-
Мәдениет саласында
|
Спорт саласында
|
|
|
|
|
Қазақстан осы уақыттар аралығында тағы қандай жетістіктерге жете алды? Жұпта талқыла.
Дескриптор Білім алушы
Қазақстанның мәдениет және спорт саласындағы жетістіктерді атайды;
Қазақстанның әртүрлі саладағы жетістіктері туралы әңгімелейді.
Бөлімше 3.4 Көрнекті тарихи тұлғалар және мәдениет қайраткерлері
Оқу мақсаты
4.3.4.1 Өмірбаяндық мәліметтеріне сүйене отырып,
шығармашылық және еңбек салаларындағы көрнекті
қайраткерлердің елімізге сіңірген еңбегі туралы
қорытынды жасау
Бағалау критерийі
Білім алушы:
Көрнекті қайраткерлердің еліміздің дамуына қосқан
үлесін сипаттайды
Ойлау
дағдыларының
Білу және түсіну
деңгейі
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы. Төменде берілген сұрақтардың көмегімен Ш. Аймановтың еліміз үшін жасаған еңбектері туралы әңгімеле.
Шәкен Кенжетайұлы Айманов — қазақтың әйгілі актері, режиссер. Қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Семей мұғалімдер техникумында оқып жүргенде Алматыдағы Қазақ драма театрына шақырылады. Ол алғашында бірқатар рөлдерді ойнады. Көп ұзамай классикалық пьесалар бойынша қойылған спектакльдерде басты рөлдерді шебер орындауымен көпшілік көзіне түседі. Кейіннен қазіргі Қазақтың академиялық драма театрының бас режиссері болды. «Қазақфильм» студиясының
көркемдік жағын басқарып, қазақ кино өнерінің өркендеуіне үлкен үлес қосты. Оның қойған көркем фильмдері: «Махаббат туралы аңыз», «Алдар көсе», «Атамекен», «Найзатас баурайында»,«Біздің сүйікті дәрігер» мен «Тақиялы періште» фильмдері ұлттық кино өнерінде комедиялық жанрды дамытудағы соны ізденістерімен ерекшеленді. Оның соңғы қойған «Атаманның ақыры» фильмі режиссер Айманов шығармашылығының биік шыңына айналды. Шәкен аса дарынды суреткер актер, ойшыл режиссер ретінде қазақтың сахна өнері мен кино өнерінің қалыптасып, шыңдалуына айрықша ықпал еткен, өшпес із қалдырған дара дарын иесі.
Шәкен Айманов еліміздің дамуына қандай үлес қосты?
Оның қандай фильмдерін көрдің?
Қазіргі таңда Ш. Аймановтың қандай еңбектері көпшілікке танымал деп ойлайсың?
Дескриптор
Білім алушы
-сұрақтардың негізінде көрнекті
үлесі туралы әңгімелейді.
тұлғаның
еліміздің
дамуына
қосқан
Бөлімше 3.1 Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер
Оқу мақсаты 4.3.1.2 Тарихи мұражайлардың қызметін түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы:
Тарихи мұражайлардың рөлін анықтайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі
Тапсырма
Суретте оқушылардың тарихи мұражайға барған саяхаты бейнеленген. Берілген сұрақтарға сүйеніп, тарихи мұражайдың атқаратын қызметі туралы жұптық талқылау жаса.
Тарихи мұражайларға қандай жәдігерлер қойылады?
Оларды не үшін жинақтайды?
Мұражай қызметкерлері немен таныстырады?
Мұражайлар не үшін керек?
Жұптық талқылау нәтижесіне сүйеніп, берілген кестені толтыр. Тарихи мұражайдың қызметі туралы әңгімеле.
Достарыңызбен бөлісу: |