Досымова Г.А.
Бастауыш сынып мұғалімі
Бұланды ауданы
Макинск қаласы
Мектеп-лицейі
Сабағымыздың тақырыбы:Сөз және оның мағынасын пысықтау.
Сабағымыздың мақсаты:
Білімділік: Лексика саласынан өткен материалдарды қайталай отырып, практикалық тұрғыдан жүзеге асыра білуді қалыптастыру;
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, сөздік қорын, ойлау қабілетін
дамыту, сабаққа деген ынтасын арттыру.
Тәрбиелік: Ана тілін сүюге, қадірлеуге баулу, Абай өлеңдері арқылы сөз өнерін құрметтеуге, тіл құрметін сезіне білуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: Сайыс сабақ, топпен жұмыс.
Сайыс шарттары мынадай:
Таныстыру
Зерделі сұрақ, дәлелді жауап
Талдау - табыс кілті
Ойын ой-өрісті дамытады
Мақал - сөздің мәйегі
Шығармашылық жұмыс
Қорытынды
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылар бүгінгі сабаққа дайынбыз ба?Дайынбыз.
Бүгінгі сабақ - ерекше сабақ. Бізге қонақтар келіп отыр. Сол кісілерге ілтипатымызды білдіріп қояйық.Отырамыз.
Психологиялық дайындық:
Алыстан сермеп,
Жүректі тербеп,
Шымырлап бойға жайылған.
Қиуадан шауып,
Қисынын тауып,
Тағыны жетіп қайырған.
Толғау тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең өзің біл,- дей келе көркем де, сұлу қазақ тілімізге арналған сабағымызды ұлы Абай Құнанбаевтың өлеңімен бастаймыз.
Бүгінгі сабағымыз сайыс сабақ және топпен жұмыс түрінде өтіледі.Сондықтан да оқушылар топқа бөліну үшін ортаға шығамыз мен сендерге сурет таратамын.Қалаған суреттеріңді алып,омоним,синоним,антоним болатындай сөз тіркестерін жасаймыз.Мыс:биік ағаш,аласа ағаш,ақ қара түс,ұшақтың ұшу қонуы;әдемі,сұлу,көркем қыз,батыр,ержүрек адам;таң ату,аттан түс;адамның жағы,от жақ,бояу жақ;нан жедім,оның сөзіне нан.
1шарт – «Таныстыру»
Эпиграф:
«Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез»
Абай
Әр топ басшысы сайланып және тобының атымен таныстырады.
1 топ – Омоним/қуандық,сәуле,оңалсын/
2 топ – Синоним/нұрхан,гүлназ/
3 топ – Антоним/асылжан,нұрбол,анель/
Әр топ басшысына бағалау парақшасын беремін,әр жеке тапсырма бойынша оқушыларды бағалап отырамыз.
Үйге берілген тапсырма: 94-бет.5-жаттығу /көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз.
2 шарт- «Зерделі сұрақ, дәлелді жауап»
«Қызығушылықты ояту» стратегиясы.(Экраннан)
Эпиграф:
«Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын,
оны да ойла».
Абай
деп Ұлы Абай айтқандай, лексика тереңіне үңілейік.
Әр топқа 5 сұрақтан беріледі:
1-топ:
1.Мағынасы бір-біріне жуық ,мәндес сөздер не деп аталады?/синоним/
2.Мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер?/антоним/
3.Туынды сөздер қалай жасалады?/жұрнақ жалғану арқылы/
4.Мәндес сөздерге мысал келтір./оқу,өнер,су;сенді,нанды,иланды;бал,өжет,уәде/
5.Бірыңғай мүшелердің арасына қойылатын тыныс белгі./үтір/
2-топ:
1.Түс көрмейтін адам болмайды./осы сөйлемнен жазылуы бірдей,мағынасы әртүрлі болатын сөзді көрсет/ түс/
7.Тұрлаулы мүшелерді
ата?/бастауыш,баяндауыш/
8.Мектеп-кеме,.../білім-теңіз/
9.Тұрақты сөз тіркесіне мысал/қас пен көздің арасы-жақын,төбе шашы тік тұру-шошу.
10.Заттың қимылын білдіретін сөзге мысалдар келтір/жүгірді,ойлайды./
3-топ:
1.Заттың сынын білдіретін сөзге мысал:/әдемі,жасыл/
2.Сөз мағынасын зерттейтін сала не деп аталады? /лексика/
3.Бірыңғай мүшелердің арасына қойылатын таңба/үтір/
4.Құрмалас сөйлем неше жай сөйлемнен құралады?/екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралып,күрделі ойды білдіреді/
5.Жай сөйлем дегеніміз не?/бір ғана тиянақты ойды білдіретін дара сөйлем.Үсен жарысқа қатысты./
1-шарттың қорытындысы:
«Ой қозғау» стратегиясы.
Оқулығымыздың 94-бет.1-жаттығу.
1 топ- Сөз тіркестерін салыстырып,мағыналарындағы ерекшелікті айту.Ат деген сөзге дыбыстық талдау жаса.
Төбел ат,үйдің төбесі,қуанышты күндер /тура мағынада айтылған сөз тіркесі/
2 топ- тұрақты тіркестердің мағынасын ашу.Жет деген сөзге дыбыстық талдау жасау.
Төбесі көкке жетті,қуанышы қойнына сыймады,бөркін аспанға лақтыру/қуану.
3 топ-
Сөйлемдегі қарамен жазылған сөздердің орнына мағынасын білдіретін тіркестерді тауып жазу.5-ж
Мыс:Дәуреннің жазуы анық екен./тайға таңба басқандай/.Асқарға апасы жаңа велосипед сатып әперді./су тегін/.Тез деген сөзге дыбыстық талдау.
2 шарттың қорытындысы:
3 шарт - «Талдау - табыс кілті»
Эпиграф:
«Білгенге маржан,
Білмеске арзан».
Абай
2- жаттығу.Сөйлемдерді көшіріп жазып,қарамен жазылған сөз тіркестерінің мағынасын ашу.Тұрлаулы мүшелердің астын сызу.Әр топқа екі сөйлемнен.
1-топ:ауызша.ас ішіп-тамақтанып/сөз тірк/,аяқ босатарлар-кетушілер/сөз тіркес/,бармағынан бал тамған –шебер/тұрақт сөз тір/.
2-топ:дәптерге жазбаша.аузымыз аққа тиді-сүт/сөз тірке/,жүрек жалғады-тамақтанды/тұрақ сөз т/.
3-топ:тақтаға жазбаша:сөздің майын тамызды-шешен адам/тұрақ сөз т/,тәбеті тартпады-тамақ ішкісі келмеді/тұрақ сөз т/.
3 шарттың қорытындысы:
Сергіту сәті:
4 шарт - «Ойын - ой дамытады» 3-жаттығу
Тақтаға қоржын алып ілінеді . Қоржынға сыйлықтар салынған.Ол сыйлықтарға ие болу үшін сұрақтарға жауап беру керек:
1сыйлық- қаламсаптар (3-еу)
Ондағы сұрақ: сөздің тура және ауыспалы мағынасы дегеніміз не? Тақтаға семантикалық карта ілініп, 1 топтан 1оқушы ашық көзді толтырып жатқанда сол топтан тағы 1 оқушыдан тапсырмаға байланысты ереже сұралады:
-
сөздер
|
Тура мағынасы
|
Ауыспалы мағынасы
|
Бет
|
Адамның беті
|
Парақтың беті
|
Терең
|
Терең құдық
|
Терең сезім
|
Ашық
|
Ашық терезе
|
Ашық мінез
|
Шерту
|
Домбыра шерту
|
Сыр шерту
|
Бас
|
Адамның басы
|
Таудың басы
|
2 сыйлық - сызғыштар (2-еу)
Тірек сөздер беріледі, сол бойынша оқушылар шағын мәтін құрайды. 1 оқушыдан тапсырмаға байланысты ереже сұралады:
Мыс:Баян мен Аян саябаққа келді.Олар бұта түбінен қоянды көрді.Аян қоянға жақын келді.Қоян зып беріп,қаша жөнелді.Баян қорқақ қоянды қуды./су жүрек-қорқақ,қас пен көздің арасындай-жақын;/
Осы сөздерді қатыстырып мәтін құрау.топпен жұмыс.
3 сыйлық - дәптерлер (3-еу)
Ондағы сұрақ: тұрақты тіркестер
Қой аузынан шөп алмайды - момын
Жүрек жалғау-тамақтану
Төбе шашы тік тұру-шошу
Қас пен көздің арасында-жақын
Бетінен оты шықты-ұялды
Бармағын тістеу-өкіну
Аузына құм құйылу-сөйлемеді
Тайға таңба басқандай-анық
Ат ізін салмау-хабарласпау
Бес саусақтай білу-жетік білу
4 шарттың қорытындысы:
5 шарт- «Мақал-сөз мәйегі»
«Қызығушылықты ояту» стратегиясы.(Экраннан)
Эпиграф:
«Арттағыға сөзің мен ісің қалсын».
Абай
3 топқа тапсырма беріледі: антоним,омоним және синоним сөздерді пайдаланып мақал-мәтелдер айтып жарысу.
5 шарттың қорытындысы:
Вен диаграммасы: мақал мен мәтелдің айырмашылықтары.
мақал
|
Ортақ белгілері
|
Мәтел
|
Құрылысы жағынан екі, үш бөлімді болады. Мысалы:Әке-асқар тау, шеше-қайнар бұлақ, бала-жағасындағы құрақ.
|
Екеуі де өте пайдалы кеңес.
|
Көбіне бір бөлімді болып келеді. Мысалы: Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді.
|
Ой неғұрлым ашық айтиылады.. Мысалы:Батыр туса-ел ырысы, жаңбыр жауса-жер ырысы.
|
Ой, мағына ишара,тұспал түрінде болады.. Мысалы:Ел құлағы-елу
|
Ақыл,өсите түрінде келеді. Мысалы:Еңбек етсең ерінбей-тояды қарның тіленбей.
|
Көбіне эмоцииялық реңк басым болады. Мысалы:Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда.
|
6 шарт- «Шығармашылық жұмыс»
Эпиграф:
«Мақсатым тіл ұстартып
Өнер шашпақ».
Абай
Әр топқа жеке тапсырма беріледі (өлең жолдары немесе қара сөз).Өз ойларын жазбаша немесе ауызша білдірулері керек.
6 шарттың қорытындысы:
«Ой қозғау» стратегиясы.(Экраннан)
Абайдың аңсағаны қандай азамат? Синонимдер.
Айтылған сөзді ұмытпаудың төрт түрлі себептері
|
|
Көкірегі байлаулы берік болу
|
|
Ойлы,
сезімді
|
|
|
|
|
|
|
|
Үлгі алу, көңілденіп,
тұщынып,ынтасымен ұғу
|
|
Үлгілі,ынталы
|
|
|
|
|
|
|
|
Қайтарып, ойланып, көңілге бекіту
|
|
Ұғымтал,білімді,
зерек
|
|
|
|
|
|
|
|
Кеселді нәрселерден қашық болу
|
|
Жаманнан,қылықтардан
аулақ болу
|
|
|
|
|
7 шарт- «Қорытынды»
Эпиграф:
«Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегін кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға».
Абай
Тест тапсырмалары:
сөздер
|
омоним
|
синоним
|
антоним
|
Тура мағыналы сөз
|
Ауыспалы мағыналы сөз
|
Тұрақты сөз тіркесі
|
Мақал-мәтел
|
Отан-оттан да ыстық
|
|
|
|
|
|
|
+
|
Маңдай тер
|
|
|
|
|
|
+
|
|
Терең көл
|
|
|
|
+
|
|
|
|
Ұзын-қысқа
|
|
|
+
|
|
|
|
|
Дидар,ажар,келбет
|
|
+
|
|
|
|
|
|
Көлдің басы,таудың басы
|
+
|
|
|
|
|
|
|
Майлы дастархан
|
|
|
|
|
+
|
|
|
Үйге тапсырма.6-жаттығу,95-бет.Берілген сөз тіркестерінің қандай мағына білдіретінін айт.Мыс:көздің қарашығындай сақтау/ұмытпау/,қой аузынан шөп алмас/момын/,қас қағымда/жақында/,судың да сұрауы бар/сұрап алу/
Білімді бағалау.Оқушыларды бағалау.Мадақтау.
Ақмола облысы
Бұланды ауданы
Макинск қаласы
Мектеп- лицей
Ашық сабақ
Тақырыбы:
«Сөз және оның мағынасын пысықтау.»
Өткізген : Досымова Г.А.
2015-02016 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |