Балалардың тағы қандай құқықтары мен міндеттері бар? Бірнеше мысал келтір.
ҚұқықтарыМіндеттері
Дескриптор Білім алушы
суретте бейнеленген бала құқықтарын атайды;
балалардың құқықтарына мысалдар келтіреді;
балалардың азаматтық міндеттерін атайды.
Бөлімше 1.4 Денсаулық және қауіпсіздік
Оқу мақсаты 4.1.4.3 Түрлі дереккөздер негізінде жасанды ортадағы қауіп-
қатерлерді анықтау және бағалау
Бағалау критерийі Білім алушы:
Жасанды ортадағы қауіп-қатерлерді анықтайды және
оны болдырмау жолдарын ұсынады
Ойлау дағдыларының Жоғары деңгей дағдылары
деңгейі
Тапсырма
Берілген ақпаратты түсініп оқы.
«Байқоңыр» ғарыш айлағы Қазақстан Республикасының оңтүстік-батыс бөлігінде,
Қызылорда облысының территориясында орналасқан,
Ғарыш аппараттары ұшырылатын «Байқоңыр» ғарыш айлағына жақын орналасқан аймақтарда ауа райы күрт бұзылып, 3-5 тәулікке дейін боранды құм суырып, жел болып, температураның төмеңдеу процесі жиі байқалатыны белгілі.
Аймақтың басты экологиялық мәселесі – Арал теңізі деңгейінің төмеңдеуі және жердің тұзданып, құрғақшылыққа ұшырауы қоршаған ортаға қосымша кері әсерін тигізуде. Ғарыштық ұшу аппараттарының қоршаған ортаға зиянды әсері ауа ағынын күшейтумен ғана шектеліп қоймайды. Салмағы 3 тоннадан 16 тоннаға дейін болатын зымырандардың жағар және жаңармай қалдықтарының құрамындағы химиялық токсинді қосылыстардың да зияны көп.
Мәтінге сүйеніп, зымырандарды ұшырудың қоршаған ортаға тигізетін кері әсерлерін сипатта. Зымырандардың ұшырылуынан қандай қауіп- қатерлер туындауы мүмкін? Кестені толтыр.
-
Адамзатқа кері әсері
|
Қоршаған ортаға кері әсері
|
|
|
Дескриптор Білім алушы
зымырандардың ұшуынан адамзатқа туындайтын қауіп-қатерлерді атайды;
зымырандардың қоршаған ортаға тигізетін кері әсерлерін сипаттайды.
Бөлімше 1.4 Денсаулық және қауіпсіздік
Оқу мақсаты 4.1.4.4 Жасанды ортадағы өзінің қауіпсіздігін жоспарлау
Бағалау критерийі Білім алушы:
Өзінің табиғи ортадағы қауіпсіздігін жоспарлайды
Төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік ережесін
құрастырады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы.
Соңғы 15 жыл көлемінде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылған 3 зымыран-тасығышы апатқа ұшыраған. Апат кезінде жерге төгіліп, ауаға тарайтын гептил жа-нармайының экологияға тигізетін зияны аз емес. «Ғарыш-Экология» ғылыми зерттеу орталығының мамандары әрбір жағдай бойынша тиісті талдаулар жүргізеді. Мекеме қызметкерлері зымыран қызметінің әсеріне ұшыраған аймақтардан жыл сайын мыңдаған сынамалар алып, оларға зерттеулер жүргізіп, елеулі нәтижеге қол жеткізіп келеді.
Топтық жұмыс
Апатқа ұшыраған зымыранның зардаптарынан сақтануға арналған қауіпсіздік ережелерін құрастырыңдар.
Дескриптор Білім алушы
ғарыштық апаттардың зардаптарынан сақтануға қатысты қауіпсіздік ережелерін құрастырады.
Ортақ тақырып: «Болашаққа саяхат»
Бөлімше 1.3 Менің атамекенім
Оқу мақсаты 4.1.3.2 Түрлі дереккөздерге негізделе отырып, өз аймағының
экономикалық қызмет атқаратын субъектілеріне сипаттама беру
Бағалау критерийі Білім алушы:
Өз аймағының өндіріс орындарын сипаттайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Жергілікті баспа материалдарынан немесе үлкендерден сұрау арқылы өз аймағыңдағы өндіріс орындары туралы ақпараттар жинақта. Жинақталған деректердің негізінде төмендегі нұсқаулық бойынша белгілі бір өндіріс орнына жарнама жаса.
Нұсқаулық:
Өндіріс орнының атауы
Ол жерде не өндіріледі?
Өнімнің сапасы қандай?
Ол өнімдерді қайда пайдаланады?
Олардың қандай пайдасы, маңызы бар?
Дескриптор Білім алушы;
тақырыпқа сәйкес ақпараттарды іріктейді;
өз аймағындағы өндіріс орнын жарнамалайды.
Бөлімше 2.4 Туризм
Оқу мақсаты 4.2.4.1 Ақпараттың қолжетімді көздерін (интернет,
кітаптар, бұқаралық ақпарат құралдарын)
пайдалана отырып, Қазақстан мен Астана
бойынша туристік маршрут құру
Бағалау критерийі Білім алушы:
Қазақстан/ Нұр- Сұлтан қаласы бойынша туристік
маршрут құрастырады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Өзіңді Қазақстанға немесе Нұр- Сұлтан қаласына алғаш рет келген адамдарға жол көрсетуші ретінде елестетіп көр. Сен оларды Қазақстанның немесе Нұр-Сұлтан қаласының қандай көрікті жерлеріне апарар едің? Ең алдымен қай нысаннан бастайсың? Содан соң ше?
Қазақстанның/ Нұр-Сұлтан қаласының көрікті орындарын таныстыруға арналған карта сыз.
Картаға ретімен нысандардың суретін сал немесе желімде.
Әр нысанның тұсына атауын жызып қой.
Өзің сызған картаны сыныптастарыңа таныстыр.
Достарыңызбен бөлісу: |