Драмалық шығармаларды оқыту



Дата18.12.2023
өлшемі49,1 Kb.
#197596
Байланысты:
DOC-20231214-WA0013.

Драмалық шығармаларды оқыту

Сейтқасым Ақжүніс КОК-215

Жоспар

  • Драмалық шығармалардың өзіндік ерекшеліктері
  • Драмалық туындылардың жанрлық табиғатына сай мәтінмен жүргізілетін жұмыстар
  • Драмалық шығармаларды оқытудағы әдістемелік тәжірибелер

Драмалық шығармалар

~Драма – әдебиеттің үлкен бір жанры. Драма бір жағынан әдебиет туындысы болса, екінші жағынан ол театр өнеріне негіз болады.Драма мазмұнына қарай үш түрге бөлінеді комедия,трагедия,драма. Драманың басты нысаны – адам. Оның қоғамдағы орны, іс әрекеті, жеке басының қасиеті, ізгілікке ұмтылуы күресі сомдалады.Драма мәтіні тек кейіпкерлердің сөзінен тұрады.

  • Комедия (гр. сауық-сайран, әуезді ән дегенді білдіреді) – өмір құбылыстарының, мінез-құлықтың, іс-әрекеттің күлкілі жақтарын көрсету мақсатымен сахнаға лайықталып жазылған драмалық шығарма.
  • Трагедия өмірдегі ауыр жағдай мен қиын-қыстау кезеңдегі адамзат басына түскен ауыртпалық баяндалып, шығарма көбіне негізгі кейіпкердің қазаға ұшырауымен аяқталады.

Драмалық шығармаларды өзІндік ерекшеліктері

  • ӘДЕБИЕТТІҢ БАСҚА ЖАНРЫНА ҚАРАҒАНДА ДРАМАЛЫҚ ШЫГАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІГІ БАР. ДРАМАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДА ОҚИҒАЛАР ОҚЫРМАННЫҢ КӨЗ АЛДЫНДА ЖАҢА ЕТІП ЖАТҚАНДАЙ ӘСЕР КАЛДЫРУЫ КЕРЕК. КҮШТІ СЮЖЕТ, ЕҢ БАСТЫСЫ, ӨТКІР, ШИЕЛЕНІСТІ ТАРТЫС, ӨМІРДЕГІ ҚАРАМА- ҚАРСЫЛЫКТАР – ДРАМАНЫН ӨЗЕГІ, НЕГІЗГІ АРНАСЫ ӘСІРЕСЕ, ДРАМАЛЫҚ КЕЙІПКЕРЛЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІГІ БҰЛ ЖАНРДЫҢ ӨЗІНДІК ТАБИҒАТЫН ДӘЛ ДАРАЛАП БЕРЕДІ.

Драмалық туындылардың жанрлық табиғатына сай мәтінмен жүргізілетін жұмыстар

•Сабақ барысында АКТ арқылы драмалық шығармаларды көрсету немесе тыңдату, сахналық көрініс әзірлеу;

•Драмалық шығармалардың жазылу тарихымен таныстыру;

•Оқушыларды рөлге бөліп оқыту;

•Мәтінді оқи отырып сұрақтарға жауап беру;

8-сыныпта Д.Исабековт ң «Әпке» драмасын оқыту жолдары.

  • СЫНЫПТАҒЫ САБАҚ МҰҒАЛІМНІҢ КІРІСПЕ ӘҢГІМЕСІ МЕН КІРІСПЕ СҰРАҚТАРЫМЕН БАСТАЛАДЫ
  • ДРАМАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРҒА ДА МӘТІН ТАЛДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ( ШЫҒАРМАДАҒЫ ТАРТЫСТЫҚ ӨРБУІ, СЮЖЕТТІК, КОМПОЗИЦИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ,КЕЙІПКЕРЛЕР ТІЛІ Т.Б) БІРАҚ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУДІҢ АЛДЫНДА ОҚУШЫЛАРҒА ДРАМАНЫ ТҮСІНДІРУ КЕРЕК.
  • ОҚУШЫЛАР ӘР КЕЙІПКЕРГЕ ҚЫСҚАША МІНЕЗДЕМЕ ЖАСАЙДЫ.
  • ӨЗДЕРІҢІЗ ЖАСАҒАН МІНЕЗДЕМЕНІ ДРАМА МӘТІНІНЕН НАҚТЫ МЫСАЛДАР АЛА ОТЫРЫП ДӘЙЕКТЕЙДІ

«әпке» драмасын талдаудағы қойылатын сұрақтар

  • Драмада қандай кейіпкерлер бар?
  • Драма не себепті «Әпке» деп аталды?
  • Драма соңындағы бауырлардың іс-әрекетіне көзқарасыңыз қандай?
  • Сіз автордың орнында болсаңыз, осы драманы қалай аяқтар едіңіз?

Қорытынды

  • ҚОРЫТА АЙТҚАНДА, ДРАМАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАР ӨЗІНДІК КҮРДЕЛІ ҚҰРЫЛЫМҒА ИЕ. ДРАМАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУДАҒЫ БІР ҚИЫНДЫҚ МЕКТЕП БАҒДАРЛАМАСЫНДА ДРАМАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫҢ САНАУЛЫ БОЛЫП КЕЛУІНДЕ. ӨЙТКЕНІ, КҮНІ БҮГІНГЕ ДЕЙІН МЕКТЕП БАҒДАРЛАМАСЫНДА ДРАМАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУҒА ЖЕТЕ КӨҢІЛ БӨЛІНБЕЙ КЕЛЕДІ.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет