Дүниетану пәнінен олимпиада тапсырмалары 4 сынып Мақсаты: оқушылардың алған білімдерін тексеру,қадағалау



Дата22.10.2019
өлшемі17,78 Kb.
Дүниетану пәнінен олимпиада тапсырмалары 4 сынып 
Мақсаты: оқушылардың алған білімдерін тексеру,қадағалау;
Міндеті: оқушылардың бойында қоршаған ортаны құраушылардың
біртұтастығы мен өзара байланыстылығы туралы қарапайым
түсініктерін қалыптастыру.

Адам қоғам перзенті.

Алғашқы адамдар жануарлардан несімен ерекшеленді?
А) қимыл-қозғалысымен
Ә) айла-тәсілімен 
Б) сөйлеу тәсілімен
В) өсіп-өнуімен
2.Алғашқы адамның ақыл-ойын ,қиялын жетелеуші не болды?
А) аспан
Ә) жұлдыз
Б) таулар
В) табиғат
3.Алуан түрлі ғимараттар салуды неге қарап зерделеді?
А) құстың ұшуына
Ә) бал арасының ұясына
Б) табиғаттың құбылысына 
В) балықтың жүзуіне
4.Мысыр( Египет) еліндегі алып кереметтің бірі?
А) Хеопс пирамидасы
Ә) Александрия манары
Б) Зевс мүсіні
В) Родос алыбы
5. ЮНЕСКО-ның есебіне алынған өнеріміздің озық үлгісі ?
А) Айша бибі кесенесі
Ә )Алтын адам
Б) Медеу мұз айдыны
В) Республика сарайы
6.Адам тіршілігіне қажетті жағдайлар?
А) қорек, су ,ауа, жылу
Ә) үй, машина, компьютер
Б) ақша, теледидар, киім
В) барлығы керек
7. Дене құрылысын зерттейтін ғылым?
А) биология
Ә) анатомия
Б) география
В )математика
8. Адамның сымбаты неге байланысты?
А) адамның жүрісіне
Ә) адамның салмағы мен бойына
Б) қаңқасы мен бұлшық етіне
В) ойлауына
9. Адам ағзасындағы мүшелер ненің арқасында үйлесімді қызмет атқарады?
А) ми қызметінің
Ә) жүйке жүйесі қызметінің
Б) жұлын қызметінің
В) жауабы жоқ
10. Адам тіршілігіне қажет жылуды қайдан алады?
А) күн көзінен
Ә) оттан
Б) табиғаттан
В )ауа-райынан
11. Жүйке жүйесі шаршамау үшін не істеу керек?
А) шынығу
Ә) дұрыс тамақтану
Б) күн тәртібін сақтау
В) дұрыс жүру
12. Қоршаған әлем- бұл:
А) адамды қоршап тұрған заттар
Ә) тірі табиғат
Б) адамды қоршап тұрған, бірақ оны қолымен ұстауға болмайтын заттар
В) өлі табиғат
13 Тәжірибе өткізу ережесі:
А) тәжірибе обьектісі , мақсат, жоспар
Ә) мақсат, жоспар,қажетті уақыт, заттар немесе эксперимент үшін керек құбылыстар
Б) білмейймін
В) мектеп, сабақ
14. Көру, есту, иіс сезу, дәм сезу, сипап сезу мүшелері-бұлар:
А) тыныс алу мүшелері
Ә) сезім мүшелері
Б) көру жүйесі мүшелері
В) білмеймін
15 Ас қорыту жолы басталады:
А) асқазаннан
Ә) ащы ішектен
Б) ауыз қуысынан
В) мұрыннан
16 Аұпараттың негізгі қайнар көзі:
А) иіс сезу
Ә) көру
Б) есту
В) жүру
17 Бақылаушының негізгі құралы:
А) құлақ
Ә) көз
Б) дүрбі
В) компьютер
18 Адамның ойлауы ненің қызметімен байланысты?
А )тіл
Ә) ми
Б )жұлын
В) қол
19 Ауыз қуысы , жұтқыншақ, өңеш, асқазан, ішектер-бұлар:
А) ас қорыту
Ә) иіс сезу
Б) көру
В) жауабы жоқ
20 Дені сау адамның тамырының соғуы-
А )60-80 рет
Ә )50-60 рет
Б) 70-90 рет
В) 30-40 рет

Дүниетану пәнінен олимпиада тест тапсырмаларының кілті 
4 сынып
Адам-қоғам перзенті


1-А 
2-В
3-Б
4-А
5-Ә
6-А
7-Ә
8-Б
9-Ә
10-Б
11-Б
12-А
13-Ә
14-Ә
15-Б
16-Ә
17-Ә
18-Ә
19-А
20-А

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет