Көне ұйғыр жазуы —Көне ұйғыр жазба ескерткіштері негізінен алғанда Шығыс Түркістан мен қазіргі Моңғолия жерінде сақталған. Көне ұйғыр жазуы 5 ғасырда қалыптаса бастағанм ол 22 әріптен тұрған
5-6 ғасырларда Шығыс Түркістан жерінде соғды алфавитінің негізінде жасалған ұйғыр жазуы кең өріс алды. Өзге түркі тектес тайпалармен қатар бұл жазумен сол тұстағы Моңғолиядағы Ұйғыр мемлекетінің ұйғырлары да кеңінен. Ғылымда көне ұйғыр тілінің соғды тілінен аударылып алынған ескерткіші «Хуастуанифт» , одан кейін христиандық мазмұндағы «Жәдігөйлердің табынуы», «Алтын яруқ» қолжазбасы. Үрімші қаласындағы Шыңжан-ұйғыр автономиялық ауданының ұлттық музейінде 10-19 ғасырлардағы көне ұйғыр жазба ескерткіштеріне қатысты 4 мыңнан астам қолжазба жинақталған. Осы сияқты ұйғыр жазба ескерткіштері КСРО ғылым академиясының Шығыстану ин-тының Орта Азиялық қолжазбалар қорында сақталған. Ұйғыр тілі жазба ескерткіштерінің кейбір нұсқалары Германия, Франция, Англия, және Жапония кітапханалары мен музейлерінен орын алған