Доклады казахской академии образования Ежеквартальный журнал издается с 2008 года



Pdf көрінісі
бет81/117
Дата31.10.2022
өлшемі2,64 Mb.
#155933
түріДоклад
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   117
Байланысты:
KAO-3-2020

Алтау болар, бес болар, 
Ішінде абаданы бір болар (Абадан – үйірді басқарушы көшбасшы 
деген мағынаны білдіреді)
[12,49 б.], - деп «бөрінің де тәңірісі бар» 
екендігін және одан көз жазса, басқаларынан бақ таятындығын білдірсе, 
Шернияз Жарылғасұлы: «
Ел үстіне жау келсе

Көк бөрідей ер керек
» 
[13, 36 б.], - деп елді қорғайтын ерлерді көк бөріге теңейді. Махамбет 
Өтемісұлы да өзінің ер тұлғасын: 
«Исатайдың барында Екі тарлан бөрі 
едім
» [12, 230], - деп сипаттайды. Нысанбай ақынның «Кенесары-
Наурызбай» жырында ер Науанның қасындағы отыз жігіті де 
көкжал 
бөріге
баланып, олардың әрбірінің қол бастауға қабілетті екендігі 
айтылады [14]. 
 
«
Бөрі басы» – ұраным, 
Бөрілі менің байрағым
! - деп жырға қосқан Сүйінбай ақын 
жырынан түркі халықтарының дала жыртқышы – бөрі бейнесі халықтың 
жауға шапқандағы жауынгерлік рухын оятатын рәмізі – байрағында 
болғанын көреміз [15, 13 б.]. М. Жұмабаев «Тез барам» өлеңінде: 
Жас 
бөрідей біраз ойын салайын
[16, 62 б.], - деп әруақ шақырса, Бернияз 
Күлеевтің «Жорық» атты монологтық поэмасының қаһарманы өзін 
жауға жалғыз шапқан бөріге теңестіреді [17]. Ал Жамбыл ақын өзінің 
«Сұраншы батыр» жырында:
Аш қасқырдай
батырдан... 
Қай жау қашып құтылды 
[18, 585-586 б.б.], 

деп
 
жауға шапқан 
батырды аш қасқырға теңеп, оның құрсауына түскен жаудың құтыла 
алмайтынын бейнелі сөзбен жеткізеді. 
Ел аузындағы әңгімелерде Көк бөрі бейнесінің берілуі қоғамдық-
әлеуметтік жағдайға байланысты түрленіп отырады. Бөрі көбіне 
батырдың қарғаушысы, желеп-жебеушісі рөлінде көрінеді. Мысалы, 
Қаз дауысты Қазыбектің жиені Абақ керей Жәнібектің, Есет батырдың 
жебеуші көк бөрілері болған деген аңыз бар. Керей Жәнібек ұйықтаған 
кезде үстінде екі бөлтірік ойнап жүрсе, Есет батырдың езуін арлан 
жалап тұрады екен. Бұл жерден байқағанымыздай, ержүрек 
батырлардың аруағын үстем етіп көрсету мақсатында оларды үнемі 
«көк бөрі» ұғымымен байланыстырып отырған.
Көк бөрі бейнесі түркі халықтарының мақал-мәтелдерінде, түркі 
ойшылдарының кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдырған қанатты 
сөздерінде үлкен орын алады. Атақты ғұламалардың еңбектерінде 


261 
бөрінің қасиеттері туралы айтылған мынадай пікірлер бар: «
Бөріден – 
бөлтірік: қанша асырасаң да бір күні қанға бояйды» 
(С. Сарайи
), «Бөрі 
қоңсысын жемейді», «Қырда қасқыр ұлыса, үйдегі иттің бауыры 
сыздар», «Бөрінің табысы – бөлісте» 
(М. Қашқари
), «Шопан құтқарып 
алайын деп тартқыласа, қасқыр қауып қалайын деп тартқылайды»
(Құтып) [19, 195 б.б.]. 
Қазақ мақал-мәтелдерінде бөрінің мынадай танымдық қырларын 
байқауға болады:

Қасқыр – бұғауға көнбейтін тұз тағысы, оны бағындыру немесе 
үй жануары ретінде қолға үйрету мүмкін еместігін көрсету: «
Бөрі 
баласын асырағанмен ит болмас», «Қасқыр айдағанға көнбес, шошқа 
байлағанға көнбес», «Бөрі баласын бөркіңе салсаң, ит болмас» 
«Қасқырдың күшігін қанша асырасаң да, тоғайға қарап ұлуын 
қоймайды»


Қасқыр аса азулы, жыртқыш аң ретінде суреттеледі: 
«Бөрі 
арығын білдірмес, итке сыртын қампайтар», «Бөрік тастап, бөріден 
құтыла алмассың», «Қасқыр қартайса да, қойға әлі келеді», 
«Қасқырдың ауызы жесе де қан, жемесе де қан», «Қасқыр тойғанына 
емес, қырғанына мәз», Қойдың қарғысы қасқырды қаппайды», «Мықты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет