Дөңгелек үстел Тақырыбы: «Үздіктен үйрен» атты дөңгелек үстел Мақсаты



бет2/3
Дата16.10.2023
өлшемі30,55 Kb.
#185775
1   2   3
Байланысты:
Үздіктен үйрен

а) Педагогикалық шеберлік – ол…. (мектеп әкімшілігіне)
Педагогикада кәсіби қызметтің сапасын анықтайтын біртұтас әрі жүйелі түсінік “педагогикалық шеберлік” болып табылады. Орыс тілінің сөздігінде “шеберлік белгілі бір саладағы өнер” деп анықтама берілген. Ал шебер өз ісінде жоғары нәтижеге қол жеткізген маман делінген (С.И.Ожегов, 1990).
ә) Мұғалім көшбасшылығының негізгі үш бағыты дегеніміз — ол…..( І деңгейлі мұғалімдер)
1.Оқушыларға немесе басқа мұғалімдерге көшбасшылық ету: әдіскер, коуч, тәлімгер, тренер, оқу жоспарларын әзірлеуші маман, оқытудағы жаңа тәсілдерді әзірлеуші, зерттеу топтарының басшысы;
2.Кезекті тапсырмаларды орындауды басқару: ұйымдастыру іс-шараларын өткізу және оқу бөлімі меңгерушісінің, іс-әрекеттегі зерттеушінің, арнайы жұмыс тобы мүшесінің рөлі арқылы мектепті алға қойылған мақсаттарға қарай ілгерілету үшін тиімді жағдайларды қамтамасыз ету;
3.Шешім қабылдау немесе әріптестік арқылы басқару: мектепті жетілдіру тобына мүшелік, комитеттерге мүшелік, іскер адамдармен, жоғары оқу орындарымен, жергілікті білім беруді басқару органдарымен және ата-аналар комитетімен әріптестікті ұйымдастырушы
б) Ынтымақтастық педагогикасы дегеніміз – ол …(ІІІ деңгейлі мұғалімдер)
Ынтымақтастық  педагогикасы балаларды ынтымақтастыққа, оқу еңбегіне жетектейді, табысқа жету үшін оларға сенімділік туғызады, артта қалмаудың жолын іздестіреді.
Жаңашыл мұғалімдердің айтуы бойынша баланы айқай, қорқыту арқылы тәрбиелеуге, оқытуға болмайды – бұл зорлау, еріксіз көндіру әдісі. Сондықтан олар баламен үндесуді құлық негізінде қарастырады.
а
Адамгершілік және ынтымақтастық бала өмірінде үлкен орын алады. Сондықтан мұғалім ең алдымен баланың дамуы, келешегі жайлы қамқорлық жасайды. Өйткені, олардың өмірге бейімделуі, өмір тәрбиесіне үйренуі мектептен басталады. Міне, осы тұрғыдан қарасақ, ынтамақтастық педагогикасы – құлық педагогикасы, даму педагогикасы. Іс жүзінде бұлардың үшеуі де біртекті құбылыс, мұғалімдер мен тәрбиешілердің әрекет ету тәсілдері, олардың балалармен қарым-қатынасы, істегі ынтымақтастығы.
Әр топқа А3 ламинат, маркер беріледі, өз ойларын ортаға салады. 5 минут уақыт беріледі.
(Осы кезде әуен қойылып, қатысушылардың әуенмен жұмыс істеуіне жағдай туғызылады.)
Әр топтың жауабы «Отшашу» әдісі арқылы бағаланады.
Қатысушылар жауабынан соң қорытынды жасалынады. (слайд)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет