В о е н к о м. Фамилиясы кiм?
Б а қ ы т. Мәмбетов.
В о е н к о м (селк етiп): Мәмбетов? ,- деп ары қарай сөздi бұра бередi [’’Жаралы гүлдер’’]
Военкомның есiне осыдан бiрнеше ай бұрын басқарма келiп: ’’Бақыттың әкесiнен ''қара қағаз’’ келгенiн, әзiрше жесiр әйелi мен баласына естiртпей тұра тұруын өтiнедi, себебi қой соңында жүрген әйелдiң, жұмыстың қайнап жатқан кезiнде бөгетi болатынын, күзде шаруа аяқталғасын естiртемiз’’- деп өтiнiш етедi.
Г ү л с i м. Балаларды елге апару керек, Бақыттың шешесi кеше келген. Бүгiн естiртпекшi.
Б а т т а л. Естiрту дегеннiң өзi бiр пәле болды ғой.
Г ү л с i м. Пәлесiнен бұрын талайлар талма ауруға да шалдыққан жоқ па? [’’Жаралы гүлдер’’],- деген Гүлсiм мен Баттал, басқарма мен военком арасындағы диалогтан драматург С.Жүнiсов соғыс кезiндегi ел басына түскен ауыр психологиялық тұрмыс-тiршiлiгiн аңғартады.
Пьесада Баттал мен Гүлсiм арасында да бiр жұмбақ сыр жатқандай. Сүйген жiгiтi соғыста Гүлсiм, iсi мен сөзi шалық, әңгүдiк Батталды менсiнбейдi. Драма авторы осы эпизодтан соғыс уақытында жастай жар құшағынан айырылған әйел затының басындағы трагедиясын да бередi. Суреткер С.Жүнiсов пьесада шығарма шырайын кiргiзеттiн детальдi сәттi қиюластырады. Аспанда қалықтап ұшып бара жатқан тырналарға Бақыт қолын соза ұмтылуы, үн қосуы – барлығын да шебер үндестiрiп тұр. Мысалы:
Тырау-тырау тырналар,
Тiзiлiп қайда барасың?
Сәлемiмдi ала бар,
Көрсең майдан даласын.
Майданда жүрген әкем бар,
Көрсең сәлем айтарсың.
Жерiме кiрген жыландар,
Тұмсықтан ұрып тойтарсын.
Бала Бақыттың жалынышты, қорғансыз сәлемi, аспанда қалықтап, қалт-құлттап жылы жаққа ұшып бара жатқан қорғансыз тырналар…психологиялық жай-күй …
Төртiншi көрiнiсте Бақыт аяулы анасынан қапыда айырылып, ал әкесiнiң қаралы хабарын бiр мезетте естуi - жасөспiрiмдi қатты есеңгiретiп тастайды. Бiрақ драматург С.Жүнісов әкесiнiң соғыста қаза болуын жас жiгiтке естiрту үшiн басқаша амал қолданған, военкомның аузына сөз салып: ’’Мынау әкеңнiң майданнан жiберген киiмдерi’’,- деп, осы бiр ауыз сөзге ''әкең ерлiкпен соғыста қаза болды’’ дегiзiп тұр. Трагедиялық хал. С. Жүнiсов трагедиялық халге шеберлiгiнiң бiр қыры - шағын бiр беттiң көлемiнде Бақыттың екi қайғылы монологымен бiрiншi бөлiмiн аяқтаған. Мысалы:
Б а қ ы т. Тым құрмаса бiр күн қасыңда бола алмадым-ау, апа. Кеш менi. Қасыңда бола алмадым. Соңғы сөзiңдi ести алмадым. Ендi сен алыстасың. Ендi менде ана жоқ! , - деген iшкi ой-толғағынан анасын жоқтап зар еңiреген бала-жiгiттiң, атың өшкiр соғыс үшiн күн-түн демей дамылсыз жұмыс соңында жүрiп шешесiмен бақұлдаса алмай қалғанын да сезiну қиын емес.
Ал, мына монолог салмағы одан да асып түскен.
Б а қ ы т: Па-па (шинельдi құшақтап, тiзерлеп отырып қалады) Па-па, апа, жалғыз…Жалғыз қалдым ғой. Бiр күннiң iшiнде жетiм қалдым. Жетiмекпiн ендi. Неге…Неге менiң атымды Бақыт қойдыңдар. Неге, неге Бақытсыз қоймадыңдар (Тағы шинельдi құшақтап, анасының қасына сүйретiле барып, тiзерлеп отыра кетедi [’’Жаралы гүлдер’’]
Қайғылы хал. Бiр отбасының трагедиясы. Бақыт монологнан соң, авторлық ремарка арқылы беретiн: ’’Тағы шинельдi құшақтап, анасының қасына сүйретiле барып тiзерлеп отыра кетедi’’ -дегенiнен, - тылдағы ананың қабiрiне, майданда қалған әкенiң қабiрiнен, бiр-бiрiне сала алмаған ерлi-зайыптылардың топырақтарын, ''шинельдi’’ ана бейiтi топырағы үстiне жабу арқылы тебiрентерлiк күй кештiредi. Бұл - драматургтiң сәттi ойлап тапқан детальi.
Екiншi бөлiмде майдандағы соғыс хабарын берiп тұратын радио үнiн бiр топ бала құлақтарын тосып тыңдап тұр. Радио үнi немiстердiң әлi де күшiнiң мықты, бiрнеше қалалар мен деревняларды бомбалағанын хабарлайды.
Б а қ ы т. Шiркiн-ай, папам тiрi болғанда ғой, әлi де соғысып жүрер едi-ау. Осы радиодан соғыс хабарын берген сайын бұрын папам туралы бiрдеме айтатындай елеңдей қалушы едiм. Қазiр бiр түрлi күдерiмдi…’’ (дауысына булығып, сөзiн жалғай алмайды)
Драматург С.Жүнісов пьесаның екiншi бөлiмiнде Бақыттың немiстерге деген ыза-кегiн жиi көрсету арқылы әкесiнiң құнын көңiлiмен қайтаратындай қылып суреттейдi. Бiрде досы Балташ ауылға көшiп келген переселенец немiстерден доп сатып алып, оны ауыл болып қызықтайды. Бақыт та қызықтап көрейiн дегенде,
Б а л т а ш. Әуелi қолыңды жуып кел’’,- деп балалық көңiлмен әзiлдей салмасы бар ма.
Б а қ ы т. Қолым немiс добынан таза! (Балташтың қолынан добын жұлып алады да, желiн шығарып жiберiп, табанына салып покрышканы қақ айырады).
Осы жерде авторлық ремаркамен келтiрiлген диалог-айтыстарда Бақыттың сөздерiнен әке кегiн алушы болашақ ұл өсiп келе жатқанынан сыр тарқатады. Мiне, пьесаның тәрбиелiк-тағылымдық қасиетi де, болашақта отанын қорғайтын ұлдың өсiп келе жатқаны да осында.
Ал мына диалогта:
Б а қ ы т. Әй, осында военком келе жатыр…
Қ а с ы м. Осы военкомды көрсем жүрегiм зу ете қалатын болыпты. Ылғи жаманат жеткiзетiндей көрiнiп тұрады.
Б а қ ы т. Ендi маған несiн айтар дейсiң ,- деген сөздерiнен менде ендi ешкiмiм жоқ [’’Жаралы гүлдер’’] ,- деп тұрғандай, адамның бойына психологиялық толқу тудырады.
Пьесаның орталық қаһарманы - Бақыттың бейнесi кесек, нанымды суреттелген. Оқиға басында өзiнiң балалық қылығымен көрiнсе, әкесi мен шешесiнен айрылған соң есейген, ақыл тоқтатып өмiрге деген көзқарасын өзгертедi. Пьеса авторы Бақытты оқиғаға көбiрек араластыра отырып, қайғылы сәттердi басынан көбiрек өткiзедi. Әсiресе, ’’немiс’’ туралы сөз болса, қаны басына теуiп шыға келiп, үлкенсiң ба, кiшiсiң ба, ''төпелеп’’ түсуге бар.
Оқиғадағы Баттал - әр қилы мiнездiң адамы. Пьесадағы шытырман оқиғаларға Батталдың да үлкен үлесi бар. Драматург бiрде Батталды соғыс кезiндегi тыл өмiрiнiң шырқын, күйiсiн, онсыз да жүдеп-жадаған халықты өзiнiң жын сияқты iсiмен, бейпiлауыз, қасақана кiсiнiң арына ауыр-ауыр сөздер айтқыш, озбыр адамның кейпiн, өтiрiгi мен шындығы қатар өрiлген, жоқ жерден пәле жапқыш, ал кейде аңқылдақ, бала сияқты, ел өмiрiн бiр кiсiдей ойлайтын мiнезiмен де даралана алатын жерлерi аз емес. Батталдың ауыл балаларына орыс тiлiнен сабақ беруi де күлкi тудырады.
Шығармадағы немiс ұлтының әйелi, мұғалiм Таурид Эмма Ивановна - жазықсыз жапа шегiп, өмiрдiң теперiшiн көп көрген, өз iсiне адал берiлген жан. Әуел баста ауылға жер аударылып келгенде комендант Баттал арына тиетiн ауыр сөздер айтып, жiгерiн құм қылатын кездерi болды. Мектептегi ұстаздық қызметiне де сенiмсiздiк тады. Бiрақ Эмма Ивановна ол қылықтарына мұқалмай, керiсiнше табандылық танытады.
Драматург пьесаның соңғы көрiнiсiнде Таурид Эмма Ивановнаның ұлы Карлдың немiс концлагерiндегi ерлiкпен пара-пар қызметiн паш етiедi. Оны немiс офицерi мен Карлдың диалогынан көрiнiс бередi. Мысалы:
Н е м i с о ф и ц е р i. - Азғын! Өз нәсiлiн айырбастаған сатқын! Сенi бiз асыл нәсiлдi немiс деп, ұлы Рейхтiң офицер чинiн бердiк. Сен кiмдердi ажалдан айырып қалмақсың?
К а р л. Мұндағылардың бәрiн ажалдан айырып қалу мүмкiн емес. Мен немiс ұлтын арашаладым. Немiс те дүние жүзiндегi басқа ұлттардай таза халық екенiн, олардың да шын ұлдары мен нағыз фашистерi барын дәлелдемек болдым.
Н е м i с о ф и ц е р i. …Сатқын болсаң да немiс деген атың үшiн саған соңғы тiлегiңе лұқсат. Соңғы сөзiңдi айт. Не тiлейсiң?
К а р л. Мен фашистерден бостандық тiлеймiн. Соңғы ақтық демiм бiткенше немiс халқының ұлы әнiн тыңдап өлсем болады. Маған Бетховеннiң ’’Айлы түнiн’’ орындасаңдар екен.
Н е м i с о ф и ц е р i. ''Айлы түндi’’ Бетховеннiң өзiнен тыңдарсың. Онда сенi бөгемей тезiрек Бетховеннiң қасына жөнелтейiк (атып жiбередi). [’’Жаралы гүлдер’’]
Драматургтiң шебер шешiмiнiң бiр қыры - Карлдың аузына қай ұлттың өкiлi болса да, қандай жағдайда болсын ''отан, ана, елiнiң өнерiне’’ басын июдi, өнеге етудi көздесе керек. Карл ақтық демi таусылайын деп тұрған шақта анасын iздеуi , ''Туған анам, сенiң алдыңдағы борышымды өтедiм. Фашистерге бiр минут бас игем жоқ. Соңғы рет, Отаным - Совет елiм, сенiң алдыңда, ақ шашты анам сенiң алдыңда соңғы рет...бас...иемiн.(Офицер тағы да атып жiбередi. Карл басын ие берiп, сылқ етiп құлайды [’’Жаралы гүлдер’’].
Драматург С. Жүнiсов пьесаның соңғы шешiмiн сәттi келтiрген. Баласы Карл немiс офицерiнен соңғы тiлегiнiң орнына ұлы композитор Бетховеннiң ''Айлы түнiн’’ қалап едi, ал оны бейбiт өмiрде ақ шашты анасы көзiне жас алып жiгерлене, шабыттана күйсандықпен ойнайды.
«Жаралы гүлдер» пьесасы мектеп жасындағы балалардың бойында отанға деген сезiмдi оятуға үлесi бар шығарма. Пьесадағы басты кейiпкерлерi: Аплаш, Бақыт, Баттал, Таурид бейнелерi, характерлары толық ашылған.
Сәкен Жүнiсовтың “Қызым, саған айтам…”, “Жаралы гүлдер”, «Әр үйдiң еркесi« атты пьесалары–жас-жеткiншектерге, мектеп жасындағы балаларға, оқу орнын бiтiрiп, қызметтерiн ендi бастап жатқандардың әр қилы тұрмысынан, адамгершiлiк ар-ұждандарының қоғамға, қызметке байланысты қалыптасу кезеңiне құрылған шығармалар.
«Жаралы гүлдер» драмасындағы кейбiр кейiпкерлер «Әр үйдiң еркесi» атты пьесасында жалғасын табады.
«Әр үйдiң еркесi» пьесасының көтерген тақырыбы – кезiнде мемлекеттiң қолдауымен қой шаруашылығын дамыту үшiн шопан жастар бригадаларын құруға байланысты қазақтың бiрнеше жазушы–драматургтерi атсалысып, атап айтқанда Қ.Мәшһүр-Жүсiп, С.Жүнiсов т.б. қаламгерлер болды.
Драматург Сәкен Жүнiсов өз үлесiн қосып, жаңа iске жастарды жұмылдыруды насихаттайды. Алдыңғы шығармадағы Баттал, Бақыт, Балшекерлердi басқа қырларынан, басқа характерларымен, басқа жағдайда жаңа әрекеттерiмен танимыз.
Ұрпақ жолын жалғастырушы – балалармен де жүздесемiз. Шығармада характерлар әр қырынан, бар жағынан танылады.
Пьесадағы тартыс–ұйымдардың алғашқы құрылу кезеңiндегi қиыншылықтар, ата-аналар мен мектеп мұғалiмдерiнiң сол кездегi халықтың психологиясы бойынша белсене араласуымен нәтижеге жету жолы болды.
Қазақ балалар драматургиясының зерттелiнуi кеш қолға алынғанымен де, алатын орны ерекше. Балаларға арналған пьесалардың тақырыбы, салмағы, жанрлық жүгi, көркемдiгi, қаһармандар қақтығысы, мiнез, драмалық бейнелерi, драмалық жағдайы-ересектерге арналған пьесалардан кемдiгi жоқ. Сонымен қатар балалар араласпайтын, қатыспайтын, ерекшелiгiмен танылмайтын пьеса жоқ деп те айтуға болады.
Сәкен Жүнiсов “Ақан серi” роман-дилогиясы, “Аманай мен Заманай” повестерi негiзiнде деректi киносценарилер жазса, соңғы жылдары қазақтың айбынды ханы–Абылай өмiрiнен алып “Абылай хан” атты киносценарийiн өмiрге әкелдi. Соңғы шығармасы бiрнеше маман-драматургтер арасында өткiзiлген республикалық жабық конкурста “бәйге” алып, қазiр шет ел компанияларымен бiрiгiп көркем фильм түсiрiлу үстiнде.
Қазақ ұлттық кино өнерiнiң дүниеге келу, қалыптасу, даму, тарихы күрделi.
Кино өнерiнiң, киносценарийлердiң туып, қалыптасуын алғаш зерттеушiлер: М.Әуезов, Б.Абызов, Ж.Жұмақанов, Қ.Сиранов, К.Смаилов т.б. есiмдерiн бiрiншi атаймыз. Аталған зерттеушiлердiң республикалық басылымдарда мақалалары, баспаларда кiтаптары жарық көрдi [62].
Қ.Сиранов еңбектерiнен кино өнерi, документтiк кино, кинодраматургия, радиодраматургия, киносценарийлердiң жанрлық ерекшелiктерi, теориялық сараптаулары, тәжiрибелiк нәтижелерiнiң оң шешiмдерi туралы деректерге мол қанығуға болады. Бiрақ, зерттеушi Қ.Сиранов: ”Қазақтың ұлттық кино өнерiнiң тұңғышы–“Аманкелдi” фильмi де осы кезде, нақтылап айтқанда 1939 жылы жасалды. Оның сценариiн жазғандар орыс жазушысы Всеволд Иванов және қазақ жазушылары Б.Майлин мен Ғ.Мүсiрепов, режиссерi М.Левин. Аманкелдi ролiн орындаған Қазақ ССР-ң халық артисi Өмiрзақов Елубай” [63, 159],–деп, оған дейiн қазақ халқында еш дүние болмағандай жазады.
Зерттеушi Д.Қамзабекұлы Ташкент архивiнен 1922 жылы жазылған “Бекет батыр” киносценарйiнiң қолжазба нұсқасын табады. “Бiз архивтен тапқан “Бекет батыр” киносценарийi – Түркiстан Автономиялы республикасында жазылған дүние. Авторы кiм екенi белгiсiз. Бiрақ киносценарийдiң үстiнен қарап, түзету жасағандардың кiмдер екенi белгiлi. Олар - әйгiлi фольклоршы Әбубәкiр Диваев пен көрнектi ғалым Халел Досмұхамедұлы. Аты аталған ауыз әдебиетi бiлгiрлерiне киносценарийдi түзету үшiн бергенiне қарап, авторы А.Рязанов сынды орыс ұлтының өкiлi ме екен деп те долбарлауға болады. Алайда дәл айту қиын” [64, 201],- дейдi. Киносценарий қаражаттың жоқтығынан өндiрiске аспай қалғанын да дәлелдейдi.
Қазақ ССР тарихында:”Қазақстанда кино өнерi 1930 жылдары дүниеге келдi”,- деген тұжырымды жоққа шығарады. Бұл жекелеген адамдардың архив қойнауларынан тапқан деректерi десек, әлi қаншама дүниелердiң “құпия шаң қауып” жатқаны жаныңды қынжылтары анық.
Қ.Сиранов алғаш рет киноның дүниеге келуi туралы “Кино туралы әңгiме” атты кiтабында былай дейдi:” 1895 жылдың 28 декабрi. Францияның астанасы Париж бұл күнi бiр ғажап оқиғаға куә болды. “Фотографияға керектi жабдықтар жасап шығаратын iрi фабриканың қожасы Люмьер суретке жан берiптi, қимылдатып жүргiзетiн болыпты” деген қызықты хабар үлкен қаланың бұрыш-бұрышына тез тарады. “Жанды” суреттi тез көруге құмар болғандар бiрден залға сиған жоқ, сондықтан олар оған кезектесiп кiрдi. “Жанды” сурет көрсетушiлер таңертеңнен түн ортасына дейiн еш тыным таппады”,- деп алғаш киноның дүниеге келуi “европа” елi екендiгiнен сыр шертедi.
Шет ел шығармаларының көрнектiлерiн аударып басатын “Көгершiн” журналының iшiнде “2000 жыл бұрын кино болған ба?”,-деген айдармен берiлген тарихи маңызы бар қысқаша хабарламада: ”Мыңдаған жылдар бұрын өмiр сүрген адамдар кино көрген бе?” деген сұраққа қай-қайсымызда “жоқ” деп жауап беретiнiмiз сөзсiз. Дегенмен тарихты ақтарсақ, бұл жауап дәл болмайды екен. Өйткенi бiздiң дәуiрiмiзден бұрынғы 121 жылы фокусшы Шао қытай императоры Хань Ву Тиге қозғалатын бейнелердi көрсеткен. Бұл қозғалыстың құпиясы сол заманда қызық көрiнiп, пайдаланылған қол шамға байланысты” [65],-делiнген. Бұл соңғы дерек шет елдiң баспасөз беттерiнде жарияланып келе жатқаны шындыққа бiр табан жақын.
Қ.Сиранов: ”Әрбiр фильмнiң негiзi-әдеби сценарий, сондықтан да кино әдебиеттен басталады” [66, 12],- десе, профессор Р.Нұрғалиев: “Негiзiнен кинодраматургия, театр драматургиясы – емшектес жанр. Дегенмен экранға сиып кететiн өмiр құбылыстары, тiршiлiк суреттерi сахнаға бәз қалпында келе алмайтыны хақ. Диалогке, монологке қойылатын талаптар ортақ болғанымен, сценарий композициясы мен пьеса композициясы арасында көп айырма бар” [67, 359],- деп салмақты пiкiрлер бiлдiредi.
Қазақ кинодраматургиясы жанрына арналған алғашқы киносценарийлер бар. Атап айтқанда, М.Әуезовтiң “Әйел жолы”, Ғ.Мүсреповтiң “Қыз жiбек”, т.б. Осы жерде Р.Нұрғалиев: ”Ұлттық кинодраматургияда Әуезов – алғаш жол салғандардың бiрi. Оның сценарийi бойынша қойылған “Райхан”, “Абай әндерi” фильмдерi–жаңа өнердiң қарлығаштары …” [68, 35] десе, М.Дүйсенов: ”Ә.Тәжiбаев кинодраматургия саласында да өз күшiн байқап көрдi. Оның 1943 жылы Л.Жижелонмен бiрiгiп жазған “Алып туралы жыр” киносценарийi бойынша қысқа метражды картина жасады. Киносценарийi Ә.Тәжiбаевтiң “Толағай” поэмасының сюжетiне негiзделсе де мұнда кинодрамалық сипат басымырақ жатады. Ол Н.Погодинмен бiрiгiп “Жамбыл” картинасының сценарийiн жазды” [69, 18],- дейдi.
“Тарихи адамдардың, көрнектi қоғам қайраткерлерi мен әскер басшыларының, ғылым мен мәдениеттiң даңқты өкiлдерiнiң өмiрi мен iс-әрекеттерiн экранда көрсету биографиялық жанрдың басты мақсаты болып саналады. Қазақстанда бiрнеше биографиялық-көркемсуреттi фильмдер жарық көрдi. Олар: “Абай” [1945], “Жамбыл” [1952], “Шоқан Уәлиханов” [1957]”,- деп көрсетедi зерттеушi Қ.Сиранов өз еңбегiнде [70, 160].
“Документтiк фильмдер арнайы жазылған әдеби сценарий бойынша жасалады. Көркемсуреттi фильмдердiң әдеби сценарийiнен документтiк фильмдер әдеби сценарийiнiң көп айырмасы бар, тiптi оның творчестволық принциптерi мүлде өзгеше. Документтiк киноның негiзi көркемсуреттi киноматографиядағыдай алдын ала еркiн ойдан шығарылған материал емес, нақты өмiр ақиқаты, кешегi-бүгiнгi оқиғалар мен фактылар болғандықтан документтiк фильм жасаушы сценарист пен режиссер ол оқиғалар мен фактыларды мәнерлеп көркемдеу жөнiнен өзiнiң творчестволық қиялын соншалықты шексiз кең көсiлте алмайды, әйгiлi тарихи материал маңында ғана ойластырады. …Документтiк кино шығармаларының ең негiзгi мақсаты жұртшылыққа қанық, ақиқат оқиғалар мен фактiлердi тiзбектеп құр баяндай салу емес, олардың iшкi мәнiн, идеялық философиясын айқын ұғындыратындай қызықты көрсету” [71,149],- деп пiкiр айтады.
Ғалым В.Е.Хализев: ”Сценарий – это предзрелищная и “предэстетическая” форма, в полной мере подчиняющаяся, однако, законам художественности. Сценарная драматургия своей структурой в большей мере подобна эпическим жанрам, нежели драматическим: доминирующий речевой пласт (указания актерам, как им вести себя на сцене) здесь, как и повествований, является внешним по отнощению к изображаемому действию. И это отличает сценарий от драмы, где носители речи практически полностью помещены внутри изображаемой ситуации и художественно вымышленная реальность целиком "выговаривает" себя сама" [72, 50] ,- деп сценарий жөнiнде ойын бiлдiредi.
Драматург-жазушылар Қ.Бекхожиннің «Ұлан асуы», Т.Ахтановтың «Ант», Сәкен Жүнiсовтің “Абылай хан” киносценарийi, Әбiш Кекiлбаевтың "Абылай хан" атты халықтық қаһармандық драмалық дастаны және режиссер-драматург М.Байсеркенiң "Абылай ханның ақырғы күндерi" атты халықтық қаһармандық тарихи драмасы өмiрге келдi. Аталған сахналық көркем шығармалар (драмалар) республиканың әр театрларында сәттi қойылып келедi.
Қ.Бекхожин, Т.Ахтанов, Сәкен Жүнiсов, Әбiш Кекiлбаев, Маман Байсеркенiң шығармаларында Абылайхан заманы - қасiретi мол қазақ халқы үшiн жаугершiлiк, зобалаңы көп кезең болып суреттеледi. Атақты елбасы, қолбасы, дипломат, терең ойдың иесi Абылай тарыдай шашыла қоныстанған қазақ халқының басын бiрiктiрiп, тұтастықты ұстау үшiн жарғақ құлағы жастыққа тимеген әрекетi шығармалардың негiзгi оқиғасына айналған.
С. Жүнiсов сценарийдi режиссер қызметiне ыңғайлап, фильм ырғағын бiр жүйеге келтiру үшiн шығарма композициясына көп көңiл бөлгендiгiн аңғаруға болады.
Ә.Кекiлбаев ақ өлең үлгiсiмен шебер драмалық дастан жасаған. Абылай хан мен Кейуана, Абылай мен Қалдан, Абылай мен Күлпаш араларындағы диалогтардан тек елге, жерге, ата-жұртқа деген терең сезiм, жаудан сақтау амалдары ғана сөз болады. Қалдан мен тұтқындағы Әбiлмансұр диалогы терең ойға құрылған. Мысалы:
Қ а л д а н. Тағзым қайда, тәр қайда?
Ә б i л м а н с ұ р. Тақтайға тағзым жүрмейдi,
Тақсырға тағзым жүредi.
Қ а л д а н. Тақсыр емей мен кiммiн?
Ә б i л м а н с ұ р. Таққа мiнген тақсыр,
Тақтан тайған пақыр…
Қ а л д а н. Пақыр тақсырға қол көтерсе не болады?
Ә б i л м а н с ұ р. Заман азып, заң тозады.
Қ а л д а н. Тар жерде теке тiресе ме?
Ә б i л м а н с ұ р. Теке тiреспейдi, текешiк тiреседi.
Қ а л д а н. Тiрессе не болады ?
Ә б i л м а н с ұ р. Екеуi де бөрiге бұйырады.
[Ә.Кекiлбаев "Абылай хан" драмалық дастан]
Қалдан мен Абылай арасындағы диалог-тартысты Әбiш Кекiлбаев қасиеттi қара сөздiң киесiмен, шешен төгiлту, жұмбақтату арқылы екi хан арасындағы бiтiспес дауды, тартысты шебер бiтiстiредi.
Сәкен Жүнiсовтің “Абылай хан” киносценарийi–Абылай туралы қазақ халқының алғашқы көркем фильмiнiң басы. Сценарийi–екi бөлiмнен тұрады. Бiрiншi бөлiм - “Сабалақ - Абылай”, екiншi бөлiм – “Абылай хан” деп аталады.
Бiрiншi бөлiмде: Абылайдың бала күнiнен, бозбала, жiгiттiк қалыптасу кезеңдерiндегi әрекеттерi заманымен суреттелсе, екiншi бөлiмiнде: сұлтандық кезiнен басталып, хандық құрған уақыттары аралығындағы көрiнiстерi мен жалғасады.
Кинодраматург Сәкен Жүнiсов сценарий экспозициясын мына көрiнiстерiмен ашады: “Алай-түлей қара ала торы ала қою түтiндей аунай көшкен қат-қабат қалың бұлт. Шудалана көшкен бұлттың қайсыбiрi алыста, көк аспанның дәл астында көрiнсе, ендi бiр тобы жабағыдай, бiрде тұтасып, бiрде сөгiле жыртылып, сеңсең қара қойдың жүнiндей жалбырап, дәл қол созым жерде бауырымен жер сыза өтiп жатқандай. Сайсүйегiңдi сырқыратып, құйқа тамырыңды шымырлатқандай зарлы қобыз үнi, қобызға қосыла салған қобызшы үнi. Солардың арасынан жарыса самбырлаған, сыңғырлаған жас балалар үнi:
Әне жоңғарлардың түмен-түмен жасақтары сап түзеп шықты.
Бiздiң қазақтар да әне-әне ақ бұлттарды қарашы, көк найзаларын көтерiп, желе жортып келе жатыр..
Қалмақ та садақтарын оқтанды.
Қазақтар қалқандарын тосты, қылыштарын суырды.
Айқасты, айқасты. Ұмар-жұмар.
Найзаласты, қылыштасты: опыр-топыр.
Әне аттарынан домалап құлап жатыр. Қан жамылған иесiз аттар ойнақтап шығып жатыр.
Дала өртенiп жатыр. дала -өрт, дала - қан.
Тағы да қалмақтар жеңе бастады.
Жоқ, ана бiр тұста шегiне бастады.
Аласапыран!
Әне, тағы да қос айғыр шықты, қос айғыр!
Қара айғыр - қалмақы айғыр.
Көк айғыр - қазақы айғыр” [“Абылай хан” киносценарийi]
С.Жүнiсов хикаятын киноэкран жүйесiне арнайы лайықтап бiр көрiнiстен, екiншi бiр көрiнiстi жылдам ауыстыра қоятын әрекеттi де берген. Бұл жерде – суреткердiң кинодраматургия жанрының қыр-сырына төселгенi көрiнедi.
Киносценарийде бiрнеше оқиғалар қатары суреттеледi. Драматург-жазушының тарихи тақырыпты жақсы меңгергендiгi, бiлетiндiгi – сценарий мәтiнiн талдау барысында көз жеткiздiк. Әсiресе, ХҮIII ғасырдағы хандық дәуiрде қазақ халқының ауыз-екi қарым-қатынас сөйлеу тiлiн, хан-сұлтандар сарайы маңындағы шағын топтың лексикасын да өз дәрежесiнде келтiредi. Мысалы:
“Жұрт шу ете қалды:
-Уәли сұлтан келедi.
-Хан келедi.
-Уәкең тыңдасын. Таңдауын Уәкеңе. Хан талқысы.
-Хан қалауы…
-Хан ием, құзырыңызға құлдық, менi алыңыз, өкiнбейсiз…
У ә л и елең етiп .-Сенiң қандай өнерiң бар, құдайдың құлы ?
О р а з. -Құдайдың құлы – сiз, мен – адамның құлымын. Және дұрыс адамның болсам қайтерсiз, өңкей наданның құлы болдым. Ендi сiзге құл болсам – арманым жоқ.” [“Абылай хан” киносценарийi].
Төре тұқымына артық сөз келтiрмей, сыйлап, күткен қазақ халқының адалдығы көрiнiсiн Әбiлмансұр мен төлеңгiт, ауыл балалары арасындағы қақтығысулардан көремiз.
ХҮIII ғасырдағы екi алпауыт, айлалы мемлекет: Россия патшалығы мен Цин империясының өз ара саясатының арасында құрбан бола жаздаған “жабайы далалық” көршi екi ел: қазақ пен қалмақ арасындағы ғасырларға созылған қан төгiс, жауласуларын бала Әбiлмансұрдың (ауырып жатып, сандырақтап): ”Жiбермеймiн, жiбермеймiн. Мен сенi үйретемiн. Қыл бұрау салып үйретемiн. Сен қалмақтың жылқысы болсаң, мен қазақтың ұлымын. Үйретемiн. Жауға саламын. Жау, жау! Тарт садақпен. Құлады, құлады… Әне, әне, қаптап келедi… Жоқ-оқ, ала алмайсың! Аттан, аттан! ” [“Абылай хан” киносценарий]
Драматург С. Жүнiсов жас Әбiлмансұрдың аталығы (жан-жақты тәрбиешiсi) болған Ораз бен Уәли сұлтан арасындағы диалогтары–сценарийдiң көркемдiк деңгейiн көтередi. Мысалы:
“Биiктен қараған екеу. (Бұлардың әңгiмесi балалардың жаттығу фонында жүрiп жатады).
"У ә л и. - Осы да өнер болып па? Әбiлмансұр туажаттай маған тартпаған бала, қанiшер атасына тартып кеткен. Ендi мүлдем жат қып, атасынан да асқан қанiшер етейiн деген екенсiң.
О р а з. - Қанiшер Абылайға тартса жаман болмас. Бүгiнгi өнердiң алды–елiн жаудан қорғау. Ендеше, пышақтасу, найзаласу заман қисыны емес пе?!
У ә л и. - Төре тұқымынан сардар шығарайын деген екенсiң.
О р а з. - Жоқ, ел бастайтын, ел ұстайтын елбасыхан шығармақпын.
У ә л и. - Пышақтасқан төре қанiшер болса болар, бiрақ хан боларына күмәндiмiн.
У ә л и. - Бүгiнгi хан жауға әуелi өзi бастап шабатын батыр болса керек. Болат ханның аты асыл болса да, заты жасық. Сiздiң де, көңiлiңiзге келмесiн, сұлтандықтан аса алмай жүргенiңiз – сiзде алғырлықтан гөрi салдық көп.” [“Абылай хан” киносценарий]
Кинохикаят оқиғасына қазақтың маңдайына бiткен iрi тұлғалары: Бұқар жырау, Төле, Әйтеке, Қазыбек билер, батырлары: Қабанбай, Бөгенбай, Жәнiбек т.б., белгiлi елшiлер, Абылай ұрпақтары орынымен қатысып, бiр тұтастықты, жүйенi сақтауға салмақтарын салған.
Экранда тiзбектелiп көз алдыңда өтiп жататын қысқа эпизодтарды да режиссер есiне салып отырғандай көркем келтiрген. Мысалы:
- “Басқа сәкiлерде қымыз iшiп қап тартқан қазақ, қалмақ, сiбе, ойраттар. Миллер төңiрегiндегi көңiлсiз топ. Бишiлер тобының - сұлу қыздардың өнерi, жарқ-жарқ еткен көздерi, бимен бүлкiлдеген бүйiрлерi”.
-“Терең, тайыз көлдерден өтiп жатқан, кей тұсында өте алмай соғысып, сарбаздардың аттан құлап, аттары да мертiге құлап, терең суларға батып, ағынды өзендердiң бойымен ағып кетiп жатқан аттар, адамдар өлiктерi.”
-“Ендi бiр тұста - тау iшiндегi ұрыс. Құздан төмен ұшқан адамдар. “Дала. Өзендi, көлдi дала..
“Құмды, аңызақты сайын дала.
“Адырлы, Сары арқа. Абылайлар тобы.” [“Абылай хан” киносценарий]
Сценарийде хан сайланған Абылайдың қазаққа iстеген оң iстерi, халқын, жерiн айнала “ала көздерден” сақтап қалудың жолын ойлаушы, бiрде ақылгөй, бiрде елшi, бiрде абзал әке, бiрде қаһарлы кейпiн бере бiлген.
Абылай ханның тарихи тұлғасы, шындығы, көркем шындыққа шебер өткiзген. Абылай бейнесi тарих пен әдебиет те болғанымен, кино жанрында тұңғыш рет сомдалып отыр. Драматург С. Жүнiсов сценарий оқиғасын Абылай ханның айналасына жинақтаған. С Жүнiсов тарихи тақырыпты жақсы игергендiгiн бұл шығармасына дейiн роман, пьесаларымен дәлелдеген болатын.
Киносценарийдегi әлеуметтiк маңызы бар – хандар, рулар, тағыдай алысқан көршi мемлекеттер арасындағы саяси-дипломатиялық жағдайдан шығу барысында үнемi Абылай хан тұрады.
Сонымен бiрге кемшiлiгi де жоқ емес. Композициясында және прозаизмге, шешендiкке салып кететiн кездерi де бар.
Ал, С. Жүнiсов сценарий соңында Абылайдың атынан: ”Уа, жасаған, уа, жұртым. Қашан үш жүздiң басы бiрiгiп, қалың қазақ қашан бiр шатырдың астында, көп хан емес, бiр ханның билiгiнде, өз жерiнiң шекарасын белгiлеп, өз жерiнiң байлығына, билiгiне өзi ие болып, басқаға жалпақсыз, бөтенге жалтақсыз мықты ел болады екен. А, құдай, мен Абылай! Бiреуге сұлтан, бiреуге хан, бiреуге Ван Абылай!” [“Абылай хан” киносценарийi] , - деген аталы сөздерi бүгiнгi заман ағымымен, саясатымен сабақтастырады.
Сценарий мен драмалық дастанның басынан соңына шейiн үзiлмеген желi - қазақ халқының бостандық тiлеген тiлеуi, соның бойында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келген елдi жаудан қорғаудың сан жағдайы, сол ұрпақтар iшiнде Абылай ханның тұсындағы күрес, көреген қолбасшының өмiр сүрген заманы шындықпен сабақтастырылады.
Тартыс - негiзiнен Абылай ханның iшкi қастары және сыртқы жаулары арасында көрсетiледi. Шығармаларда ( сценарйи мен драма) тек қана ХУIII ғасырдағы хандық дәуiрдi ғана емес, өткен замандар мен бүгiнгi заманның ахуалымен салыстыра отырып қорытынды шығарады.
Жалпы драматургтер С.Жүнiсов пен Ә.Кекiлбаев Абылай атынан заман шындығын, хан айбарын, көрегендiгi мен тапқырлығын сөйлете алған. Халық сүйсiнетiндей, табынатындай көркем шығарма жасап, қазақ әдебиетiнiң алтын қорына қомақты үлес әкелгенiн аңғардық.
Әдеби сценариде орталық қаһармандардың мiнезiн, бейнесiн ашуда көркем әдебиет пен кинодраматургияның кейбiр көркемдiк шарттары ортақ байланыста болады.
Л.И.Реутова:”...монтажность драматургического действия, что сказалось и на характере сценической композиции, которая, в ряде случаев, все больше приближалась по форме к киносценарию. В советской драматургии последних десятилетий появилась целая вереница пьес сценарного типа. На формирование “монтажного” стиля в театральной драме, как и на ее тенденцию к документальности, повлияло стремительное развитие кино-, радио-, теле-, драматургии [73, 11] ,- деп ой өрбiтедi.
Драматургиясыз театр да, кино да жоқ. Драма мен сценарийдiң көркемдiк табиғаттары екi бөлек. Драма- оқырманға көркем шығарма болса, режиссер мен актерларға бұл тек спектакль драматургиясының бiр бөлiгi ғана. Ал, сценарий – киноактерлар мен кинорежиссер үшiн аяқталған шығарма болып есептеледi. Және жазушы-драматургтердiң қаламынан шыққан сценарилер – киносценарилердiң негiзгi, алғашқы әдеби нұсқасы болып саналады.
Жариялылықтың жарық сәулесi түскен алғашқы жылдары шығармашылық өнердiң де асығы оңтайланып, “ақтаңдақтар” жайынан көмулi сырлар шертiлгенi мәлiм. Сол көрiнiстерге өзiнше үлес қосушы жазушы С.Жүнiсовтiң “Кемеңгерлер мен көлеңкелер” атты екi бөлiмдi драмалық шығармадан таразылауға, ой түюге болады.
Профессор Н.Ғабдуллин: ”Драматургия өмiрде болған оқиғаларды сол күйiнде көрсете салуға тиiстi емес, шешiмi табылмаған жағдайларды шешу, дағдыдан терiс ауған құбылыстарды түзеу жолындағы күрес үстiндегi iрi iс-әрекеттердi бейнелеуi керек” [74, 15],- дейдi.
Пьеса алғаш рет М.О.Әуезов атындағы академиялық драма театрында қойылып, кеше ғана қалың қауымның арасынан аттанған қазақтың маңдайына ғасырда ғана бiтетiн нарқасқа ұлдарының өмiрiнен егжей-тегжейлi сыр ақтаратын көркем сахналық туынды көрермен қауымның жүрегiне бiрден жол тауып, жылы қабылданды. Ол жөнiнде баспасөз беттерiнде Н.Қалқаның “Ғұламалар жайлы қойылым”, Р.Сағынбекұлының “Уақыт сыры - қойылым кiлтi”, және драматургтiң қаламгерлiк мерейтойына арналған Р.Тоқтаровтың “Сәкен Серi”, Ә.Сығаевтiң “Өмiрдiң өз шындығы” атты мақалаларында қысқаша көрiнiс тапты.
Пьесадағы негiзгi тартыс М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсiрепов араларында. Халқымыздың бiр туар ұлдарының араларындағы көпшiлiкке беймағлұм жайттарды көркемдiк шеберлiкпен, көрегендiк танытып сахналық шығармаға айналдырған
Драмалық шығармадан кешегi күнi ғана арамыздан өткен, маңдайымызға бiткен жарық жұлдыздарымыздың бiр кезде “Лениндiк сыйлықты кiм алады”,- десiп, пендешiлiкке барысуға себепшi болған, араларына ши жүгiртушiлер де болғанын драматург С. Жүнiсов олардың шын бейнесiн Сығанақ арқылы өз тарапынан тарих бетiне қайта тiрiлткен.
Пьесаның бiрiншi көрiнiсiндегi оқиға Сәбит пен Сығанақ араларында өрбидi. Сығанақтың сұғанақтанып Сәбитке жағымпаздануынан шебер бередi. Сәбиттiң Сығанақтан жұбайының (әлi үйленбеген), шешесiнiң (қайтыс болғалы әлденеше жыл өткен) амандығын және сөйлесiп тұрып атын сұрауынан күлкiлi әсер аласың, кәдiмгi Сәбит Мұқановтың табиғатынан сыр бергiзедi. Сығанақ образының пысықтығының арқасында пьеса жүйесiне ширақтық, тартысты әрекетке қадам жасалады. Мысалы:
“С ә б и т. - Дұр-рыс, қосшы бала, айтқандай, Академияларыңда не жаңалық бар?
С ы ғ а н а қ. Сәбе, қазiр академияда да, барлық институт атаулыда, тiптi бүкiл Қазақстан халқының аузында бiр-ақ сөз: ''Лениндiк сыйлықты кiм алады екен? -деген талас.
С ә б и т. -Талас деймiсiң?
С ы ғ а н а қ. Мұқанов ала ма екен, Әуезов ала ма екен. "Сәбит алады да, жоқ Мұхтар алады '' [«Кемеңгерлер мен көлеңкелер''],- деп отқа май құя түседi.
Осы уақытқа дейiн мың ойланып, мың толғанған
С ә б и т. Ауылдағы көпiрлерде қарама -қарсы кездескен екi текедей жолға таласып тұрғанымыз жетер, ендi Мәскеу өткелiнде екi қазақтың қасарысуымыз бүкiл елден ұят шығар- деп шешкен адамгершiлiк жолынан қайта қайтарып,
С ы ғ а н а қ. Онда, неге Әуезов кандидатурасын алып тастамайды?"- деп, ушықтыра түседi.
Табиғаты аңқау Сәбитте бұл сөзге ойланып, өзiнiң де екi ойлы жүзiн қайта бұра бередi. Сығанақ бiрте-бiрте Сәбеңнiң сезiмiне бойлап: ’’М.Әуезовтiң Сәбитке деген ниет-пиғылын, Ғабиттiң өзiне жол ашып алу үшiн қам жасап жүргенiн, ертең кезекке шейiн уақыттың өтiп, заман ағымының өзгеретiнiн, бұл жай емес ''Ленин сыйлығы''. Бұл атақ - сiздiкi, ол-аксиома!’’,- деп бiрақ тоқтайды.
Екiншi көрiнiс Мұхтар особнягiнiң биллиард столының қасында басталып, өрбiп, сабақталады. Қайта ойланған Сәбитте тырысқандық, ұнатпаушылық, Мұхтарға тиiсетiн сөз таба алмай, ақыры: ’’Сендер қалай жалықпайсыңдар, тентек танадай айнала бересiңдер, айнала бересiңдер…’’
М ұ х т а р: ”Айналған сайын тұла бойыңдағы қан да айнала бередi.
С ә б и т. Сонда немене, менiң қаным ұйып қалып па?
Тамақ iшуге шақырған Валентина Николаевнаға:
С ә б и т. Сiз Мұхтарға қосылғалы неше жыл? Содан берi…
В а л е н т и н а. Қонбайды, лингвистикалық қабiлетiм нашар-ау тегi.
С ә б и т. Жоқ, құлық жоқ қой. Әйтпесе, ана бiр жылдары келген немiс, шешен, ұнғыштардың кемпiр-шалдарынан балаларына дейiн, тез арада-ақ қазақшаға судай боп кетпедi ме? Солар, құдай бiледi, лингвист те, полиглот та емес. Сонда қалай? Ағамыздың өзi, бiлiмi, гонорары, Әуезовше айтқанда, бәрi-бәрi керек болғанда, солардың бәрiн-бәрiн тауып отырған жалғыз тiлi қажетсiз болғаны ма?! [«Кемеңгерлер мен көлеңкелер''
Бұл диалогта астарлы ащы сыр, меңзеу бар. С. Жүнiсов аузына ''жариялылықтың'' алғашқы жылы-ақ осындай ұлы адамдардың өз бастарынан ''кемшiлiк’’ тауып, сәттi байланыстырып тұр. Сәбиттiң ''жоқ, құлық жоқ қой’’, - деген фразасынан көп ой түюге болады. Автор қазақтың екi нарқасқаларының iштегiлерiн, сыртқа көркем шеберлiкпен жеткiзуi оңтайлы шешiм болған.
С ә б и т (Мұхтар туралы ). 1) ”Сен менi түзетпей-ақ қой, ана тiлiн сенен үйренбей-ақ қойдым…” 2) “Сен ұрсысуға келгенде сыпайысың да, қырқысуға келгенде ұпайыңды жiбермейсiң. Бетпе-бет айтысқанда мен дөрекi де, сен интеллигент…” 3) “Сен монтаны интеллигент болғаныңмен - түбiң шикi.” 4) “Бiр актриса: ”Мұқаң жылы-жылы сөйлеп, асты-үстiңе түсiп, басыңды шыр айналдыра бастағанда икемделе бастағаныңды бiлмей қаласың”,- деп, әйел алдындағы “бедел-қылығын” бетiне басады.
Барлығын көре алмай отырған Сәбитке
“Ғ а б и т. Ң-ай, Сәбит, iшiң күйсе тұз жала. Жас келмей шартиып, қарным қампиып, сен құсап қартайып тұрғам жоқпын.
С ә б и т. Жасымда көршiнiң сұлуына көз қысатын, қартайғанда қыз құшатын сендей өлермен де емеспiн. Шынында да, Ғабит, сенiң не сайтаның бар жылда жасаратын” [«Кемеңгерлер мен көлеңкелер'']
Пьесада ширыққан тартыс, характерлар қақтығысы әр мiнез ыңғайында, әр талап деңгейде негiзiнен Мұхтар, Сәбит, Ғабит, Сығанақ араларындағы iс-әрекеттен көрiнiс бередi. Әсiресе Мұхтар мен Сәбит араларындағы диалогтардың көтерер, атқарар, салмақ салар жүктерiнiң орны бөлек, тiптi драманың көтерер уығы деп те шартты түрде есептеуге тұрарлық. Драматург ойының шешiмi: Қазақтың ХХ ғасырда мәдени-әдеби бұқаралық қоғамдық iстерiнде атқарған борыштары бiр-бiр тауға тұрарлық. Бiрақ әр нәрсенiң қиюын тауып, амалын ретiн, ыңғайына кедергi келтiрiп бағатын, араларына болмашыдан, тырнақ астынан кiр тауып, шағыстырып, ши жүгiртiп, өмiр сүру атмосферасына кедергi жасап, жауластырушылар болған. Драматург олардың шын бейнесiне – Сығанақ образын дәл алған, аша бiлген. Драматург Сығанақтарды Мұхтар аузымен былай дейдi:”- Олар адамзат пайда болғалы соның көлеңкесiндей көлеңдеген – көзге көлгiр, сыртыңнан тiрiдей көмгiш адамдар емес пе? –деп орынды келтiредi.
Қара көзiлдiрiктi мен Мұхтар арасындағы жауаптасу диалогтары да шебер өрiлген.
“Қ а р а к ө з i л д i р i к т i.- Сен қылмысыңды мойындайсың ба?
М ұ х т а р. - Мен не қылмыс жасаппын?
Қ а р а к ө з i л д i р i к т i. -Жасаған жоқсың ба? Партиядан кiм шығарды? А-а? (кекесiн күлкi)
М ұ х т а р. - Өзiм шықтым. Сол ма қылмыс?
Қ а р а к ө з i л д i р i к т i. -Сонда саған большевиктiк партия ұнамады ма?
М ұ х т а р. - Жоқ, партияға мен ұнамадым. Дәлiрек айтқанда, қазiргi партия басшыларына. Мен партия қатарынан кетсем, қарапайым халықтың қатарындамын. Олар қылмыскер емес, социалистiк қоғамның адамдары…” [«Кемеңгерлер мен көлеңкелер'']
С.Жүнiсов Мұхтар бейнесiне ерекше ықылас танытқан. Әсiресе, пьесада “Қаба сақалды” екеуiнiң жүздесу сәтiндегi жауаптасуларынан көп сауалға жауап табуға болады. Мұхтардың болашақ қазақ ғылымы, өнерi, мәдениетi үшiн ауадай қажет екенiн көркем шеберлiкпен суреттеген. Мысалы:
Қ а б а с а қ а л д ы. - Сiз қазақ халқынан шыққан тұңғыш оқыған азаматтардың бiрiсiз. Ендi бiрақ сол бiлiм шырағын жағуға тым асығыссыз, қызбасыз. Сiз бiлiм байлығын мейлiнше меңгерген адамсыз да, мiнез байлығын толық игере алмаған адамсыз. Сiздiң күрес творчество, әдебиет арқылы жүрмек. Ал, әдебиет саласында алғаныңыз өте көп те, бергенiңiз өте аз…
М ұ х т а р -Сонда менiң жаным орыс әдебиетшiлерiнен ардақты ма?! Оларға неге жаныңыз ашымайды?
Қ а б а с а қ а л д ы. Ашиды…Ал, сiздiң жағдайыңыз мүлдем жанашырлық халде. Өзiңiз айтқан жаңағы орыс таланттары кетсе, орыс өнерi тап қазақ өнерiндей ойсырап қалмайды. Сiздiң ұлттық өнерiңiзде қай Пушкинiңiз бен Толстойларыңыз тiрелiп тұр. Оларды күндердiң күнiнде Гоголь мен Достоевскийдiң, Чехов пен Островскийдiң, Чернышевский мен Белинскийдiң рухы сақтап ала алады. Сiздiң солардай арашашыңыз бар ма? …Неге үндемейсiз? Мойындағыңыз келмей ме?"
М ұ х т а р. -Бiздiң де Шоқан мен Абайларымыз бар.
Қ а б а с а қ а л д ы. - Олар, әлi, өздерiнiң басын арашалап алсын…" [«Кемеңгерлер мен көлеңкелер''] ,- деп айтқан жауаптасуларынан жүрегiң тебiренедi.
Мұхтардың адал, қажыған сезiмiне жол тауып, өмiрiн ұзартып, халқына еңбегiн сiңiртушi кейiпкер - Қаба сақалды.
Драматург С. Жүнiсов сол зұлмат кезеңдегi сұрапыл заман сұсын Ғабиттiң атынан бергенi де жүрек шайлықтырады. “…Күнде кешке қарай кий таяғымды иығыма асып, Орталық ресторан астындағы биллиард залына келемiн. Әкетсе, балаларыма көрсетпей, осы арадан әкетсiн деп күнде үй-iшiммен қоштасып кетемiн…” [«Кемеңгерлер мен көлеңкелер'']
Драматург С. Жүнiсов Сәбит атынан “Пьеса жазуда Мұхтардың бiздерден бiр артықшылығы - сахна жүйесiн жақсы бiледi. Театрда iстегенi бар”, - деп Мұхтардың пьеса жазудағы ерекшелiк белгiсiн айтқызып, өзiнiң де академиялық театрдың әдебиет бөлiмiн басқарған жылдары пьеса жазудың қыр-сырын меңгергенiн байқатады.
Сығанақтың кезектi бiр арандатуы: – Мұхтар “Дос-бедел дос” пьесасында Сәбиттiң образын дәл, сол қалпында оңдырмай берiптi –деп ушықтырып бiр қояды.
Сығанақ бейнесi – бiрiншiден, ұлылар арасына шам алып түсушiлердiң түп-негiзi болса, екiншiден, өмiрдегi, қоғамымыздағы келеңсiз, қисынсыз, жалған-жала iстердiң бетiн ашып, аршып, халық алдында жариялап отырушы бейне ретiнде де қызмет етушi. Сығанақ Сәбитке Мұхтарды, Мұхтарға Сәбиттi қаралап, бiр-бiрiне сөз тасушы қызметiнде жүредi. Мысалы:
“С ы ғ а н а қ (Мұхтарға). Мен, әлгi, оқулықты құрастырушы авторлардың бiрiмiн ғой. Өмiрбаянының жартысын кесiп тастадым. Хрестоматияға кiрген үзiндiсiн одан сайын үзiп-үзiп, пышыратып, тұлдырын ғана қалдырдым. Ертең шыққанда бiрақ бiледi. Бiрдеме деп дәлелдеп көрсiн. Орыс әдебиетiнiң ұлттар әдебиетi бөлiмiне сұраған екен, айтысып отырып, сiздi ғана жiбердiм.
М ұ х т а р (ашудан жарылардай). Мен сенен қамқорлығымның өтеуiн қашан сұрап едiм. Сәбиттiң тiлiн тiлiп, жанын жарала деп қашан айтып ем? Сен…сен пәле…сенiң атың Сығанақ емес…ғылымға келген Сұғанақ екенсiң ғой…” [«Кемеңгерлер мен көлеңкелер'']...
Пьесадағы шағын эпизодтық бейне - Қаба сақалды (орыс интеллигенциясының рухы) Мұхтарды желеп, жебеп, демеп, ой салып отырушы. Бiрде Мұхтарға. Сiз бiлiм байлығын мейлiнше меңгерген адамсыз да, мiнез байлығын толық игере алмаған адамсыз….” ,- деп бойындағы бiр мiнiн де айтады.
Драмада тек қана ғұламалар арасындағы тартыс-айтыс, таластар тiзбегi суреттелiп қана қоймай, басқа да қоғамдағы бiрнеше мәселелердiң де ұшығын, тарихи шындығын ашып, кейiпкерлерi атынан айтқызып отырады. Мысалы:
М ұ х т а р. Тау асқандардың бәрi жау емес. Олардың көбi жаңа өмiрден бейхабар, қараңғы едi, шаш ал десең, бас алатын әпербақан, шала сауатты белсендiлердiң әкiреңiнен естерi шығып, мәңгiрiп қалғандар. Ет, жүн салығы деп бар малын сыпырып ала бастаған соң, не iстерiн бiлмей, далақтап қашқан байғұстар,-деп, жаппай қысым жасалып “кәмпескенiң” шындығынан сыр бередi.
С ә б и т. Болашақты болжағыш көрiпкел (Ленин), данышпан адамның көзi жұмылар-жұмылмаста, отызыншы жылға дейiн неше түрлi қателiктер басталды. Аяғы ашаршылыққа соқты,-деп елдiң “ашаршылық” нәубетiне ұшырап, қырылуын айтқызады.
М ұ х т а р. Өздерi ештеменi түсiнбейтiн, түсiнгендi көзге iлмейтiн шолақ белсендiлер бүкiл ел-жұртты қан қақсатты” [«Кемеңгерлер мен көлеңкелер''] - деп, өркөкiрек шолақ белсендiлердiң де қылығын тыс қалдырмайды.
Драматург С.Жүнiсов ХХ ғасыр басындағы қазақ халқының демографиялыққұлдырау барысы, көршi елдерден әлде қайда жоғарғы деңгейде екенiн де тiлге тиек етiп кетедi. “Кемеңгерлер мен көлеңкелер” драмасының құрылысы, желiсi, персонаждар аралығындағы қақтығыс, тартыс, сөзге келушiлiк, адам жанын жадыратар, жабырқатар, налытар, күйiндiрер, ерiксiз басыңды мойындатар сәттер көптеп кездеседi.
Пьеса соңында С ә б и т т i ң. Апырай, Мұхтарды ылғи ренжiтiп алып жүрем, келешекте жұрт қалай түсiнер екен?,-деп жүрегiмен айтқан жан сөзiне
Ғ а б и т. Ештеме етпейдi, сенiң ренжiтуiң мен қақтығысың - сұмдар мен сұмырайлардың қақтығысы емес, әдебиеттегi достар айтысы" ![«Кемеңгерлер мен көлеңкелер''] ,- деп қазақ халқының маңдайына бiткен жарық жұлдыздары - Сәбит пен Мұхтар арасындағы дау-дамайдың өртiне шек қояды.
Қазақ әдебиетiнде ғалымдар өмiрiне арналған драмалық шығармалар көп. Қазақ драматургиясының тарихында Т.Ахтановтың, З.Қабдоловтың, С. Жүнiсовтiң т.б. драмалық шығармалары жатады.
Т.Ахтановтың “Әке мен бала” (“Ана даусы”) атты пьесасының көтерген тақырыбы – бүгiнгi күннiң мәселесi. Ғалымдар өмiрiнен жазылған бұл шығармада көтерiлетiн басты мәселе – адамгершiлiк жайы. Ал, “Кемеңгерлер мен көлеңкелер” драмасының да көтеретiн басты мәселесi – адамгершiлiк, парасаттылық, қанағаттылықты ұлылардың бойынан iздетедi, көрсетедi. Драматург С.Жүнiсов тарихи шындық пен көркем шындықты заман шындығымен қатар бойлатады.
А.Корягин: ”Предмет драмы – общественный конфликт и человек в его отношении к данному конфликту. Логика этого конфликта и определяет художественную структуру драмы” [75, 150], - деп, драматургияның негiзгi табиғатын танытып, драмадағы басты қазық - адамдар арасындағы тартыс екенiн көрсетедi .
’’Жамбылдың даңғыл, тарғыл жолдары’’ атты екi актiлi пьеса –эссе драматург С.Жүнiсовтiң қазiргi соңғы жылдары жазылған пьесаларының бiрi. Пьеса жыр жұлдызы Жамбылдың қартайған шағы кезiне арналып жазылған. Оқиғаға қатынасушы кейiпкерлер саны - драмалық шығармалар заңдылығына сәйкес. Бiрiншi көрiнiс жолаушылап келе жатқан Жамбылдың үнi арқылы басталады. Сәкен Сейфуллин мен Ораз Жандосов ақсақалмен сұхбаттасудың жолын таба алмай тұр.
«С ә к е н. -Бiлем, бiлем, бiр көрсем де қылт ете қалатын бала мiнезiн байқағам, көңiлi түссе көлдей, тоқсандағы сәби ғой, сәби" . Сәкен мен Ораз қарт жыршымен қол алысып, танысып, үлгермей жатып,
Ж а м б ы л. Келшi, келiншек емес, сүйiспеймiн, баламсың ғой, сенi де маңдайыңнан иiскейiн. Ал, үйге жүрiңдер,…мал бөлiстен алған екi-үш қойым бар, соның бiрiн сойыңдар, жата-жастана сендердей бастықтарға базына айтар ойым бар [’’Жамбылдың даңғыл, тарғыл жолдары’’] - деп ақ өлеңдетiп қоя бередi.
Сәкен мен Ораз қарт дүлдiлге барлық жай-жапсарды түсiндiрiп жатып ’’Мына жаңа үй – совет үкiметiнiң сiзге жапқан шапаны’’-деп көңiлдендiредi. Сонда Жамбыл қара сөздi қарша боратып, қалыпты жағдаймен жауап қатады.
Ж а м б ы л. -Бәр-рәкелдi, игiлер, ел дәстүрiн сақтар болар. Мұндай сыйды кiм болса да жақтар болар. Алмақтың да салмағы бар деген мирас, Түйсiктi жан мұндайды ақтар болар.
С ә к е н. -Түсiнгендер бiр-бiрiн жақтар болар, шын жүйрiгiн ел болып баптар болар, халқы атынан сөйлейтiн қариясын, шық жұқтырмай, жүдетпей сақтар болар, [’’Жамбылдың даңғыл, тарғыл жолдары’’] - десiп ойларын айтысады. Ақындарды сырттай қызықтап тұрған Ораз. Ай, ақындарым-ай, ақындарым-ай, көңiлде жүрсе де, ауызға түспейтiн сөздердi қайдан тауып аласыздар ! –деп таң қалып, таланттарына сырттан бас иiп тұр. Осы сәтте сырттан алып-ұшып кiрiп келген Алғадай: "-Көке, көке, ана бiздiң үйдi құлатайын деп жатыр"
Ж а м б ы л. -Бар, бар жүгiр… Құлатпасын, тимесiн үйiме…Менiң тозған үйiмнiң бiр бұрышында қарлығаш ұясы бар едi. Сары ауыз балапандары жаңа ғана жұмыртқа жарып шығып едi. Қара қанаттанып ұшқанша тимеңдер. Мен жаңа үйге көшiп қарық боп жатқанда балапандарының үйiн бұзып, ата-анасын ғарып қып тастамаңдар. Жанды тiршiлiк, қарлығаштарым, балапандарым, аман болсын!" [’’Жамбылдың даңғыл, тарғыл жолдары’’] ,-деген сөздерiнен драматург С.Жүнiсов жыр алыбы Жамбыл арқылы тiршiлiк атаулының да мәселесiне жанашырлықпен қаратады.
Пьеса бойындағы келесi бiр драмалық оқиға – жыр дүлдiлiне тағайындалған хатшылары туралы. Драматург Жамбыл атынан: ”Мен айтып, бұлар жазған өлең қалай болар екен? Жан-жағымнан емiнiп, жұтынып отырғанда менен өлең шыға қояр ма екен. Одан да ақ есегiме мiнiп алып-ей ел аралап тепеңдетсем - көмейге тiрелген өлең жыр да, жарықтық, өз-өзiнен құйылмай ма. Ал, мыналарың-қаламдарын қанжардай қынабынан суырып, семсердей сүйреңдетiп қос бүйiрiме тақап тұрғанда, өлең шiркiн де жүрегi шайлығып тыйылмай ма?” [’’Жамбылдың даңғыл, тарғыл жолдары’’], - дегiзiп, шын ақындық қиял, арқасы қозып, ұстап, өлең еркiн жүрiп-тұрғанда ғана туатынын да атап өтедi. Бiрiншi көрiнiстегi оқиға арқауы жыр алыбына хатшылық қызметке тағайындалған Т.Жароков, Қ.Әбдiқадыров, Қ.Тоғызақов, Ғ.Ормановтар өздерiн ақынға жыр жолдарымен таныстырып, ақын домбырасына еңкейiп, екi иығы қутыңдай, өзi ыңылдай, толғанып, толғай кетедi:
"Тоқсандағы Жамбылға толқынданып сөз келдi,
Көктемнiң көгiндей кәрi өмiрiм өзгердi…
Сөйлей бер, ақ домбырам, дүрiлдеген,
Шарықтай күй төгiлдi бүгiн менен…,-
деп, ақ көңiлiмен ағытылып бiрiншi көрiнiс аяқталады. Негiзiнен бiрiншi көрiнiстегi тартыс, қақтығыс сөзбен сомдалып, диалогтарындағы ұйқас, астарлы диалог түрлерi көрiнiс тапқан.
Екiншi көрiнiсте хатшы-ақындардың өнерлерi мен Жамбыл жырларының әр ұлтқа, халық тiлiне арналып жазылған өлеңдерi орындалады. Драматург бұл жерде Жамбыл жырларының географиялық кеңiстiгiн,әрi интернационалдық ауқымын аңғартады.
’’Сахнада шам жанғанда сырттан келе жатқан Жаңа Жамбыл көрiнедi. Киiмдерi су жаңа: Құндыз бөрiк, жаңа мақпал шапан. Омырауында ордендерi. Таяғы - әдемi трост. Осыдан бастап бұл – ”Жаңа Жамбыл". Жамбыл жаңа өмiрдiң қызығы мен қызметiне қартаң жасымен риза болып:’’ Өлеңнiң азығын дайындап, ақынды жемдеп тұратын жанашыр адамдарым қасымда, домбыраны мен күйлемегенде кiм күйлейдi, арынды арғымақ жырымды өзiм қамшылап, өзiм тiзгiндеп, өзiм билемегенде, кiм билейдi”,-деп ақындық шабытпен шалқып тасиды. С. Жүнiсов осы жерде тосын әдiс тапқан. Яғни, Жамбылды шарайнаның алдына әкелiп, үстiндегi су жаңа киiмдерiн әп сәтте бұрынғы жұпыны өмiрiндегi, жұпыны киiм-кешектерiне ауыстырады. Драматург С.Жүнiсов мифологиялық құбылыстағы, ертегiлiк әрекеттегi амалға көшедi. Аяқ астынан Б ұ р ы н ғ ы Ж а м б ы л мен К е й i н г i Ж а м б ы л д ы ң диалогына куә боламыз. Мысалы:
Б ұ р ы н ғ ы Ж а м б ы л. Мен де сенмiн…Сенiң де қабырғаңмен кеңесетiн бiр уақытың келген шығар.
К е й i н г i Ж а м б ы л (күмiлжiп). - Иә, иә, келдi. Кеңесейiк. Өзiм де ойлап жүр едiм.
Б ұ р ы н ғ ы Ж а м б ы л. Үстiңе жапқан шүберекке, төсiңе таққан сөлкебайға несiне мәз боласың. Бұрын шен тағып, шекпен кигендi ащы тiлiңмен түйреп сөгушi ең, бүгiнде қалай көне қалдың?
К е й i н г i Ж а м б ы л. Көнсем – еңбегiмнiң еш болмағаны, соның жемiсi шығар.
Б ұ р ы н ғ ы Ж а м б ы л. Алданып қалған жоқсың ба?
К е й i н г i Ж а м б ы л. Алданғаны несi! Алданатын бала ма екем?
Б ұ р ы н ғ ы Ж а м б ы л. Алданбасаң кеңес үкiметiнiң жарқын жағы мен салқын жағын неге қатар айтпайсың. Әдiлет қайда, әдiлет?! [’’Жамбылдың даңғыл, тарғыл жолдары’’] -деп, кеңес үкiметi тұсында 1918-20 жылдардағы аштық, кешегi 30 жылдары қалай күн көргенiн, қырғыз ағайындарды паналап аман-сау қалғанын, қазақ халқының 3/2-сi осы кеңес заманында қырылып өлмеп пе едi… Бүгiнгi жеген есепсiз наныңа ендi мәз болып шалқақтайсың келiп…деп ащы түйреп өтедi.
К е й i н г i Ж а м б ы л (айғайлап). - Жеттi. Оны басқалар айтсын…Мен ендi тоқсанға келген шағымда сақалды басыммен жақсылықты көрмей, жамандықты айтуға дәтiм бармайды. Қалған өмiрiмде жақсылықты ғана айтып өтем !” [’’Жамбылдың даңғыл, тарғыл жолдары’’],-деп, дауыс көтере айқайынан сырттан баласы Алғадай, күтушiлерi шошып кiрiп келедi.
Үшiншi көрiнiстегi оқиғаның негiзгi арқауын Сәкен Жүнiсов Жазушылар одағы президиумдағы мәселе сөз болады. Астарлы, саяси мағынасы бар жиналысты шебер, заман талабына сәйкес өрбiтедi. ''Советтiк цензура’’ заманындағы «түймедейдi түйедей етiп’’ ''тырнақ астынан кiр iздейтiн’’ уақытты дәл бередi. Президиумда сөз болып отырған мәселе: “Орта мектеп хрестоматиясына кiргiзiлген Ж.Жабаевтiң ''Клим батыр’’ поэмасының ''орынсыз’’ жонылып, қысқаруы”. Сол үшiн С.Сейфуллиндi нақақтан жазғырып отыр. С.Жүнiсов қазақтың нарқасқа ұлдары арасындағы бiр-бiрiн көре алмаушылық, бiрiн-жарға, сөзге итерушiлiк, пендешiлiк әрекеттерiнен сыр-шертiп, барлығына да заман ағымының салқын әсерiн байланыстырып отырады.
Б ұ р ы н ғ ы Ж а м б ы л. - Бұйдасын сүйреткен түйеге ұқсап бара жатырмын десейшi”
К е й i н г i Ж а м б ы л. -Бұйдалы түйе де жаман емес, әйтеуiр бақырып-шақырып көш бастайды ғой, ал мен үйдiң жанына тұсап қойып, керегiнде итi де, құсы да мiне сала шабатын колхоздың жауыр атына ұқсап кетпедiм бе деп қорқам.” [’’Жамбылдың даңғыл, тарғыл жолдары’’]
Шығарманың II көрiнiсiнде қазақтың қазақты көре алмаушылық жаман қасиетiн де ерекше бiр әдiспен, яғни ’’Аманкелдi батырға’’ арнаған жырын айналасындағылары қимай , қызғаныш, соңында ,,Клим батырға’’ беруге келiсе кетедi. С.Жүнiсов ''Қазақ-қазаққа ондайды қиған ба?- деп те айтып қалғызады. Бiрiншi актiдегi оқиға қазақ әдебиетi мен мәдениетiнiң он күндiгi декадасының сәттi өнер көрсетуiмен аяқталады.
Екiншi бөлiмнiң басынан ''аласапыран заман’’ басталады. Қазақтың әдебиетi, ғылымы, мәдениетiнiң ең көрнектiлерiн Сталлиннiң бұйрығымен қамалып жатқандарын естiп Жамбыл қатты күйiнiп, ашынып, торығып” бәрiне сене бередi. Хатшысы Қасым Тоғызақов Жамбылдың ''Сұр жылан'' атты өлеңiн өзiне оқып, өзiне дәлелдеп, өңiн аударып, түсiн өзгерткенде ''сәби Жамбыл’’ күйiп-пiседi.
Ж а м б ы л (Қасымға). - Оу, мыналарың ескiнiң ертегiсi сияқты екен
Қ а с ы м Т о ғ ы з а қ о в. - Жәке, жаңа заманның да адам сенгiсiз ертегiсi бар. Оны оқымаған адам сiз түгiлi, оқыған адам, бiз де бiле бермеймiз” [’’Жамбылдың даңғыл, тарғыл жолдары’’],- дескен диалогтарынан көп нәрсенi аңғартады.
Пьесаның II- бөлiмiнде кейiпкерлерi ширап, характерлар қақтығысып, тартыс негiзiнен қазақтың маңдай алды ұлдары Сәкен, Ораз, Мұхтар, Сәбит араларында жалғасады
Пьесаның II-бөлiмiнде қарт Жамбылдың күйiнiшi көбейiп, басқа да кейiпкерлерi әуре-сарсаңға көбiрек ұшырап, тартысты жағдайлар орын алады. Арасында ''қаракөзiлдiрiктiмен’’ де айтысып отырады. Қазақ халқының маңдайына бiткен нар қасқаларын ұстап, түрмеге жауып жатыр дегенiн естiп, Сталинге бiрнеше рет хат жазады. Драматург С.Жүнiсов ақынның аңғал, ақ жүректiлiгiн, бала мiнезiн тап басады. Мысалы:
“Ж а м б ы л. …Айтқандай, менiң Сталинге жазған арызымды түзеп, қырнап әкелдiң бе?… Әкелшi, бармағымды басып берейiн.”
Ғ а л и. - Бұл нешiншi хатыңыз?
Ж а м б ы л. - Бiлмеймiн, санынан жаңылдым ғой, әйтеуiр төпелеп жаздырып жатырмын, жаздырып жатырмын, бiрде-бiр жауап жоқ. Мен, қазiр ! (Жамбыл бармағын басып, сыртқа шығып кетедi)
Қ а с ы м. -Тәтем Сталинге: “Қазақта халық жауы болмайды, қамалғандарды босат” деп неше рет, неше түрлi хат жазғызды. Осы жолы, егер осы жолы жауап жазбасаң, сенi мадақтап өлең айтуды қоям”,- деп өзiнше Стәлiндi қорқытып жазғызды.
Қ а л м а қ а н. - Сен солай жаздың ба?
Қ а с ы м. - Олай жазып өле алмай жүр деймiсiң?! …-Тәтем, Сталинге айтып отырғанда, мен өлең жазып отырам. Жәкең де сәби ғой, жазып отыр деп илана бередi.” [’’Жамбылдың даңғыл, тарғыл жолдары’’]
Шығарма барысында С.Жүнiсов Жамбылдың аузына көбiне өзi шығарған өлеңдерiнен үзiндiлер келтiрiп, шебер қиюластырса, ал, Тайыр, Ғали, Қалмақан, Қасым сияқты ақындардың аузына өлең жолдарын өз тарапынан шығарып отырады. Бұндай жерлерде прозаик-драматургтiң бойынан ақын-драматургтiң табиғатына кез болып отырамыз.
Драматург С.Жүнiсов Жамбылдың Сәкен Сейфуллинге деген ерекше ықыласын, құрметiн Жамбыл мен Сәбит Мұқановтiң араларындағы айтысты, жұмбақ-диалогтардан аңғарамыз. Мысалы:
С ә б и т. …Ана ауылда өткен үлкен слетке машинамен бармай, қасқа атыңызға мiнiп, кеш қалыпсыз. Шоферыңызды ұрысса, ол мен кiнәлi емес, тәтем, машинаға мiнбей қойды”,- дейдi.
Ж а м б ы л. - Меншiксiз машинадан меншiктi ат жақсы.
- Әй, Балуан Шолақ, ана маған берген машина кiмдiкi?
С ә б и т. -Кiмдiкi болушы едi - сiздiкi!
Ж а м б ы л. -Жоқ, Сәкендiкi, Сәкенжандiкi. Оның қырық жылдық тойында өкiметтiң оған тартқан сыйы екен.”
С ә б и т. - Ол арасын бiлмедiм. Бiрақ онда тұрған не бар. Сәкен жау болса да, машинасы жау емес қой.
Ж а м б ы л. - Кеше баламдай бауырыма басқан Сәкенжан қапаста қамығып, өзi құрған жарық дүниеге бiр шығып, таза ауаны бiр жұтуға зар боп, зарығып отырғанда, мен қалай ғана дәтiм шыдап, оның машинасына мiнiп жүрем.” [’’Жамбылдың даңғыл, тарғыл жолдары’’]
Пьеса соңында драматург С. Жүнiсов қазақтың қанына бiткен мерез аурудың бiр түрi – “рушылдық, жүзге бөлiнушiлiктi” де тiлге тиек етiп, бетiн қайтарып, аталы, баталы сөзiмен уағыздайды. Мысалы:
“К е й i н г i Ж а м б ы л. -Соңғы күнi, бой жасап, қиналмай, жұртыммен аман қоштасып өлем бе деп ем, оған да қоймады-ау, есер есiрiктер.
Б ұ р ы н ғ ы Ж а м б ы л. Бұл бүгiнгi көрген құқайың ба? Ежелден бiр қазақты екiншi қазаққа шатыстырып, үрит соқ деп жүргендер аз ба едi? Кеше ғана Ахмет, Мағжан, Мiржақыптарды алаштың аласы дей алмай, Сәкендер төңкерiстiң, кеңестiң баласы деп олардан бөлiп, саласы, кейiн Сәкендердiң соңына сәкеңдердi салып, күйе жағып қаралап, бiрiне-бiрiн жем еткен жоқ па едi?!
К е й i н г i Ж а м б ы л. -Сонда кiм демексiң, бiр аталастың ұлдары мен ұлыларын бiр-бiрiне айдап салған?
Б ұ р ы н ғ ы Ж а м б ы л. Саясат, аңғал Жамбыл, даңғыл Жамбыл, саясат. Саясат - қармақ. Мағжан, Сәкен, Сәкеңдер сол қармақтың басына iлген жем, бiр-бiрiне солай жем болған, қайран, асыл ерлер. Ендi сол әдiстiң күнi өткен соң, үш жүздiң қазағын бiр-бiрiне айдап сала бастапты. бүгiн бiр жүз – екiншi жүздi лағаттаса, ертең екiншi жүз оны балағаттамасына кiм кепiл” [’’Жамбылдың даңғыл, тарғыл жолдары’’].
Драматург С. Жүнiсов Жамбылдың аузына аталы, баталы сөздердi салып, келешек ұрпаққа мағыналы, бiрлiктi ғұмыр кешiңдер деп ұран тастағандай әсерде қалтырады.
С.Жүнiсов “Жамбылдың даңғыл, тарғыл жолдары” атты пьесасында кереғар кейiпкер [’’Бұрынғы Жамбыл’’, ’Кейiнгi Жамбыл’’] сезiмiн бере бiлген. Кереғар кейiпкер сезiмiн беру орыс әдебиетiнде Н.Островский, Л.Толстой шығармаларында бар құбылыс.
С. Жүнiсовтiң “Жамбылдың даңғыл, тарғыл жолдары” атты пьесасының құрылысы ерекше, поэзиялық сипаты басым.
Жамбыл бейнесi - драматург С. Жүнiсовтiң жүрегiнен өткен, қалауындағы Жамбылды көремiз. Ал, өмiрдегi Жамбыл басқа болуы мүмкiн.
Драматург С.Жүнiсовтiң стильдiк ерекшелiгiнiң бiр қыры -соңғы жылдардағы пьеса жазу мәнерiнен көрiнедi. Алғашқы қалыптасу кезеңiндегi драмалық шығармалары құрылысына қарасақ прозаизм басым болса, ал, соңғы жылдардағы “Кемеңгерлер мен көлеңкелер” және “Жамбылдың даңғыл, тарғыл жолдары” атты пьесаларында поэзиялық сипат басымын аңғардық.
Бiрiншi тарау бойынша қорытындылайтын болсақ, Сәкен Жүнiсов тудырған характерлар шығарма композициясындағы әрекеттерiне байланысты мiнез танытады. Бiрде автор характерларын басына тау құлағандай қиындықта шыңдаса [Ажар, Сәуле, Бақыт], бiрде көзге түскен сәттен бастап характерiн танытып үлгередi [Баттал, Құмар, Орынбасар Амирович], ендi келесiде шығармасының соңына таман өзiндiк мiнезiн [Мұрат] бiрақ көрсетедi. Сәкен Жүнiсов сомдаған характерлар - әрекет үстiнде қарапайым да, адуын да, кiшiпейiл де, момын да, өжет, қайсар да бола алады.
«Жаралы гүлдердегi» Баттал, Бақыт характерлары пьеса басталғанынан соңына шейiн өзгермей, әлсiремей сол бiр беткейде сақтайды. «Қызым, саған айтам …» пьесасында ерлi-зайыпты Мұрат пен Разияның характерлары бiр-бiрiне қарама-қайшы әрекетте. Отбасы иесi Мұраттың бойына үнемi кеңпейiлдiк, адамияттық, жуас мiнез дарытса, ал Разия табиғатына керiсiнше жалған сұлулық пен жеңiлтектiк мiнездi сыйлаған. Шүйкетай характерiн – екi жоспарда да жолы болғыш жан есебiнде сомдағанына көз жеткiздiк.
«Кроссворд және әзiл маскарад» комедиясы кейiпкерлерi характерларын бiр-бiрiне ашқызуы – ерекше құбылыстардың бiрi.
«Кемеңгерлер мен көлеңкелер» пьесасында характерлар тартысы- жұмбақ әрекеттер арқылы ашылады. Мұхтар, Сәбит, Ғабит - өмiрде болған тұлғалы бейнелер болғандықтан, кез-келген драмашы бара бермейтiн тақырыпты Сәкен Жүнiсов көркемдiк шеберлiгiмен көтерiп, жоғары алып шыққанына көз жеткiздiк. Пьесада тартыс пен характер - алдарына қойған, бiр кездерi пендешiлiкке барысқан, абырой атақтары үшiн күресi арқылы ашылады.
Сонымен қатар С.Жүнiсов кейiпкерiн шығарма барысында бiр-екi жерде ғана сирек көрсетiп те характерларын бере алады. ”Қызым, саған айтамындағы” қарапайым әкелi-балалы Жәкуда мен Шарипа монологтары - өз байламдарын айта алатын адал жандар екенiнен хабар бередi. Сол iшкi ой-толғақтары-олардың мiнездерiн ашады.
«Жаралы гүлдер» пьесасы 1941–1945 жылдар аралығындағы соғыс кезiндегi тұрмыстың ауыртпашылығын тартқан жасөспiрiмдердiң қилы тұрмысынан сол уақыттың жалпы тынысын, тiршiлiгiн беретiн драмалық туынды болып шыққан.
«Абылай хан» киносценарийi - қазақтың айбынды ханы туралы алғашқы туынды бола тұра кейбiр кемшiлiк тұстарына қарамастан, ұлттық кинодраматургия жанрынан алатын орны бар туынды. С. Жүнiсов сценарийдi режиссер қызметiне ыңғайлап, оқиғасын Абылай хан төңiрегiне жинақтап, композициясы, көркемдiк шарттары кино жанры табиғатына толық жауап бере алатын шығарма тудырған.
С. Жүнiсовтiң драмалық шығармалары 1970-1990 жылдардағы қазақ ұлттық драматургия жанрындағы замандас драмашылар пьесаларымен салыстыра қарастырғанда, тақырып жағынан да, идея жағынан да, бейне жасау, тартыс тудыру, мiнез сомдау тұрғысынан да назар аударарлық.
ЕКІНШІ ТАРАУ
КОМЕДИЯДАҒЫ ТАРТЫС ЖӘНЕ МІНЕЗ
Драмалыќ шыѓарма негізінен: трагедиялыќ, драмалыќ, комедиялыќ болып іштей жіктелгенімен, олардыњ єрќайсысыныњ бойынан бірініњ табиѓаты танылып жатады. Айталыќ, комедияѓа ќоятын талапты драма, трагедияѓа ќоюѓа болмайды, оныњ жанрлыќ табиѓатына сєйкес µзіндік ерекшелік, белгілері бар. Ал, драмада трагедия, комедияныњ элементтері ж‰ретін болса, керісінше шыѓармаѓа µњ беріп, ажарлап т±рады.
Комедия - ќоѓамдаѓы келењсiз, адам µмiрiндегi кереѓар, жаѓымсыз єрекеттердi кµрсету, сынау ‰шiн жєне келешек ±рпаќты осы ќылыќтардан сабаќ ала отырып саќтау ‰шiн к‰лкiлi, єрi адамзатќа салмаќ салар жанр.
Комедия - бiрнеше тәсiлмен дамитыны белгiлi. Комедиялық шығарманың әр элементi күлкi тудыратындай болуы шарт. Нағыз комедия кейiпкерлерiнiң барлық табиғатына күлесiз.
Ғұлама А.Байтұрсынұлы: «Тартыс сөз қу тілді болса, қулықты деп аталады; қисыны қызық болса, күлдіргі тартыс деп аталады» [76, 448],-десе, В.Сахновский-Панкеев: ”Комедия–бақытты жанр. Комедияны барлығы да ұнатады. Оның шын серігі-күлкі!” [77, 224],- деп, Н.Н.Киселев: “Комедия – это не просто пьеса, содержащая элементы смешного, это драматическое пройзведение, в котором комическое выступает доминирующим эстетическим качеством, когда и содержание конфликта, и способ его воплощения, и образы главных героеев комичны [78, 9]. Комедияның жалпы табиғатына байланысты әлем, батыс және орыс ғалымдарының зерттеу еңбектерi бар [79].
Ал, қазақ ұлттық драматургиясында комедия алғашқы кезеңде М.Әуезовтың, Б.Майлиннiң Ж.Шаниннiң күлкi жанрына арналған шығармаларында көрiнiс болды. Cовет заманында қазақ комедиясы шектеулi қалыпта дами түстi.
Қазақ комедиясын арнайы қарастырған С.Ордалиевтiң “Сөз зергерi” [1970], “Қазақ драматургиясының очеркi” [1964], Р.Рүстембекованың “Бейiмбет Майлиннiң драматургиясы” [1969], “Қазақ совет комедиясы” [1970], Р.Нұрғалидің «Айдын» [1985], «Драма өнері» [2001], Ж.Әбілевтің «Қазақ комедиясы» [2000] атты монографиялары дүниеге келдi. Ә.Тәжiбаев докторлық диссертациясында” [80] қазақ комедиясының алғашқы нұсқаларын, ауыз әдебиетiмен байланысын атап өтсе, Р.Нұрғалиев докторлық диссертациясында [81] комедия жанрына арнайы тоқталып, сараптап: сатиралық комедия және лирикалық комедия деп ұлттық ерекшелiк ыңғайына лайықтап, қорытындыға келсе, Ж.Әбiлов кандидаттық диссертациясында комедиядағы ұлттық ой-сана мен мәңгүрттiк проблемасын, ал докторлық диссертациясында [82] қазақ комедия жанрында комедияның халықтық, фольклорлық жағына баса назар аударған.
Комедия жанрының шарттарына жауап бере алатын алғашқы қазақ комедиографтары: Б.Майлин, Ж.Шаниндер ертеректе ел арасына тараған әзiлге, қулық, күлкiге бөленген әңгiмелердiң желiсiн алып, өңдеп, жандандырып, тамаша сахналық туындылар тудыра бiлдi. Авторлары ауыл арасында жүрiп, кейiпкерлерi де елмен қоян-қолтық араласа отырып, өз шығармаларын қойғанда, бұндай өнердi дала, қыр қазағы көре қоймағандықтан, әрi өздерi таңның атысы, күннiң батысы сауықшыл қазақ ауылдары жаппай тамашалап, әрі демеп отырған.
Шетелдiң ғылыми еңбектерiнде комедия жанрының бiрнеше атауы айтылып, қарастырылады. Орыс әдебиеттанушы ғалымдарының өзiнде комедия жанрының сан түрлерi бар. Мысалы; С.Наровчатов шартты түрде:“сатирические, лирические, иронические, сентиментальные, романтические” [83, 248],- деп бөледi.
Р.Нұрғалиев: ”Шығармада комедиялық мазмұн, комедиялық характерлер, типтер, персонаждар, комедиялық тартыстар, комедиялық жағдайлар, комедиялық көркемдiк құралдар түгел сай келгенде, туынды нағыз комедия болмақ: Көп жағдайда комедиялық сюжет шындық пен қиял, мақсат пен iс, сөз бен әрекет арасындағы алшақтықтан туатын неше түрлi ситуациялардан жасалады. Ал, бүкiл оқиғаның қозғаушы күшi – комедиялық мiнез иесiнiң iс-әрекетi, оның қолдан келмес шаруаға ұмтылуы, яки күнi өткен, ендi қажетсiз, құнсыз мақсатты қууы, болмаса өз бойында жоқ, табиғатына жараспас қылықтармен көрiнуi” [84, 185],-дейдi ғалым. Табиғатымызға, шығарма құрылысына сәйкес комедия жанрының екi түрiн атайды: 1) сатиралық комедия және 2) лирикалық комедия.
Жанрдың тууын, қалыптасуын, нығаюы туралы Р.Рүстембекова: “Б.Майлин драмалық шығармаларында өзiне берiлген жалғыз құрал - диалог арқылы комизмдi бере бiлгендiгiн аңғарамыз. Ол комизм жазушының юморға шеберлiгiнен туып жатады” [85, 117], -дейдi.
Б. Майлин–күлкiнiң шеберi. Б.Майлин комедиялары бiр актiлi және көп актiлi болып екiге бөлiнедi. Комедия – Б.Майлин шығармашылығының басым бөлiгi. Себебi, автор ғасыр басындағы тұрмысы төмен, қараңғылығы басым қазақ ауылдарындағы, елдiң жаппай сауаттану кезiндегi күлкiлi элементтердiң негiзiнде болашақ шығармасына өмiрлiк басты желi ете алған. Әсiресе, қулығы басым молдасымақтардың айласы немесе “сауаттылықты жою” кезiндегi мұғалiм алдына әйелдерiн бергiсi келмейтiн ауылдың аңқау еркектерiнiң қылықтары, бозбала мен бойжеткендер арасындағы күлкiлi эпизодтар т.б. iс-әрекеттерден тамаша сахналық туынды шығара бiлген. Бiр ескерерлiк Б.Майлиннiң алдында қазақ драматургиясы тарихында үлгi аларлық дәл сондай деген сахналық өнердiң болмағанына қарамай, туа бiткен талантына сүйенiп,классикалық дүниелердi мұраға қалдырды.
Октябрь революциясына дейiн өз алдына кiтап болып басылған К.Тоғысовтың “Надандық құрбаны” (1915) атты пьесалар жинағынан басқа кiтап болмады.
“Комедия - күлкiге не сынға құрылатыны белгiлi. Сталин дәуiрiнде комедия тiптi болмайтын. Тырнақ астынан кiр iздейтiн “сыншылар” комедиядан саяси астар тауып, авторына айып тағуға даяр болатын.
Алпысыншы жылдардың басында комедия жанры сахнаға қайта шыға бастады. Бiрақ жазушылар қоғамның негiзгi сырқаттарын әжуалауға бармады, қауiп тудырмайтын жеңiл күлкi iздедi. Алпысыншы жылдарда сахнада көрiне бастаған комедия бұдан кейiнгi дәуiрде де бiраз iлгерiледi. Драманың бұл саласының өрiстеуiне Қ.Мұқаметжанов, С.Адамбеков, Т.Ахтанов, С.Жүнiсов сынды қаламгерлер лайықты үлес қосты [86, 212] , –деген.
С. Жүнiсов комедия жанрына арнап үш драмалық туындысын арнаған. “Қысылғаннан қыз болдық” атты музыкалық комедиясының басталу жүйесi, үлгiсi Б.Майлиннiң “Ыбыраймыз, Ыбыраймын” (1928ж) атты диалогке құрылған шағын өлеңiмен сарындас, жүйелес, тiптi салыстыра қарасақ басқы жолдарына шейiн сол үлгiге салған. Бұдан пьеса авторы С.Жүнiсовтiң қазақтың бiр туар ұлы, ақын, драматургы, әңгiменiң алдына жан салмас шеберi Б.Майлиннiң талантынан сабақ алғаны, шығармашылық өнерiн жалғастырғанын көремiз.
Б.Майлин “Ыбыраймыз, Ыбыраймын” атты өлеңiн “кеше”, “бүгiн”- деп екi кезең, екi заман ағымына құрса, С.Жүнiсов “Қысылғаннан қыз болдық” комедиясының авансценасындағы шағын прологын осы шақ формасына, яғни Б.Майлинше “бүгiн” атты заман ағымына келтiрген. Шығармалардан мысалдар келтiремiз.
“Ыбыраймыз, Ыбыраймын” 1928 ж. (Б.Майлин өлеңi)
Бүгiн: -Уа, кiмсiң?
-Ыбыраймын.
-Жаймысың?
-Жаймын.
-Қайдан келесiң?
-Соттан келемiн?
-Соттан емес-ау.
-Оттан келcін.
-Бiлдiң бе?
-Бiлдiм ғой.
-Қалай екен?
-Арыз берген малай екен.
-Солай ма екен?
-Солай екен!
-Не дейдi?
-Ақы сұрайд.
-Қанша?
-Он мың сом!
-Нең қалад ?
-Нем қалсын:
-Қатын қалад,
-Мен қалам.
-Шенiң қайда?
-Тозған.
-Елiң қайда?
-Күнi озған.
-Ендi не етпексiң?
-Бiтем !
-Бiтсең бiт,-
-Мен де соныңды күтем! (1928) | “Қысылғаннан қыз болдық”. 1976 ж. (С.Жүнiсов пьесасы.)
Белгiсiз адам (өте бере бұрылып): Оу, сiз, осы кiм сiз?
Директор (солғын): Ыбыраймыз.
Белгiсiз адам: Совхоз директоры, Ыбыраймысыз?
Директор: Оның несiн сұрайсың?
Белгiсiз адам: Иә, жүзiңiз сынық, қайдан келесiз?
Директор (көңiлсiз): Ауданнан, Бюродан келемiз.
Белгiсiз адам: Онда не мәселе қаралып едi. Әйтеуiр, жоқ па заңсыздық пен қылмыс?
Директор (шошына): Ондайдың бетiн аулақ қылсын, мәселе-“мәдениет һәм тұрмыс”
Белгiсiз адам: Е-е, онда оңай болған екен. Мұндайдан талай жол тауып ысылған жансыз.
Директор (ұнжырғасы түсiп): А-ай, қайдам, тап осы кезек жөн
таба алмай қысылған жанбыз.
Белгiсiз адам: Оу, о не дегенiңiз! Жан- жақты емес пе едi
совхоздағы тұрмыс?
Директор: Тұрмысымыз ежелден дұрыс-ау, әттең мәдениетiмiз нашар аталып, бюрода бұйраланып, қыл үстiнде тұрмыз!
Белгiсiз адам (басын шайқап): А-ай, жағдайыңыз, шынында да, қиын екен!…
Директор: Онда, қабiлетсiз атанып, орындықты бiржолата тастайтын шығармыз…(кетедi)
|
Достарыңызбен бөлісу: |