Дулат Бабатайұлы (1802 - 1874 ж.ж)
Халқымыздың маңдайына біткен санаулы ұлы ақындарының бірі — Дулат Бабатайұлы, бұрынғы Семей облысы Аягөз ауданының Қызылжолда деген атамекенінде 1802 жылы туған. Жаздық мекені Ақжайлау, Сандықтас. 1871 жылы атамекенінде қайтыс болған.
Бізге жеткен өлеңдерінде кездесетін кейбір деректерге қарағанда, Дулат ескіше оқыған, сауатты ақын боған.
XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінде Дулаттың өзіндік үлкен орны бар. Өйткені, ол өзінің толғау-жырларында көптеген келелі мәселелерді көтеріп, өз заманынының шындығын бірқыдыру бере білді.
Жеке кісілерге арнаған «Кеңесбайға», «Бараққа», «Ел аралаған ишанға» т. б. өлеңдерінде ақын сол кездегі тірліктің ұсқынсыз жақтарын өлтіре шенеп, кейде өткір сатира дәрежесіне дейін көтере білді.
Дулаттың өлеңдері ауызша тараумен қатар, 1880 жылы Қазан қаласында «Өсиет нама» деген атпен кітап болып шыкты. Бұнда ақынның замана туралы толғаулары енгізілген. Ақынның шығармаларын ел аузынан жазып алып, бізге жеткізген халық ақыны — Шәкір Әбенов.
Ол — Патшалық Ресейдің казақ өлкесін күшпен отарлау кезеңін, одан туған зобалаңдарды өз көзімен көріп, соған барынша наразылық білдірген ел басы адамдарының бірі. Отарлау саясатының қазақ елін талан-таражға салу, халықтың дербестігін біржола жойып, тәуелділікке айналдыру әрекетіне қарсы шыққан, халықты күреске шақырған күрескер ақын.
Ақын өз заманындағы осы патшаның отарлау саясатынан зардап шеккен халқының қайғысын тереңнен сезініп, мұңын жырымен жазып, ел қамын ойлап, кейінгі ұрпақты тәрбиелеуде маңызды толғаулар айтады:
Сырымды менің сұрасаң,
Тұманның суық суындай
Кеудеме қайғы толған соң
Тұнық жырмен жуынам.
Сорғалаған нөсердей,
Жырын тыңда Дулаттың, — деп толғанады.
Дулат шығармашылығында елеулі орын алатын батырлар жыры үлгісіндегі, Отанды қорғауға арналған патриоттық мәні бар «Еспенбет» атты толғау. Бұл шығармашылығында жетім бала, жас батырдың қалмақтармен соғыста көрсеткен ерлігін сөз қылады. Дастанның бір ерекшелігі, тек батырдың жеке түлғасы ғана емес, сонымен бірге халық бейнесі қоса суреттеліп отырады. Ақын жорыққа атанған қалың топты табиғаттың жойқын күшіне балап, ерекше шабытпен, әсерлі жырлайды:
Жөңкерілген қалың қол,
Жүйткіген желге ұқсайды.
Көрінісі кей кезде,
Толқыған гүлге ұқсайды.
Мұнар түнеп бұлт көшкен,
Асқар белге ұқсайды,
Кенетінен ду етсе,
Тас қопарып, тау бұзған,
Аққан селге ұқсайды.
Дулат қазақ әдебиеті тарихында алғаш мысал жазған ақын. Оның мысал ретінде жазған шығармалары үлгі, өнеге беру, ақыл айту ретінде келіп отырады. Атап айтқанда, «Бір патшаның бір кезде», «Шымшық пен бөдене», «Сары шымшық», «Қара қарға жем тілеп» деген өлеңдерінде орынсыз мақтаншақтықты, тойымсыздықты әшкерелеп, кішіпейілділікті, адамгершілікті, бірлікті уағыздайды. Адам бойындағы асыл қасиеттерді ардақтаған ақынның мысал өлеңдерінің тәрбиелік мәні бүгінге дейін жойылған жоқ.
Ақын шығармаларында орын алатын маңызды мәселенің бірі— оқу, өнер-білім.
Өнер, білім оқып біл,
Өнер алды қызыл тіл,
Оқып алса, керек сөз
Алтынға құйған балмен тең, - деп, өнер, білімнің оқу арқылы табылатынын, көп ізденуді, еңбектену керек екенін ескертеді. Жырау өлеңдерінің тілі шешен, өткір тартымды.
Дулат ақын өзінің «Бесінші сөз» немесе «Ата қоныс арқада» деп аталатын өлеңінде Арқаны жайлаған қазақтардың бір кездегі тарихын баянды етеді. Ол қазақ халқының Жоңғарларға қарсы ерлік күрес жүргізу арқылы елдігін сақтап келгенін, туған жерін қалмақтардан қорғай білгенін айтып, сол кездегі ерлікті, дербестікті мақтайды.
Абайдың ел пысықтарын, би-болыстардың мінез-құлықтарын бейнелеулері Дулат ақынмен үндесіп жатыр. Бұл тұста ақынның Дулатқа үңіле қарай отырып, оның кейбір жақтарын толықтыра түседі.
Дулат шығармалары қазақ жазба әдебиетінің қалыптасуына үлес қосты.
Дулат ақын шығармаларының көбі XIX ғасырдың 30–40-шы жылдарындағы тарихи жағдайларға байланысты қазақ өдебиеті арнасына шықты. Оның өзіндік орны бар. Дулат толғаудың асқан шебері болғандықтан өлеңдерінің барлығы дерлік еркін үйқасты. Ақын өлеңдері ауызша тараса да, қызыл империя тұсында әркімнің қолында сарғайған қағазда сақталып қалды. Ақынның алғашқы өлең жинағы «Өсиет-нама» деген атпен 1880 жылы Қазанда басылды.
Тек халқымыз тәуелсіздігін қолына алғаннан кейін ғана, 1991 жылы ақынның бір топ шығармаларын құрастырып, «Замана сазы» деген атпен «Жазушы» баспасы жинақ етіп шығарды.
Шығармашылығын зер салып, зерттеген ғалымдар көп. М. Әуезов, Ә. Тәжібаев, Қ. Жұмалиев, Ы. Дүйсенбаев, Қ. Мұхамедханов, М. Мағауин т. б. Ұлттық Ғылым Академиясының мүшесі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Р. Сыздықова: «Дулат — Абайдың алдында өткен қазақ сөз зергерлерінің ішіндегі ең мықтысы. Ол мәдени-рухани дүниемізден өз орнын, үлкен орнын алуға тиіс ақын», — деп бағалаған.
Ақын жыраулық пен ақындық өнерді ұштастыра білді. Кейде жыраулар үлгісінде төгілте термелеп, шешен нақылдар шығарса, кейде ағыла, ақтарыла арнаулар, суретті лирикалар жазды.
2003 жылы қыркүйектің 5-де Аягөз қаласында XIX ғасырдағы қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі Дулат Бабатайүлының туғанына 200 жыл толуына арналған мерекелік шаралар өтті. Онда мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі М. Құл-Мүхаммед бастатқан зиялы қауым, жыр дүлдүлі, шымырқанған шымыр жырларымен елдік пен ерлікті асқақтатқан Дулат ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы толғаныстары айтылды.
Дулат Бабатайұлы шығармалары:
1. Бабатайұлы, Д. Иман - жанның сапасы / Д. Бабатайұлы; құраст.-автор Е. Шаймерденұлы // Қазақ афоризмдері. - Алматы.- 2008. - 87-88 б.
2.Бабатайұлы, Д. Өлеңдер / Д. Бабатайұлы; бас редактор Ә. Нысанбаев // Екімыңжылдық дала жыры. - Алматы. - 2000. - 174-180 б.
3.Бабатайұлы, Д. Тұнық тұма. Кітап 1-2: 1 кітап: өлеңдер мен дастандар; 2 кітап: сын - зерттеу, көзқарастар / Д. Бабатайұлы; алғы сөз З. Ахметов, К. Раев. - Алматы: Раритет, 2002. - 288 б. - (Қазақ жыры).
4.Бабатайұлы, Д. Шығармалары : өлендер, дастандар, мысал өлендер, зерттеулер, пікірлер / Д. Бабатайұлы ; кұраст., алғы сөз С. Қорабай. - Алматы: Ана тілі, 2013. - 295, [1] б.
5.Бабатайұлы, Д. Шығармалары мен тағылымы / Д. Бабатайұлы ; алғы сөз З. Ахметов, Қ. Раев. - Алматы: Раритет, 2003. - 288 б.
6.Бабатайұлы, Д. Шығармалары мен тағылымы / Д. Бабатайұлы ; алғы сөз З. Ахметов, Қ. Раев. - Алматы: Раритет, 2003. - 288 б.
Дулат Бабатайұлы туралы:
1.Ағыбаева, Ұ. Дулат Бабатайұлының "Сары шымшық", "Қара қарға" өлеңдері : Х сынып / Ұ. Ағыбаева // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 2009. - № 3. - 64-72 б.
2.Ақ пашаның әлегі де қалды есте / Құраст. Ш. Күмісбаев // Тұңғыштар. - 2008. - 51–120 б.
3.Ақындар мен жыраулар // Дәдебаев, Ж. Таңдамалы шығармалар. Екі томдық. 1-т. - Алматы. - 2008. - Т. 1. - 175-278 б.
4.Аңсабаев, Д. Дулат Бабатайұлы лирикасын мектепте оқыту / Д. Аңсабаев // Ұлт тағылымы. - 2003. - № 4. - Б. 249-252.
5.Арықбаева, Ж. ХІХ ғасыр поэзиясындағы "адамзат" концептісі: Махамбет пен Дулат шығармалары бойынша / Ж. Арықбаева // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 2009. - № 2. - Б. 123-128.
6.Атантаева, З. Дулат Бабатайұлы. Өмірі мен шығармашылығы : 10 сынып / З. Атантаева // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 2009. - № 2. - Б. 29-34 б.
7.Бекбосынов, М. Дулат поэзиясы жәні оны зерттеудің кейбір мәселелері / М. Бекбосынов // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 2011. - № 6. - Б. 71-79.
8.Дәдебаев, Ж. Үңілсең көзің жетер ме, теңізден терең сыры бар... / Ж. Дәдебаев // Абай. - 2005. - № 1. - Б. 77-80.
9.Дулат Бабатайұлы (1802-1874) / Құрас. С. С. Қорабай, Ж. С. Керімбек // Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық. - Алматы, 2005. Т. 4. - Б. 202-229.
10.Дулат Бабатайұлы толғаныстары // Негимов, С. Әдебиет әлемі.- Алматы. - 2008. - 28-36 б. - (Мерейтойлық әдебиеттер).
11.Елубаева, Р. Дулат ақын поэзиясы : сатиралық портрет пен мінездеу / Р. Елубаева // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 2008. - № 10 – Б. 111-118.
12.Мұхамеджанов, Қ. Дулат жырау / Қ. Мұхамеджанов // Мұхамеджанов, Қ. Көп томдық шығармалар жинағы. - Алматы, 2005. - Т. 2. - Б. 33-41.
13.Мырза-Ғали, Э. Дулаттану хақында бірер сөз / Э. Мырза-Ғали // Қазақ әдебиеті. - 2005. - 12 тамыз. - Б. 8.
14.Омарұлы, Б. Үндестік пен үйлесім : [Абайға дейінгі ақындар] / Б. Омарұлы // Абай. - 2014. - № 4. - Б. 21-26.
15.Өмірәлиев, Қ. Қазақ тіл білімінің мәселелері / Қ. Өмірәлиев; құраст. Ғ. Әнес, Ж. Қ. Ибраева; алғы сөз Е. Жанпейісов, Ғ. Әнес. - Алматы: Абзал-Ай, 2014.- 638,[2] б.: портр. - (Қазақ тіл білімнің антологиясы).
16.Рай, Қ. Дулат Бабатайұлы (1802-1874) / Қ. Рай // Айгөлек. - 2002. - № 8.- Б. 6-7.
17.Сүйіншәлиев, Х. Дулат Бабатайұлы (1802-1874) / Х. Сүйіншәлиев // Сүйіншәлиев, Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. Оқулық. - Алматы. - 1997. - Б. 442-468.
18.Сыпыра жыраудан сүйінбайға дейін: поэзия // Қазақ әдебіеті. - 2015. - 9-15 қазан (№ 39). - Б. 8.
19.Тұржанова, Ж. Дулат Бабатайұлы : [тұлға] / Ж. Тұржанова // Мөлдір бұлақ. - 2010. - № 6. - Б. 4.
20.Шешен билер мен ақын - жыраулар тағылымдары (ХV - XVIII) // Әлемдік педагогикалық ой - сана 10 томдық. 10 т: ХV-ХХ ғғ қазақ ойшыл оқымыстыларының тәлім - тәрбие туралы ой - пікірлері/ жетекшісі С. Қалиев. - Алматы.- 2010. - Б. 63-74. - (Мәдени мұра).
21.Шығармалары / Д. Бабатайұлы, М. Өтемісұлы, Ш. Жарылғасұлы, А. Тобылбайұлы, О. Бертағыұлы. - Алматы: Нұрлы Press.kz, 2014. - 280,[8] б. - (Ақындар аманаты: Қазақтың ауызша әдебиеті).
Достарыңызбен бөлісу: |