Дүниетану 4 сынып 1-нұсқа
1. Бір жазда 2000 литрге жуық суды буға айналдыратын ағашты ата.
А) қайың В) шырша
С) терек Д)
көктерек
2. Кептер шамалас шағын құсты ата?
А) бүркіт В) бұлдырық
С) торғай Д) шағала
3. Жыра неден пайда болады?
А) тастардан В) желден
С) ағын судан Д)
өсімдіктерден
4. Түсті металдарды ата
А) шойын,мырыш, алюминий В) болат, шойын, мыс, қорғасын
С) шойын, болат, мырыш Д) мыс,қорғасын,мырыш, алюминий
5. Табиғатты, қоршаған дүниені бақылау үшін қолданылатын құрылғы ......... деп аталады.
А) микроскоп В) желбағар
С) телескоп Д) термометр
6. Еліміздегі ең ірі темір кен орны:
А) Кентау В) Соколов-Сарыбай
С) Өскемен Д) Ақтау
7. Жаңғыш пайдалы қазбалар:
А) тас, көмір, боксит В) мұнай, мырыш
С) газ, жез Д) мұнай,
тас көмір
8. Отқа жанбайтын қасиеті бар пайдалы қазба?
А) фосфорит В) асбест
С) әктас Д) ұлутас
9. Шөлде өсетін көпжылдық шөптекті өсімдік
А) құм қияғы В) балыққот
С) селеубояу Д)
жоңышқа
10. Қазақстандағы Ембі мұнайы майлылығы жөнінен дүние жүзінде нешінші орын алады?
А) үшінші В) екінші
С) төртінші Д) бірінші
11. Су қоймасы өсімдіктерін ата
А) уқорғасын, сарғалдақ В) қоға, уқорғасын
С)
қалың құрақ,қоға, қамыс Д) қамыс, қоға, сарғалдақ
12.Су қабаты жер бетінің қандай бөлігін алып жатыр?
А) үштен бірін В) үштен екісін
С) екіден бірін Д) төрттен бірін
13. Жердің барынша кішірейтіліп жасалған үлгісі........ деп аталады.
А )экватор В)
глобус
С) шар Д) күн
14. Ауа қоспасындағы ең көп газ
А)көмірқышқыл газы В) азот
С) әр түрлі газдар Д)оттегі
15. Дүние жүзіндегі ең терең көлді білесің бе?
А) Алакөл В) Байкал
С) Балқаш Д) Жайсан