Дәріс 8-9
Графикалық обьектілерді орнату
Web-бетіне графикалық обьектіні орнату үшін курсор графикалық обьект орнатылатын жерге қойылады. Саймандар тақтасынан Insert Picture (Суретті қою) пернесі шертіледі немесе Insert – Picture - From File (Қою – Сурет – Файлдан) командасы беріледі. Нәтижесінде сұхбат терезесі ашылады. Орнатылатын графикалық файл ағымдағы Web- түйіннің тізімінен таңдалынады. GIF немесе JPEG файлдарын көру үшін файл ерекшеленеді, Front Page-дің алдын ала көру аймағында сурет көрінеді.
Егер сурет ағымдағы Web-түйіннің сыртында болса, онда Use Yore Browser to Select a Page (Бетті таңдау үшін браузерді қолдану) немесе Select a File on YourComputer (Сіздің компьютерде файлды таңдау) Қажетті пернелерін шерту арқылы WWW-дан немесе дербес және желілік дискілерден графикалық файлдарды іздеу процедурасы іске қосылады. Файл таңдалынғаннан кейін Ок пернесі басылады.
ClipArt суреттерін орнату. Microsoft Clip Gallery суреттер жиыны Front Page құрамына кіреді. Бұл суреттерді ашу үшін Insert – Picture – ClipArt немесе Image (Көрініс) сұхбат терезесінен ClipArt пернесі шертіледі. Көрсетілген терезе пайда болады. Суреттер категориясы белгі түрінде көрсетілген. Осы белгілердің біреуін шерту арқылы бұл категорияға сай суреттер шығады. Категорияларға қайта оралу үшін саймандар тақтасындағы Back (Кері қайту) пернесі шертіледі.
Category (Категориялар) тізімінде Web-беттерімен жұмыс істеуге арналған Web Bullets and Buttens (Маркерлер мен пернелер) және Web Dividers (Бөлгіштер) категориялар табылады. Сурет таңдалынған соң Insert Clip (Клип қою) пернесі шертіледі, нәтижесінде сұхбат терезесі жабылып сурет бетке орнатылады. Web-беті екі графикалық обьектілерден ClipArt және фотография суреті мынадай бөлімдерден тұрады:
ClipArt суретін орнату үшін келесі операцияларды орындау керек:
Сурет орнатылатын жерге курсор қойылады.
Insert – Picture – ClipArt (Қою – Суреттер – Көрініс) командасы беріледі.
Microsoft ClipArt Gallery терезесінен категория таңдалынады.
Бетке орнатылатын сурет таңдалынып Insert Clip (Клип қою) пернесі басылады.
Көрсетілген мысалда Web-бетіне қойылған суреттер басқа графикалық обьектілерден ешқандай айырмашылығы жоқ. Олардың қасиеттерін, бетке орналасуын өзгертуге немесе жоюға болады.
Бейне клипті орнату. Редактордың көмегімен Web-бетіне қозғалатын бейнені -.AVI немесе .RAM кеңейтуіндегі бейне клип файлдарын орналастыруға болады. Бұл процесс қозғалмайтын бейнені орналастыру процесіне ұқсайды. Бейне клипті үшін Insert – Picture – Video (Қою – Суреттер – Бейне) командасы таңдалынады.
Front Page клип фреймін қояды, редакторден тікелей бенеклипті көруге болмайды. Браузерден көру үшін File – Priview in Browser (Файл – Браузер арқылы көру) командасы қолданылады.
Бейне клиптер дискіде көп кеңістік алады бірнеше секундқа созылатын клип жүздеген килобайт орын алуы мүмкін. Мысалы, Windows 95 құрамына кіретін 15 секундтық welcome.avi бейне файлы 6 Мбайттан көп орын алады және осыған ұқсас бейне клипті Web-бетіне орналастырғанда жүктелу уақыты 28800 кбайт/с жылдамдықпен бір сағатқа дейін созылуы мүмкін.
Жоғарыда айтылғандарды ескеретін болсақ, егер бейнеклип Web-түйінінің информациялық құрылымында маңызды роль атқарса ғана қолданған орынды. Бейнеклипті гиперсілтеменің мақсатты обьектісі етіп көрсетуге немесе сирек ашылатын файлға орналастыруға болады, сонымен қатар қолданушыларға жүктелетін уақыттың жуық шамасын көрсетуді ұмытпаған жөн.
Графикалық обьектілердің өлшемін өзгерту және орнын ауыстыру. Графикалық обьектінің өлшемін өзгерту немесе орнын ауыстыру үшін ол алдын ала ерекшеленеді. Ерекшелеу белгілері обьект жақтарының бұрышы мен қабырға орталарында пайда болады. Бұл белгілер обьектінің ерекшелеуін көрсетіп қана қоймай оның өлшемін өзгертуге де қолданылады. Тышқан көрсеткішін белгілердің біріне қойған кезде көрінетін екі жаққа бағытталған көрсеткішті қалаған өлшемге жылжытуға болады. Егер бұрыштағы белгі жылжытылса, онда Front Page автоматты түрде көріністің пропорциясы – обьект енінің оның биіктігіне қатынасын сақтайды.
Ерекшеленген көріністің басқа графикалық обьектілер мен мәтіндерге қарағанда орнын ауыстыру қозғау арқылы орындалады. Сондай-ақ Edit – Cut (Түзеу-Кесіп алу) және Paste (Қою) командалары пайдалануға болады. Көріністердің бірнеше көшірмесін жасау үшін Edit - Copy (Түзеу-Көшіру) және Paste (Қою) командалары қолданылады немесе обьектіні жылжыту кезінде Ctrl пернесі басылып тұрады.
Енгізілген графикалық обьектілерді сақтау. Front Page Web-бетіне сканерден түсірген немесе импорт арқылы алынған көріністерді файлдарды GIF немесе JPEG форматтарында (бейне өзінің бастапқы форматында) сақтайды. 256 түстерден кем тұратын көріністер GIF форматында, ал өте көп түстердің гаммасынан тұратын файл JPEG форматында сақталынады.
Графикалық обьектінің қасиеттерін орнату. Web-беттеріне орналастыратын суреттің параметрлерін дәл орнату үшін Picture Properties (Суреттің қасиеттері) сұхбат терезесі қолданылады (2-11-сурет). Графикалық обьект ерекшеленіп, Format – Properties (формат – Қасиеттер) командасы таңдалынады.
Picture Properties (Сурет қасиеттері) диалог терезесінің General (Жалпы) ендірмесі обьектінің Picture source (Түп нұсқа), Type (Түрі), Alternative representations (Суреттердің альтернативтік мүмкіндіктері) және Defaulhyperlink (Үнсіз қабылданатын гипернұсқағыш) төрт параметрін орнатуға қолданады.
Picture Source параметрі графикалық обьектінің түп нұсқасын анықтайды. Обьектіні басқа обьектіге ауыстыру үшін файл аты мен жолы енгізіледі немесе Browse (көру) пернесі арқылы Picture диалог терезесінен керекті файл таңдалынады. Жаңа файлды қолдану бұрынғы графикалық обьектінің ауысуына алып келеді, ал Picture Properties сұхбат терезесіндегі берілген обьектінің асиеттері жаңа обьектіге қолданылады.
GIF және JPEG форматтарындағы файлдарға арналған графикалық редактор программасын іске қосу үшін Edit пернесі басылады.
Графикалық обьектінің типін көрсету. Type (Түрі), тобында графикалық обьектіні қандай форматта сақтау керек екендігі көрсетіледі. GIF немесе JPEG. Егерде файл осы форматтардың бірінде сақталынса, онда сәйкес формат терезеде көрінеді. Егер бет сақталынбаған болса және файл форматы басқа болса, онда GIF немесе JPEG форматтарын таңдау керек.
GIF файлының параметрлері. GIF форматы таңдаған кезде Transperent (Мөлдір) және Interlaced (Бір қатардан кейін) екі жалаушаларын қолдануға болады. GIF форматтағы графикалық обьектіде бір мөлдір түс болуы мүмкін. Егер осындай түс анықталған болса, онда оны графикалық обьектіде көрсетуге немесе мөлдір түсте қалдыруға болады. Егер GIF форматтағы графикалық обьектіде түс мөлдір болып орнатылған болса, онда сұхбат терезесі ашылған кезде Transperent жалаушасында белгі тұрады. Обьектідегі мөлдір түсті жою үшін жалаушадағы белгіні алу керек.
GIF форматтағы файлды браузерде ашқан кезде жүктелу жоғарыдан төмен қарай қатарлап жүреді. Шағын суретті қолданған кезде жүктелу тез жүреді. Егер сурет үлкен болса және жылдамдығы төмен канал арқылы берілетін болса, онда қатарлап жүктелу процесін толық бақылауға болады. Баяу жүктелу қолданушыларды тітіркенуге алып келеді.
Interlaced жалаушасына белгі қою арқылы сурет қатарының шығу ретін өзгертуге болады. Бұл жүктелудің тез болып жатқанын қабылдау эффектісін береді. Бұл жағдайда кезектегі обьект блоктары жүктелінеді.
JPEG форматындағы файл параметрлері. JPEG форматындағы файл жағдайында Quality (Сапасы) алаңында сығу дәрежесінің сәйкесінше мәні көрсетіледі. Бұл мән үнсіз 75-ке тең деп қабылданады. Мүмкін болатын диапазон 0 мен 100 сандар аралығы. Сығу дәрежесі үлкен болған сайын сурет сапасы төмен болады.
JPEG-ғы прогрессивті (Progressive) жүктелуі GIF –тегі бір қатардан кейін (Interlaced) жүктелуіне ұқсас бірнеше кезеңмен сапасын арттыра отырып жүргізіледі. Суретті толық жүктеу үшін Progressive Passes (Кезең саны) алаңына кезең саны енгізіледі. Егер 0 көрсетілген болса, онда JPEG файлы кәдімгі тәсілмен жүктеледі.
Суреттің альтернативтік мүмкіндігін анықтау. Picture Properties сұхбат терезесінде графикті бейнелеудің екі альтернетивті мүмкіндігін беруге болады. Егер суреттің өлшемі үлкен болса, онда оның жүктелуі көп уақытты алады, сондықтан Law-Res (Law resolution-төмен шешілу) алаңында тағы бір файлды көрсетуге болады. Көптеген браузерлер Law-Res файлын көрсетеді, сондықтан қолданушыға суретті жуық арада көру мүмкіндігі туады. Сол уақытты браузер негізгі суретті жүктейді және жүктеліп болғаннан кейін Law-Res файлын ауыстырады. Екінші альтернатив – Text (Мәтін) алаңы болып табылады. Мұнда браузер графикалық обьектіні жүктей алмаған немесе графиканы қолдамаған жағдайда шығатын мәтін енгізіледі. Сондықтан көптеген браузерлер желідегі жұмысты үдеулету үшін графикалық обьектінің жүктелуін тоқтататын мүмкіндікті ұсынады. Кейбір браузерлер графиканы қабылдамайды. Екі жағдайда да браузер альтернативті мәтінді көрсетеді.
Графикалық обьектіні түзулеу түрі мен өлшемін орнату. Графикалық обьектіні беттің немесе кесте ұяшығының сол жағына, ортасына, оң жағына түзулеу үшін абзацпен жұмыс істеуде пайдалынылатын тәсілдер қолданылады. Ол үшін обьект таңдалынып, Formatting (Форматтау) саймандар тақтасындағы түзулеудің қандайда бір пернесі шертіледі.
Picture Properties сұхбат терезесінің Appearance (Әшекейлеу) жапсырмасында түзеудің басқа параметрлері орнатылады. Мұнда графикалық обьектінің өлшемін өзгертуге және оны қоршауға алуға болады.
Layout (Орналасу) тобына графикалық обьектінің айналасындағы мәтінмен салыстырмалы орналастырудың Alignment (Түзулеу), Horizontal spacing (Тік шегіну) және Vertical spacing (Көлденен шегіну) үш параметрлері кіреді. Web-бетіндегі мәтінмен салыстыра отырып обьектіні түзулеу үшін Alignment (Түзулеу) тізімінен бірнеше нұсқаны қолдануға болады.
Absbotton. Ағымдағы қатардың астыңғы бөлімі бойынша түзулеу.
Absmiddle. Ағымдағы қатардың ортасы бойынша тік түзулеу.
Baseline. Қатардың негізгі түзуі бойынша обьектіні түзулеу.
Bottom. Обьектінің төменгі шекарасын айналасындағы мәтіннің төменгі шекарасы бойынша түзулеу.
Center. Айналасындағы мәтіннің ортасы бойынша обьектіні тік түзулеу.
Default. Браузердің орнатуын қолдану.
Left. Обьектіні сол жақ алаң бойынша түзулеу.
Middle. Айналасындағы мәтіннің ортасы бойынша обьектіні көлденең түзулеу.
Right. Обектіні оң жақ алаң бойынша түзулеу.
Texttop. Обьектінің жоғарғы шекарасын ағымдағы қатардағы ең үлкен шрифтің жоғарғы шекарасы бойынша түзулеу.
Top. Обектінің жоғарғы шекарасын айналасындағы мәтіннің жоғарғы шекарасы бойынша түзулеу.
Vertical spacing (Көлденен шегіну) параметрі үшін мән пиксель бойынша беріледі. Ол графикалық обьект пен мәтіннің, басқада графикалық обьектілердің оң жақта немесе сол жақта орналасқан терезе шекарасының арасындағы қашықтықты анықтайды. Графикалық обьект пен Web-бетінің басқа да элементтер арасындағы тігінен шегіну шамасын орнату үшін Horizontal spacing (Тік шегіну) алаңы қолданылады. Обьектіні қара қоршауға алу үшін Border thicknes алаңында қоршау қалыңдығы көрсетіледі.
Графикалық обьектінің ұзындығы мен енін беру үшін Size (Өлшем) тобы қолданылады. Specify Size (Өлшемді көрсету) жалаушасы қойылады, Width (Ені) және Height (Биіктігі) параметрлеріне мәндер пиксель немесе бет өлшемі бойынша процент түрінде енгізіледі.
Егер ені немесе биіктігі пиксель түрінде өзгертілсе, онда екінші өлшемнің мәнін көрсету шарт емес. Keep aspect ratio (Бейненің пропорциясын сақтау) жалауы қойылған болса, Front Page автоматты түрде обьектінің ені мен биіктігі арасындағы қатынасты бақылып отырады. Егер ені өзгертілген болса, онда Front Page автоматты түрде обьектінің биіктігін өзгертеді.
Picture саймандар тақтасы. Бір немесе бірнеше графикалық обьектілермен жұмыс істегенде Picture саймандар тақтасы View – Toolbar – Picture (Көрініс – Саймандар тақтасы – Сурет) командасы арқылы экранға шығарылып сақталынады.
Мөлдір түсті құру. Web-бетіне графикалық обьектіні фон өрнегімен немесе түсімен орналастырғанда обьект айналасы ақ түс болып контракт беруі мүмкін. Мысалы, ClipArt-тағы суреттердің фоны ақ түс болып келеді, яғни сурет бет түсінен бөлініп тұрады.
Обьектіні ерекшелеп, Picture саймандар тақтасындағы Set Transperent (Мөлдір түске айналдыру) пернесі басылған соң ақ түске шертіледі.
Мөлдір түске кез келген (бір ғана) түсті айналдыруға болады, бұл түс фон түсі болуы шарт емес. Графикалық обьектінің қандайда бір түсін мөлдір түске айналдыру үшін Set Transperent пернесі қолданылады. Бұл GIF форматтағы файлдарға қолданылады, сондықтан да GIF форматына өзгертуді сұрайды.
Графикалық обьектіге өзгеріс енгізілген жағдайда (сонымен қатар мөлдір түс құру) Web-бетін сақтар алдында Front Page өзгерістерді графикалық файлға сақтауға болатындығын ұсынады.
Графикалық обьектіге мәтін қою. Front Page-дің жаңа функцияларының бірі бұл - мәтінді графикалық обьектіге қою мүмкіндігі. Ол үшін алдын ала обьект таңдалынады.
Сонан соң Picture саймандар тақтасындағы Text (Мәтін) пернесі шертілгенде (егер графикалық обьектінің форматы GIF форматынан басқа болса, онда оны өзгертуді ұсынады), обьектінің үстінен кез келген мәтінді енгізетін мәтіндік алаң пайда болады.
Дәріс 10
Тақырыбы: FRONT PAGE ТІЛІНДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚҰРАЛ ЖАСАУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Front page тілінің тиімді пайдаланылуы дидактика мен әдістеменің дамуына әсер етіп, оқыту мен білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін, формаларын құруға алып келеді. Мысалы, Internet технологияларының кеңінен таралуы қашықтықтан оқыту әдісінің жедел дамуына мүмкіндік туғызуда. Мультимедиялық технологияның, компьютерлік графика мен машықтану жүйелерінің дамуы, кәсіби ортадағы іс-әрекетті бейнелейтін виртуал жағдайға "ену" жолымен оқыту әдістемесінің кұрылуына түрткі болды. Ал, компьютерлік желілік машықтандырушы класстардың пайда болуы, іскерлік ойындар мен сайыстар түрінде көп рольді машықтандыру әдістеменің дамуына ықпал жасады (кәсиби сайыстар мен іскерлік ойындар бұрыннан бері кәсіби дайындық пен іскерлікті арттыру барысында қолданылып келген. Ал ақпараттық технология, оның ішінде Front page тілі оларды жаңа деңгейде ұйымдастыру мен өткізуге мүмкіндік туғызуда.
Сонымен Front page тілі дидактика мен әдістеменің жаңа қырынан дамуына ықпал ететіні сөзсіз. Яғни, Front page тілін оқу процесінде пайдалану негізінде:
• оқытудың сапасы артады;
• оқыту жұмыстарын үйымдастыру мен жүргізуге кететін шығындар азаяды;
• оқытушьшардың оқыту барысында сабақ түсіндіру, бақылау алу, тапсырманың орындалуын қадағалау, бағалау, білім мен іскерлікті игеру деңгейлерін анықтау сияқты басқару жүмыстарының шығармашылық іс-әрекетке (ғылыми-ізденіс және әдістемелік мәселелерді шешу, оқу-әдістемелік құралдарды дайындау т.с.с.) көшуіне алып келеді;
• оқытудың мазмұны мен құрылымдарының өзгерістеріне қарай Front page тілі оқу процесін оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыздандыруды жеделдетеді.
Осы айтылтандардан қазіргі уақытта білім беру жүйесінде дәстүрлі құралдарға қарағанда ОӘҚ қолдану қажеттігі артып келе жатқандығын көруге болады. Сондай-ақ, ОӘҚ-ны дәстүрлі оқу-әдістемелік құралдармен үйлестіре қолданудың тиімділігін практика көрсетіп отыр. Дегенмен, ОӘҚ компьютерсіз оқыту құралдарын толығымен алмастыра алмайды. Шындығында ОӘҚ дәстүрлі құралдардың тиімді тұстарын ала отырып, оқытудың жаңа сапалық деңгейіне алып келеді.
Front page тілі сапасы оны оқу процесінде пайдалану барысында ғана анықталады. Қазіргі кезде көптеген Front page тілі түрлі нұсқалары дайындалып, ұсынылуда. Ал, шет елдерде бұл бағытта зерттеулер жүргізіліп, Front page тілінде даярланған электрондық құралдар жасалынып, олардың кемшіліктері айқындалуда. Талдаулар нәтижесінде Front page тілінде оқу-әдістемелік құралдың электронды көшірмесі ретінде ғана кұрылатындығы анықталды.
Мысалы, дәстүрлі оқу-әдістемелік кұралдарды даярлауда оның авторлары мен техникалық жағын орындайтын (безендіру, көбейт, т.с.с.) мамандардың арасында айқын шекара бар. Ал Front page тілі көмегімен даярлауда оны баспа оқулық ретінде қағазға шығарып, көбейтудің қажеттілігі болмағандықтан, оны жетілдіріп, жаңартып отырудың мүмкіндігі жоғарылайды. Бұл жерде Front page тілі көмегімен дайындау технологиясынан хабары аз мұғалімдер дидактикалық материалды дәстүрлі құралдар шығару сияқты даярлау жеткілікті деп есептейді. Front page тілі көмегімен оқу материалымен қоса, программалық өнімнің негізі болып есептелетін алгоритм мен модельдерде де ескерілуі тиіс. Дидактикалық есепті шешуді ақпараттық технология мамандарына жүктеу барысында (программалаушы, безендіруші, мультимедиялық компоненттер жасаушылар) тиімділігі төмен әдістемелік электронды құрал пайда болады.
Демек, Front page тілі көмегімен элетрондық құралдар даярлау түрлі саладағы мамандардың бірігіп жұмыс істеуімен қатар, көп зерттеулерді, талдауларды кажет ететін өте күрделі іс, яғни, Front page тілі көмегімен электрондық құрал даярлайтын мамандардың әрқайсысы өз саласында жан-жақты терең білім мен іскерлікті көрсетуі тиіс.
Қазіргі кезде, Front page тілі көмегімен электрондық құрал даярлау үшін кем дегенде төрт түрлі базалық категориялы маман керек:
- оқу материалының авторлары;
- компьютерлік әдіскерлер;
- жүйелік программалаушы;
- пайдаланушылар.
Мұндағы бірінші және төртінші категориялы мамандардың қызметі түсінікті. Қалған екі категориядағы мамандарға тоқталайық.
Компъютерлік әдіскер – ОӘҚ-на арналған пәндік ауқымға бағдарланған, компьютерлік дидактиканы меңгерген маман. Оның аткаратын міндеттері:
- ОӘҚ кұрылымын анықтау;
- психологиялық-педагогикалық стратегияны тандау;
- пайдаланылатын дидактикалық тәсілдерді нақтылау;
- бақылау формалары мен түрлерін анықтау;
- білім мен іскерлікті бағалау критерийлерін анықтау;
- оқу материалын кұрылымдауда авторға жәрдем беру, оны жеткізу формасы мен стиліне нүскаулар беру т.с.с.
Жүйелік программалаушы — компьютерлік дидактиканы меңгерген, білім берудің ақпараттық технологиясының маманы. Ол оқу материалының ақпараттық-логикалық моделі мен ОӘҚ-ның арихитектурасын құрастырады, дидактикалық тәсілдерді формальдандырады, қолданылатын модельдер мен алгоритмдер класстарын анықтап, пайдаланушы интерфейсінің схемасын жасауға қатысады. Сондай-ақ, негізгі программалық-техникалық мәселелерді шешеді (инструментальды құралдарды, берілгендер форматын, программа интерфейсін тандау). Сонымен қатар, ОӘҚ-ны даярлайтын мамандардың іс-әрекетгерін ұйымдастырып, басқарады. Жүйелік программалаушының ОКҚ-ны жобалауға катысуының кажеттілігі, ОӘҚ-ның пайдаланушыларға бағдарланған сыртқы сипаттамалары мен таңдалған программалық-техникалық ерекшеліктерді үйлестіру қажеттілігінен де туындайды.
Компьютерлік әдіскер мен жүйелік программалаушының ОКҚ-ны жобалауға кдтысуы оның сапасының артуына ықпал етеді. Сонымен, компьютерлік әдіскер мен жүйелік программалаушы мамандар ОКҚ-ны жобалауда маңызды ролге ие.
Дәріс 11
Тақырыбы: Front page тілі көмегімен оқытудың компыотерлік құралдарын жасау әдістемесі
Front page тілі көмегімен жасалған электрондық әдістемелік құрал -компьютерлік оқу кұралы деп аталынып, білім берудің компьютерлік технологиясын кеңінен пайдалануға негізделген электрондық оқып-үйрену құралдарына жатады. Өз функционалдық мүмкіндіктеріне қарай компьютер қазіргі кезде оқытудың ең керекті жабдығына айналды, бірақ оны тиімді түрде пайдалану жолдарының әлі ашылмаған тәсілдері, күнделікті сабақгарға қолдану үшін әлі де айқындалатын жақтары көп екенін ғалымдар да, мұғалімдер де жиі айтып келеді. Соңғы кездегі компьютерлердің көптеп қолданысқа енуі бүл щюблеманың өте өзекті мәселеге айналғанын тағы да дәлелдеп отыр.
Компьтермен оқыту әдісін жүзеге асыру жалпы білім беру ісін жетілдіру тәсіддерімен бірге сонымен тығыз байланысты белгілі бір пәннің өз ерекшеліктерін де есепке алуды талап етеді. мұнда бірнеше мәселені қатар шешуге тура келеді, олар:
компьютерді оқыту ісінің қай жақтарын жетілдіру үшін баса пайдалануға болатынын анықтау;
- оқу процесін компьютерлендірудің қажетті деңгейін анықтау;
- компьютерге жүктелетін функциялар (іс-әрекеттер) тізбегін анықтау;
- әр пән мұғалімдері мен әдіскерлерінің талап-тілектеріне сәйкес келетін компьютерлік оқу кұралын жасау.
Компьютерлік технологияны қолдану кезінде оқу материалының негізгі көлемі мүғалім емес, компьютер арқылы беріледі. Оқыту процесін жүргізіп отьфған мүғалім көбінесе компьютерлік оқу құралын жасауға қатыспайды. Сондықтан мұндай компьютер арқылы окытута арналған ақпараттық-оқу материалдарын жасауда оның авторы мен оқыту процесінің "алшақтығы" білім берудің негізігі принципі деп айтуға болады. Бүл принциптің негізінде берілген материадцарды оқып-үйрену процесі оның авторының кеңесі қажет етілмейтіндей болып ұйымдастырылуы жатады, яғни оқу кұралы жаңа материал беріп қана қоймай, оны толық түсіндіре алатындай дәрежедс жасалуы тиіс. Оқу кұралын жасауға берілген техникалық тапсырмада осындай әдістемелік жағына баса көңіл аудару ісі алдын ала анықталады.
Сонымен компьютер арқылы беруге арналған ақпараттық-оқьггу және әдістемелік құралдар құрамына төмендегідей материалдар кіруі тиіс:
- таратылып берілетін оқу материалдары;
- бақылау жөне тестен өткізу материалдары;
- жаттығулар;
- сыныппен (топпен) немесе жекелеп оқытуға және өздігінен оқып-үйренуге арналтан әдістемелер;
әрбір материалды немесе олардың бірнешеуін катарластыра пайдалану тәсілі, яғни оның стратегиясы мен тактикасы және оларды бір-бірімен алмастыру жолдары;
- экранда берілетін барлық акпараттық-оқу материалдарын компыотердің мультимедиалық мүмкіндігіне жөне сабақтарды сол арқылы беру тәсілдсріне қарай бейімдеу.
Компьютерлік оқу кұралы жалпы оқу жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкес жасалады, ал оның ақпараттық-әдістемелік нсгізін жоғарыда айтылатан материалдар құрайды. Ол алдын-ала жоба бойынша анықталған компьютерлік технология негізіңде жасалған білім беру мәселелерін шешіп, оқыту-үйрету функциялары мен оқу процесін басқару істерін жүзеге асыруы тиіс.
Оқыту жүйесінс арналтан программалық жабдықтама ретінде жасалатын компьютерлік оқу кұралын даярлау көпжақты мәселе болып саналады, оны жүзеге асыру үшін әр түрлі салаларда істейтін мамандарды пайдалана білу қажет.
Дәріс 12-13 Front page тілі көмегімен жасалған электрондық әдістемелік құрал және оның тиімділігі
Білім берудің саласында " Электрондық оқулықтарды" пайдалану оқушылардың, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мүғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану казіргі заман талабын канағаттандырмайды. Сондықтан казіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.
Соның нәтижесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, шығармашылыкпен жұмыс жасауына кең мүмкіндік ашылды.
Оқу материалдарын үғымды игерудегі электронды оқу кұралдарының атқаратының рөлі зор. Онда пәндегі теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі. Теориялық материалдарды графикалық иллюстрация түріндегі әртүрлі суреттер,сызба тәсілдер арқылы толықтырып отырса, онда теориялық білімді оқып, көзбен көріп, түйсініп және оны мида бекіту үрдістері бір уақытта өтіп отырады да материалды қорыту үрдісі үғымды болады.
Электрондық оқулықтар ғылыми негізде дайындалған педагогикалық ақпараттық өнім. Электрондық оқулық дайындаудың концептуальдық негізі модульдық оқытудың педагогикалық теориясы болып табылады. Сонымен катар электрондық оқулық дайындаудың педагогикалық принциптер жүйесі оқытудың дидактикалық жүйесіне сәйкес келеді. Яғни, процесінің автоматтандырылған формасы іспетті. "Электрондық практикум" берілген.
Оқушы оқулықты қажет етпей-ақ информатика негіздерінен кез-келген мәліметті тауып алып, оқып - үйренуіне болады. Лабораториялық, практикалық жұмыстар компьютер көмегімен тез, жылдам түсіндіріледі. Бағдарламаны меңгеруге арналған тест сұрақтарымен қамтамасыз етілген.
Қазіргі кезде негізінен білім жүйесінің барлық сатылары үшін электронды оқулықтар жасаумен шұғылданып келеді. Электронды оқулық оқушы үшін дайын материал. Оқушылар үшін электрондық оқулық - мектепте оқыған жылдардың барлығында да өздері толықтырып отыра алатын және нәтижелік эмтиханға дайындалуға көмектесетін мәліметтер базасы болып келеді. Электронды оқулықтармен жұмыс істеу әрбір оқушының өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізу болып саналады.
Мұғалім үшін электронды оқулық бұл күнбе-күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, ары карай жетілдіре алады.
электрондық оқулықтарды дайындаудың бір жүйеге келтірілген заңдылығы болуы керек. Осыған байланысты электрондық оқулықтарды дайындауда мынадай дидактикалық шарттарды ескеру керек секілді.
- белгілі бір пәнге байланысты дайындалған электрондық оқулықтың сол пәннің типтік бағдарламасына сөйкес болуын;
- электрондық оқулықтар курста оқытылатын тараулар мен тақырыптарға қатысты лекция конспектісін қамтитын негізгі;зертханалық және практикалық тапсырмаларды орындауға арналған қосымша; материалға қатысты анықтама, библиографиядан түратын көмекші; аралық және қорытынды бақылау сұрақтарынан түратын тест; материалды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тізімдері бөлімдерін қамтуын;
- электрондық оқулықтың кәдімгі оқулықтар мазмұнын қайталамауын яғни, берілетін тақырыптарға қатысты ақпараттың нақты әрі қысқа берілуін ескеру керек;
- белгілі бір тақырыпқа катысты материал 2-3 экрандық беттен артық болмауы тиіс. Егер мәтін көлемі бірнеше экрандық бетті қамтитын болса онда экранда пайда болатын оң жақ тік төменгі көлденеңінен жылжыту сызықгарын электрондық оқулықгы пайдаланушының көп пайдалануына тура келеді. Мұның өзі пайдаланушының материалға қатысты ойын бөледі және мәтінді жоғары-төмен оңға-солға жылжыта беру пайдаланушының шыдамдылығына да әсер етеді.
- бір қатардағы мәтін 62-65 таңбадан аспауы тиіс. Себебі материалды баспаға шығару кажет болса, ол А4 көлемді параққа дұрыс түсетіндей болуы керек.
- оқулықгы шектен тыс иллюстрациялық анимациялық тұрғыдан көркемдеу пайдаланушыға кері әсерін тигізуі мүмкін, бірақ кейбір пәндерге атап айтқанда физика, химия, биология секілді пәндерге қатысты процестерді анимациялап көрсету, тіпті кинофильмдер мен диафильмдер үзінділерін MPEG, AVI типті файлдар ретінде сақтап, оларды гипермәтінді формат арқылы электрондық оқулыққа кірістіру оқулықтың көркемдік әдістемелік деңгейін арттырады.
Енді электронды оқулықтың сыртқы кұрылымын, яғни пайдаланушыға көрінетін элементтерін құрастырайық. Электроды оқулықгың кұндылығы әрине, оның тақырыптық мазмұнында. Егер оқулық кейін сынақ не емтихан тапсырылуы тиіс пәннен болса, онда бір материалды үш түрлі кұрылымда берген жөн:
1. Мазмұндау мәтін, сурет, кескін, схема, кесте, график т.с.с түрінде беріледі. Сонымен катар мүнда, қарапайым оқулықта мүмкін емес, анимация, видео, дыбыстық эффектілер сияқты компьютерге тән элементтер орын алуы мүмкін.
2. Схема курс - оқулықгың мазмұнын қысқартылған мәтін график түрде бейнелеу. Бүл оқу материалының құрылымын, ондағы негізгі идеяларды түсінуге септігін тигізеді. Оқулық мазмүнын графикалық образдар арқылы бейнелеу мазмұнды ассоциативті түрде есте сақтауда үлкен көмек береді.
3. Өзін өзі бақылаудың тестік жүйесі - оқу материалының мазмұны арнайы интерактивті жүйені пайдалану арқылы сұрақтар мен жауаптар түрінде беріледі. Тестік жүйе көбіне алынған білім деңгейін тексеруге арналғандықтан, пайдаланушы үшін оқулықтың ең қызықты бөлігі болып табылуы да мүмкін. Әрине, мүндай жүйе оқулықтың авторлары кұрған тестер қорынан тұрады. Бұл тестер қорын сынақ және емтихан кабылдау кезінде де пайдалануға болады.
Енді электронды оқулықгың кұрамы жөнінде айтып өтелік.
Электронды оқулықгың құрамында:
- титул беті;
- мазмұн;
- аннотация;
- оқу материалының толық мазмұны (схемалар, графиктер, иллюстрациялар, кестелер);
- тапсырмалар жүйесі;
- бақылау тесттік жүйесі;
- мәтін бөлігін іздеу жүйесі;
- авторлар жөнінде мәлімет;
- программамен жұмыс істеу тәсілдері жөнінде нұсқаулар жүйесі болуы тиіс.
Электронды оқулықгың титул экраны түрлі-түсті әдемі болуы керек. Мұнда анимация мүмкіндіктерін пайдаланып оқулықтың аннотациясын жүгіртпе жол түрінде шығарып қоюға болады.
Мазмұн электронды оқулықтың ең маңызды кұрылымдық элементі. Ол бір жағынан оқу материалын толық қамтуы тиіс, екінші жағынан бір ғана экранға сиятындай көлемде кұрылуы қажет.
Аннотация - программа жөнінде қысқаша мәлімет болуы керек. Жақсы электронды оқулықты кұрудың бастапқы шарты оқу материалының толық камтылуы керек, яғни мәтін, графиктер болуы тиіс.
Тапсырмалар жүйесі әрбір тақырыптың соңында іске қосылуы керек. Ол үйренушілерге осы тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар береді. Егер тапсырмалар толығымен орындалмаса, үйренуші келесі тақырыпқа өте алмайды. Бұл пайдаланушы үшін ізденуге, оқу материалдарын мұқият қайталауға мәжбүр етеді.
Тестік жүйе үйренушінің соңғы қорытынды білімінің деңгейін бағалауға арналған. Ол текстік сұрақтар түрінде беріледі. Тестік сұрақгардың түрлері мен формаларын оқулықты жазушылар тандап, құрастырып, текстік сүрақгарға жауап берген адамдар жөнінде мәліметтер қорын кұра алуы керек.
Авторлар жөнінде мәліметтер - оқулықты кұрастырушылардың аты - жөңдері, туылған жылдары, жүмыс орыңдары, телефоны, электрондық почта адресі т.с.с
Программамен жұмыс істеу тәсілдері жөнінде нұсқаулар жүйесі падаланушыға оқулықтың интерфейсін тиімді қолдануды үйретеді. Әдетте қысқа әрі нақты подсказкалар түрінде болып келуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |