1-нұсқа Дұрыс үшбұрыштың медианасы 18 см. Үшбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңбердің радиусын табыңдар.
[2]
Тең бүйірлі үшбұрыштың биіктігі 8 см, ал табаны 12 см. Үшбұрышқа іштей сызылған шеңбердің радиусын табыңдар.
[4]
Үшбұрыш шеңберге іштей сызылған, шеңбердің центрі үшбұрыштың бір қабырғасында жатыр.Егер үшбұрыштың екі қабырғасы 5 және 12 см болса, шеңбердің радиусын табыңдар.
[4]
2-нұсқа Дұрыс үшбұрыштың биссектрисасы 24 см. Үшбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңбердің радиусын табыңдар.
[2]
Тең бүйірлі үшбұрыштың бүйір қабырғасы 13 см, ал табаны 24 см. Үшбұрышқа іштей сызылған шеңбердің радиусын табыңдар.
[4]
Үшбұрыш шеңберге іштей сызылған, шеңбердің центрі үшбұрыштың бір қабырғасында жатыр.Егер үшбұрыштың екі қабырғасы 6 және 8 см болса, шеңбердің радиусын табыңдар.
[4]
Бағалау критерийлері
№
Дескриптор
Балл
Білім алушы
Үшбұрышқа іштей немесе сырттай сызылған шеңберлердің радиустарын табуға арналған есептерді шығарады
1
үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің радиусын табу формуласын қолданады;
1
үшбұрышқа іштей сызылған шеңбердің радиусын табу формуласын қолданады;
1
2
сызбасын салады;
1
Пифагор теоремасын қолданады
1
үшбұрыштың ауданын табады;
1
үшбұрышқа іштей сызылған шеңбердің радиусын табу формуласын қолданады;
1
3
сызбасын салады;
1
тікбұрышты үшбұрыш болатынын анықтайды;
1
Пифагор теоремасын қолданады;
1
үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің радиусын табу формуласын қолданады;