66
Түйін сөздер:
инклюзивті білім беру, жаңа формациядағы педагог,
педагогикалық кадрлар, педагогтар даярлау, педагог даярлау моделі,
дидактикалық модель.
Инклюзивті білім беру үдерісі әлемдік деңгейде терең зерттеліп
жатқан өзекті мәселелердің бірі, сәйкесінше теориялық және
практикалық жағынан жеткілікті ғылыми-әдістемелік материалдар
жинақталған. Оның ішінде білім алу қажеттіліктері ерекше балаларды
мектепке дейінгі, мектеп және кәсіптік білім беру ұйымдарында
инклюзивті білім беру жағдайларында оқыту мен тәрбиелеу,
дамыту
мен даму кемістіктерін түзету және әлеуметтік бейімдеу мәселелері
бойынша атаулы үдерісті оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету ісі
алға қойылған. Инклюзивті оқыту жүйесін енгізу мен дамыту дамыған
елдердің көрсеткіштерінің бірі болғандықтан біздің елімізде де бұл
оқыту жүйесін дамыту басым бағыттардың бірі болып саналады.
Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың
тұжырымдамалық тәсілдемесінде [1] көрсетілген инклюзивті білімді
дамытудың негізгі 4 механизмінің бірі – кадрлық қамтамасыз ету
екендігін жоғарыда айтып өттік. Шындығында инклюзивті білім беру
үдерісін жүзеге асыратын негізгі субъект – мұғалім. Демек, заманауи
білім беру кеңістігінің талаптарына сәйкес,
педагогикалық кадрлар
даярлау ісінің мазмұны да түбегейлі өзгеріп, қоғам мен нарық
талаптарына сай жан-жақты қалыптасқан, жаңаша ойлайтын, жаңа
жағдайларға бейімделгіш, оның ішінде қалыпты дамыған балалармен
ғана емес, білім алу қажеттіліктері ерекше балалармен де жұмыс істеуге
даяр жаңа форматтағы мұғалім даярлау мәселесінің өзектілігі арта
түсуде.
Білім алу қажеттіктері ерекше (БАҚЕ) балаларды оқыту мен
тәрбиелеу ісіне педагог мамандар даярлау мәселесі бойынша әлемдік
ғылыми еңбектерге анализ жасай келе, қазіргі кезде болашақ мұғалімнің
кәсіби және жеке тұлғасын саналы да сапалы түрде өзгерту үдерісін
жүзеге асыруға мүмкіндік беретін педагогикалық
тәжірибелердің
ғылыми-әдістемелік қоры жинақталғандығы анықталды. Жаңа
форматтағы мұғалім тұлғасының дәстүрлі мұғалім тұлғасынан
айырмашылығы – оның педагогикалық қызметімен қатар әлеуметтік,
түзетушілік және оңалтушылық қызметтерді атқаруға даярлығында.
Демек, жалпы білім беретін мектептерде БАҚЕ балаларды оқыта
алатын педагогтар даярлау болашақ мұғалімдерге жалпы педагогика
мен оқыту әдістемелерін меңгертуден басқа арнайы педагогика мен
арнайы оқыту әдістемелерін де меңгертуді талап етеді. Осының
67
негізінде педагог мамандар даярлау бағдарламасының білім мазмұны
қайта қаралып және жаңартылып жатыр.
Дәстүрлі мұғалім тұлғасынан ерекшеленетін,
инклюзивті білім
беру жағдайларында жұмыс істеуге даяр педагогтардың кәсіби
құзыреттілігінің негізгі құрамдас бөліктерін зерттеуге арналған
ғалымдардың бірі С. Asedo былай дейді: «Педагогикалық білім берудегі
ең үлкен проблемалардың бірі – инклюзивті оқытуды жүзеге асыратын
педагогтарды даярлау болып табылады. Педагогтарды инклюзивті білім
беру мәселелері бойынша кәсіби даярлаудағы жоғары білімнің
стратегиялық рөлін қолдау қажет; инклюзивті білім беру
жағдайларындағы оқыту мен тәрбиелеу үдерістері саласындағы
инновациялық зерттеулерді көтермелеу қажет; мектеп басшыларын
ерекше оқушылардың әралуан сұраныстарына дұрыс көзқараста болуға
оқыту қажет» [2].
C.Kosnik,
C.Beck,
A.Lin
Goodwin
[3],
J.Stephenson
[4].
H.Gudjоnsdоttir, M.Cacciattolo, E.Dakich, A.Davies, C.Kelly және
Mary C. Dalmau [5] сияқты авторлар
педагогикалық білім беру
саласында жүргізген зерттеулері негізінде, инклюзивті білім беруді
дамыту ісінде табысқа жету педагогтардың мәдени құндылықтарға
деген, әлемге деген көзқарастарының өзгеруін қажет етеді және ол
педагогикалық білім беру бағдарламаларының мазмұнына тікелей
байланысты екенін атап өтеді.
Осыған ұқсас пікірлерді С.И. Сабельникова [6], И.Н. Хафизуллина
[7, 43 б.], О.С. Кузьмина [8, 82 б.], В.В. Хитрюк [9, 27 б.], Г.О. Банч,
Т.Л. Чепель, А.Г. Ряписова [10] кездестіруге болады. Бұл авторлар
инклюзивті білім беру саласына қажетті педагогтардың кәсіби
құзыреттілік компоненттерін атап көрсетеді және осы құзыреттіліктерді
қалыптастырудың жолдарын айқындайды.
Қазіргі кезде инклюзивті білім беру үдерісі бойынша нормативтік-
құқықтық, әдістемелік ақпараттар базасы құрылғанымен,
нақты
Қазақстан Республикасы бойынша инклюзивті білім беру үдерісін
кадрлық қамтамасыз ету мәселесі бойынша зерттеу нәтижелерін
көрсететін З.А. Мовкебаева, И.А. Оралканова, С.С. Жакипбекова
сияқты санаулы ғана отандық ғалымдардың еңбектері бар.
Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың
тұжырымдамалық тәсілдеріне (2015) сәйкес, 2016-2017 оқу жылынан
бастап педагогикалық білім бағдарламасының мазмұнына міндетті
компонент ретінде «Инклюзивті білім беру» пәні енгізілді. Бұл жалпы
білім беретін мектептің болашақ мұғалімдерінің негізгі білім, білік,
68
дағдыларымен қатар, төмендегідей жаңа
кәсіби құзыреттіліктерді
қарастыратын оқу модулі болып табылады.
Жаңа форматтағы педагогтың құзыреттіліктері:
-
білім алу қажеттіліктері ерекше балаларды толерантты
қабылдауға дайын болу;
-
баланың психикалық және физикалық даму ерекшеліктерін
білу;
-
білім алу қажеттіліктері ерекше балаларды оқытудың арнайы
әдістемесін меңгеру;
-
білім алу қажеттіліктері ерекше балалар мен олардың ата-
аналарын психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуде әртүрлі
бейімдегі мамандар командасында жұмыс істей білу;
-
жеке-дара білім беру бағдарламасын құра білу (оқытудың
дербес траекториясын әзірлеу) [1].
Жалпы білім беретін мектептер мен ғылыми зерттеулердің
тәжірибелеріне жасалған талдау кәсіби білім беру саласындағы
педагогтардың басым көпшілігі білім алу қажеттіліктері ерекше
балалармен жұмыс істеуге дайын емес екенін көрсетіп отыр.
Инклюзивті білім беруді енгізуде жалпы білім беретін
мектептердің мұғалімдерінің кәсіптік, психологиялық және әдістемелік
тұрғыдан білім алу қажеттіліктері ерекше
балалармен жұмыс істеуге
даяр болмауы проблемасы ең басты проблемалардың бірі.
Мұғалімдердің инклюзивті ортада жұмыс істеуге қажетті кәсіби
құзыреттіліктерінің жеткіліксіздігі, психологиялық кедергілер мен
кәсіби стереотиптері атаулы үдерісті дамытуға ешқандай мүмкіндік
бермейтіні мәлім.
Достарыңызбен бөлісу: