Доклады казахской академии образования Ежеквартальный журнал издается с 2008 года



Pdf көрінісі
бет114/117
Дата31.10.2022
өлшемі2,64 Mb.
#155933
түріДоклад
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   117
Байланысты:
KAO-3-2020
2018-12-12-Краткий отчет по АПН-Туркестанская обл. 0
сиренді

Қазақша 
бөртегүл
 дейді. 
Қоршап бақша үйлерді, 
Көктемде ерте гүлдейді. 
Айтсақ сөздің анығын, 
Мәлім бізге ерте бұл, 


329 
Шыңғысханның жарының 
Аты осы 
Бөртегүл
...
(Асқар О. «Бөртегүл»). Ақын осы жыры 
арқылы кейде 
бөртегүл
, кейде 
бозқараған,
кейде 
сирень 
деп әрқалай 
аталып жүрген әдемі гүлдің 
бөртегүл
екенін нықтап айтып, бекітіп 
бергендей.
Қызғалдақ
гүлінің үлбіреген әдемілігіне орай қазақ халқы қыз 
сұлулығын 
қызғалдақтай құлпырған, қызғалдақ атты, қызғалдақтай
деген бейнелі сөздермен жеткізген. Қыздардың бойжетіп, тұрмысқа 
кеткенге дейінгі өз отбасында өткізетін қысқа ғана ғұмырын – 
қызғалдақ 
ғұмырға
теңеген. Себебі халқымыз қыз баланы «жат жұрттық» деп 
санап, кішкене кезінен бастап, орнын тауып кеткенге дейін қонағындай 
күтіп, көңіліне қарап, төрінен орын беріп, ерекше қастерлеген. Қысқа 
ғана қыз ғұмырында барынша еркелеп алсын деп бетінен қақпаған. 
Қызғалдақ
гүлін қыз ғұмырға теңеуінің себебі – табиғи 
қызғалдақ
сәуір 
айының ортасында гүлдеп, тым қысқа, небары 15-20 күнге жуық қана 
«өмір сүреді». 
Қыз ғұмыр
мен 
қызғалдақ ғұмырды
теңеуінің осындай 
себебі бар. Ғұмыры тым қысқа болғандықтан, «көкті жұлма, көктей 
соласың» деген тыйыммен 
қызғалдақ
гүлін де жұлдырмаған. 
Адамның өмірін де «қамшының сабындай қысқа ғұмыр», «өткінші 
өмір», «бес күндік жалған» т.б. деп дүниенің өтпелілігін құлпытастарға 
қызғалдақ
гүлінің суретін салу арқылы да көрсетіп отырған.
«Қазақтың дәстүрлі қолөнерінде қолданылатын ою-өрнектерінің 
бір тобы 
қызғалдақ
гүлінің негізінде қалыптасқан, мұндай өрнектер 
көбінесе симметриялы екі жағына иілген гүл жапырақты болып келеді. 
Сыртқы нышаны 
қызғалдақпен 
үндес, атауы да осыған байланысты 
«гүл» немесе «қызғалдақ гүл» деп аталады [8]. Мұндай өрнектерді 
әйелдердің сән-салтанатқа арналған көйлегінің, шапанының етек, жеңін 
және өңірін көркемдеп кестелеу үшін ұласпалы желі түрінде жиі 
қолданған. 
Қызғалдақтың
жұмақ гүліне баланып, ерекше қастерлегенін 
мұражайларда сақталған алтын-күміс әшекейлерден, сәнді киімдерден 
көруге болады. Мысалы, «Жетісудағы «Теңдік» қорғанынан табылған 
біздің заманымызға дейінгі ІІІ-ІІ ғасырлардағы сақ патшалары мен 
көсемдерінің киімдері 
қызғалдақ 
тәрізді оюмен әшекейленген. Одан 
бөлек 
қызғалдақтың
бейнесіндегі жалпақ алтын тіліктер табылған. Орта 
Азия аймағынан табылған Х-ХІІІ ғасырлық қыш бұйымдарға да осы 
гүлдің
суреттері салынған. Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі жұқа 
кірпіштерде, Отырар жазирасындағы ортағасырлық қыштардан да осы 
бейнені көруге болады». 


330 
Сонымен қатар, тілімізде этномәдени атау ретіндегі «қызғалдақ 
май» деген тіркес те кездеседі. Көктемде алғашқы май алынған кезде, 
майдан ауыз тимес бұрын азырақ мөлшерін отқа тамызады. Бұл жерде 
«оттың жолы үлкен» деген отқа табыну салтының бір көрінісі 
байқалады. Содан кейін біртіндеп барлығы майдан ауыз тиеді [9, 189 б.]. 
Бұл салттың «қызғалдақ май» аталуының себебі 
қызғалдақтың
ерте 
көктемде алғашқы болып шығатын өсімдіктердің қатарына 
жататындығына байланысты болса керек. 
Қызғалдақ
атауының танымдық уәжін профессор Б. Қалиевтің 
этимологиялық анықтамасы да бекіте түседі: «
Қызғалдақ
ақпан, наурыз 
айларында гүлдейтін көрікті де сәнді өсімдік. 
Қызғалдақ
сөзі 
қыз
және 
ғалдақ 
деген екі сөздің бірігуінен жасалған. Мұндағы 
қыз 
сөзі – 
қызыл 
сөзінің қысқарған нұсқасы да /
қызар, қызғылтым, қызғылт
т.б., ал 
ғалдақ
көне түркі тілінде қазіргі 
гүл
/цветок/ сөзінің орнына 
қолданылған. Тілімізде осы модельде жасалынған 
бозғалдақ, 
қарағалдақ, көкғалдақ, сарғалдақ, итғалдақ 
деген өсімдік атаулары бар» 
[10, 84]. 
Қызғалдақ
атауының этимологиясын халық тіліндегі 
«


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет