Доклады казахской академии образования Ежеквартальный журнал издается с 2008 года



Pdf көрінісі
бет84/117
Дата31.10.2022
өлшемі2,64 Mb.
#155933
түріДоклад
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   117
Байланысты:
KAO-3-2020
2018-12-12-Краткий отчет по АПН-Туркестанская обл. 0
Ш. Мұртазаның «Ай мен Айша» романындағы «Жалаңаш қасқыр» 
үзіндісінде
ханның бағында жайылып жүрген елікті қасқыр жеп кетеді. 
Ханның нөкерлері арланның аяқтарын қыл шыбырмен матап, аузын 
қайыспен құрсаулап, ханның алдына әкеліп тастайды. Хан қасқырдың 
терісін тірідей сыпыруды бұйырады. «
Тірі қасқырға пышақ салып, 
терісін сыпырғанда, әлгі арлан бір қыңқ етпеді. Тек шоқ көздерінен 
бірер тамшы жас шықса керек... Жанына жаман батса да артқы 
аяқтарымен шоқшиып отыра қалып, алдыңғы екі аяғымен жер тіреп, 
хан отырған таққа қарап қойып содан соң, қан толы көзін жұмып 
алып, тұмсығын көкке көтеріп, әй, бір ұлыды.
...
Көк Бөрі баласы ит 
сияқты адамға жарамсақтана алмайды. Ол үрмейді де, қыңсылап 
жыламайды да. Тек, Көктегі Тәңірге ғана мұңын шағады
[25]. 
Бұдан түйетініміз: Көк бөрі – қайсар, шыдамды, қорлыққа да 
қасқайып шыдас беретін хайуан. Сондықтан да халқымыз оны 
құрметтеген, киесінен қорыққан. Бөріні қорламаған, ешқашан да 
азаптап өлтірмеген. Егер де азаптап өлтірсе, жамандыққа ұшырайды 
немесе ұрпағына зиян келеді деп ойлаған. Осы ойды жазушы былай 
жеткізеді: «
Әлде содан ба, әлде басқа себептен бе – кім біледі, бір 
Тәңірден басқа ешкім білмейді. Әйтеуір, содан соң-ақ әлгі айбынды 
асқақ хан билеген елдің әлемді жарқыратқан Күні бешінге, ақшамға 
қарай құлдырай береді деседі...
...Көк Бөрі біздің қасиетті киеміз ғой. Көк Түрік заманында көк 
байраққа алтындап, Көк Бөрінің басын салып қояды екен. Сол тегін деп 
пе едіңіз?! Тегін емес қой»
[25]. 
М. Мағауин «Қасқыр – Бөрі
» әңгімесінде қасқыр мен бөрі атауы 
бір болғанымен, оның ерекшелігіне тоқталады:
Бөрінің орнына қасқыр келді. Шын мәнісінде екеуі бір-ақ аң: бөрі 
деген – қасқыр, қасқыр деген – бөрі. Атау ғана ауысқан. Сырттай 


265 
қарағанда. Ал шын мәнісінде... бәрі өзгерді. Кейінгі қасқыр – бұрынғы 
бөрідей бола алмады. Бөрі – ырыс еді, ұран еді,бөрі – батыр еді. Ендігі 
қасқыр...сорға айналды, ұранға ене алмады, оның ерлігінің өзі 
қарақшылыққа саналды. Барлық асқақ сыпат, жақсы қасиет – бөрінің 
бойында қалды. Абыройсыз істің бәрі қасқырға телінді... Баяғы құрт 
пен шенеден, кешегі бөріден қайтқан бақ, көшкен рух қасқырға 
қонбапты. Қасқыр – даланың төрт аяқты жыртқыш, қорқау, жебір, 
рахымсыз аңы ғана екен. Бұрын батырды бөріге теңесе, енді қадыр-
қасиеттен ада зұлым адамды қасқырға теңейтін болыпты. 
Жазушы осылай ой түйе келіп, өзінің ұрпағының қайтадан 
бұрынғы «бөрі» қалпына түсуін қалайды. Ол: «
Көк бөрінің бүгінгі 
ұрпағы өзінің әуелгі қалыбын табуы үшін, тек жүрек қана басқаша 
соғуы керек!»
– деп кейінгі ұрпақты жүректі, қайсар, батыл болуға 
үндейді. Осылайша ол арғы атамыз – Ер Түрік, қазақ елі – Бөрі әулеті 
екенін дәлелдейді [26]

Дүкенбай Досжанның «Жібек жолы» атты тарихи романында 
қасқырлар өлім мен өмір арасында көрінеді: «
Ошақбайдың көзіне қос ақ 
қасқыр шалынды, қырқаны құлдап бермен жосып келеді. Әлгінде 
азынап ұлыған дәп осы мұндар мақұлықтар екенін білді. Тақап қалғанда 
көрді, екеуінің аузында екі бөлтірік бар, түн әлпетінде бөлтірігін 
тістеп ауа қашқан қасқырларды көргені осы. Әлгілер қарсы ұшырасқан 
аттылыны көргенде қалшиып, қатып тұра-тұра қалысты. Бауырын 
көтермеген күшіктерін жерге түсіріп алды. Арланы болар, жер 
бауырлап жатты. Азуды қандар қырғын шайқасты күтті. Көзінде 
қамсау от пен өшпенділік тұрды»
[27]. Бұл үзіндіден қасқырдың өз 
баласын тастамай, қандай қиындық болса да шыдап, баласы үшін 
қандай шайқас болса да дайын тұрғанын байқаймыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет