Дүниетану сабақтарының типтері және олардың құрылымы



бет1/9
Дата06.02.2022
өлшемі128,67 Kb.
#63191
түріПрезентация
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Ташимбаева Ұлбосын 5.3
Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3

Презентация
5.3 Дүниетану сабақтарының типтері және олардың құрылымы
5.3 Дүниетану сабақтарының типтері және олардың құрылымы
Сабақтың түрлері мен оның құрылымы сабақты жетілдіру жолындағы маңызды проблемалардың бірі. Әсіресе сабақтарды топтастыру туралы әртүрлі көзқарастар бар. Қазіргі кездегі дидактикада сабақтарды топтастыру мынадай белгілерге негізделед, оқыту мен нақты сабақтың мақсат –міндеттері және сабақтың кезеңдері – құрылымды бөліктері.
Осыған орай сабақтардың мынадай негізгі типтеріне, түрлеріне ажыратуға болады.
  • Жаңа білімді хабарлау сабақтары.
  • Жинақтау және қайталау сабақтары.
  • Білік пен дағдыларды қалыптастыру сабақтары.
  • Білімді тексеру, бақылау сабақтары.
  • Аралас сабақтар.

Соңғы кездерде педагогикалық басылымдарда сабақ туралы, әсіресе оның жеке түрлерге жіктелуі туралы теріс пікірлер айтылып жүр. Мысалы, кейбір авторлар сабақтың мынандай түрлерін атайды: концерт-сабақ, көкпар-сабақ, сайыс-сабақ, бәйге-сабақ, пресс-конференция сабағы, саяхат сабағы, өзара көмек сабағы, т.б. Бұл сабақтар тәсіл бойынша оны ұйымдастырудың немесе оқытудың бастапқы әдісі негізінде бөлінген.
Сабақ – оқу жұмысын ұйымдастырудың басты формасы болғандықтан, оның атқаратын қызметі мен оқыту процесінде алатын орны ерекше екенін білу қажет. Сабақта оқушыларға білім берумен қатар, олардың рухани қасиеттері мен ақыл-ой қабілеттерін дамыту мақсаттары көзделеді. Сабақ – күрделі психологиялық және дидактикалық процесс, онда оқушылармен педагогикалық қарым қатынас жасау және тәрбиелеу міндеттері іске асырылады. Оқыту процесінің негізгі компоненттері (құрылымдық бөліктері) мақсаты, мазмұны, әдіс-тәсілдері, бақылау мен бағалау – сабақта да орын алатыны заңдылық.
Дидактикада Я.К.Каменский, И.Ф.Гербарт, К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов т.б. негізін салған оқыту теориясында сабақтарды топтастыруға байланысты қалыптасқан көзқарас бар екені белгілі. Сондай- ақ, кеңес дәуірінде және одан кейінгі кездерде жарық көрген дидактикалық еңбектерде сабақтарды топтастыру жалпы алғанда, мынандай критерийлерге негізделеді.
  • Сабақтың дидактикалық мақсаты;
  • Сабақтың құрылымы (дидактикалық кезеңдері, этаптары);
  • Сабақта қолданылатын негізгі бір әдісі.

Бірінші белгіге байланысты сабақтың мына түрлері анықталады: кіріспе сабақ, жаңа білім беру сабағы, бекіту, қайталау, дағды қалыптастыру сабақтары, білім тексеру, бағалау сабағы т.б. Екінші белгі бойынша аралас сабақ, пәнаралық сабақ, т.б. Үшінші белгі бойынша пікір талас сабағы, компьютерлік сабақ, т.б. Әрине, бұлардың жеке пәндерді оқыту ерекшеліктеріне байланысты түрлі нұсқалары, өзгермелі түрлері болуы мүмкін.
Бірақ, жоғарыда айтылған сабақтың дәстүрлі емес түрлері сабақтың жаңа және жеке түрлеріне жатпайды, оларды сабақтың мазмұнына немесе сабақта қолданатын жеке тәсіл-амалдарға жататын сабақтың элеметтері деп қарау керек. Сабақты ойынға айналдыруға болмайды, бірақ ойын түрлерін қолдануға болады. Жалпы, дәстүрлі емес сабақтар деген ұғым дұрыс емес, өйткені, ондай сабақтардың белгілі бір дидактикалық құрылымы анықталмаған, ешқандай дидактикалық қағидаларға негізделмеген көрініс.
Шын мәнінде, сабақта дәстүрлі емес тәсіл-амалдарды, мысалы; конкурс, сайыс, бәйге, КВН сияқты т.б. орынды қолдануға болады. Дәстүрлі емес сабақтардың түрлерін жаңа сабақ ретінде ұсынып жүрген авторлар сабақты оқу жұмысын ұйымдастырудың басқа формаларымен (экскурсия, конференция, семинар, консультация т.б) шатастырады. Бұлар оқу жұмысын ұйымдастырудың қосымша (толықтырмалы) формаларына жатады, сондықтан оларды сабақтан өзгеше қарау дұрыс.
Сабақ біртұтас құбылыс бола тұрып, бірнеше, түрлі дидактикалық мақсаттардың орындалуын талап етеді. Мұғалім алдымен оқушыларды сабаққа дайындау, одан кейін өткен материалды еске түсіру, жаңа материалды еске түсіру, жаңа материалды түсіндіру, оны бекіту, үй тапсырмасын беру сияқты мақсаттарды көздейді. Осындай мақсаттарды орындауға бағытталған сабақтың басталуы, үйге берген тапсырманы тексеру, оны пысықтау және нұсқау беру, мұндай жағдайда сабақ құрылымы толық сақталған делінеді. Сонымен сабақ құрылымы деп сабақтың барысында оның құрамды бөліктерінің, кезеңдерінің бір-бірімен ұштасып, белгілі тәртіппен жүзеге асырылуын айтады.
Сабақтардың құрылымы оқытудың мақсат-міндеттеріне, оқу материалының мазмұнын ары қарай және қолданатын әдіс –тәсілдеріне байланысты әр түрлі болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет