Doi: 10. 47751/skspu-1937-0028 ДӘСТҮрлі білім беру жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктері



Pdf көрінісі
бет2/11
Дата08.02.2022
өлшемі0,64 Mb.
#118212
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
7 oh n127 2021 0
ҚР БҒМ 2020-2025 дамыту жоспары.kaz, 7 oh n127 2021 0
Кілт сөздер:
 дәстүрлі білім беру жүйесі, технология, білім, педагог, сапа. 
Кіріспе. 
«Дәстүрлі оқыту» термині алғаш рет ХVІІ ғасырда 
Я.А.Коменскийдің дидактикалық принципінде қалыптасқан сыныптық-сабақтық 
оқытуды ұйымдастыруды қамтиды. Және бұл жүйеге соңғы жылдары ғана 
біршама өзгертулер енгізіліп, жаңартылған оқу технологиясының тиімділігі 
айшықтала отырып, білім жүйесіне енгізілді. Әрине, жаңартылған білім беру 
жүйесінің артықшылықтарының басым екендігі сөзсіз. 
Бүгінгі қоғамда орын алып жатқан сан-салалы сапалық өзгерістер
жаңартулар, жаңа дүниелерге бетбұрыстар да оқытушылардың өз істеріне сыни 
көзбен қарауға итермелеп жатқаны сөзсіз. Өйткені балаларға берілетін білім де, 
тәрбие де, қоршаған ортаға деген көзқарас та мұғалімнің іс-әрекеті, беретін білімі 
мен үлгі-өнегесі арқылы қаланады. 


«ОҚМПУ ХАБАРШЫСЫ – ВЕСТНИК ЮКГПУ», № 1 (27), 2021 ж. 
67 
Ғылым мен техниканың өркендеп, қоғамның да жаңа өзгерістерге қанат 
жайған сәтінде жеке тұлғаның дамуы, жүгі ауыр, жауапкершілігі мол түйткілерді 
шешу – педагог-мамандардың басты міндеті. 
«Бала оқытатындар бала оқытуын жақсы білерге керек. Бала оқытуын 
жақсы білейін деген адам әуелі балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білерге 
керек, екінші, баланың табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адам боларға 
керек. Оны білуге баланы туғаннан бастап, өсіп жеткенше тәнімен қатар ақылы 
қалай кіретінін білерге керек», – деп бала өміріндегі мұғалімнің рөлінің ерекше 
екенін Ахмет Байтұрсынұлы өз мұраларында анық, айқын көрсетіп кетті 
(Педагогикалық ғылыми мұра, 2009, 15 б.). 
Қазақтың тұңғыш педагогы Ыбырай Алтынсарин «Хрестоматиясында» 
балалардың жас ерекшелігі мен ішкі мүмкіндіктері ескере отырып: «Мұғалімнің 
жұмысы – балалар. Егер балалар бірдеңені түсінбейтін болса, онда оқытушы 
олардың көкейіне қондыра алмағаны үшін өзін-өзі кінәлауға тиіс. Ол балалармен 
сөйлескенде ашуланбай, жұмсақ сөйлесу, шыамдылық етуі керек, әрбір нәрсені 
ықыласпен түсінікті етуі керек, мәнерлі сөз, орынсыз терминдерді пайдаланбау 
керек», - деген еді (Педагогикалық ғылыми мұра, 2009, 15 б.). 
Олай болса, дәсүрлі білім беру жүйесінің артықшылғыны айтпас бұрын, өз 
кезеңінде өткір ойларымен, сүбелі сөздерімен ғылымға үлес қосқан ұлы 
тұлғалардың ұсынған технологияларына жеке тоқталғанымыз жөн болар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет