Сауат ашу 25.03.2020 Қамқоршылар Көктем келді. Үсен мен Асан далаға шықты. Жасаған ұяларын көтеріп кетіп бара жатқан сыныптастарын көрді.
Асан мен Үсен ойланып қалды. Олар үйлеріне қайтып келді. Қолдарына балта мен балға алып, ұя жасауға кірісті. Ғарыш кемесіне ұқсаған ұя жасады.
Мұндай ұяны көрмеген сыныптастары таңданды. Құстар ұяға келіп қона бастады. Екі достың қуанышында шек жоқ.
Дұрыс жауапты белгіле. Асан мен Үсен далада не байқады?
ойнап жүрген балаларды көрді
жылы жақтан ұшып келген құстарды көрді
құстарға ұя жасаған балаларды көрді
Олар қандай ұя жасады?
ғарыш кемесіне ұқсаған ұя жасады
теңіз кемесіне ұқсаған ұя жасады
шатырлы кішкентай үй жасады
Асан мен Үсен не себептен қуанды?
сыныптастарының таңданғанына
құстардың келіп қонғанына
ұяның ғарыш кемесіне ұқсағанына
Барлық сөз саны:
Мәтіндегі сөйлем саны: -------------
Минутына оқылған сөз саны: ------------- Математика