Дүниетану сабақтарының типтері және олардың құрылымы



бет4/9
Дата06.02.2022
өлшемі128,67 Kb.
#63191
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Ташимбаева Ұлбосын 5.3

Түсіндіріп оқыту сабағы. Түсіндіріп оқыту сабағының басқа сабақтарға қарағанда өзіндік ерекшелігі сол бұл сабақта тек жаратылыс ғылымдары сипатындағы заттар және олар жайлы білім ғана қалыптасып қоймай оқу мен жазуға үйрету талаптары да жүзеге асады.
Түсіндіріп оқыту сабақтары табиғатты және ондағы құбылыстарды танып білуде негізінен мынандай үш мәселені шешеді:
  • Балаларға табиғат туралы жаңа ұғымдар және жаңа білімдер беру;
  • Балаларды жақсы оқытуға үйрету;
  • Олардың оқығандарын саналы түрде түсіне, талдай білуіне көмектесу. Сонымен бірге дәптермен жұмыс барысында жазу дағдыларыда қалыптасуына мүмкіндік туады.

Түсіндіріп оқыту сабақтары әсіресе әлі оқу мен жазу дағдылары толық қалыптасып үлгермеген 1-2-кластарда өте маңызды типі болып табылады. Мұнда дауыстап оқыту, оқылған әрбір абзацты мұғалім түсіндіру және оқушылармен бірге талдау ұйымдастырылуы керек. Класы жоғарылағаннан кейін мақаланы іштей оқып, жаппай сұрақтар қою арқылы түсінігін сұрау арқылы талдап мақаладағы негізгі мәселені саналы түсінуіне жетелеу керек.
Ұғымды игеру үшін көбіне көркем әңгімелерге қарағанда басқа тәсілді қолдануды талап ететін іске пайдалы ғылыми мақалаларды оқуға зор көңіл бөлінуі керек.
Дүниетану сабақтарында түсіндіріп оқыту міндетті түрде көрнекі құралдарымен, экскурсия мен бақылау кезіндегі білімдермен үйлесім таппаса түсіндіріп оқыту бос сөздік болады. Онда түсіндіріп оқыту тек балаларды оқуға ғана машықтандырып, оқығанына мән бере алмайтын өмірден қол үзген тәсілдің бірі болып шығады.
Оқулықпен жұмыс істеуді дұрыс ұйымдастыру үшін мұғалімнен алдын ала әдістемелік дайындықты қажет етеді. Яғни қарастырып отырған обьект немесе құбылысты саналы меңгеру үшін қай мақаланың пайдасы жоғары және қандай әдіс тәсілдің бірі болып шығады.
Түсіндіріп оқыту сабақтары мынандай элементтерден тұрады: әңгіме мазмұнын түсінуге оқушыларды дайындау, яғни кіріспе әңгіме; әңгімені оқу, мазмұнын талдау, сөздік жұмысын жүргізу; оқушылар түсінігін айтуды талап ету.
Түсіндіріп оқыту сабақтарын бес типке бөледі.
  • Оқушыларды тұрған жерінде өз бетінше жасаған бақылауларымен байланыста оқыту;
  • Экскурсия соңынан оқыту;
  • Заттық сабақтардың соңынан оқыту;
  • Тәжірибелер соңынан оқыту;
  • Мұғалімнің әңгімесі мен баяндауына негізделген көрнекі құралдарды қарастыра отырып оқыту.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет