Дөңгелек үстел Тақырыбы: «Менің болашақ мамандығым»



Дата22.10.2019
өлшемі108,5 Kb.
#50512
Байланысты:
«Менің болашақ мамандығым»

Қостанай ауданы әкімдігінің білім бөлімі

«Қостомар ауылының орта мектебі» ММ

Дөңгелек үстел    

Тақырыбы: «Менің болашақ мамандығым»

(10 сынып оқушыларын арналған)



Тақырыбы: «Менің болашақ мамандығым»

Мақсат: Оқушыларға мамандық таңдауда олардың негізгі түрлері, классификасиясы белгілері, мамандық тобы, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта – ықыласын, қызығушылықтарын арттыру.
Міндеттері:

- кәсіптік мамандық таңдаудың негізгі типтері мен факторлары туалы түсінік беру,

- кәсіптік мамандықтарға деген ынта – ықыласын, қызығушылықтарын анықтау

- кәсіптік бағдар беру.


Көрнекілік: интерактивтік тақта, әдістеменің жауап парақтары, жағымды әуен, карточкалар, постер, видеоролик

Кіріспе сөз:

Құрметті оқушылар! Мына жазылған сөздерді оқып, өз ойларыңды айтыңдаршы.


- Атақты ғұлама Әл – Фараби:
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз.

Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез – келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Әрбір адам өзін – өзі дамыта алу үшін білі м алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек.



Бір-бірімізді жақсы тани аламыз ба?

Барлық қатысушылар ақ қағазды алып одан ұшақ жасап, сол ұшаққа бір бірлеріне деген тілектерін, армандарын жазып бір бұрышқа қарай ұшырады. Әр топтан бір оқушыдан шығып, кімнің жазғанын табады.


Біз сендермен кәсіптік мамандық таңдағанда ең маңызды болып табылатын шарттарды таңдап көрейік.

1. Ақша: мамандық материалдық жағынан жақсы болу керек.

2. Өзін таңдаған мамандықты жақсы көру.

3. Диплом: алдымен диплом алсам болды, профессия артынан табылады.

Осы көз қарастарды ұстанған оқушылар, таңдаған көзқарастары бойынша топтарға бөлініп отырып, өз таңдауларын қорғау қажет.



Сауалнама

1. 1. Сіздің мектептік орыс тілін меңгеру деңгейіңіз үштілдік білім беру бағдарламасы бойынша жоғары оқу орнында білім алу үшін жеткілікті ме?

 Иә Жоқ Жауап беруге қиналамын



2. 2. Сіздің мектептік ағылшын тілін меңгеру деңгейіңіз үштілдік білім беру бағдарламасы бойынша жоғары оқу орнында білім алу үшін жеткілікті ме?

 Иә Жоқ Жауап беруге қиналамын



3. 3. Сіз үш (қазақ, орыс және ағылшын) тілді меңгеру тұлғалық және кәсіптік өзін-өзі жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады деген пікірмен келісесіз бе?

 Иә Жоқ Жауап беруге қиналамын



4. 4. Сіз болашақ кәсіптік қызметіңіздің табысты болуы үш (қазақ, орыс және ағылшын) тілді меңгеруіңізге айтарлықтай байланысты деген пікірмен келісесіз бе?

 Иә Жоқ Жауап беруге қиналамын



5. 5. Сіз пәндер үш (қазақ, орыс және ағылшын) тілде оқытылатын үштілдік білім беру бағдарламасы бойынша оқуға дайынсыз ба?

 Иә Жоқ Жауап беруге қиналамын




«Білеміз бе?»

Мына мамандықтардың қайсысынан хабарымыз бар

І топқа Қазіргі уақытта жойылып кеткен мамандықтар

ІІ топқа ХХ ғасырда пайда болған мамандықтар

ІІІ топқа Соңғы 10 жылдықта пайда болған мамандықтарды

Білетін, естіген, көрген мамандықтарымызды теріп жазамыз және дәлелдейміз/постермен жұмыс/

Қалай ойлайсындар, кәсіптік мамандық таңдағанда не бөгет болып табылады?

Әр адам өзіне мамандық таңдағанда ыңғайлы жағдайына, оның қоғамда қаншалықты қажет екеніне көңіл аударады. Балалар, сендердің ойларынша кәсіптік мамандық таңдағанда не маңызды болып табылады?



Видео ролик

Жаттығу «Жаңа мамандықтар»

Оқушылар сол бөлінген топтарында отыра береді. Жүргізуші жаңа мамандықтар атауы жазылған 2 карточканы таңдап алуды ұсынады. Ол карточкада ол мамандықтар туралы түсініктеме берілмеген. Оқушылардың негізгі мақсаты алған мамандық атауына өмірлік тәжірибелеріне және де сол манадықтың атауына мән бере отырып сипаттама беріп көру. Әр бір мамандықтың атауына оқушылар өз түсініктемелерін бергенен кейін, нақты жауабын жүргізіші слайд арқылы сол мамандық туралы толық түсініктеме, сипаттамасын береді.



  • Ассистент (англ. - assistant) – белгілі бір фирма басшысының барлық қызметтеріне жекелей көмегін көрсетіп, ұйымдастырып отыратын қызметкер.

  • Дистрибьютор (англ. – distribute - распределять) – белгілі бір фирманың өнімдерін тікелей сату мен оларды насихаттау жұмысымен айналысатын қызметкер. Сол фирманың келісім шарты бойынша жұмыс атқарады.

  • Координатор – белгілі бір жұмыс орынында басқада фирмалармен өз ара жұмыс барысын жүйелі жүргізіп отыруға тапсырыстардың орындалуын қадағалап отыратын маман. Және де кіріс шығысты есебін жасаушы.

  • Логистик – от “логистика” – кеден транспорттарының мендежері. Яғни жүк тасмалдау жұмыстарын ұйымдастырушы, жүк тасмалдаушылармен және жүк жіберуші арасындағы жүк қабылдауларды бақылайды.

  • Копирайтер – Белгілі бір фирманың тапсырмасы бойынша жарнама шығарушы адам. Ол жарнама аясында жарнамалық мәтіндер, пресс – релиздер т.б. жасайды. Бұндай қызметтегі адамдарға жоғары шығармашылық қабілет және ойлау мен тілдерді жетік меңгерулері қажет.

  • Мерчандайзер – жекелей тауарлардың сатылуына тікелей жауап беретін маман. Сол өнімдердің бағаларымен жарнамалануына сонымен қоса дүкендердің сөресінде тауарлардың орналастырылуын бақылаушы.

  • Супервайзер (англ.- supervisor – бақылаушы және қадағалаушы) – өнімдердің таралу бағыттарын беруші және де сол өнімдердің сатылуын бақылап, қадағалап отыратын маман.

Медиатор (сотқа дейінгі арақатынасты шешуші.) – белгілі бір мәселеге байланысты түсінбеушіліктер туындаған жағдайда сотқа дейін бұл келіспеушіліктің себеп салдарын анықтап беретін маман.

«Ең жақсы мамандық» ойыны.

Әрбір командадағылар қатысушыларға мынадай сұрақ береді, Қатысушыларға келесі мамандық мінездемелері ұсынылады:


1. Ең ақшасы көпмамандық

2. Ең жасыл мамандық


3. Ең тәтті мамандық
4. Ең жауапты мамандық

5. Ең салмақты мамандық

6. Ең қарым-қатынасы күшті мамандық
«Мамандықты тап» сергіту сәті.

«Мамандықты тап» жұмбақтар шешейік. Жауабы сурет арқылы көрсетіледі

Үлгілерге қараймын,

Үй іргесін қараймын.

Өрнектерді оямын,

Терезесін қоямын. (Құрылысшы)


Елде сақтап амандық,

Емдеп жұртты аман қып.

Қуантады қашан да,

____________ мамандық (Дәрігерлік)

Денсаулығын баланың,

Денсаулығын ананың.

Денсаулығын қарттың да,

Қамқорлыққа алады.


Өндіріске көптеген

Өрісі мол ток берген.

ГРЭС, ГЭС-тер жұмысын

Мен арқылы өткерген. (Инженер)


Бойында шымыр алаулаған жалын,

Жақсылық жайы толғандырған жанын.

Ізгілік үшін бар ғұмырын арнап,

Ойлаумен жүр басқалардың қамын,(Милиционер)


Елім деп соғады жүрегім,

Ұлы Отанның түлегі.

Ол ел –қорғаның, Тыным таппай жүреді (Сақшы )
Қуантады халықты, Асыға оны күтеміз.

Жақсылық хабар әкеліп,

Алыс -жақын туыстан.

.(Пошташы)


Оқу- білім арнасы,

Кім ол- оның анасы.

Дамытады ол адамның,

Ақыл- ойын, санасын.(Ұстаз)



Әдістеме «Қол- мидың жалғасы»

Сан алуан мамандық бар. Ал біздің табиғи бейімділігімізге үнілейік. Алақан бойынша мамандық саласын анықтауға да болады. Саусақтарымызды кеңірек ашып, ақ параққа алақанымызды түсірейік. Бас бармақпен шынашақтың ортасын О нүктесімен белгілеп, осы нүктеден әр саусаққа түзу сызықтар жүргіземіз. Осы жүргізілген сызба бөліктерін сызғышпен өлшеп шығыңыздар.



Қорытынды.

  1. Егер сіздің алақан сызығыңызда бас бармақ пен О нүктесі арасында сызба бөлігі ұзын болса, сіз- басқарушысы.

  2. О нүктесі мен сұқ саусақ нүктесінің арасындағы сызық басқаларынан ұзын болса, сіздің қорғаушы әскери қабілетіңіз мол.

  3. Ортан қол сызығы ұзынырақ болса- сіз тарих, әдебиет саясаткер болуға бейімсіз

  4. Аты жоқ саусақ сызығы үлкенірек болса, сіз өнерге бейіміңіз мол, суретші, музыкант, архитектор, дизайнер болуға қабілеттісіз.

  5. Шынашақ сызығы үлкенірек болса сіз- мұғалім, тәрбиеші, дәрігерлік, шипагерлікке бейімсіз.

Мамандық таңдауға мамандардың кеңесі (видео «Сұранысқа ие мамандықтар»)

Рефлексия. «Тілектер ағашы » 

Бүгінгі кездесуіміздің түйіні ретінде, рефлексия жасап, алдарыңыздағы жапырақ стикеріне бүгінгі кештен алған әсерлеріңізді, тілектеріңізді жазып, «Тілектер ағашына » ілеміз.


Мұғалімнің қорытынды сөзі: Рахмет, сендердің айтқан ой пікірлеріңе қарай, бүгінгі сабағымыз өте маңызды болды деп есептеймін.

«Жарқын болашақтың кепілі- жаныңа жақын кәсіп таңдау» демектей, қазіргі қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, жеке басының, пайдасына қарай өзін өзі толық жүзеге асыруға дайын және бәсекеге қабілетті тұлға болуды талап етеді. Сондықтан да қазіргі кезден бастап,өз- өздеріңді, бір- бірлеріңді танып, өз қабілеттерің мен икемділіктеріңді дамытыңдар. Соған сәйкес болашақ мамандықтарыңды таңдаңдар.


Абыройлы, ақ ниет — адамдыққа сенемін!- дегендей ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі боламын десеңіздер білім алуға барлық күш жігерлеріңді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі — болашақ маман иелері болуларыңызға шын жүректен тілектеспін



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет