«Дүниетану» оқу пәнінің мақсаты – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан оқушылардың бойында адамның табиғи және әлеуметтік ортасы, табиғат пен қоғамның байланысы мен өзара тәуелділігі туралы білімдер жүйесін қалыптастыру.
Пәннің міндеттері:
- оқушыларда қоғам және табиғат құбылыстары мен объектілерінің өзара байланысы мен тәуелділігі туралы түсініктер қалыптастыру;
- оқушыларда табиғи, әлеуметтік пен технологиялық ортадағы өзін ұстау және өмір қауіпсіздігі нормаларын қалыптастыру;
- оқушылардың бойында табиғи және әлеуметтік шынайылықты тану әдістерін: бақылау, эксперимент, сауал және т.б. тәжірибелерінің қалыптасуын қамтамасыз ету;
- оқушылардың танымдық әректеін дамытуды қамтамасыз ету;
- оқушылар бойына қазіргі қазақстандық қоғамға тән ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесін дарыту;
- оқу пәні арқылы оқушының бойында өзін қоршаған ортаға, қоғамның табиғи және мәдени құндылықтарына адамгершілік, ізгілікті тұрғыдағы қатынастарды қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |