«Dream Wiver және Front Page негізінде желілік ресурстар жасау»


Дәріс 6-7 Мәтіндік гиперсілтеме



бет3/26
Дата12.03.2018
өлшемі4,55 Mb.
#38728
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

Дәріс 6-7

Мәтіндік гиперсілтеме

 

Web-түйін беттері арасындағы байланыс онда орналасқан гиперсілтемелер, бетбелгілер мен навигация тақтасы арқылы іске асады. Ағымдағы Web-түйін беттері арасында байланыс жасау мен басқа түйіндермен байланыс жасаудың тамаша әдісі гиперсілтемелер болып табылады. Гиперсілтемелер арқылы Web-беттердің белгілі бір жеріне шертіп, басқа бір беттің қажетті жерінде орналаса аламыз. Гиперсілтемелерді қажетті информацияларды іздеуге арналып қолданылатын сызықты стрелкалар түрінде де елестетуге болады. Олар мәтінді, графикалық көріністі, Интернет желісіндегі басқа құжаттардың Web-түйінін, Microsoft Office құжаттарын, осы бетте немесе Web-түйіннің басқа беттерінде немесе құжат ішінде орналасатын белгілерді, өз компьютеріміздің жергілікті (локальды) файлдарын, корреспонденцияны жеткізу үшін электронды почта адресін көрсету мүмкін.



Гиперсілтеме құру. Негізгі беттен Web-түйіннің басқа баттаріне өту үшін гиперсілтемелер құрылады. Гиперсілтемелер құру негізінде келесі әрекеттер орындалады:

  1. Құрылған мәтіндік Web-түйінді ашу.

  2. Негізгі бетке элементтері басқа беттерге өту үшін қолданылатын мәтіндік тізім орнату.

  3. Тізімнен алғашқы элементті белгілеп алып, сонан соң келесі тәсілдердің бірін орындау:

    • Insert (Кірістіру) мәзірінен Hyperlink (Гиперсілтеме) командасын таңдау.

    • Тышқанның оң пернесін басу арқылы контексті мәзірден Hyperlink командасын таңдау.

    • Стандартты саймандар панелінен Hyperlink түймесін басу.

    • Ctrl+k пернелерін комбинациясын басу.

Осы әрекеттердің кез келген біреуін орындағаннан соң, экранда Create Hyperlink (Гиперсілтеме құру) сұхбат терезесі ашылады.

  1. Сұхбат терезесінің Look in (Іздеу) тізімі ашылған Web-түйіннің атауынан, ал төменде орналасқан облы – оның барлық бумалар мен беттерінен тұрады. Осы тізімнен гиперсілтеме жасалатын Web-бетті таңдау қажет. Сонда оның аты URL жолына көшіріледі.

  1. ОК батырмасын шерту.

  1. Негізгі бетті сақтау.

Гиперсілтеме құрылған тізімде бірінші элементтің түсі өзгеріп, асты сызылады. Дәл осылайша Web-бетте көрінетін гиперсілтемелерді, қолданушылар оңай таба алады. Сілтеменің дұрыс орнатылуын тексеру үшін Front Page программасының жұмыс облысының төменгі жағында орналасқан бетті көру режимі Preview қосымшасын таңдаймыз. Курсорды тізімнің бірінші элементіне орналастырып, ол сұқ саусақ мәтінге бағытталған қол түріне айналған кезде, тышқан түймесін шертеміз. Сонда гиперсілтеме жасалынған бет ашылады. Сілтеменің эрекетін тексеру үшін Бетті көру режиміне өту міндетті емес. Оны редакциялау режимінде сілтемені шертіп, пернесін басу арқылы орындауға болады.

Create Hyperlink сұхбат терезесі гиперсілтемелерді құруды тек Web-түйіннің ашылған беттеріне ғана емес, сондай-ақ Интернеттің Web-беттеріне, жергілікті компьютер файлдарына, электронды почта адресіне және әлі құрылмаған жаңа бетке де сілтеме жасау мүмкіндігін береді. Бұлардың қалай іске асатындығын түсіну үшін Create Hyperlink сұхбат терезесінде орналасқан түймелерді қарастырамыз (1.4-кесте).

 

7.1-кесте. Create Hyperlink сұхбат терезесінің түймелері.



Түйме

Аталуы

Қызметі

 

Use your Web brouser to select a page or file (Бетті шолушы көмегімен таңдау)

Компьютерде орнатылған шолушы іске қосылып, интернеттен сілтеме орнатылатын беттерді іздейді. Табылған беттің адресі Create Hyperlink сұхбат терезесінің URL жолына өтеді.

 

Make a hyperlink to file on your computer (Сіздің компьютердегі файлдарға сілтемелер орнату)

Сілтеме орнатылатын компьютер дискісіндегі файлдарды табуға мүмкіндік беретін Select File сұхбат терезесі ашылады.

 

Make a hyperlink sends E-mail (Электронды почтаға жіберу үшін сілтеме құру)

Хатты электронды почтаға жіберу үшін сілтеме құру мүмкіндігін беретін, Create E-mail  Hyperlink сұхбат терезесі (1.6-сурет) ашылады. Жолға хат алушының адресін енгізіп, ОК түймесін басамыз, сілтеме құрылады.

 

Creat a page and link to the new page (Жаңа бет құрып, оған сілтеме орнату)

Бұл түймені басқанда бізге таныс New (Жаңа) сұхбат терезесі ашылады. Осы терезеде құрылатын беттердің шаблонын таңдап, ОК түймесін басамыз. Жаңа бет құрылып, оған сілтеме орнатылады. Егер құрылатын беттің шаблонын анықтап алмаған болсақ, New сұхбат терезесінің Just add web Task жолаушасын орнатамыз. Бұл кезде Front Page программасы беттің атын сұрайды, бірақ оны құруды кейінге қалдырып, орындалмаған тапсырмалар тізіміне орналастырады.

 

Create Hyperlink сұхбат терезесінде аталған түймелерден басқа екі төмендегідей жол орналасқан:

Bookmark – гиперсілтеме жасалатын бетбелгінің атын енгізуге арналған.

Target Frame – сілтемеде көрсетілген бет жүктелетін мақсатты фреймнің атын енгізуге арналған.

Тасу және орналастыру механизмін пайдалану. Front Page программасы гиперсілтемелерді Create Hyperlink сұхбат терезесінің көмегі арқылы құрумен шектелмейді. Front Page программасы гиперсілтемелер жасау үшін құрушы басшылығына тасу және орналастыру механизмін ұсынады. Осы механизмді қолданып гиперсілтеме құру үшін орындалатын әрекеттер:


  1. Web-түйін ашу.

  2. Экранға бумалар құрылымын көру облысын шығару. Бұл үшін View (Түр) мәзірінен Folder List (Бумалар тізімі) командасы орындалады.

  3. Front Page программасының жұмыс облысында гиперсілтеме құру қажет болған Web-түйінді ашу.

  4. Бумалар құрылымын көру облысында байланыс үшін сілтеме жасалатын файл немесе бетбелгісіне курсорды орналастыру.

  5. Тышқанның оң пернесін басып тұрып, курсорды Web-беттің сілтеме жасау қажет болған жеріне орналастыру.

Көрсетілген жерде мәтін пайда болып сілтеме құрылады.

Сілтемені редакциялау. Құрылған сілтемені өзгерту, яғни редакциялау үшін алдымен ол белгіленіп, содан соң келесі әрекеттердің бірі орындалады:



  • Insert (Кірістіру) мәзірінен Hyperlink (Гиперсілтеме) командасын таңдау.

  • Контексті мәзір арқылы Hyperlink Properties (Сілтеме қасиеті) командасын таңдау.

  • Стандартты саймандар панелінен Hyperlink түймесін басу.

  • Ctrl+k пернелерін комбинациясын басу.

  • пернелер комбинациясын басу.

Нәтижесінде Edit Hyperlink (Сілтемені редакциялау) сұхбат терезесі ашылады. Онда қажетті параметрлерді орнатып, терезені жабу үшін ОК түймесі басылады.

Сілтемені жою. Құрылған сілтемені жою үшін, оны белгілеп алып пернесін басу қажет. Бұл жағдайда тек сілтеме ғана емес, оны құруға қолданылған бастапқы мәтін де жойылады. Егерде гиперсілтеменің мәтінін сақтау қажет болса, онда келесі әрекеттер орындалуы қажет:



  1. Сілтемені редакциялау Edit Hyperlink терезесін кез келген қолайлы тәсілмен ашу.

  2. Терезе ашылып URL жолындағы информация белгіленіп тұрады. Delete пернесін басу.

  3. Сұхбат терезені жабу үшін ОК батырмасын шерту.

Сілтеме құруға қолданылған мәтін сақталып, оның түсі мәтін сияқты болады да, асты сызық арқылы белгіленбейді.

Гиперсілтемелер арасындағы байланыс Web-түйіннің бастапқы бетінде іске асырылады. Бұл әрқашан қолайлы бола бермейді, өйткені көп жағдайда Web-беттер үлкен көлемді информациядан тұрады және қажетті мәліметті іздеу үшін пайдаланушыға көп уақыт жұмсауға тура келеді.

Web-беттің анықталған жеріне өту үшін бетбелгілер пайдаланылып, оларға гиперсілтемелер орнатылады. Сонымен бетбелгілер – бұл гиперсілтемелер арасындағы байланысты орындайтын, беттегі обьект. Мысалы, бетте үлкен мәтін фрагменті орналасқан. Біз оған бетбелгілер жасай аламыз. Бұл жағдайда пайдаланушы гиперсілтеме бойынша өзін қызықтыратын мәтін орналасқан жерге көше алады.

Бетбелгілер құру. Web-бетке бетбелгі орнату үшін келесі әрекеттерді орындаймыз:



  1. Бетбелгі орналастыру қажет болған жерде символдарды кез келген көлемде белгілеу. Бұл сөз, фраза немесе абзац болуы мүмкін.

  2. Insert (Кірістіру) мәзірінің Bookmark (Бетбелгі) командасын таңдау. Экранда ағымдық бетте құрылған бетбелгілер тізімінен тұратын, Bookmark сұхбат терезесі ашылады.

  3. Bookmark name жолында бетбелгі атауын енгізу.

  4. ОК түймесін басу.

Web-беттегі мәтінде, бетбелгі ретінде қолданылатын символдар пунктир арқылы асты сызылады.

Бетбелгі жасау үшін тек қана мәтін емес, графикалық кескіндерді де қолдануға болады. Сыртқы көрінісі бойынша графикалық обьект көрінбейді, бірақ ол мәтін обьект жағдайындағыдай пунктирлік сызықтармен сызылған бетбелгі болып табылады.

Бетбелгілерді іздеу және жою. Bookmark сұхбат терезесінің сол жағында екі түйме орналасқан:


  • Clear – бетбелгіні өшіріп, мәтінді сол күйінде қалдырады.

  • Goto – сұхбат терезеде белгіленген бетбелгіге өтуді орындайды.

Егерде бетбелгі керек болмай қалса, оны өшіру үшін келесі әрекеттер орындалады:

  1. Өшірілетін бетбелгіні белгілеп алу.

  2. Келесі әрекеттердің кез келгенін пайдаланып, Bookmark сұхбат терезін ашу:

    • Insert (Кірістіру) мәзірінің Bookmark (Бетбелгі) командасын таңдау.

    • Контекстік мәзірден Bookmark Properties (Бетбелгі қасиеті) командасын таңдау.

    • пернелер комбинациясын басу.

  3. Шерту арқылы бетбелгі тізімнен өшірілетінін таңдау.

  4. Clear түймесін басу

  5. Сұхбат терезені жабу, ОК батырмасын басу.

Web-беттегі мәтін сақталып, бірақ ол пунктирлік сызықтармен белгіленбейді. Яғни бетбелгі өшірілді.

Егерде бетте бірнеше бетбелгілер болып, олардың қайсысының қай жерде орналасқанын білмейтін болсақ, онда бетбелгінің атын пайдалану арқылы оның беттегі орналасқан жерін табуға болады. Ол үшін орындалатын іс-әрекеттер:



  1. Web-беттегі кез келген бетбелгіні белгілеу.

  2. Bookmark сұхбат терезесін ашу.

  3. бетбелгілер тізімнен Web-бетте бетбелгі атауын таңдау.

  4. Goto түймесін басу. Сонда қажетті бетбелгі көрінеді.

Web-түйіннің сілтемелерін көру режимі.

Front Page программасының Hyperlink гиперсілтемелерді көру режимі Web-түйін беттерінде орналасқан барлық сілтемелерді графикалық түрде көру мүмкіндігін береді. Гиперсілтемелерді көру режиміне өту үшін, келесі әрекеттердің бірі орындалады:

Views панельдер режиміндегі Hyperlinks түймесін басу.

View (Түр) мәзірінен Hyperlinks (Гиперсілтемелер) командасын таңдау.

Гиперсілтемені көру режимінде Front Page программасының негізгі терезесінде Folder List бумалар құрылымының орналасу облысы көрсетіледі, ал оң жағында – ашылған Web-түйіннің сілтемелер схемасы көрінеді.

Гиперсілтемелер схемасында файлдар белгілер түрінде көрсетілген, оның қасында ұсынылатын файлдың аты жазылып, сілтемелер белгінің сол жағында, ал беттің сілтемелері белгінің оң жағында көрсетіледі.

Web-беттеріне кесте және графиктерді қолдану

Кесте құрылымы және оны құру. Кесте ақпараттық құрылымның айқын элементі болғандықтан Web-бетінде бүтіндей ұғымды құрылымды қамтамасыз етеді. Кесте ақпараттарды қатарлар мен бағандар түрінде көрсетіп ұйымдастыратын HTML-дің құралы болып келеді.

Ақпараттың түріне байланысты кестенің ұяшықтарын, қатарларын және бағандарын бөліп тұратын сызықтармен шектелген кестені (2.1-сурет) немесе графикалық ақпарттарда шектеу сызықтарын қажет етпейтін кестені таңдауға болады.

        Стандартты және арнайы әшекелеу элементтерін қолданған қарапайым кесте көрсетілген.


  • Кестеде алты қатар (row) және сегіз баған (column) бар. Олардың қиылысу ұяшықтар (cell) болып табылады.

  • Жоғарға қатар бір ұяшыққа біріккен.

  • Әшекелеудің қосымша элементі ретінде кестенің сыртқы қоршау сызығы және ұяшықтың қоршау сызықтары қолданылған.

  • Кестенің астындағы жазу орталықтандырылған.

  • Адам аттары және апта күндері жазылған ұяшықтар тақырып ұяшықтарының форматында жазылғандықтан олар ерекшеленіп көрсетілген.

  • Тақырып ұяшықтар фондары басқа түспен көрсетілген.

  • Тақырып ұяшықтарында аптадағы күн аттары және олардың астына орналасқан ұяшықтар ортаға тураланған.

Кесте құру.  Front Page пакетінде кесте құрудың үш жолы бар:

  • InsertTable (Кестені қою) пернесі арқылы;

  • Table – Insert – Table (Кесте-Қою-Кесте) мәзір командасы апрқылы.

  • Drаw Table (Кестені салу) құралын қолдану арқылы.

Көрсетілген үш әдіс те кестелерді тез және қарапайым түрде құруға мүмкіндік береді. Алдын ала Web-бетінің жалпы дизайнын және кестенің бетке қалай шығатынын ойланып алған жөн. Қатар мен баған санын шамамен анықтап, ұяшықтарға орналастырылатын элементтерді шешіп алу керек [4].

InsertTable пернесі арқылы кесте құру. Орындалатын әрекеттер:

1. Web-бетінде курсор кестенің жоғарғы сол жақ бұрышы орналасатын жерде белгіленеді.

2. Құралдар панеліндегі InsertTable пернесі шертілед.

3. Перне астынан кестенің өлшемін анықтайтын шаблоны пайда болады. Тышқан нұсқағышы оңға және төмен жылжыта отырылып кестедегі баған мен қатар саны көрсетіледі. Сонда шаблонның төменгі жағында оның өлшемі көрінеді.

4. Өлшем анықталған соң тышқан пернесі босатылады. Кестеде алты қатар және сегіз баған көрсетілген, сондықтан осы өлшемдегі кесте құру керек).

InsertTable командасы арқылы кесте құру. Бұл әдісте керек өлшемдерді сұхбат терезесінде енгізіп анықтауға мүмкіншілік бар.


  1. Жаң құрылған кестеден бас тарту үшін келесі команда таңдалынады: Edit – Undo Insert (Жөңдеу – Қоюдан бас тарту).

  2. Web-бетіндегі жаңа кесте орналасатын жерде курсор белгіленеді. InsertTable (Кестені қою) терезесін ашу үшін Table – Insert – Table (Кесте-Қою-Кесте) командасы таңдалады.

  3. Rоws (қатар саны) алаңында мысалы, 6 саны, ал Columns (бағана саны) алаңында мысалы, 8 саны енгізіледі.

  4. Үнсіз қоршау сызығының қалыңдығы (boerder size) бірге тең (пиксель бойынша).

  5. Аяқтау үшін ОК пернесі басылады.

 

«Қолмен» кесте салу. Front Page пакеті Word-2003 текстік процессорінде бар кестені құрудың тағы бір әдісі Drаw Table (Кесте салу) әдісін ұсынады. Table (кесте) құралын шақыру үшін Table - Drаw Table (Кесте-Кесте салу) командасы беріледі.

Drаw Table (Кесте салу) сайманы активті кезде тақтаның қалам белгісі бар пернесі басылып тұрады. Бұл «Қалам» кестенің сыртқы шекарасын салу үшін қолданылады.

Сыртқы шекара белгіленгенен кейін, «қаламды» баған мен қатар салуға да қолдануға болады. Аяқтау үшін Drаw Table (Кесте салу) пернесін басу керек.

Сурет салу функциясын ұяшықты қосу немесе оны ішкі бөліктерге бөлу үшін пайдаланған жөн. Table саймандар тақтасын қосып және өшіру үшін Viwe – Toolbars - Table (Түрі – Саймандар тақтасы – Кесте) командасы қолданылады .

Кестемен жұмыс істеу. Кестедегі әрбір ұяшықты мини беттер деп қарастыруға болады. Ұяшықтың фон түсін өзгертуге болады, ал ұяшықтың өзіне кез келген элементтерді: графикалық обьектілерді, гиперсілтемелердің және басқа кестелерді орналастыруға мүмкіндік бар.

Бір ұяшықтан келесі ұяшыққа өту үшін қолданылатын пернелер:

Tab пернесі – оң жақтағы көрші ұяшыққа өту үшін қолданылады. Егерде Tab пернесі кестенің соңғы ұяшығында басылса, онда автоматты түрде жаңа қатар қосылады.

Shift +Tab пернелері бірдей басылса, курсор сол жақтағы көрші ұяшыққа өтеді.

Керекті ұяшыққа өту үшін курсор сол жерге апарылып тышқан пернесі басылады.

Кесте алдында мәтінді қою үшін Ctrl+homе пернесі басылады.

Құрылған жаңа кестеде көрсетілген берілгендер енгізіледі. Кестенің тақырыбы жоғарға қатардың бірінші ұяшығына енгізіледі. Кейін бұл қатардағы ұяшықтар біріктіріліп, нәтижесінде тақырып кестеге көлденең жазылады.

Кесте ішінде мәтінді және басқа да элементтердің орнын ауыстыру үшін оларды таңдап алып, тышқан пернесін басылған күйде жылжыта отырып, жаңа орынға қоюға болады. Ал, кесте элементтерін көшіру үшін жылжыту кезінде Ctrl пернесі бірге басылады да, бірінші тышқан пернесі, сонан соң Ctrl пернесі босатылады.

Кесте элементтерін ерекшелеу. Кесте түрін өзгерту үшін оның бір немесе бірнеше элементтерін ерекшелеу керек. Ұяшықты, қатарды, бағанды немесе кестенің барлығын ерекшелеу үшін тышқан көрсеткішін ұяшыққа орналастырып, Table – Select (Кесте – Ерекшелеу): Cell (Ұяшық), Row (Қатар), Column (Баған) немесе Table (Кесте) командаларының бірі беріледі. Соңғы команда тышқан көрсеткіші кез келген ұяшыққа бір ұяшыққа біріктіріледі.

Кестені форматтау. Ұяшыққтағы мәтінді форматтау Web-беттеріндегі кез келген басқа мәтінді форматтау сияқты орындалады. Мысалы, кестенің бірінші қатардағы тақырыпқа екінші деңгейдегі тақырып стилін қолдануға болады. Бұл әрекетті орындау үшін алдын ала қатардағы барлық ұяшық бір ұяшыққа біріктіріледі.



  1. Қатарды келесі команда арқылы ерекшелейміз: Table – Select - Row (Кесте – Ерекшелеу – Қатар).

  2. Table саймандар тақтасында Merge Cells (Ұяшықтарды біріктіру) пернесі басылады немесе Table - Merge  - Cells (Кесте – Біріктіру – Ұяшық) командасы қолданылады.

  3. Тышқан көрсеткішін бірінші қатардан алмай Formating (Форматтау) саймандар тақтасындағы Change Style (Стиль) ашылатын тізімде Heading 2  таңдалынады.

Қолтаңбаны қою және түзеу. Қолтаңба қалауына қарай кестенің алдына немесе соңына орналастырылуы мүмкін. Орындалатын әрекеттер:

  1. Кез келген ұяшық ерекшеленеді.

  2. Table – Insert – Caption (Кесте – Қою – Қолтаңба) командасы таңдалынады.

  3. Тышқан көрсеткіші кестенің жоғарғы жағына қойылады және орталандырылады.

  4. Қолтаңба мәтіні енгізіледі.

  5. Жұмысты аяқтау үшін Web-бетінің қолтаңбадан басқа кез келген жерін тышқанмен шертеді.

Үндемеген жағдайда қолтаңба кестенің жоғарғы жағының ортасында орналасады, бірақ оны кестенің төменгі жағына орналастыруға да болады. Қолтаңбаның орнын өзгерту үшін Table – Properties – Caption (Кесте – Қасиеттер – Қолтаңба) командасы беріледі. Нәтижесінде ашылған диалог терезесінен Botton of Table (Кестенің төменгі жағы) опциясы таңдалып, ОК пернесі шертіледі.

Кесте түрін өзгерту. Құрылған кестенің түрін  Table – Properties – Table (Кесте – Қасиет – Кесте) сұхбат терезесінен өзгертуге болады.

Бұл диалог терезесіндегі көрсетілген көптеген параметрлер кесте форматына әсер етеді. Specify Width (Ені) кестенің барлық өлшемін өзгртеді. Table Properties (Кестенің қасиеттері) диалог терезесінің бір немесе бірнеше параметрлерін өзгерткенде Apply (Қолдану) пернесі басылады. Бұл жағдайда терезе ашық тұрады, сондықтан енгізілген өзгерістердің әсерін кестеден көріп отыру мүмкіншіліктері бар [5].

Кесте қасиеттері сұхбат терезесінің Layout тобында төмендегідей баптаулар бар:



  • Aligment (Түзулеу) Web-бетінің еніне салыстырмалы көлденең кестені түзулеуді орнату. Left (Сол жақ), Center (Орта), Right (Оң жақ), Default (Үнсіз) түзулеу нұсқалары.

  • Float (Өту) кестеге енгізілмеген Web-бетінің негізігі мәтінін кестенің жоғарғы немесе төменгі жағына орналастырып қоймай, оны кестенің Right (Оң жақ) немесе Left (Сол жақ) жақтарынан өткізіп жазуға болады.

  • Cell padding (Ұяшық алаңы) Пиксель бойынша ұяшықтың шетінен  бастап жазылатын элементке дейінгі өлшем: үнсіз жағдайда 1-ге тең.

  • Cell spacing (Ұяшықтағы қадам). Бір бірімен көрші тұрған ұяшықтар арасындағы (пиксель бойынша) қашықтық: үнсіз жағдайда 2-ге тең.

Table Properties (Кесте қасиеттері) сұхбат терезінде кестенің фоны мен қоршау сызықтарын анықтайтын параметрлердің екі тобы бар. Web-бетіндегі элементтер арасында кестені ерекше көрсету үшін Background (Фон) баптау тобын пайдаланып, оның фонын өзгертуге болады.

  • Color (Түсі) кесте фонының түсін таңдау үшін қолданылады. Automatic (Авто) нұсқасы таңдалған жағдайда кесте фонның түсі Web-бетінің түсімен бірдей келеді, яғни кесте фоны түссіз болады.

  • Use background picture (Фон суретін қолдану). Кесте фоны ретінде графикалық файлды таңдауға болады, ол үшін файл енгізу керек немесе Browse (Шолу) пернесін шерту арқылы қалаған графикалық файл таңдалынады.

Кестедегі барлық қоршау сызықтарының қалыңдығы мен түсін өзгерту үшін Table Properties сұхбат терезесінің Borders (Шекара) параметрлер тобы қолданылады. Сыртқы қоршау сызығы ашық және тұйық екі сызықтан тұрады. Бұл сызықтарға әртүрлі түстер қолданылып үш өлшемді көрініс эффектісі туғызылуы мүмкін.

  • Light Border (Ашық шекара). Бірінші сызықтың түсі таңдалынады.

  • Dark Border (Тұйық шекара). Екінші сызықтың түсі таңдалынады.

  • Border (Шекара). Егер Light Border және Dark Border параметрлері Default (Үнсіз) мәніне тең болған жағдайда екі сызықтың түсі өзгертіледі.

 

 Ұяшық түрін өзгертуКесте ұяшығы түзеу типтерін, түсінің фонын және шекара сызықтарын, баған ені мен бірігетін бағандар немесе қатарлар санын анықтайтын қасиеттен тұрады.

Бөлек бір ұяшықтың қасиетін өзгерту үшін ұяшықты шертіп Table – Properties – Cell (Кесте – Қасиет – Ұяшық) немесе тышқанның оң жақ пернесін шертіп контексті мәзірден Cell Properties командасы таңдалынып, нәтижесінде  сұхбат терезесі шығады.

Ұяшықтың түзету типі орнатылуы және орналасуы. Көптеген браузерлер ұяшықтың мәнін сол жағына және тігінен ортаға қарай түзулейді. Олар Cell Properties (Ұяшық қасиеттері) сұхбат терезесінде Horizontal Aligment  (Көлденең түзулеу) және Vertical Aligment  (Тігінен түзулеу) параметрлері арқылы өзгертуге болады. Көлденеңнен түзулеудің үш нұсқасы бар: Left (Сол жақ), Center (Орта), Right (Оң жақ). Тігінен түзулеудің төрт нұсқасы бар: Top (Жоғарғы жағы), Middle (Ортада), Baseline (Базалық сызық бойы) және Botton (Төменгі жағы).

Мәтін ұяшық енінен асқан жағдайда үнсіз автоматты түрде ұяшық биіктігін арттырып келесі қатарға өтеді. Cell Properties диалог терезесіндегі No Wrap (Өтусіз) жалаушасына белгі қойылған жағдайда мәтін ұяшық енін соза отырып бір қатарға орналасып жазылады.

Алдыңғы жаттығуларда құрылған кестенің ұяшықтарын түзулейік. Аптадағы күн аттары жазылған ұяшықтар мен оның астындағы ұяшықтардың мәндерін ортаға түзеп жазу үшін келесі операциялар орындалады.



  1. Апта күні «Дүй.» жазылған ұяшығынан бастап сол қатардағы ұяшықтар мен оның астындағы ұяшықтар ерекшеленеді.

2. Форматтау құралдар панелінің Center (Ортада) пернесі шертіледі немесе Table – Properties – Cell (Кесте – Қасиет – Ұяшық) командасы қолданылады, сонан соң Cell Properties сұхбат терезесіндегі Horizontal Aligment  (Көлденең түзулеу) тізімінен (Ортада) мәні таңдалынады.

Тақырып ұяшығын құру. Кестедегі кез келген ұяшықты басқа ұяшықтардан ерекшелеп тақырып ұяшығын құруға болады. Жоғарыда көрсетілген мысалдағы тақырып ұяшығы аптадағы күн аттары мен сол жақ бағандағы есімдер болып табылады.



  1.  Аптадағы күн аттары, сонан соң бірінші бағандағы есімдер ерекшеленеді.

  2.  Table – Properties – Cell (Кесте – Қасиет – Ұяшық) командасы қолданылады.

  3. Ашылған диалог терезесінде Header Cell (Тақарып ұяшық) жалаушасы белгіленеді және ОК пернесі шертіледі.

Ұяшықтың қоршау сызығының түсі мен фонын анықтау. Ұяшықтың фоны мен қоршау сызығын Web-бетіндегі кесте сияқты баптауға болады. Cell Properties (Ұяшық қасиеті) диалог терезесінде фон көрінісі мен түсін, сонымен қатар қоршау сызығының түсін көрсетуге болады. Бұл параметрлер үшін Automatic (Авто) мәнінен басқа кез келген мәндерді бергенде, браузер ұяшық түсін немесе көрінісін берілген мән бойынша көрсетеді. Ұяшық пен кестенің фоны берілмеген жағдайда Web-бетінің фоны қолданылады. Мұндай иерархиялық қасиет каскадты деп аталады.

Бірнеше ұяшықтардың фонын өзгерту.



  1. Апта күнінің аттары жазылған ұяшықтар мен есімдер жазылған ұяшықтар жазылған ұяшықтар белгілінеді.

  2. Table – Properties – Cell (Кесте – Қасиет – Ұяшық) командасы қолданылады немесе тышқанның оң жақ пернесін шерту арқылы Cell Properties (Ұяшық қасиеті) шақырылады.

  3. Фонның кез келген (Automatic-тан басқа) түсі Background Color тізімнен таңдалынады.

  4. ОК пернесі шертіледі.

Кесте енін өзгерту. Кесте құрғанда оның енін Insert Table (Кестені қою) немесе Table Properties диалог терезелерінен өзгертуге болады. Алдымен омсы терезелердің бірінде Specify Width (Енін орнату) жалаушасына белгі қойып, сонан соң ыңғайлы өлшеу бірлігі таңдалынылады [6].  

  • In Pixels (Пиксель бойынша). Кесте енін пиксель бойынша енгізу.

  • In Percent (Процент бойынша). Кесте енін браузер терезесіне байланысты процент бойынша енгізу. Мысалы, 100%, мәнінде кесте терезенің енін алады, ал 50% мәнінде тек терезе енінің жартысын ғана алады.

Баған енін өзгерту. Баған енін өз еркімен өзгертудің төмендегідей бірнеше тәсілдері бар:

  • Тышқан көрсеткішін ұяшықтың кез келген сызығына алып барғанда екі жаққа бағытталған бағыт белгісі пайда болады, тышқан пернесі басылған күйінде баған сызығы жылжытылады. Бұл әдіс ұяшықтың биіктігін өзгертуге де қолданылады.

  • Керек баған немесе қатар ерекшеленеді. Table құралдар панеліндегі Distribute Rows Evenly (Қатарды түзулеу) немесе Distribute Column Evenly (Бағанды түзулеу) пернелері шертіледі.

  • Cell Properties диалог терезесінде ұяшықтың минимум өлшемі көрсетіледі. Мұнда жоғарыда қарастырылғандай кесте енін өзгерту әрекеттеріне сәйкес өлшем пиксель немесе кесте енін қарағандағы процент түрінде беріледі.

Ұяшықты орнату немесе өшіру. Кесте құрылып болғаннан кейін де ұяшықтарды қосып немесе жоюға болады. Кестедегі әр қатарда ұяшықтар саны әртүрлі болуы мүмкін. Бөлек ұяшықтарды ғана қосып қана қоймай, сондай-ақ қатарлар мен бағандарды да қосуға болады. Жаңа ұяшық орнату алдында тышқан көрсеткіші ұяшықтың қасында тұратын ұяшыққа орнатылады.

Бір ұяшықты орнату үшін  Table – Insert – Cell (Кесте – Қою – Ұяшық) командасы қолданылады. Жаңа ұяшық курсор тұрған ұяшықтың сол жағына орналасады.

Қатарды немесе бағанды орнату үшін алдымен курсор арқылы оның орны белгіленеді және Table құралдар тақтасында Insert Rows (Қатар орнату) немесе Insert Columns (Баған орнату) пернелері шертіледі. Бірнеше қатарларды немесе бағандарды орнату үшін сонша қатарлар немесе бағаналар белгіленуі керек. Жаңа қатарлар ерекшеленген қатардың үстіне, ал бағандар ерекшеленген бағаналардың сол жағына орналасады.

Егерде кесте соңына бірнеше қатар немесе баған қосылатын болса, курсор соңғы қатардың кез келген ұяшығына қойылады және Table  - Insert – Rows немесе Table - Insert – Columns командалары сәйкесінше қолданылады. Пайда болған сұхбат терезесінен қойылатын обьектінің (қатар немесе баған) типі, саны және қойылатын орны (ағымдағы ұяшыққа қарағанда) таңдалынылады, мысалы ағымдағы ұяшықтың астына жаңадан үш қатар қою үшін Rows (Қатар) таңдалынылады, Number of Rows (Қатар саны) мәніне үш саны беріледі, сонан соң Below Selection (Ағымдағы ұяшықтың астына) және ОК пернесі шертіледі.

Кестеден ұяшықты (бөлек немесе бүтіндей бір қатарды немесе бағанды) жою үшін алдымен ол ерекшеленеді және Table құралдар тақтасынан Delete Cells (Ұяшықты жою) пернесі шертіледі немесе  Table – Delete – Cells (Кесте –Ұяшықты жою) командасы таңдалынады.

Ұяшықтарды біріктіру немесе бөлу. Бірнеше ұяшықтарды бір ұяшыққа біріктіру немесе керісінше бір ұяшықты бірнеше ұяшыққа бөлу арқылы кестенің құрылымын өзгертуге болады.

Біріктіретін ұяшықтар ерекшеленеді ді (олардың бәрі бір бірімен жабысып төртбұрыш құруы керек), Table (Кесте) құралдар тақтасынан Merge Cells (Ұяшықтарды біріктіру) пернесі шертіледі немесе мәзірдегі Table - Merge Cells командасы қолданылады. Нәтижесінде ұяшықтар арасындағы сызықтар жойылады және ұяшық біріктірілетін ұяшықтардың орнын алады.

Сондай-ақ ұяшықтарды олардың шекараларын «өшіргішпен» өшіріп біріктіруге болады. Table (Кесте) құралдар тақтасынан Eraser (Өшіргіш) пернесі шертіледі немесе көрсеткіш өшіретін сызыққа келтіріледі. Аяқтау үшін Eraser (Өшіргіш) пернесі қайта шертіледі.



Графикалық форматтардың түрлері. Web-беттерінде графикалық обьектілер ақпараттық мәлімет немесе гиперсілтеме түрінде қолданылады. Сондай-ақ гиперсілтеменің мақсатты ресурсы болып келетін графикалық файлға нұсқауға болады, оны шерту арқылы көрсеткенде осы файл браузерде ашылады.

Графикалық обьектілер әшекелеудің бағалы элементі болып табылады және біркелкі мәтіндік бетке өң береді.

Web-бетінің бөлігі болып келетін графикалық обьектілер орнатылған графикалық обьектілер деп аталады. Соған байланысты HTML мәтіндік ақпаратты көрсету тілі болғандықтан, орнатылған графикалық обьектілір бөлек файлдарда сақталынады және Web-бетімен бірге браузерде ашылып көрсетіледі.

Компьютерлік графикалық файлдар әртүрлі форматта берілген. Ол ақпаратты сақтаудың әдісін анықтайды. Word Wide Web-те графикалық файлдың екі форматы стандартты болып келеді:  GIF және JPEG форматтағы файлдар

Бұл форматтар графиканы сығуды қолданады., сондықтан да олардың сығуды қамтамасыз етпейтін басқа форматтағы файлдарға қарағанда өлшемі аз. Бұл Интернет сияқты желіде файлдарды жіберу кезінде қатты ескеріледі, өйткені файл өлшемі неғұрлым кіші болса ол соғұрлым тез жіберіледі және жүктелінеді.

Web-бетіне графикалық обьектіні Front Page редакторымен орналастырғанда басқада графикалық форматтағы файлдарды қолдануға болады, олардың ішіне: BMP, TIFF, TGA, RAS, EPS, PCX, PCD және WMF кіреді.

Web-бетін сақтаған кезде Front Page графикалық обьектіні GIF немесе JPEG файлдарына өзгертеді.

  GIF форматы. CompuServe компьютерлік ақпарат қызметі Graphics Interchange Format (GIF) форматын нақты режимінде графикалық обьектіні желіден жіберу уақытын қысқарту мақсатында жасалған. Файл _ аты. GIF кеңейтуі бар. Бұл формат 256 түсті (8 разрядты графика) қолданады. Графикалық обьектілер желіден жіберілу үшін бірінші сығылады, сонан соң браузермен ашқанда жүктелу уақытында атқарылады, мұндай суреттің жүктелуі басқа, мысалы bіtmap немесе PCX форматтағы файлға қарағанда өте аз уақыт алады.

Редактор программа графиканы сығып GIF файлда сақтаған кезде ақпарат ешқандай жоғалмайды, графикалық обьектіні көрген кезде, ол түп нұсқаға толығымен сайма-сай келеді. Бұл әдіс жоғалтусыз(lolossy) сығу деп аталады.

JPEG форматы. Joint Photographic Expert Group (JPEG, үш әріпті кеңейту . JPG) форматы өте көп мөлшердегі (GIF форматынан басқа) 16,7 миллионға (24-разрядты түс) дейін түстермен жұмыс істеуге мүмкіншілік береді. GIF сияқты JPEG форматы сығуды қолданады, бірақ жоғары коэфициентке жету үшін графикалық обьектідегі «артық» биттерді кесу арқылы жоғалту (lossy) әдісін қолданады. JPEG файлын ашқанда графикалық обьектінің түп нұсқаға қарағанда сапасы төмен болады.

Мұндағы қулық сол өте күрделі JPEG сығу алгоритмі біз аңғармайтын биттерді өшіреді. Мұны, әсіресе, өте көп түстермен берілген графикалық обьектілерге, мысалы, фотографияларға қолданған орынды, мұнда файл өлшемінің кішірейуі суреттің сапасына әсер етпейді. JPEG форматта файлды сақтаған кезде сығылу дәрежесі мен суреттің сапасын таңдауға болады. Суреттің сапасын жоғары беріп файл өлшемін өсіруге болады немесе керісінше сурет төмендетіп файл өлшемін кішірейтуге болады.

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет