Сыныбы : 9
Сабақтың тақырыбы : Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасы
Сабақтың мақсаты :
Білімділік : «Ескендір» поэмасы туралы сипаттама жасау , жазылу тарихына тоқталу, тарих пен шығармадағы Ескендірді салыстыру, «Назира» дәстүріндегі «Александрия» тақырыбындағы ерекшеліктерді меңгерту.
Дамытушылық : Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, өз ойларын еркін жеткізе білуге бағытталған тапсырмаларды ұсыну, дүниетанымдарын кеңейту, ізденушілікке баулу.
Тәрбиелік : Оқушыларды мейірімділік пен адамгершілікке тәрбиелей отырып , тәлімі мол туындыдан үлгі алып, салауатты өмірде пайдалана білуге үйрету.
Сабақтың әдісі : баяндау, сұрақ – жауап ,салыстыру, топтастыру, зерттеушілік
Сабақтың түрі : ізденушілік сабақ
Сабақтың көрнекілігі : Абай Құнанбаев шығармалар жинағы, слайдтар, әлеуметтік желі материалдары
Сабақтың барысы :
Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Бүгінгі сабағымыз үш кезеңнен тұрады.
І кезең : «Ескендір» поэмасына сипаттама жасау
ІІ кезең :Тарихтағы Александр Македонский мен Абай Құнанбаев суреттеген Ескендір
ІІІ кезең : «Александрия» тақырыбы назира дәстүрінде
«Ескендір» поэмасын жатқа оқу
Әр бөлімдегі Ескендірдің тұлғасын ашу:
Филипп патшаның баласы
Жер жүзін жаулап алуды мақсат еткен - жаһангер
Орамалға түйілген бас сүйек
Данышпан Аристотель
І кезең : «Ескендір» поэмасына сипаттама
Абай шығармасына арқау болған Ескендірдің оқиға желісі қайдан алынды ?
Шығыстың қос мүйізді Ескендір Зұлқарнайын туралы аңыз- әңгімелерімен таныс болды.
Белгілі фольклортанушы Сейіт Қасқабасов шығыс халықтарында Ескендір жөнінде үш топқа негізделген хикаят кеңінен таралғандығы туралы айтады.
Енді солардың желісімен таныс болайық :
1. Ескендір патшаның мүйізі туралы
2. Жолдасы Қызыр мен Ілиясты ертіп ,Зұлматқа өлмес суды іздейді.
3. Ескендір патша жорықта жүріп , бұлаққа тап болады.
ІІ кезең : Тарихтағы Александр Македонский мен Абай Құнанбаев суреттеген Ескендір
Абай суреттеген Ескендір
2 . Тарихтағы Александр Македонский б.з.д. 356-323 өмір сүрген
ІІІ кезең : «Александрия» тақырыбы назира дәстүрінде
Рабғузи «Қисса-сүл -әнбиясы»
Науои «Ескендір қорғаны»
Низами «Ескендірнама»
Фирдоуси «Шахнама»
«Дала уалаяты» газетінің 1895 жылдың қаңтар айындағы 3-санында «Тәкаппар әскербасы турасынан» деген шағын әңгіме басылды.
(Әңгіменің арқауы, түзілімі, тіпті сөз саптасы Абай қаламынан туған әйгілі «Ескендір» поэмасына өте жақын. Екі нұсқадағы ұқсастықты кезінде Х.Бекхожин, Ү.Сүбханбердина т.б. зерттеушілер де байқаған. Абай шығармасына қай жағынан болса да бір жақындығы бар-ay, деген пікірлер бұрыннан мәлім.)
3 . Шығыстағы Ескендір Зұлқарнайын мен Абайдың «Ескендір» поэмасындағы ерекшеліктері :
Ескендір бейнесі жағымды болып бейнеленді.
Он сегіз мың ғаламды билеуші
Жер бетінде теңдесі жоқ әрі батыр,әрі қолбасшы ретінде суреттелді.
Ақылшысы -Қызыр.
Қай қаладан екені ,айтылмайды
Абайда
Ескендір бейнесі қатал, тойымсыз,қанішер қолбасшы болып суреттеледі.
Ақылшысы - Аристотель
Македония шаһарынан екендігі айтылып , әкесі Филипп патша болғандығы баяндалады.
Салыстыра отырып талдау жасасақ :
Абай Құнанбаев жазған «Ескендір» поэмасындағы Ескендір бейнесі шынайы тарихтағы Александр Македонскийдің тұлғасы.Сюжетіне келсек те тарихи оқиғамен ұқсас. Сонда ұлы ақынның поэмасы реалистік әдіспен жазылған туынды екенін көрсетеді.
7. Қорытынды пікірлер :
Қ.Жұмалиев (1907-1968) дастанның мазмұнына тереңірек үніліп, «Абай «Ескендірді» жазғанда тек шығыс классикасын ғана емес, сонымен бірге Александр Македонский туралы тарихи шығармаларды да (Плутарх) пайдаланған», деген ой айтады.
М.С.Сильченконың мына пайымдауы назар аудартады: «Бәлкім, Абай өзінен бұрынғы ұлы ақындармен жарыса отырып, «нәзира» рухына беріліп қана қоймаған, Зұлқарнайын туралы мұсылман елдерінде таралған аңызға қарсы көркем туынды жасаған. Демек, ақынның өз шығармасын әңгіме (повествование) деп атауы тегін емес».
(Осы арада мына бір жайға тоқталған да жөн болар еді. Абай шығармаларының 1909 жылы шыққан алғашқы жинағында бұл поэма «Ескендір әңгімесі» деген тақырыппен басылғаны мәлім. Ал, кезінде «әңгімесі» деген тақырыпты Абайдың өзі қойған ба, әлде жинақты шығарушылар қойған ба – мәселе де көңілге түйіткіл ұялатады.)
М.Әуезов Абайға «Ескендірді» жазу үшін Низами дастаны жеткіліксіз болғанын көрсеткен де, оның Еуропа әдебиетіндегі мағлұматтарды пайдаланғанын білдіреді. Бірақ, нақты қай шығарма екеніне нұсқамайды.
Профессор Ш.Сәтпаева (1930-2001) «Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасы әдебиеттану ғылымында байсалды зерттеліп, дәлелді тұжырымдар айтылған. Алайда, бұл поэманы өзі тақырыптас кейбір туындылармен қатар салыстыра, байланыстыра зерттеу, «александрияға» қазақ ақыны қандай өзіндік үлес, тың түсінік, жаңа шешім қосып, дәстүр байытқанын анықтау — Абай асқан биіктің тағы бір қырын аша түсер еді».
Абай мұраларының қазақ, Шығыс, Батыс мәдениетімен табиғи түрде ұштасқандығының кезекті бір елеулі мысалы деуге тұрарлық сүйекті шығармасы «Ескендірдің» қысқаша тағдыры осындай. Осы поэма арқылы қалың қазақ өзінің рухани тарихында Александр Македонский туралы қазақша түсінік, тұжырым қалыптастырды, өзгенің жеріне, байлығына көз тігудің әділетсіз екеніне тағы да көз жеткізді. Ресей отаршылығының қасіретін тартқан қазақ халқының азаткерлік санасын оятуға қадам жасады.
Үйге : «Бақпен асқан патшадан,мимен асқан қара артық» деген сөз төңірегінде эссе жазу.
Алматы облысы Жамбыл ауданы
Ұзынағаш орта мектеп мектепке дейінгі
шағын орталығымен мемлекеттік
мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті
пән мұғалімі Кожагулова Айгүл Асылханқызы
Достарыңызбен бөлісу: |