Дөңгелек үстел Тәрбиеші: Табылдева А. Т. Тақырыбы: «Балалардың жарқын болашағы үшін»


тренинг «Бауырсақ» ертегісі Қорытынды



бет4/4
Дата04.10.2020
өлшемі0,7 Mb.
#64014
1   2   3   4
7 тренинг «Бауырсақ» ертегісі




Қорытынды

Қазіргі уақытта жұртшылықтың  балаларды  тәрбиелеуге қатысы кеңейе түсіп,тәрбие жұмысы еңбек ұжымының күнделікті ісіне айналуда  тәрбиешілердің практикасында ата-аналармен және көпшілікпен бірігіп жұмыс істеудің әр түрлі формалары  қалыптасып,  жемісті  түрде  қолданылуда. Олар ата-аналармен  жекелеп  және ұжымдық жұмыстар  жүргізді. Балаларды тәрбиелеудің дұрыс жолын табу үшін ата-аналарға көмектесу тәрбиешілердің міндеті.Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлерін қалай ұйымдастыруға болады? Ол үшін біз ата-аналармен жақынырақ танысып,  отбасының  әлеуметтік  жағдайын, отбасы  мүшелерінің бала тәрбиелеудегі ролін анықтау үшін, ата-аналардың  ұсыныс пікірлерін,  ойын  бөлісу  мақсатында  сауалнамалар,  анкеталық  сұрақтар алуымызға болады. Сонымен бірге жыл бойғы жүргізілетін жұмыс түрлерін ата-аналармен бірлесе отырып жасаған тиімді. Себебі, ата-аналар заман талабына сай өзекті мәселелерді, отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыптарды өздері ұсына алады. Сонымен қатар ата-аналардың ұсыныс-пікірлермен санаса отырып ата-аналарға арналған әңгімелер мен лекциялар, консультациялар, сұрақ-жауап кештері, тәрбие жұмысын алмасу жөніндегі конференциялар, ата-аналарды педагогикалық әдебиеттермен таныстыру әдіс-тәсілдері қарастырылады. Егер ата - ана мен балабақша өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл - қыздары жан - жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз

Жоба соңында мынандай нәтижеге қол жеткіздік.

1.Ұсынып отырған бұл жинақ ата-анамен бірлескен іс-әрекеттің нәтижелі жүзеге асуына үлкен ықпалын тигізді.

2.Ата -аналардың өз балаларының іс- әрекеттерін ұйымдастыруға, қатысуға қызығушылығы мен белсенділіктері артты.

3.Бала тәрбиесіндегі жауапкершілікті сезінді. Ата-аналардың бөбекжайға, тәрбиешілерге деген позитивті көзқарасы қалыптасты.



Жобаны қорытындылай келе ата-аналардың балабақшадағы шараларғы, қоғамдық жұмыстарға қатысуы, белсенділігі айтарлықтай жоғыралды. Оны төмендегі мониторингтен көруге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет