Дүниетану. №1 Тақырыбы: Айнала дүниедегі денелер,құбылыстар. Мақсаты



бет6/6
Дата27.12.2016
өлшемі1,21 Mb.
#6298
түріСабақ
1   2   3   4   5   6

Сабақ типі:аралас

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Cабаққа дайындықтарын тексеру.



2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

“Мектеп ұжымы,сынып ұжымы” мәтіндерін оқыту,мазмұндау.



3. Білімді тексеру кезеңі:

1. Сұрақтарға жауап алу.

-Мектеп жайлы қандай өлеңдер білесіңдер?

-Мектептегі тәртіп жайлы әңгімелеу.

2. Қорытындылау

4.Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын,мақсатын хабарлау.”Мектеп –білім бұлағы.Мектебім-қуанышым”.



5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

-Сурет бойынша мәтін құрастыру. Мәтінді мәнерлеп оқу,талдау.

-Мектептегі мүліктерді ата.

-Бірге оқитын достарың жайлы әңгімеле.

-Басқа оқушылармен қарым-қатынасың туралы әңгімеле.

-Сабақтан тыс кезде немен шұғылданасың?

- Мектепте қандай үйірмелер бар?

-Өз мектебің жайлы әңгімеле.

3.Сергіту сәті

6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.

2.Сұрақтарға жауап алу.

3.Теріп оқыту.



7.Бекіту кезеңі:Дәптермен жұмыс.

“Менің мектебім” тақырыбына мәтін құру.

Қорытындылау

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Мәтінді оқу,мазмұндау, мәтін жазу,сурет салу.

9.Бағалау.



Дүниетану.

60



Тақырыбы:Біздің ауыл.

Мақсаты: 1.Ауыл өмірі туралы мағлұмат беру.

2.Оқушыларға ауыл табиғаты,ауылдың пайдасы туралы түсінік беру.

3.Оқушыларды ауыл адамдарының еңбегін сыйлай білуге тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы.

1. Ұйымдастыру кезеңі:

Cабаққа дайындықтарын тексеру.



2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Мектеп –білім бұлағы.Мектебім-қуанышым ”мәтінін оқыту,мазмұндау.



3.Білімді тексеру кезеңі:

1. Сұрақтарға жауап алу.

2. Қорытындылау.

4.Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын,мақсатын хабарлау.”Біздің ауыл” .



5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Кіріспе әңгіме жүргізу.

Менің ата-әжем ауылда тұрады.Өздері салып алған жеке үйлері бар.Үй жанындағы

бақшаға жыл сайын көкөніс егеді.Оны жаз бойы суарып,күтеді.Күзде қауын,қарбыз,

қырыққабат,қызанақ,қияр,картоп өнімдерін жинайды.

Мәтінді мәнерлеп оқу,талдау.

-Сенің ауылың қалай аталады?

-Ауылыңда қандай көшелер бар,олар қалай аталады?

-Ауылыңда тұрмыс қажетін өтейтін тағы қандай мекемелер бар?

-Ауыл адамдары алысқа қалай қатынайды?

-Ауылда бос уақытыңды қалай өткізесің?

3.Сергіту сәті

6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.

2. Сұрақтарға жауап алу.

3. Теріп оқыту.



7.Бекіту кезеңі:Дәптермен жұмыс.

”Дүкен”,”балабақша”сөздерін жаз,олардың ауылға тигізетін пайдасын айтып бер.

Қорытындылау

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Мәтінді оқу,мазмұндау.

“Ауыл табиғаты”суретін салу.

9.Бағалау.

Дүниетану.

61



Тақырыбы:Менің апам-дәрігер.Ауыл мекемелері.

Мақсаты: 1.Ауылдағы жұмыс түрлері туралы мағлұмат беру.

2.Оқушыларға осы мекемелердің ауыл тұрмысы үшін қандай пайдасы бар

екені туралы түсінік беру,ой-пікірін еркін жеткізе білуге машықтандыру.

3.Оқушыларды ауыл адамдарын сыйлай білуге тәрбиелеу.



Сабақ типі: аралас

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Cабаққа дайындықтарын тексеру.



2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Біздің ауыл”мәтінін оқыту,мазмұндау.



3.Білімді тексеру кезеңі:

1. Сұрақтарға жауап алу.

2. Қорытындылау.

4.Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын,мақсатын хабарлау.”Менің апам-дәрігер.Ауыл мекемелері”.



5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Кіріспе әңгіме жүргізу.

Ауылда жұмыс түрлері көп.Соның бірі-дәрігер мамандығы.

Мектеп,аурухана,дүкен,кітапхана,шеберхана-бұлардың бәрі мекемелер.

Олар адамға қызмет көрсетеді.Ауылда бұдан басқа да мекемелер бар.

Мәтінді мәнерлеп оқу,талдау.

-Ауылдағы жұмыс түрлерін ата.

-Ауылда қандай мамандар жұмыс істейді?

-Көліктің қандай түрлерін білесің?

-Салт атты,ат арба деген не?

-Ауылда қандай мекемелер бар?

-Олар ауыл тұрғындарының қандай мұқтаждарын өтейді?

3.Сергіту сәті



6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.

2. Сұрақтарға жауап алу.

3. Теріп оқыту.



7.Бекіту кезеңі:Дәптермен жұмыс.

”Менің анам-дәрігер”- тақырыбына шағын әңгіме құра.

Қорытындылау

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Мәтінді оқу,мазмұндау. Ауыл мекемесінің суретін сал.

9.Бағалау.



Дүниетану.

62



Тақырыбы:Қаладағы және ауылдағы көлік түрлері.

Мақсаты: 1.Қаладағы көлік түрлері,жол қиылысы,бағдаршам ,жол қатынасындағы

көлік түрлері туралы мағлұмат беру.

2.Оқушылардың көлік түрлерін ажырата білуі,ой-пікірін еркін жеткізе

білуге машықтандыру.

3.Оқушыларды көшеде жүру тәртібін сақтауға,қоғамдық көліктерде

өздерін дұрыс ұстай білуге тәрбиелеу.



Сабақ типі: аралас

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Cабаққа дайындықтарын тексеру.



2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

“Қала”мәтінін оқыту,мазмұндау.



3.Білімді тексеру кезеңі:

1. Сұрақтарға жауап алу.

2. Қорытындылау.

4.Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын,мақсатын хабарлау.”Қаладағы және ауылдағы көлік түрлері” .



5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Кіріспе әңгіме жүргізу.

Ауылда ат пен түйе күші көп пайдаланылады.Оларды машина бара алмайтын

жерлерге жегіп,отын,шөп,егін өнімдерін,басқа да жүктер тасиды.Ауыл арасында атқа

салт мініп қатынайды.Ауылда жүк машинасы мен жеңіл машиналар да көп.

Қалада адамдары трамвай,троллейбус,автобустарға мінеді.

Мәтінді мәнерлеп оқу,талдау.

-Ауылдағы көлік түрлерін қаладағымен салыстыр?

-Ат көлігімен қандай істер тындыруға болады?

3.Сергіту сәті

6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.

2. Сұрақтарға жауап алу.

3. Теріп оқыту.



7.Бекіту кезеңі:Дәптермен жұмыс.

Трамвай,троллейбус,автобус деген сөздерді жаз.Осыларға мініп,түсу ережелерін айт.

Қорытындылау.Сен мектепке қандай көлікпен қатынайсың?\әңгімеле\.

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Мәтінді оқу,мазмұндау.

Автобус суретін салу.

9.Бағалау.

Дүниетану.

63



Тақырыбы:Жол.Жолаушы.Топсаяхат.

Мақсаты: 1.Қаладағы көлік түрлері,жол қиылысы,бағдаршам ,жол қатынасындағы

көлік түрлері туралы мағлұмат беру.

2.Оқушылардың көлік түрлерін ажырата білуі,ой-пікірін еркін жеткізе

білуге машықтандыру.

3.Оқушыларды көшеде жүру тәртібін сақтауға,қоғамдық көліктерде

өздерін дұрыс ұстай білуге тәрбиелеу.



Сабақ типі: аралас,топсаяхат

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Cабаққа дайындықтарын тексеру.



2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

3.Білімді тексеру кезеңі:

1. Сұрақтарға жауап алу.Топсаяхатқа шығу.

Оқушылармен бағдаршамнан қалай дұрыс өтуге болатынын еске түсіру.

Тротуармен жүру.

2. Қорытындылау.

Жол,жол қиылысы,адам жүретін жол,көлік жүретін жол туралы түсінік беру.

Жол қиылысында орналасқан бағдаршам және камера туралы әңгімелеу.

4.Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын,мақсатын хабарлау.”Жол.Жолаушы-топсаяхатқа шығу” .



5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

-Жолаушы қандай көлікпен жүреді?Қалалы жерде-машина,поезд,ұшақ,кеме.

Ауылды жерде-ат,арба,ат шана.

-Алыс жерлерге көліктің қай түрімен барады? \өздік жұмысы\. Мәтін құру,талдау.

Жұмбақтар шешу:

1)Қазша қанатын жаяды,үйрекше мойнын созады,құсша қонады. \ұшақ\.

2)Күндіз-түні күрсінеді,жүрген жері сілкінеді. \метро\.

3)Тырылдап көкте инелік,инелік емес үй делік. \тікұшақ\.

4)Аузында орақ,қолында тарақ,аңызда келеді,ақ маржан төгеді. \ комбайн\.

5)Қыл кеңірдек батыр,тау көтеріп жатыр. \экскаватор\.

6)Құмды жиған-тұмсығы диван. \бульдозер\

7)Арқасыда ауыл жүр,ала тайым шауып жүр. \автобус\

3.Сергіту сәті

6. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.

2. Сұрақтарға жауап алу.

3. Теріп оқыту.



7.Бекіту кезеңі:Дәптермен жұмыс.Жол қатынасы көліктерінің атын жазу.

Қорытындылау. 8.Үйге тапсырма беру кезеңі:1.”Мен саяхатшымын”мәтінін құру,

оқу,мазмұндау. 9.Бағалау.

Дүниетану.

64



Тақырыбы:Отаным.

Мақсаты: 1.Мәтінді түсініп оқып,Отан -деген сөздің мазмұнын ашу.

2.Оқушыларды Отанның табиғат байлығын сақтау,Отанымыздың көркеюі

үшін еңбек етуге,еркін әңгіме құрай білуге,суретке ат қоюға

дағдыландыру.

3.Отанын,жерін,елін қорғай білуге тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас

Әдісі: әңгімелеу,түсіндіру.

Көрнекілігі:таблица, суреттер,ойыншықтар.

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Cабаққа дайындықтарын тексеру.



2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Сурет бойынша әңгіме құру.

-“Жол,жолаушы,топсаяхат” туралы әңгімелеу.

-Ауылда қандай жолдар бар?

- Көше қиылыстарында орналастырылған бағдаршамның маңызын айт.

-“Соқпақ жол”деп қандай жолды айтады?

- Көлік түрлерін атап бер.

- Алыс жерлерге немен барады?



3.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Тақырыбын,мақсатын хабарлау.”Отаным” .

Сурет бойынша әңгімелеу.Суретке ат қой.

Отан-деген сөздің мәнін,мазмұнын түсіндіру.

Қазақстан жері өте үлкен,жері кең.Дүниежүзі бойынша жер көлемі жағынан –

9-орын алады.Таулары:Сауыр-Тарбағатай,Жетісу,Іле Алатауы.Дәрілік шөптері:

шырғанақ,итмұрын,қалақай.Терісі бағалы аңдар:түлкі,аю,құндыз.

1)Терісі бағалы жануарлар мен өсімдіктер атауын еске түсіру.

2)Отанды қорғау дегенді қалай түсінесің?

3)Табиғат байлығын сақтау деген не?

4.Сергіту сәті.

5.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.

2.Сұрақтарға жауап алу.

3. Теріп оқыту.



6.Дәптермен жұмыс:

1.Менің Отаным тақырыбында әңгіме жазу.

Қорытындылау.

7.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Оқу,мазмұндау.

8.Бағалау

Дүниетану.

65



Тақырыбы: Астана.Алматы.

Мақсаты: 1.Мәтінді түсініп оқу,Астана,Алматы қалалары туралы оқушыларға

мағлұмат беру.

2.Өз ой-пікірін айта білуге,сурет бойынша еркін әңгіме құрай білуге,

суретке ат қоюға дағдыландыру.

3.Қаланы таза ұстауға,қаланың көрікті жерін біліп,қала даңғылдарының

атауын білуге,құрметтеуге тәрбиелеу.



Сабақ типі: аралас

Әдісі: әңгімелеу,түсіндіру.

Көрнекілігі:таблица, суреттер.

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Cабаққа дайындықтарын тексеру.



2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Сурет бойынша әңгіме құру.

-“Отан” туралы әңгімелеу.

3.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Тақырыбын,мақсатын хабарлау.”Астана.Алматы ” .

Сурет бойынша әңгімелеу.Суретке ат қой.

Астана-Есіл өзенінің бойында орналасқан.Астанада халық үшін демалыс орындары,театр,мұражай,мұхит жануарлары мекені,Бәйтерек салынған.

Президент сарайы,парламент үйі,балалар мен жасөспірімдер үйі,банк ғимараты салынған.

Астана-ең ірі сәулетті қала.Алатау етегінде орналасқан.Сәтбаев көшесінде әкімшілік ғимаратының алдында Республика сарайы бар.Абай,Жамбыл,Қаныш Сәтбаев ескерткіштері бар.Алматы-жастар қаласы.Әл-Фараби,Абай,Абылай хан даңғылдары бар.

4.Сергіту сәті.

5.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.

2.Сұрақтарға жауап алу.

3. Теріп оқыту.



6.Дәптермен жұмыс:

1.Менің қалам –тақырыбында әңгіме жазу.

Қорытындылау.

7.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Оқу,мазмұндау.Қала гүлзарының суретін салу.

8.Бағалау

Дүниетану.

66



Тақырыбы:Адам құқығы.Бала құқығы.

Мақсаты: 1.Адам және бала құқықтары жайлы әңгімелеу,түсіндіру,оқушыларға

мағлұмат беру.

2.Ата заң,Елбасы,дін ұстану жайлы еркін әңгіме құрай білуге,суретке ат

қоюға дағдыландыру.

3. Өз құқығын білуге, қорғауға тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас

Әдісі: әңгімелеу,түсіндіру.

Көрнекілігі: таблица, суреттер.

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Cабаққа дайындықтарын тексеру.



2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Сурет бойынша әңгіме құру.

“Астана қаласы”оның маңызы туралы әңгімелеу.

-Астана қаласы бұрын да қалай аталған?

-Бәйтерек,мұхит жануарлары жайлы не білесің?

-Астанада қандай ғимараттар бар?

-“Қазақстан қонақ үйі”неше қабаттан тұрады?

-Алматыны неге “Жастар ”қалашығы дейміз?

-Қаладағы даңғылдарды ата.

3.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Тақырыбын,мақсатын хабарлау.”Адам құқығы.Бала құқығы.” .

Сурет бойынша әңгімелеу.Суретке ат қой.

Әр елдің өз адамдарына арналған Ата заңы-Конституция деп аталады.Онда жеке адам құқығы мен еркі туралы айтылған.Қазақстан Республикасын Президент басқарады.Тәуелсіз Қазақстан халқы сайлаған тұңғыш елбасы-Н.Ә.Назарбаев.

Заңды парламент шығарады.Парламентте халық сайлаған депутаттар қызмет етеді.1990 жылы”Бала құқықтары туралы конвенция”,”Адам құқықтары туралы бірдей декларация”қабылданды.

4.Сергіту сәті.



5.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.

2.Сұрақтарға жауап алу.

3. Теріп оқыту.



6.Дәптермен жұмыс:

1.Заң негіздерін жазу.

Қорытындылау.

7. Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Оқу,мазмұндау.

8.Бағалау
Дүниетану.

67



Тақырыбы:Қоршаған дүниені қорғау.

Мақсаты: 1.Айналадағы дүниені қорғаудың қажеттілігі туралы мағлұмат беру.

2.Оқушыларға қоршаған дүние түрлері туралы түсінік беру,ой-пікірін

еркін жеткізе білуге машықтандыру.

3.Оқушыларды суды,жерді,өсімдікті,жануарларды қорғай білуге

тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас.

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Cабаққа дайындықтарын тексеру.



2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Адам құқығы.Бала құқығы”мәтінін оқыту,мазмұндау.



3.Білімді тексеру кезеңі:

1.Сұрақтарға жауап алу.

2. Қорытындылау.

4.Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын,мақсатын хабарлау.”Қоршаған дүниені қорғау”.



5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Кіріспе әңгіме жүргізу.

Айналадағы дүниеде тіршілікке қажетті жағдайлардың бәрі бар.Бірақ кейінгі кеде

олардың азайып,ластанғаны жиі байқалып жүр.Айналадағы дүниені қорғау,оны

жақсарту –бүкілхалықтық іс.Сондықтан да бүкіл адамзат алдында мынандай

міндеттер тұр:

1)Еліміздің жерін сақта,қорға.

2)Табиғатты қалпына келтіруге атсалыс.

3)Айналадағы дүние туралы көп оқы,біліп ал.

Мәтінді мәнерлеп оқу,талдау.

-Айналадағы дүниені қорғаудың қажеттілігі неде?

-Суды,жерді,өсімдікті,жануарларды неге қорғаймыз?

3.Сергіту сәті



6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.

2. Сұрақтарға жауап алу.

3. Теріп оқыту.



7.Бекіту кезеңі:Дәптермен жұмыс.Қоршаған дүниені қорға! –тақырыбына сурет сал.

Қорытындылау

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Мәтінді оқу,мазмұндау.

9.Бағалау.

Дүниетану.

68



Тақырыбы:Білімді тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар.

Мақсаты: 1.Айналадағы дүние туралы мағлұматтарын пысықтау.

2.Оқушылардың ой-пікірін еркін жеткізе білуіне машықтандыру.

3.Оқушыларды жан-жақты білім ала білуге тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас.

Әдісі: тест жұмысы

Көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Әр тарау бойынша білімді тексеру мен бекітуге арналған сұрақтар мен тапсырмалар.



Айналадағы дүние:
1.Айналадағы дүниеге не жатады?

2.Табиғат заттарын ата.

3.Табиғат құбылыстарын ата.

4.Адам қолымен жасаған заттарды ата.

5.Табиғат заттары мен адам қолымен жасалған заттарды салыстыр.

6.Табиғаттың түнгі және күндізгі көрінісінің айырмашылығын әңгімеле.

7.Күн көзінің табиғатқа тигізетін пайдасын талда.

8.Сен қандай мамандықтарды білесің?

9.Диқан еңбегінің басқа адамдарға қандай пайдасы бар?

10.Айналадағы дүниені қорғауға байланысты адамзат алдында қандай міндеттер тұр?

11.Біз табиғаттан не үйренеміз?

12.Адам ғарышты не үшін зерттейді деп ойлайсың?


Адам дегеніміз мен және басқалар.
13.Айналадағы дүниені қандай сезім мүшелері арқылы танып білеміз?

14.Сезім мүшелерін ата.Әрқайсысының пайдасына жеке тоқтал.

15.Ертеңгілік тұрғанда қандай дыбыстар естисің,ол ненің дыбысы,әңгімеле.

16.Көрген көп білер-дегенді қалай түсінесің?

17. Естігенді айтқан дұрыс па,көргенді айтқан дұрыс па?

18.Мұрыныңды басып тұрып сөйлесең,сөзің бұзылады,бұл нені көрсетеді?

19.Көзді жұмып,бір затты қолмен ұстағанда оның қандай қасиетін ажыратуға болады?
Табиғат өзгерістері.
20.Ауа райын анықтау үшін өлі табиғаттың қандай белгілеріне көңіл аудару керек?

21.Қандай жыл мезгілдерін білесің?

22.Күзде өлі табиғатта болатын өзгерістер туралы айт.

23.Қыста өлі табиғатта болатын өзгерістер туралы айт.

24.Көктемде өлі табиғатта болатын өзгерістер туралы айт.

25.Табиғаттың төрт мезгілін бір-бірімен салыстыр.

26.Ауа температурасының күннің көзімен қандай байланысы бар?
Өсімдіктер.
27.Өсімдіктер тобын ата.

28.Өзің білетін ағаштар туралы айт.

29.Өзің білетін шөп текті өсімдіктер туралы айт

30.Бұта өсімдіктеріне тоқтал,білетіндеріңді айт.

