Доверенность на ведение гражданских дел у мирового судьи от организации



Дата25.12.2021
өлшемі52 Kb.
#105331
Байланысты:
биоэтика.ақпарат.келісім



Тісжегіні емдеуге ақпараттандырылған ерікті келісім, эндодонтиялық емді өткізу (тіс түбірі өзектерін емдеу)

Құжат «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV заңына (2018.13.06 берілген өзгерістер мен толықтырулармен) сәйкес жасалды.


1. Маған стоматолог-терапевт дәрігер

____________________________________________________________________________



(медицина қызметкерінің аты-жөні)

маған/мүддесі үшін АЕК беріліп жатқан адамға (қажеттінің астын сызу керек)

____________________________________________________________________________

(мүддесі үшін АЕК беріліп жатқан адамның аты-жөні және туған жылы)

тісжегісін (тісжегілерін) емдеуді/эндодонтиялық емді жүргізуге медициналық көрсетілімдер туралы ақпарат берді және диагноз бойынша қажетті түсіндірмелерді алдым.


2. Маған алда болатын емнің мәні туралы ақпарат хабарланды, түсіндірілді және түсінікті:

  1. Тісжегіні және оның асқынуларын (пульпитті, периодонтитті) емдеудің мақсаты – зақымдалған тісті сақтау және оның жалпы ағзаға зиянының тиюіне сенімді жол бермеу.

  2. Бұл емнен бас тартудың салдары ретінде ауру күшеюі, инфекциялық асқынулар дамуы, ауыру сезімі пайда болуы немесе үдей түсуі, киста түзілуі, адам тістен айырылуы, сондай-ақ ауру жүйелі түрде байқалып тұруы мүмкін.

  3. Емдеу барысында орын алған жағдайға қарай белгіленген жоспар және технологиялар түзетілуі мүмкін:

    • тістің эмалінде кішкентай болып көрінген жегі зақымдаған жер шын мәнінде үлкен болып шығуы мүмкін, демек, тісті өңдеу ауданы (зақымдалған тіндерді алу), сондай-ақ оны қалпына келтіру (пломбалау) көлемі үлкейеді;

    • «кішкентай тесік» болып көрінген жегі зақымдаған жер тісті өңдеген кезде едәуір қуыс болып шығуы мүмкін, демек, тістің едәуір бөлігін реставрациялау немесе протездеу әдісімен қалпына келтіру (коронка) қажет болуы мүмкін.




  1. Балама әдістерге зақымдалған тісті (тістерді) жұлуды немесе емнің болмауын жатқызады.

  2. Орын алуы мүмкін ілеспе көріністер:

- анестезия әсерінен – жұмсақ тіндер ісінуі, ине салынған жерде қан құйылуы, зейін төмендеуі, аллергиялық реакциялар болуы мүмкін;

- анальгетиктер мен антибиотиктерді қабылдаудың салдарынан – аллергиялық реакциялар болуы мүмкін;

- дәрумендік, иммундық-биологиялық теңгерім өзгеруі; ішек микрофлорасының құрамы өзгеруі мүмкін.
Емдеу барысында және одан кейін:

- емнен кейін бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін созылатын уақытша жайсыздық;

- ауыздың бұрыштары жарылуы мүмкін;

- терең тісжегісін емдеген жағдайда алдағы уақытта эндодонтиялық емді жүргізу ықтималдығы болады;

- нақтылы бір пациенттің тіс түбірлері өзектерінің құрылысының жеке ерекшеліктеріне және оның денсаулық жағдайына байланысты нәтижесіз эндодонтиялық емнің белгілі бір пайызы (5-10);

- түбір өзегінің ішінде аспап (файл) сынып қалуы және оны алу мүмкін емес болуы мүмкін;

- тіс түбірі өзектері қайта емделуі немесе тістің айналасындағы тіндердің тұсында хирургиялық араласу жүргізілуі мүмкін;

- жүргізілген эндодонтиялық емнен соң бірнеше уақыттан кейін тіс жұлынуы мүмкін.




  1. Емнің ақырғы нәтижесіне ықпал ететін клиникалық жағдайлар:

 бұрын пломбаланған тіс өзектерін қайта емдеген кезде емнің нәтижесі:

- түбір өзектерінің өткізгіштігі нашар болғанда;

- түбір өзектері қисайғанда;

- түбір өзегінен ескі пломбаны немесе металл штифтті алу мүмкін болмағанда (кейде) едәуір төмендейді;

 коронкамен жабылған немесе тіс протезіне тірек болып тұрған (алынатын немесе алынбайтын) тісті қайта емдегенде:

- алынбайтын тіс протезі шешілуі, сонан соң жаңа тіс протезі дайындалуы;

- тіс сынуы және салдарынан ол жұлынуы мүмкін;

 түбір өзектерін емдегеннен және қайта емдегеннен кейін тіс нәзік болып қалып, оны оған қосымшалар немесе коронка қою жолымен сынудан сақтау керек болады.



3. Емдеу барысында қолданылатын технологиялар (әдістер) мен материалдар; жұмыстың көлемі мен сипатын тек емдеу барысында анықтауға болатындықтан емді өткізудің шамамен алынған мерзімдері және оның құны маған айтылды және менімен келісілді.
4. _____________________________-де маған стоматологиялық қызметтерді көрсету нәтижесіне кепілдікті мерзімдерді және қызмет ету мерзімдерін белгілеу туралы ережемен алдын ала танысу мүмкіндігі берілді. Маған менің нақтылы жағдайымдағы кепілдіктер айтылды және менімен келісілді.
5. Мен:

 диагнозды дәл қою үшін және емді нәтижелі өткізу үшін қосымша зерттеу және емнің сапасын рентгенологиялық бақылау, сондай-ақ жағдайдың дамуына әрі қарай рентгенологиялық бақылау жүргізу қажеттілігі қажет болуы мүмкін екендігін;

 уақытша пломбалар тұрақты пломбаларға міндетті түрде ауыстырылу керектігін (егер пациенттің кінәсінен уақытша пломбалар тұрақты пломбаларға ауыстырылмаса, емнің нәтижесі үшін және болуы мүмкін асқынулары үшін кейінгі жауапкершілік орындаушыдан алынады);

менің ем жоспарын, жеке профилактикалық іс-шаралар жоспарын орындауым және дәрігердің барлық ұсынымдары мен тағайындауларын сақтауым емнің нәтижелі болуының шарты болып табылатындығын түсінемін.


6. Мен қолымды қою арқылы:

 маған алда болатын ем туралы: медициналық көмек көрсетудің мақсаты, әдістері туралы, олармен байланысты қауіптер, медициналық араласу ықтымалдығы туралы, оның салдары туралы, сондай-ақ медициналық көмекті көрсетудің болжамды нәтижелері туралы қажетті ақпараттың барлығы жеткізілгендігін;

 маған айтылған оны өткізудің талаптарымен келісетіндігімді куәландырамын.
7. Мен сонымен бірге дәрігердің менің/мүддесі үшін АЕК беріліп жатқан адамның фото және рентген суреттерін ғылыми басылымдарда, жеке мәліметтерімді көрсетпей жұмыстарын (дәрістер, интернет) таныстыру үшін, сондай-ақ сот тәртібімен даулы мәселелерді шешу кезінде пайдалануына келісімімді беремін.
Дәрігердің қолы:

____________/______________________________________

(аты-жөні)
Пациенттің қолы:

____________/______________________________________

(аты-жөні)
Заңды өкілінің қолы:

____________/______________________________________

(аты-жөні)
Күні _________________

Пациенттің қолы________________________


Дәрігердің қолы__________________________
Бұл қосымша 20____ жылғы ___________ №____ ақылы стоматологиялық қызметтерді көрсету шартының ажырамас бөлігі болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет