Тест № 6
Ауа. Ауа-райы. Климат.
1. Ауа тірі ағза ________________________________________________үшін қажет.
2. Климат деген не?
А) күнделікті ауа райы
Ә) Ауа райындағы сағаттық өзгерістер
Б) Ауа райындағы өзгеріс
В) Ауа райының жыл сайын қайталануы
3.Ауаны тазартудың ең тиімді жолын көрсет
А) завод, фабрикаларды азайту Ә) адам санын көбейту
Б) көгалдандыру В) транспорт түрлерін көбейту
4.Көгалдан аумағы жағынан үлкенін қалай атайды?
А) бақша Ә) шалғын
Б) егістік В) дала
5.Шалғын өсімдіктерін тап
А) лалагүл, тұңғиық Ә) тышқанбұршақ жусан
Б) қызгалдак, бозжуа В) кактус, алоэ
6.Шалғындағы улы өсімдіктерді тап
А) қорғасын, сарғалдақ Ә) балықот, күреңот
Б) мойыл, шырша В) қоға, қияқ
7.Шалғын жануарларын көрсет
А) арқар, барыс Ә) киік, бұғы
Б) бөдене, құладын В) қасқыр, түлкі
8.Шалғындықтың пайдасы
А) мал жайылады Ә) қосмекенділер өмір сүреді
Б) ағаштар көп өседі В) ірі жануарлар мекендейді
9.Ормансыз жазық алқап қалай аталады?
А) шалғын Ә) шөл
Б) дала В) тау
10.Дала өсімдіктерін көрсет
А) Лалагүл, тұңғиық Ә) қоға, құрақ
Б) шырша, карағай В) бетеге, жусан
11. Дала жануарларын белгіле
А) қасқыр, қарақұйрық, суыр Ә) бөдене, бүркіт, құладын
Б) барыс, жапалақ, марал В) құндыз, камшат, шабақ
12.Қыста ұйқыға кететін жануарларды көрсет
А) акбөкен, кірпі, касқыр Ә)тиін, тоқылдақ, аламан
Б)аю, кірпі, борсық В) киік, марал, бұғы
13.Суға тапшы аймақ қалай аталады?
А) шөл Ә) шалғын Б) өзен В) тау
14. Шөл өсімдіктерін көрсет
А) қарағай, терек Ә) жоңышқа, күреңот
Б) лалагүл, тұңғиық В) қызгалдак, шырын
15.Көп жылдық шөптекті шөл өсімдігі, домаланып желмен бірге
өседі, бұл өсімдік қалай аталады?
А) қаңбақ Ә) селеубояу Б) ақсексеуіл В) шөл қияғы
Тест№7
1.Шөл жануарларын көрсет
А) арқар, барыс Ә) камшат, құндыз
Б) қарақұйрық, буылдырық В) бөдене, бүркіт
2.Үріккенде 60 шақырым жылдамдықпен жүгіре алатын жануар.
Бұны халық киік деп те атайды?
А) қарақұйрық Ә) ақбөкен
Б) марал В) бұғы
3.Суатқа жылдам ұшып барып, балапандарына су әкеліп беретін
кептер шамалас шағын шөл құсы қалай аталады?
А) сауысқан Ә) бөдене
Б) буылдырық В) торғай
4.Мол суда өсетін азықтық дақыл қалай аталады?
А) жүгері Ә) мақта
Б) тары В) күріш
5.Сабағы қоңырқай түсті бұта тәрізді өсімдік.
Ол ұзақ жаз ыстық күң, мол суды керек етеді.
А) бидай Ә) мақта
Б) тары В) қызылша
6. Мақгадан алынатын мал азығы қалай аталады?
А) күнбағыс Ә) күнжара
Б) мақта В) кауашақ
7. Оңгүстік Орталық Америкадан шыққан,үндістер ерте заманнан
айналысқан өсімдік:
А) сұлы Ә) арпа
Б) жүгері В) тары
8.Жүгеріден алынатын мал азығы қалай аталады?
А) күнжара Ә) сүрлем
Б) күнбағыс В) сұлы
9.Мұртшалары арқылы өрмелеп өсетін, жылылықты жақсы көретін
өсімдік
А) алма Ә)шие
Б) жүзім В) алмұрт
10.Қазақгың құйрықты қойы, салмағы 40-50кг болатын өсімтал, тұқымды қой қалай аталады?
А) қара қой Ә) қаракөл қойы
Б) арқар-миранос В) еділбай қойы
11. Жүнді, етті қой тұқымы, жүндері ұзын, 5-9 кг жүн алынатын асыл тұқымды қой аты
А) қаракөл Ә) арқар-миранос
Б) ала сиыр В) мүйізді сиыр
12.Жылына 400-500 кг. таза ет беретін, етті сиыр тұқымы.
А) ақбас сиыр Ә) қызыл сиыр
Б) ала сиыр В) мүйізді сиыр
13.Түйе сүті қалай аталады?
А) қымыз Ә) айран
Б) уыз В) шұбат
14.Шөлге төзімді жануар
А) түйе Ә) қой
Б) сиыр В) жылқы
15.Шөлді жерді мекендейтін, жауынан қорғана беретін ебедейсіз
кірпі түрі қалай аталады?
А) мойынды кірпі Ә) карынды кірпі
Б) құлақгы кірпі В) бүйірлі кірпі
16. Шөлдегі суармалы жерлерінде өсірілетін бақша өнімдері:_____________________________________________________________
17. Семей мен Ақмола облыстарында _________________________________тұқымдас мал өсіреді.
Тест№8
1.Гүл шоғы сырға тәрізді, қабығы аппақ, ормандағы көрікті ағаш
қалай аталады?
А) үйеңкі Ә) қарағай Б) қайың
2.Орман құстарын көрсет
А) көгершін, сауысқан Ә) тоқылдақ, жапалақ
Б) қарға, үйрек В) бірқазан, шағала
3.Су қоймасы өсімдіктерін тап
А) лалагүл, тұңғиық, балықот Ә) қайың, терек, қарағаш
Б) селеубояу, шөл қияғы В) жауқазын, сарғалдақ
4.Су қоймасындағы бунақ денелілермен қоректенетін қомағай жәндік
А) үйрек Ә) итшабақ
Б) инелік В) балық
5.Ұзын аяқтары майлы болғандықтан суға батпай жүретін су жануары
А) суаршын Ә) қаз
Б) үйрек В) итшабақ
6. Арал теңзін мекендеген, «қызыл кітапқа» енгізілген кәсіптік балықгы тап
А) шортан Ә) алабұға
Б) мөңке В) албырт
7. Жоңғар Алатуын мекендеген, «қызыл кітапқа» енген жорғалаушыны тап
А) бақатіс Ә) бақа
Б) кесіртке В) жылан
8.Таулы жер өсімдігін көрсет
А) лалагүл, балықот Ә) көктерек, қайың
Б) жусан, жоңышқа В)селеубояу, шөл қияғы
9. Таулы жер жануарларын көрсет
А) барыс, арқар Ә) кесіртке, жылан
Б) құндыз, камшат В) қарақұйрық, ақбөкен
10. Биік тауды мекендейтін епті, батыл, күшті жыртқыш аң
А) барыс Ә) қасқыр
Б) аю В) түлкі
11. Биіктауда жайылатын, өте ірі жануар. Одан арқар-миранос қойы
алынған. Ол қайжануар?
А)таутеке Ә) ақбөкен
Б) марал В) арқар
12. Үшбиік ауылының айналысатын асылтұқымды мал шаруашылығы :
А) Сиыр Ә) Түйе
Б) Қой
13. Біздің ауылдағы өсетін асылтұқымды қой шаруашылығы қалай аталады?
А) Еділбай Ә) Миранос
Б) Байыс
14. Бес-оннан топтасып жүретін едәуір ірі, сұрғылт тау құсы қалай
аталады?
А) бүркіт Ә) жапалақ
Б) ұлар В) көгершін
15.Екпіндеп ұшып, жемін құздан құлататын, тік құзды мекендейтін
А) бүркіт Ә) үкі
Б) ұлар В) қозықұмай
16. Бұғының қандай пайдасы бар?
А) мүйізінен дәрі жасалады Ә) еті өте дәмді
Б) терісінен киім тігіледі В) сүтін пайдаланады
Достарыңызбен бөлісу: |