Дөңгелек үстел Тақырыбы: «Үздіктен үйрен» атты дөңгелек үстел Мақсаты


Модератор: 2 – бөлім “Бүгінгі менің ойым”



бет3/3
Дата16.10.2023
өлшемі30,55 Kb.
#185775
1   2   3
Байланысты:
Үздіктен үйрен

Модератор2 – бөлім “Бүгінгі менің ойым” деп аталады. Қатысушыларға мынадай сұрақтар жазылған парақтар таратылады, слайд арқылы да көрсетіледі.
1.Педагогикалық жағдаят
(Қатысушылардың жауаптары тыңдалады. «Басбармақ» әдісі арқылы бағаланады.)
Модератор: 3-бөлім Мұғалімдерге тест деп аталады.
10 сұрақ беріледі. Орындау уақыты 5 минут
Қатысушылар тақтада ілінген кестеге қарап отырып, өзі жинаған балл арқылы өзін өзі бағалай алады.
Модератор: Келесі 4-бөлім “Сүйіспеншілік сипаты” деп аталады.
«Біздің мектептің қазіргі кездегі ынтымақтастық ахуалы қандай?» деген сұраққа байланысты жақсы ойларыңызды жасыл жапыраққа, ал «Қазіргі кезде мектептегі ынтымақтастық атмосферасын бұзып тұрған жағдайлар» туралы пікірлеріңізді сары жапыраққа жазып, ілулі тұрған тақтадағы ағашқа жапсырамыз.
Тақтаға «Білім ағашы» ілінеді.
(Қатысушыларға 2 минут ой-пікірін жазуға, 3 минут оны айтып беруге уақыт беріледі)
Енді осы ойларымыздың барлығы неге ағашқа жапырақ түрінде жапсырылды, қалай ойлайсыздар?
(Қатысушылардың пікірі тыңдалады, модератордың өзі қорытындылайды)
5-бөлім. Қорытынды.
Модератор:
Мектеп – мұғалімдер үшін екінші үй. Оқушылар оның өз баласы іспетті. Сонда олар өте үлкен отбасында өмір сүріп жатырғандай. Әрбір отбасы — өрнек жайған ағаш діңгегі. Егер осы сары жапырақтар көп болса, сіздің мектебіңізді қауіп – қатер, қорқыныш, бақытсыздық жайлай бастағандығы. Ал егер жасыл жапырақ көп болса, онда сіздің мектебіңізде түсіністік, сыйластық, адалдық, жүрек жылуы, ұстаз бен оқушы, ата-ана арасында ынтымақтың мол болғаны. Сондықтан да, құрметті әріптестер, педагогикалық қызметте шеберліктің шыңына жетіп, ынтымақтаса жұмыстанайық.
Белсене қатысқандарыңызға көп рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет