғамның басқаша атауы? Ақпараттық
487. XX ғ. басында материяның жойылуын көрсеткен ғалым: Мах
488. Орыс философиясындағы еуразияшылдықтың атақты өкілі: Гумилев
489. Хантингтонның пайымдауынша болашақта өркениеттер арасындағы қатынастар неге алып келеді? .Қақтығысқа
490. Ортағасырда қай концепция бойынша мемлекет – Құдайдың жаратысы? Теологиялық
491. Түсінік - танымның негізі деп пайымдайтын батыстық философиядағы бағыт: Герменевтика
492. Қазіргі өте өзекті мәселелерді талдау үшін 1968 жылы құрылған халықаралық қоғамдық ұйым қалай аталады? Рим клубы
493. Нәрселердің ішкі қасиеттерінің жиынтығын білдіретін диалектикалық категория: сапа
494. Неопозитивизмнің түрі: Лингвистикалық философия
495. Славянофилдік дәстүрге ЖАТПАЙТЫН орыс ойшылы: Чаадаев
496. Өнерді ойын ретінде қарастырған ойшыл: Й. Хейзинга
497. Асоциалды өмір сүру салтын бетке ұстаған антикалық мектеп қайсысы: Киниктер мектебі
498.Тәңірдің мекен ететін жері:Аспан
499. Диалектикалық материализм — қай ілімнің құрамдас бөлігі: Марксизм
500. Агностицизм өкілдері кімдер: Кант, Юм
501. Қазақ даласында исламға дейін уақытта қандай діни наным-сенім басым болды: Тәңіршілдік