31.Өсімдік мүшелерінің суретін дәптеріңе сал.

32.”Дің”туралы түсіндір.Бұта мен шөп текті өсімдіктерде бұл мүшені қалай атайды?

33.Өсімдіктер неден көбейеді?

34.Өсімдіктердің тұқымнан көбейетінін дәлелде.

35.Картоптың”көзшесі”деген не,өсу үшін оның пайдасы қандай?
Өсімдіктер тіршілігіндегі маусымдық өзгерістер.
36.Жыл мезгілдерін есіңе түсір.Оларды ретімен ата.

37.Күзде өсімдіктер тіршілігінде қандай өзгерістер болады?

38.Егістегі,бақтағы,бақшадағы адамның күзгі еңбегі жайында айт.

39.Қыстың ең басты белгісі неде?

40.Қыста өсімдіктер тіршілігінде қандай өзгерістер болады?

41.Қар астындағы шөптер және өсімдік тұқымдары неге үсіп кетпейді?

42.Қыс бой көгеріп тұратын ағаш пен бұта бар,олардың көгеріп тұру себебін ойлан.

43.Ерте гүлдейтін шөптерді ата.Өз жеріңде қандай өсімдіктер ерте көктемде гүлдейді?

44.Күн көзінің жылуымен өсімдіктің ерте гүлдеуін байланыстыр,ойлан.

45.Ең алғаш қандай ағаш бүршік жарады?

46.”Егін егу науқаны”деген тақырыпқа әңгіме құрастыр.

47.Жазда өсімдіктер неге жайқалып өседі?

48.”Егін ору,шөп шабу науқаны”тақырыбына әңгіме құрастыр.

49.”Ұнның нарқы төмендеп кетті”дегенді естисің,”нарық”дегенді қалай түсінесің?

50.Өсімдіктер тіршілігіндегі жазғы және көктемгі өзгерісті салыстыр.

51.Өсімдіктің жануар мен адам үшін тамақ,қорек,дәрі,баспана,таза ауа екендігін нақты

мысалдар арқылы дәлелде.

52.”Нарыққа”жемістің қатысы бар ма?

53.”Өсімдіктерді қорғау-адам өмірін,жануарлар тіршілігін сақтау”деген ұғымды қалай

түсінесің?


Жануарлар.
54.”Сүтқоректілер”деп неге айтамыз?

55.Сүтқоректілерге жататын жабайы аңдар мен малды ата.

56.Қандай аңдарға қыстағы тіршілік қиын? Неге?

57.Жануарлардың сүтқоректілерден басқа тағы қандай топтары бар?

58.”Қосмекенділер”деп неге аталады?

59.Өзің білетін пайдалы және зиянды бунақденелілерді атап,сипатта.

60.Кейбір аңдардың қыс кезінде “өз азығы өзінде”дегенді қалай түсінесің?

61.Кейбір аңдар күзде азық жинайды,неге?

62.Қыс кезінде аңдар тіршілігінде қандай қиындықтар болады?

63.Күзде ең алдымен қандай құстар қайтып кетеді?

64.Ойлан және түсіндір,қарлығаш күзде жылы жаққа неге ең алдымен кетіп,ал

көктемде кеш оралады?

65.Күздің аяғына қарай жануарлардың қандай топтары көрінбей кетеді?Олар қайда

кетті деп ойлайсың?

66.Көктемде жануарлар тіршілігінде қандай өзгерістер болады?

67.Жабайы аңдар тіршілігіндегі көктемде болатын қиындықтар туралы айт.

68.”Жаз жануарлар тіршілігіне қолайлы”дегенді дәлелде.

69.Жазда аңдар балаларына қандай қамқорлық жасайды?


Қоғам.
70.”Біз”деген ұғымға кімдер енеді?

71.”Ұяда не көрсе,ұшқанда соны ілер”дегенді қалай түсінесің?

72.”Үнемді бол “дегенді қалай түсінесің?

73.”Әдептілік”деген не?

74.Жол түрлерін айт.

75.Қазіргі кезде жолаушылардың қандай көлікпен жүргені тиімді,неге?

76.Өз Отаныңды сипатта.


7.Бекіту кезеңі:

Қорытындылау.

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Жыл бойы өткенді қайталау.



9.Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет